205
бюджеттен бөлінген қаржының есебінен 2009-жылға дейін 29 автоматтандырылған
мониторинг станциясын құрып, 9 жылжымалы лабораторияны құрастыруға болады.
Мониторинг жүргізу стратегиясы əлі қалыптастырылмаған.
4.3 ұсыныс:
Ауаның ластануын қысқартуға бөлінетін қаржы ең алдымен табиғатқа көп залал келтіретін
энергетика саласына берілуі қажет. Мұнда таза технологиялар жəне/немесе таза отынды
енгізу арқылы эмиссиялар көлемін көп шығынсыз-ақ қысқартуға болар еді. 13.2ұсынысты
қараңыз.
Ауаның ластануын қысқартуға қаржы бөлінетін кезде энергетика саласына қатысты қандай да
бір мəселелер есепке алынбайды. Алайда таза отын жəне таза технологияларды енгізу мəселесі
үкімет бағдарламаларының кейбірінде атап өтіледі. Мысалы, 2007-2024ж.ж. арналған
Қазақстан Ресубликасының тұрақты дамуға өту стратегиясы мен оның орындалуына қатысты
жоспарларда нақты іс-шаралар қарастырылған. Ауаның ластануына шек қою жəне бақылауды
күшейту бойынша инвестициялардың басым бөлігін жеке кəсіпорындар көтереді. Мемлекет
бюджетінен болса осы мақсатта бөлінетін қаржы көлемі өте шектеулі. Бұл əсіресе энергетика
секторында анық байқалады.
4.4 ұсыныс:
Заң шығару шаралары мен экономикалық ынталандыру шаралары этилді бензинді
айналымнан шығаруға, заңсыз этилдендіру əрекеттерін тоқтатуға бағытталуы керек. 14.5
ұсынысты қараңыз.
Этилді бензин 2003-жылы ресми түрде айналымнан шығарылған болатын. Алайда этилді
бензин шетелден заңсыз əкелініп, этилді емес бензинді этилдендіру əрекеттері тыйылмай
келеді.
4.5 ұсыныс:
Ауа атмосферасын қорғау мақсатында автокөліктердің техникалық параметрлері туралы
арнайы нұсқау шығару керек. Ауа эмиссияларын қысқартатын автокөліктер үшін кеден
төлемі жəне салықтың деңгейі айтарлықтай төмен болуы тиіс. Техникалық параметрлерді
тексеретін автокөлік инспекциялары күшейтілуі қажет.
Техникалық бақылау жүргізу жəне реттеу тұжырымдамасы 2003-жылы заң жүзінде бекітілді.
Бұл заң барлық салаларды бірдей қамтиды. Оған сəйкес реттеу саясатының жекелеген тұстары
жəне шаралары əрі қарай жетілдірілуі тиіс. Осыған орай Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
автокөліктерден ауаға бөлінетін эмиссияларға қатысты үкімет жарлығының жобасын
даярлады. Бұл құжатта автокөліктен шығатын улы газдардың максималды мөлшері, шу
деңгейі жəне отын сапасының критерийлері берілген. Осы талаптар Евро 2/II стандартына сай
келеді. 2008-жылдан бастап, үкімет жаңа автокөліктерге қатысты Евро 2 стандартын қолдана
бастайды. Алайда қолданыста жүрген көліктерді бұл ереже қамтымайтын болады. Аз күкіртті
бензин қолдануға үгітте умақсатында бензиннің түріне қарап салық салу саясаты жуық арада
енгізілмейтінге ұқсайды. Жолаушыларға арналған автокөліктер үшін жыл сайын төленетін
көлік салығының деңгейі мотордың көлеміне байланысты. Тəуелсіз мемлекеттер достастығы
аумағында өндіріліп, 6 жылдан астам уақыт бойы қолданыста жүрген көліктерге салық
жеңілдіктері беріледі. Солай бола тұра, осындай машиналар өзге аймақтардан елге əкелінетін
көліктерге қарағанда ауаны анағұрлым көп ластайды.
5 Тарау:
Қазақстанның шығыс облыстарындағы муниципалды жəне өндірістік
қалдықтар менеджменті
5.1 ұсыныс:
Қазіргі заманғы қалдықтар-менеджменті жүйесін құрудың, соның ішінде аймақтық жəне
жергілікті деңгейлерде əлеуетті ұлғайту шараларының алғы шарты ретінде қалдықтар
206
туралы заңды қабылдау керек. Заң қабылданғаннан кейін соған бағынышты заң актілері
дайындалып, қолданысқа енгізілуі қажет. 1.1 ұсынысты қараңыз.
2004-жылы Қоршаған ортаны қорғау туралы заңға енгізілген өзгерістер өндірістік жəне
тұрмыстық қалдықтар бойынша қазіргі заманғы менеджмент жүйесін есепке алады. Жеті түрлі
заң актілері қабылданды. Заң талаптарына сай, қалдықтарды сақтайтын полигондар жұмысы
басталды. 2007-жылы қабылданған Экологиялық кодекске халықаралық стандарттарға
негізделген қалдықтар менеджменті туралы қағидалар енгізілген. Базель конвенциясы жəне
Еуропа Одағы нұсқауларына сəйкес, қалдықтарды сыныптау жүйесі Қазақстан үшін бейімделіп
алынған.
5.2 ұсыныс:
Түрлі əкімшіліктік деңгейлердегі қалдықтар менеджментін үйлестіру жұмыстары
қалдықтар-менеджменті бағдарлмасын даярлау арқылы жүзеге асырылу керек. Аталмыш
бағдарлама қоршаған орта жағдайына қатысты аймақтар арасындағы келеңсіз
айырмашылықтарды жоюға бағытталуы тиіс. Бұған қоса, қалдықтар туралы кешенді
стратегия толығымен дайындалғанға дейін мына мəселелерді реттеп алған жөн:
- Кен өндірісі жəне металлургиялық өндірістен қалған қалдықтардан құнды
компоненттерді бөліп шығарып, қайта өңдеуден өткізу дəрежесін көтеру керек
- Жағдайы ең қиын дейтін ірі қалалардан бастап, елдің барлық аумағында муниципалды
тұрмыс қалдықтарын жинап, іріктеп, орталықтандырылған түрде кəдеге жарату
жүйесін енгізу. Бақылауға алынбаған қалдық төгу орындарын біртіндеп жою
- Барлық ірі қалаларда тұрмыс қалдықтарын жеке түрде жинап, тасымалдауды жəне,
қайта өңдеуді жолға қою. Осыны қалдықтардан энергия өндіру үшін де қолдануға болар
еді
- Медициналық қалдықтарды қауіпсіз кəдеге жарату үшін қажетті жағдайлар жасау
- Қалдықты кəдеге жарату орындардың барлығын тексеретін мониторинг жүйесін құрып,
қаржыландыру
9.2 ұсынысты қараңыз.
Экологиялық кодекс қалдықтарды иелену құқықтарын анықтайтын нормаларға сүйеніп, иесі
жоқ қалдықты əкімшіліктің немесе мемлекеттің меншігі деп атайды. Қоршаған ортаны қорғау
министрлігі қалдықтарды төгудін жəне сақтаудың нормативті жүйесін жасау үшін жауапты
болып табылады. 2006-жылдан бастап облыстық деңгейдегі қоршаған ортаны қорғау жөніндегі
бағдарламалардың барлығында қалдықтар менеджментіне арналған тараулар болуы тиіс.
Бақылауға алынбаған кездейсоқ қалдық полигондарын жабу процесі басталды. Муниципалды
қалдықты жинау жүйесі ірі қалаларда жұмыс істеп жатыр. Муниципалды қалдықтарды жинау
жəне тасымалдау міндеті əлі толығымен қалалық əкімшіліктерге жүктеледі. Сондықтан
қиыншылықтар жоқ емес. Медициналық қалдықтар қауіпсіз жолмен қалдық полигондарында
орналастырылған арнайы пештерде отқа жағылып жойылады. Алайда, жалпы алғанда,
қалдықтар менеджменті саласында əлі де болса түбегейлі жетілдіру жұмыстарын жүргізу
керек.
5.3 ұсыныс:
Қазақстанның статистика жөніндегі агенттігі Табиғи ресурстар жəне қоршаған ортаны
қорғау министрлігі, сондай-ақ, жергілікті əкімшіліктермен бірлесіп,өндірістік жəне
муниципалды қалдықтарды өндіру, сақтау жəне кəдеге асыру туралы статистикалық
мəліметті жинап, есеп беру жүйесін əрі қарай жетілдіру керек. Зақымданған орындар жəне
қалдықтар төгілетін барлық полигондар, соның ішінде жұмыс істейтін жəне жабылып
қалған қалдық орындарының тізімдері ұдайы даярланып отыруы тиіс.
2006-жылы Статистикалық агенттік тұрмыстық қалдықтар туралы мəлімет жинайтын екі түрлі
жаңа статистикалық нысанды қолданысқа енгізді. Оның нəтижесін бағалау əзірше мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |