209
жетіспейді. Нəтижесінде, бірлескен менеджментті жүзеге асыра алатын білімді əрі тəжірибелі
адам ресурстары жоқ.
7.2 ұсыныс:
Сумен қамтамасыз ету қызметтернің, үкіметтік емес ұйымдардың, жеке меншік
секторының жəне жергілікті қауымдастық топтардың басын қосатын институционалды
құрылымдар жасалуы тиіс. Бұл аталмыш тараптардың сумен қамтамасыз ету жобалары
жəне санитария мəселелері бойынша пікір алмасып, тəжірибелерін ортаға салып, шешім
дайындауларына мүмкіндік берер еді. Түрлі құрылымдардың су саласындағы менеджментке
қатысты тəсілдеріндегі айырмашылықты болдырмау мақсатында республика деңгейінде
стандарт енгізу жауапкершілігі реттелеуі қажет. Институционалдық өзгерістердің басты
мақсаты – бассейндер іс-жоспарларын (əсіресе жоғары тəуекелді бассейндер жəне солардың
құрамындағы өзендер, көлдер, жер асты сулары) дайындау болып табылады.
Өзен бассейндері кеңестерін құруға негіз беретін заңнамалық тұғырнама 2003-жылы
қабылданған Су кодексінде қаланды. Кейін БҰҰДБ-ның көмегімен Өзен бассейндерінің
кеңестері құрыла бастады. Алайда қосымша жұмыс əлі де болса көп. Алдымен республикалық
деңгейде заң реформаларын алға жылжытатын консультациялық механизм құрылу керек.
Жергілікті деңгейде болса, сумен қамтамасыз ету жəне санитарлық тазалықты сақтау
мəселелеріне қатысты халықты көбірек араластыру керек. Себебі ұсынылатын жаңа қызметтер
ең алдымен халықтың мұқтаждарын есепке алып, тұтынушылардың төлеу қабілетіне негізделуі
тиіс. Мониторинг жүргізу, стандарттарды анықтау жұмысын жолға қою үшін айқын деректер
базасы мен сапа менеджменті қажет.
7.3 ұсыныс:
Ауыз су жүйесінің қала жəне ауыл тұрғындары үшін ұзақ мерзімде қауіпсіз болып қалуын
көздейтін шаралар жетіспейді. Бұл шаралардың қатарында жер асты су қорларын анықтап,
соларды қорғау, сондай-ақ, тұтыну зонасындағы жер асты суларына қауіп төндіретін
ластау көздерін тауып, түгендеп, мөлшерлеуге мүмкіндік беретін шұғыл бағалау
процедураларын дамыту жəне қолдану сияқты іс-əрекеттер бар. 14.1 ұсынысты қараңыз.
2002-2010 ж.ж. арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасы қабылданып, мемлекет бюджетінен
бөлінген 100 миллион АҚШ доллары есебінен қаржыландырылып келеді. Үкімет алғашқы кезде
аймақаралық сумен қамтамасыз ету жəне үйлестіру жүйесін қалпына келтіруге біршама
инвестициялар жасағанымен, су объектілеріне қажетті қаржы бəрібір жетіспейді. Нəтижесінде,
объектілер ескіріп, инфақұрылымның нашарлануы салдарынан қалалардағы ауыз су сапасы
төмендей түсуде. Ұлттық деңгейде сумен қамтамасыз ету объектілері үстінен мониторинг
жасайтын жоғары тəжірибелі кадрлар жетіспесе, жергілікті деңгейде инвестициялар
менеджментін жүзеге асыра алатын адамдар жоқ.
7.4 ұсыныс:
Жан-жақты су стратегиясы жəне соны толықтыратын іс-жоспар бағдарламасы
дайындалуы керек. Аталмыш стратегия сумен қамтамасыз ету мəселесіне ғана емес, қалдық
суларды тазалаудың тиімділігі мəселесіне де назар аударуы тиіс. Келесі қадамдар жасауға
болар еді:
-
Канализация жəне қалдық суларды тазалау мен кəдеге жарату жүйесіне салынатын
инвестициялардың ең бастылары анықталуы керек. Соның ішінде жаңа қондырғыларды
салып, ескі қондырғыларды қалпына келтіру жүмыстары да бар. Аталмыш инвестициялар
алдын-ала жоспарланып, қаржыландыруға қатысты дайындық жұмыстары қолға алынуы
керек.
-
Барлық тұтынушылар үшін есепші құралдар орнатылуы керек.
-
Суға баға тағайындау стратегиясын анықтап алу қажет. Судың бағасы су өндірісі
мен қалдық суларды кəдеге жарату жүйелерін қолдауға кететін инвестицияларды, жөндеу
жұмыстарын жəне пайдалану шығындарын толығымен ақтауы тиіс. Осының салдарынан
ұзақ мерзімде пайда болатын əлеуметтік қиыншылықтарды су бағасының есебінен шешуге
210
болмайды. Бұл сумен қамтамасыз ету жəне кəдеге жарату мəселелерін одан сайын
қиындатып жібереді.
-
Қалдық суларды тазалау объектілерінде жұмыс істейтін жұмыскерлерге арнап
тренингтер өткізу керек. Зауыт қондырғыларын іске қосу, басқару жəне құралдарды
пайдалану сияқты сауалдар қамтылуы керек.
Су менеджментіндегі ұзақ мерзімді мəселелерді шешуге бағытталған жан-жақты су
стратегиясын дамытып, қабылдауға мүмкіндік беретін реформалар баяу жүргізіледі. Алайда су
объектілерін басқарудың сапасы біртіндеп жақсарып келе жатыр. Бұған қоса судың
пайдаланылуын өлшейтін құрал-жабдықтарды орнату жəне пайдалану ісінде де айтарлықтай
жетістіктер бар. Бұл көптен күткен су тарифтерінің өзгертілуіне жол ашуы мүмкін.
8 Тарау:
Арал жəне Каспий теңіздері аймақтарындағы жекелеген проблемаларды
шешу
Каспий теңізіндегі менеджмент
8.1 ұсыныс:
Каспий аймағының экологиялық бағдарламасын орындауға қажетті заңнама жүйесі шұғыл
түрде құрылып, күшейтілуі керек. Заң жүйесі тиесілі органдардың бағдарламаны орындауға
қатысты жауапкершіліктерін айқындап, проблемаларды шешуге бағытталған үйлестіру
жұмысын реттеуі тиіс. Атап айтқанда, қатысушы органдар мен институттар арасында
ақпарат алмасу міндетке айналып, бағдарламаны қаржыландыру көздері анықталуы керек.
1.1 ұсынысты қараңыз.
2000-жылдан кейін Каспий теңізіне қатысты реттеуші құжаттар дайындалып, қабылдана
бастады. Құжаттардың басым бөлігі Каспий теңізі аймағында жұмыс істейтін компанияларға
қойылатын арнайы талаптарды тізіп шығады. Бұған қоса, аймақтағы іс-əрекет түрлері,
кəсіпорындардың жергілікті жəне ұлттық органдарға экологиялық мəліметті жинап, тапсыру
сияқты қоршаған ортаға қатысты міндеттемелері атап көрсетіледі. Бұл мəліметті аймақ
ішіндегі жəне соның сыртындағы мүдделі топтардың бəрі алып, пайдалана алады. Мəліметті,
сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа жария етеді. 2007-жылы
қабылданған Экологиялық кодексте, Каспий теңізін қорғаудың алғышарттары мазмұндалады.
8.2 ұсыныс:
Мұнай өндірісімен айналысатын компаниялар (мемлекеттік жəне жеке меншік)
маңыздылығы ерекше кез-келген қалпына келтіру жұмысын қаржыландыруға тартылуы
керек. Бұрын ластанған объектілерді тазалау жəне сол үшін бейімі бар белгілі-бір
технологияны анықтау мақсатында пилоттық жобаларды қаржыландыру керек. Мұнай
секторында жұмыс істейтін өндірушелерден қаржы жинап, соны қалпына келтіру
жұмыстарына үлестіретін қорды құру мүмкіндігі қарастырылуы керек.
Басты ірі мұнай компаниялары қоршаған ортаға бұрын тигізілген жəне қазіргі күні тигізілетін
зиянды жою мақсатында экологиялық іс-əрекеттерді қолға алып келеді. Қазмұнайгаз,
Теңізшевройл (ТШО) жəне Аджип сияқты басты компаниялардың басым көпшілігі ISO 14001
сертификатын жеңіп алған. Мемлекеттік Қазмұнайгаз компаниясы 2006-2015ж.ж арналған
Жан-жақты экологиялық бағдарламаны даярлады. Аталмыш бағдарлама əсіресе бұрыннан
зақымдалған объектілерді қалпына келтіру міндетіне көп көңіл бөледі. Қалпына келтіру
жұмыстарын қаржыландыратын қордың құрылуы туралы мəлімет жоқ.
8.3 ұсыныс:
Каспий теңізінің жағалауындағы жерді пайдалану мəселесіне келгенде, жан-жақты
аумақтық жоспар жұмысын іске асыру керек болып тұр. Бұл істе Атыраудағы Биологиялық
əр-түрлілікті қорғау жөніндегі тематикалық топ жасаған биологиялық саналуандық
карталарына сүйеніп, экологиялық ерекшеліктерді есепке алған жөн. Ең алдымен аймақтың
Достарыңызбен бөлісу: |