Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет103/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   115

213 
 
 
стандарттарына  сəйкес  сертификациядан  өткен  компаниялар  төлем  ставкасын  түсіру 
коэфициенті себепті   ластау төлемдерін   аз төлейді. Салық кодексі ISO 14000 жəне ISO 9000 
стандарттарына  сəйкес  сертификацияланған  компанияларға  біршама  салық  жеңілдіктерін 
береді. Қоршаған орта менеджменті бойынша кəсіби оқыту бағдарламалары, соның ішінде тау-
кен  өндірісінде  жұмыс  істейтін  мамандар  үшін  жасалған  тренингтік  бағдарламалар  енді  ғана 
дамытыла бастады.  
 
9.4 ұсыныс: 
Ұлттық  экологиялық  іс-шаралар  жоспары  шеңберінде  минералды  сектордың  қоршаған 
ортаға  келтіретін  зиянын  жойып  немесе  соның  алдын  алуды  көздейтін  барлық  басты 
жобалар  шұғыл  түрде  орындалуы  тиіс.  Қазба  өндіріснен  қалатын  қалдықтардың,  соның 
ішінде қауіпті жəне радиоактивті қалдықтардың менеджментін жетілдіретін кең ауқымды 
бағдарлама  жасалуы  керек.  Осы  бағдарламаға  қаржы  бөлініп,  ол  орындалуы  керек. 6.4 
ұсынысты қараңыз.  
 
Қазба өндірісі саласында қоршаған ортаны ластаудың алдын алу жəне соның салдарын жоюға 
бағытталған бірқатар жобалар тұтас орындалып, ал кейбірі қазір орындалып жатыр. Дегенмен 
де, өндірістік саладаға туындаған экологиялық проблемалар аз емес. 2001-жылы Уран өндірісі 
кəсіпорындарын  консервациялау  жəне  уран  депозиттерін  өндірудің  салдарын  жою  туралы 
2001-2010ж.ж.  арналған  бағдарлама  қабылданып,  қазір  орындалып  келеді.  Радиоактивті 
қалдықтардың кейбірін реабилитациялау жұмысы да іске асырылуда.  
 
9.5ұсыныс:  
Қазба жұмыстары халықаралық экологиялық стандарттар мен ережелерге сай қадағалануы 
тиіс.  Қоршаған  орта  туралы  шынайы  ақпарат  бере  алатын  мемлекеттік  мониторинг 
жүйесін  жасау  міндеті  бүгінгі  күннің  кезек  күтірмейтін  ең  маңызды  мəселелердің  бірі 
ретінде қарастырылуы қажет. Осы орайда, Геология жəне  жер қойнауын қорғау комитеті 
жасаған мониторингтік жоспар қазіргі күйінде жүзеге асырылуы тиіс. 
 
Экологиялық  кодекс  өндірістік  бақылау  жəне  мониторинг  жүргізуге  бұрынғымен 
салыстырғанда  анағұрлым  қатал  талаптар  қояды.  Экологиялық  бақылау  комитеті  осы 
талаптардың  компаниялар  тарапынан  (соның  ішінде  қазба  өндірісінде  жұмыс  істейтін 
компаниялар да бар) орындалуын қадағалап отырады.  Мемлекеттің экологиялық мониторинг 
жүйесі шамалы жетілгенімен, мониторинг саласында олқылықтар əлі де көп.  
 
9.6 ұсыныс:  
Минералды  ресурстар  менеджментін  жетілдіру  мақсатында  жер  асты  ресурстарына 
геологиялық  тұрғыдан  зерттеу  жүргізу  аса  қажет  болып  тұр.  Осы  мақсатқа  қол  жеткізу 
үшін біріккен ақпарат жүйесін құрып, кадрлардың білім деңгейін көтеру керек.   
 
Энергетика жəне минералды ресурстар министрлігі құрамындағы Геология жəне жер қойнауы 
комитеті  елдегі  геологиялық  зерттеулерді  жүргізетін  орган  болып  табылады.  Жер  асты 
байлықтарын қорғау жауапкершілгі Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жүктелді.  
 
10 Тарау: 
Табиғат жəне орман менеджменті  
 
10.1 ұсыныс: 
Табиғатты  пайдалану  жəне  биологиялық  алуан  түрлілікті  консервациялауға  бағытталған 
жан-жақты басқару жүйесін орындаған кезде келесі мақсаттарға ұмтылу керек: (а) заңнама 
негіздерін  қалыптастыруды  аяқтау  (соның  ішінде  табиғат  компоненттерін,  əсіресе 
өсімдіктерді тұрақты пайдалану жəне қорғауды реттейтін заң инструменттерін дамыту), 
сонымен  бірге  жергілікті  жəне  аймақтық  деңгейде  басқару  жауапкершілігін  арттыру, (б) 
зерттеу  жұмыстарын  жоспарлап,  қаржыландыру, (в)  халықтың  арасында  насихат 
жұмысын жүргізу арқылы қоғамның табиғатты дұрыс пайдалану дағдысын қалыптастыру. 
Елдегі  барлық  табиғи  түрлер  туралы,  соларды  пайдалану  мүмкіндіктері,  өсіп-өну  жағдайы 


214 
 
 
жəне  төнетін  қауіп-қатерлер  туралы  мəлімет  жинауды  дамытудың  арқасында  ғана 
жоғарыда  айтылған  менеджмент  жүйесін  құруға  болады. 1.4, 1.5, 8.3, 12.1 жəне 
12.3ұсыныстарды қараңыз. 
Биологиялық алуан түрлілікті консервациялау мақсаттары ұлттық саяси құжаттарға кіргізліген. 
Бұл  орайдағы  жұмыстың  аясында  сирек  кездесетін  жəне  жойылуға  жақын  тұрған  түрлерді 
сақтауды  көздейтін  іс-шаралар  жоспарлары  дайындалып,  популяциялардың  үстінен,  соның 
ішінде миграцияға ұшырайтын түрлердің үстінен мониторинг жүргізіліп, заңнамалық негіздер 
жетілдіріліп  жатыр. 2030-жылға  дейінгі  «Қорғалған  аудандарды  дамыту  жəне  басқару 
тұжырымдамасы» қорғалатын аудандардың аумағы 17,5 миллион га (ел аумағының 64%) болу 
керек  деп  анықтайды.  Қорғалатын  аумақтарды  құру  жөніндегі  жұмыстар  басталып  та  кетті. 
Алайда  табиғатты  пайдалану  жəне  биологиялық  əр-түрлілікті  консервациялау  бойынша  жан-
жақты басқару жүйесін құруға қатысты жұмыс əлі де жалғасып отыруы тиіс.  
 
10.2 ұсыныс: 
Қорғалатын аумақтардың жүйесі елдегі барлық негізгі экожүйелерді есепке алып, жойылуға 
жақын  түрлердің  барлығына  сенімді  қорғанға  айналуы  тиіс.  Қорғалған  аудандар 
категориялары  халықаралық  деңгейде  қалыптасып  қойған  категориялармен  біркелкі  болуы 
керек.  Шөл  жəне  шөлейтті,  сондай-ақ,  батпақты  жерлердің  экожүйелері  жəне  басқа  да 
акватикалық  экожүйелер,  сонда  мекендейтін/өсетін  түрлер  ерекше  қорғауды  қажет  етеді. 
Бөтен  түрлердің  акватикалық  экожүйелерге  əкелінуін  қатал  бақылау  қажет.  Олардың 
түрлері, мекен ету ортасы жəне биологиялық əр-түрлілікке қатысты білім дəрежесін көтеру 
мақсатында арнайы зерттеу шараларын қолға алу керек. 
 
2030-жылға  дейінгі  Қорғалған  аудандарды  дамыту  жəне  басқару  туралы  тұжырымдамаға 
сəйкес, халықаралық ұйымдардың көмегімен елде 13 жаңа ұлттық парк (жалпы территориясы 
2100  га-дан  астам), 25 мемлекеттік  табиғи  қорық (2800 га-дан  астам)  жəне 6 биосфералық 
қорық  ашылуы  керек.  Қорғалған  аудандардың  категориялары  халықаралық  ұғымдарға 
сəйкестендіріліп жатыр. Қазақстан елдің солтүстігіндегі Сары-Арқаны ЮНЕСКО-ның Əлемдік 
мұра  тізіміне  қосу  жөнінде  ұсыныс  тапсырды.  Ауылшаруашылығы  министрлігіндегі  балық 
шаруашылығы  комитеті  бөтен  түрлердің  акватикалық  экожүйелерге  кіруін  жəне  əкелінуін 
қадағалап, соның алдын алуға күш салып жатыр.  
 
10.3 ұсыныс: 
Ормансыз  жер  аумақтарына  жасыл  желек  егу  мүмкіндігін  қарастыру  қажет.  Коммерция 
мақсатында өсірілетін түрлердің генетикалық мəлімет базасын кеңейтіп, орталықтандыру 
керек. Ормандарды өрт пен зиянкестерден қорғау шаралары күшейтілуі тиіс. Екпе ағаштар 
орман менджментінің ең басты мақсаты ретінде қарастырылып, соған қаржы бөлінуі керек.    
 
2004-жылы  Қазақстан 2004-2006ж.ж.  арналған  «Қазақстан  ормандары»  бағдарламасын 
қабылдады.  Соның  орындалуы  орманды  қорғау  (соның  ішінде  өрт  пен  залалкестерден), 
орманды қалпына келтіру, ағаш отырғызу жəне орманның ағаш құрылымын жақсарту сияқты 
іс-əрекеттердің қолға алынуын көздейді. Бағдарламаны жүзеге асыруға мемлекеттік бюджеттен 
жылына шамамен 80 миллион АҚШ доллары бөлініп отырған.  
10.4 ұсыныс: 
Солтүстік  Каспий  теңізінің  су  асты  жəне  жағалаудағы  экожүйелерінің  биологиялық  əр-
түрлілігіне  шұғыл  түрде  сенімді  мониторинг  жасала  бастауы  тиіс.  Мониторинг  жүйесі 
табиғатты қорғауға қажетті ақпаратты жинай алады. 8.3 ұсыныстарды қараңыз.  
 
Ауыл  шаруашылығы  министрлігінің  құрамындағы  балық  шаруашылығы  комитеті 
Қазақстандағы балық түрлерін зерттеп, балық кадастрын жүргізеді. Бұған қоса, комитет сирек 
кездесетін  жəне  жойылып  бітуге  жақын  балық  түрлері  (мысалы  бекіре  балығы)  мен  каспий 
итбалықтарын зерттеп отырады. 
 
10.5 ұсыныс: 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау