ҚОСЫМШАЛАР
I Қосымша: Экологилық қызметтің нəтижелілігі
туралы Бірінші шолуда мазмұндалған ұсыныстарды
жүзеге асыру
II Қосымша:Жекелеген аймақтық жəне жаһандық
табиғат қорғау келісімдері
III Қосымша: Жекелеген экономикалық жəне
экологиялық көрсеткіштер
IV Қосымша: Қазақстандағы қоршаған ортаны
қорғауға қатысты негізгі заңнамалық актілердің
тізбес
199
I Қосымша
ЭКОЛОГИЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ НƏТИЖЕЛІЛІГІ
ТУРАЛЫ БІРІНШІ ШОЛУДА МАЗМҰНДАЛҒАН
ҰСЫНЫСТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
*
I-БӨЛІМ:
ҚОРШАҒАН ОРТА САЯСАТЫ МЕН МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ЗАҢДЫҚ
ЖƏНЕ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1 Тарау:
Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған заң құралдары жəне
институционалдық тұғырнама
1.1 ұсыныс:
Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған заңнаманы күшейту үшін енді жетіспейтін заңдар
мен заң актілерін дайындап (мыс., озон, биологиялық əр түрлілік, флора мəселелеріне
қатысты), бұған дейін қабылданған заңдарды іс жүзінде орындауға күш салу керек. Ең басты
назар қоршаған орта сараптамасының процедурасын соңына дейін анықтайтын, қоршаған
орта саласындағы қамсыздандыру схемасын (соның ішінде міндеттемелер схемасын)
қалыптастыратын, қоғамды қатыстыру процедуларын айқындайты жəне, қоршаған орта
туралы мəліметтерге қол жеткізу құқығын қорғайтын заң актілеріне аударылуы тиіс.
Бұрынғы Кеңес Одағы кездерінен қалған ескі заң құралдарын жаңадан жетілдіру керек.
Министрліктің құрамында қоршаған ортаға қатысты заң шығару жұмысын үйлестіретін
арнайы заң департаменті құрылуы қажет. 3.1, 5.1, 7.1, 8.1, 9.1, 13.1. ұсыныстарын қараңыз.
2000-жылдан бері ел үкіметі заңнамадағы кем-кетіктерді толтырып, бірқатар заң мен заң
актісін қабылдап үлгерді. Ел Президентінің 2006-жылы халыққа жолдаған жолдауынан кейін,
2007-жылы Экологиялық кодекс қабылданды. Аталмыш кодекс қазақстандық заңнаманы
халықаралық көпжақты келісімдермен сəйкестендіруге, өзге мемлекеттердің заң жүйелеріндегі
озық тəжірибені есепке алып, жаңа стандарттаға көшуге, қоршаған орта саласында мемлекеттік
бақылау жүйесін дамытуға бағытталған. Экологиялық кодекс бір жылдың ішінде əзірленді.
Ауа қабатын қорғау туралы заң жəне Қоршаған ортаны қорғау туралы заң сияқты 80-ге жуық
түрлі нормативтік құжат Экологиялық кодекстің құрамына кіргізілді. Кодекстің əзірленуіне
берілген уақыттың тар болғаны сонша, кодекс қабылданған кезде 40-тан астам заң актісі əлі
дайын болмаған еді. 2008-жылдың сəуір айына жетіспеген 46 нормативтік құжаттың бəрі
қабылданып үлгерді. Қоршаған орта саласындағы заңнаманың барлық аспектілерімен
айналысатын жəне соған байланысты əрекеттің бəрін үйлестіруші орган - Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі құрамындағы Заң жəне халықаралық ынтымақтастық департаменті.
1.2 ұсыныс:
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұлттық іс-əрекет жоспары қайта қаралып, сондағы
басымдықтар қайта анықталуы қажет. Бұл жоспар қоршаған ортаны қорғау саласындағы
жүйелі іс-шаралардың бірден-бір жоспарлау бағдарына айналуы тиіс. Онда көрсетілген
қадамдардың барлығына сəйкесінше қаржы бөлінуі қажет. Жаңадан жасалған өзгерістер
өзге стратегиялық саясат құжаттарға қайшы келмеуі шарт. Өзгертілгеннен кейін
жоспарды басып шығарып, Парламенттің қарауына беру керек. Жоспардың орындалуын
тұрақты түрде бақылайтын жəне өзгеріс енгізетін механизмдер келісіліп, басып шығарылуы
тиіс. 14.2 ұсынысты қараңыз.
*
Қазақстанда алғашқы шолу 2000-жылы жасалды
200
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұлттық іс-əрекет жоспарының мерзімі 2000-жылы
аяқталды. 2003-жылы Қазақстан 2004-2015-жылдарға арналған Экологиялық қауіпсіздік
туралы тұжырымдаманы қабылдады. Бұл құжат алғашқы жоспардың орнын басты деуге
болады. 2004-жылы аталмыш тұжырымдаманың келешек сатыларын орындауға бағытталған
іс-шараларды анықтайтын 2004-2006-жылдарға арналған іс-шаралар жоспары қабылданады.
2005-2007-жылдарға арналған Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы да 2004-жылы
қабылданды. 2007-2009-жылдарға арналған іс-шаралар жоспары 2007-жылы қабылданды.
Бағдарламада атқарылуға тиісті шаралар мен жобалармен қатар, соған жауапты мемлекет
органдары, орындалу мерзімдері жəне шығындар көрсетілген. Бұл кез-келген жоба мен
бағдарламалардың мемлекеттік бюджетке енгізілуінің алғышарты болып табылады. Алайда,
Қазақстанда іс-шаралардың орындалуын тұрақты түрде бақылау əдістемелері жетілмеген.
Сондықтан, іс-шаралардың жүзеге асырылуын, орындалу есептері мен шығындар есептерінің
көмегімен ғана қадағалауға болады.
1.3 ұсыныс:
Қоршаған ортаны басқару институттарының барлық міндеттері мен жауапкершіліктері
жетілдірілген, əрі ашық болуы тиіс. Ол үшін Табиғи ресурстар жəне қоршаған ортаны қорғау
министрлігі ішкі жəне сыртқы (өзге министрліктер жəне əкімшіліктермен) қатынастарды
дамытуы қажет. Радиоактивті менеджментке жауапты институттар анықталуы керек.
Қоршаған ортаның жағдайы туралы есептер дайындайтын департамент тағайындалуы
тиіс. Қоршаған ортаны инспекциялау қызметтері күшейтіліп, соларға тренинг, құрал-
жабдықтар жəне қаражат берілуі керек. 6.5 ұсынысты қараңыз.
2000-жылдан кейін үкімет құрамы ауысып, қоршаған орта саласындағы басқару органдары
өзгеріске ұшырады. Геология, суды қорғау, жер, орман жəне биологиялық əр-түрлілік
мəселелері Табиғи ресурстар жəне қоршаған ортаны қорғау министрлігінің орнын басқан
Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құзырынан алынып, өзге министрліктерге берілді.
Осы өзгерістің нəтижесінде аталмыш салаларда қоршаған ортаны қорғау сапасының
қаншалықты жақсарғанын тексеру мүмкін емес. Үкімет құрылымындағы өзгерістерден кейін
түрлі органдардың функциялары бірін-бірі қайталап, министрліктер арасындағы
ынтымақтастық деңгейі шамалы нашарлап кетті. Кейінгі уақытта үкімет орындарына
əрекеттердің барлығын өзара үйлестіру жөнінде ресми талаптар қойылып, кейбірінің
функциялары қайта анықталып, осының нəтижесінде басқару органдары өзара үйлесімдірек
жұмыс істейтін болды. Түрлі министрліктерде қызмет ететін жұмыскерлер өзара жақсырақ
танысып, ақпаратты көбірек бөлісетін болды. Радиоактивтік бақылау жүргізу міндеті
Энергетика жəне минералдық ресурстар министрлігіне жүктелді. Қоршаған ортаның жағдайы
туралы ұлттық есепті жыл сайын Қазақстанның Экология жəне климат жөніндегі зерттеу
институты əзірлейді. Бұл есеп «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеу»
мемлекеттік бағдарламасының аясында жасалады. Аталмыш бағдарлама Қоршаған орта
министрлігі қарамағындағы Тұрақты даму жəне ғылыми-талдамалық қолдау көрсету
департаментінің басқаруымен жүзеге асырылады. Қазақстанда экологиялық инспекциялар
жүргізу саласында біраз жетістіктерге қол жеткізілсе де, өндіріс процесі мен қоршаған ортаны
қорғау шараларын толығымен бағалап-зерттеу мүмкіндігі əлі де болса өте төмен. Бұған өндіріс
процестерін толығымен түсінбеу, тəжірибенің жетіспеуі жəне мониторинг жүргізетін құрал-
саймандардың жетіспеуі əсер етеді.
1.4 ұсыныс:
Біртұтас экологиялық ақпарат жүйесі біртіндеп құрыла басталуы тиіс. Экологиялық
ақпараттың таратылуы осы жүйенің аясында реттелуі қажет. Бұл процесті Табиғи
ресурстар жəне қоршаған ортаны қорғау министрлігі жəне басқа да үкіметтік
институттардағы экологиялық ақпаратты түгендеуден бастау керек. Түгендеуден түскен
мəліметті дер кезінде жəне жүйелі түрде жариялау халықтың экологиялық ақпаратқа
кедергісіз қол жеткізуне жол ашар еді. 10.1 жəне 12.4 ұсыныстарын қараңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |