9-Тарау: Су ресурстарының тұрақты менеджменті
195
Екінші жағынан, үкімет көп жағдайда су менеджментіне қатысты мəселелердің бəрін кешенді
түрде жіті қарастырмастан шешімдер қабылдай салады. Сондай-ақ, СРК мəртебесінің төмендігі
оған трансшекаралық су ресурстарына қатысты мəселелер бойынша келіссөздер жүргізуіне
мүмкіндік бермейді. Орталық Азия мен Қытай арасындағы ымыралық шешімге тек ең жоғары
деңгейде жəне мəліметтің толық жиналуы мен екі жақтың мүддесін есепке алатын жоспарлау
жағдайында ғана қол жетуі мүмкін.
Су басқарудың түрлі аспектілерімен шұғылданатын институттар арасындағы тартысқа міндетті
түрде тоқтау салынуы керек. Агенттіктер арасында мəлімет алмасу жетілдіріліп, бірлесіп
жұмыс істеу жəне шешім қабылдау тəжірибесі дамытылуы керек. Шешімдер жоғары деңгейде
қабылданып, министрліктер арасында ашық үйлесім болу керек. Өз беттерінше шешім
қабылдайтын түрлі үкіметтік ұйымдар арасында «көпір» салынуы керек.
9.1 ұсынысы:
Үкімет Тұрақты даму жөніндегі ұлттық кеңеске жоғары дəрежеде шешім қабылдау
өкілеттігін беріп, су ресурстарын пайдалану жəне қорғауға қатысты маңызды мəселелер
бойынша үйлестіру жұмысын жүктеуі керек.
Тұрақты даму жөніндегі ұлттық кеңес шешім қабылдай бастауы үшін оған жоғары-сапалы
техникалық жəне қаржылық мəлімет берілуі керек. Бұл мəліметті сегіз өзен бассейні
ұйымдарымен тікелей жұмыс істейтін орталықтағы бір билік органы жинай алады. Осы
органды қазіргі Су ресурстары комитетін қайта ұйымдастыру арқылы құруға болар еді. Сонда
СРК-ның ӨБҰ-лармен арадағы иерархиялық байланысы үзілмейді. Бұл су секторындағы іс-
əрекеттердің бəрін ойдағыдай үйлестіріп, су ресурстарын бірлесіп басқару жоспарын
дайындауға мүмкіндік береді. Осы міндетті іске асыру үшін мына талаптардың орындалуы
қажет: а) мəлімет жинақтау, сақтау жəне реттеу мүмкіндіктері арттырылуы тиіс; ə) қаржы
тапшылығы мəселесін шешуге көмектесетін экономикалық анализ жасалуы тиіс; б) халықтың
су проблемаларына қатысты хабардар болуына жағдай жасалып, тұтынушылардың басқару
процесіне қатысуына мүмкіндік беру мақсатында қоғамдық коммуникация жетілдірілу керек;
жəне в) су мониторингі жəне мəлімет негізінде үлгілеу. Сондай-ақ, аталмыш жаңа орган өзге
билік орындарының ешқайсысы атқармайтын келесі міндеттерді жүзеге асырады: түрлі
мақсаттарға
пайдаланылатын
судың
сапасын
жақсартуға
бағытталған
іс-шаралар
бағдарламасын дайындау; мəлімет жинау, сақтау жəне реттеу жұмысын үйлестіру;
жалпыұлттық су мониторингі бағдарламасын жасап, соны орындау жəне «тұтынушы төлесін»,
«ластаушы төлесін» принциптерін практика жүзінде қолданысқа енгізу.
9.2 ұсынысы:
Үкімет су ресурстарының бірлескен менеджменті шеңберіндегі жоспарлауды қолға алып, су
секторындағы іс-əрекеттерді өзара үйлестіретін жоғары мəртебелі бір құрылымның негізін
салуы керек. Осыны Ауыл шаруышылығы министрлігінің жанындағы Су ресурстары
комитетін қайта ұйымдастыру арқылы жасауға болар еді. Жаңа орган су ресурстарын
пайдалану жəне қорғауға қатысты ұлттық саясатты дамытып, орындаған болар еді.
9.2 ұсыныстын əр тұстарын жүзеге асырып, алдағы жылдары пайда болатын жаңа
қиыншылықтардан сүрінбей өту үшін Қазақстанға ең алдымен кадрлар сапасы мəселесін шешу
керек. Халықаралық ынтымақтастық жобалары ақпараттық жəне жалпы қолдау көрсете алады.
Орталық Азияның өзге елдерімен су менеджменті тəжірибесіне қатысты белсенді түрде
ынтымақтасып, əрбір елдің ең озық тəжірибесінен үйренуге болады. Бұл Орталық Азияда су
үйлестіру жөніндегі мемлекетаралық комиссияның шеңберінде қазірдің өзінде қолға алына
бастады. Қатысушы елдер бүкіл аймақ бойынша су ресурстары жөніндегі біртұтас тренингтік
орталықтар жүйесін құрып үлгерді. Осы жəне осыған ұқсас басқа да шаралар əрі қарай
жетілдіріліп, алға жылжытылуы керек. Қазақстанның су саласындағы басқару əкімшілігі (СРК
жəне ӨБҰ-лар) жаңа білім мен тəжірибені орталық деңгейде де ақпараттық жəне
коммуникациялық технологияның көмегімен тарата алар еді. Жаңа ғасыр мүмкіндіктері
Қазақстан үкіметі шеңберінде əлі сəл шектеулі болғанымен, болашағынан үлкен үміт күттіреді.
196
III
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды
көтермелеу
Жаңа технологияның көмегімен түрлі географиялық аймақтарда орналасқан ұйымдар жəне
сондағы жұмыскерлер бірлесіп жұмыс істеп, ақпарат бөлісіп, тəжірибе алмасар еді. Бұл
шығындарды да қысқартар еді: мысалы, қызметтері ұқсас, бірақ түрлі ӨБҰ-ларда жұмыс
істейтін қызметкерлер жұмысты өзара үйлестіруге бағытталған кездесулерді коммуникациялық
технологияның көмегімен белгілеп, өткізе алар еді. СРК немесе басқа бір орталық орган
мамандарының ұйғаруымен ұйымдастырылатын осындай кездесулер ӨБҰ-лар деңгейіндегі
жұмысты тиімді ұйымдастырып, тəжірибе алмасуға жақсы мүмкіндік берер еді.
9.3 ұсынысы:
Үкімет су саласындағы институттарды су ресурстарының бірлескен менеджменті
тұжырымдамасы тұрғысынан ұйымдастыру мақсатында жаңадан құрылған жұмыс
топтарын тренингтерден өткізіп, солардың тəжірибесі мен білім деңгейін көтеруге жағдай
жасауы керек. Ақпараттық жəне коммуникациялық технологиялар сияқты қазіргі заманғы
жаңа тəсілдер алға жылжытылып, су ресурстарының жағдайына қатысты толық əрі
сенімді ақпарат жинастырылуы қажет.
Қазақстан 90-жылдардан бері ауыз сумен қамтамасыз ету жəне қалдық суларды жинау
(канализация) жүйелерін жөндеу жұмыстарына тиесілі қаржы бөлмеген. Осылай бола берсе,
қалпына келтіру жəне жаңарту жұмыстары қолға алынбаса, Кеңес Одағы дəуірінен сақталып
қалған инфрақұрылым əбден тозып бітуі мүмкін. Бірқатар облыстардың басты қалаларындағы
инфрақұрылымдық нысандардын 80 пайызы ескіріп, облыстар арасындағы суды үйлестіру
желілерінің кейбірі тіптен істен шыққан. Ұлттық су бағдарламасы қабылданып, салаға ақша
біртіндеп құйыла бастағаннан кейін сумен қамтамасыз ету секторы мен өзен бассейндерін
басқару секторы біріне - бірі қолдау көрсете алатын, су саласына инвестицияның тұрақты түрде
келіп, тиімді пайдаланылуына мүдделі одақтастар бола алады. Су ресурстарының бірлескен
менеджменті анық əрі түсінікті су саясатын жасауға қолдау көрсетіп, ең жақсы, ең икемді су
ресурстарын таңдап, суды пайдалану мен қорғаудың ең жақсы жолдарын іздеуге көмектесер
еді.
Сумен қамтамасыз етуді басқару ісін жетілдіру мақсатында өзге де шаралар қолға алынуы
керек. Мысалы, су бағасы бейімделіп, су қызметтерінің сапасы жақсартылып, су
компанияларының жұмысына мониторинг жүргізіліп, су қызметін көрсету секторында жұмыс
істейтін қызметкерлердің біліктілігі көтерілуі керек. Бұл шараларды су бассейндеріндегі
əкімшіліктер СРК-ның басшылығымен барлық деңгейдегі инстанциялармен ынтымақтаса
отырып жасауы тиіс.
9.4 ұсынысы:
Үкімет сумен қамтамасыз ету жəне канализация нысандарына салынатын инвестициялардың
ақталуын қамтамасыз ету мақсатында су компанияларын (Суканалдары) басқарудың
механизмдерін енгізе бастауы тиіс.
Сондай-ақ, 5.4 ұсынысты қараңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |