Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет84/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   115

 
8 Тарау: Минералды ресурстар менеджменті жəне қоршаған орта
   171 
 
 
мерзімді  сақталуы  жəне  қоршаған  ортаға  тигізетін  əсері  мəселелеріне  арнап  бірқатар  зерттеу 
жұмыстарын  жүргізді.  Онда  жасалған  болжамдарға  сəйкес,  ұзақ  мерзімде  күкірт  өндірісінің 
деңгейі  сұраныс  деңгейінен  асып  кетіп  (Қазақстанда  жəне  шетелде),  күкірт  қалдықтары 
көлемінің ұлғаюы проблемасы ушығып кетеді. Зерттеу есептеулерінше, 2020-жылға қарай екі 
ең ірі мұнай компаниясына (Аджип жəне Теңізшевройл) тиесілі күкірт қалдықтарының жалпы 
көлемі 35 миллион тоннадан асып кетеді. Ұзақ мерзім бойы ашық түрде сақталған осындай көп 
көлемдегі  күкірт  қоршаған  ортаға  айтарлықтай  əсерін  тігізеді.  Бұл  мұнай  компаниялары 
тарапынан  күкіртке  қатысты  басқару  стратегияларын  дамыту  қажеттілігін  көрсетіп  отыр (8.2 
Қосымша).  
 
8. 2 Ендірме: «Теңізшевроил» компаниясының күкіртті кəдеге жарату жөніндегі стратегиясы 
 
«Теңізшевройл» (ТШО)  Каспий  теңізі  жағалауынан  солтүстік-шығысқа  қарай  орналасқан  аса  көлемді 
«Теңіз»  кен  орны  мен  соның  қасындағы  Королев  мұнай  кен  орнының  есебінен  күніне 300 мың  баррель 
мұнай  шығаратын  Қазақстандағы  ең  ірі  мұнай  компаниялардың  бірі.  ТШО  өндіретін  шикі  мұнайдың 
құрамында 14 пайыз  сутек  сульфидтен  құралған  «қышқыл  газ»  бар.  Мұнай  ұдайы  күкірттен  тазартылып 
отырады да, өндіріліп шығатын күкірттің көлемі жылына 1,6 миллион тоннаны құрайды. ТШО қазір өзінің 
мұнай  өндіру  қуатын  арттырып,  кеңейту  шараларын  қолға  алды. «Екінші  толқын  жобасы»  деп  аталатын 
бастамасы аяқталғаннан кейін компаниядағы мұнай өндірісі көлемі күніне 500 мың баррельге дейін жетеді 
деп көзделіп отыр. Сонымен қатар, күкірт өндірісі де өсіп, жылына 2,4 миллион тонна құрайтын болады. 
Қазірдің өзінде ТШО-да күкірттің шамамен 9 миллион тоннасы жинақталған. Бұл қорлар монолитті қатты 
блок түрінде арнайы құрастырылған алаңдарда сақталады. Пайдаланылу нысанына қарай күкірт блоктары 
ерітіліп,  үлпектер  немесе  түйіршіктер  түрінде  теміржол  арқылы  тасымалданады.  Күкірт  нарығы  циклдік 
заңға  бағынатындықтан,  соңғы  бірнеше  жыл  бойы  оған  деген  сұраныс  өндіріс  көлемінен  кем  болған. 
Осыған жəне күкіртті қауіпсіз тасымалдау қиыншылықтарына байланысты ТШО-да күкірт аса көп көлемде 
жинақталып  қалған. «Теңіз»  кен  орнын  Қара  теңіздегі  Новороссийск  портымен  байланыстыратын Каспий 
мұнай  құбыры 2001-жылы  іске  қосылғанға  дейін  ТШО  шикі  мұнайдың  бір  бөлігін  теміржолмен 
тасымалдаған  болатын.  Мұнай  құбырының  өткізу  мүмкіншілігі  артқан  сайын  теміржол  арқылы  мұнайды 
емес, күкіртті тасымалдауға мүмкіндік туды.           
 
Күкірт  сату  көлемі  ұлғайғандықтан, 2006-шы  жылы  қоймадағы  күкірт  көлемі 2000-шы  жылмен 
салыстырғанда 88,000 тоннаға  азайды.  Компанияның  болжауынша, 2008-ші  жылға  дейін  күкірттің  бір 
жылғы  сатылу  көлемі 3 миллион  тонна  болмақ.  Өндірістегі  күкірт  жетпей  қалған  жағдайда ТШО  қоймада 
сақталып  жатқан  артық  күкіртті  пайдалана  алады.  Əйтсе  де,  ұзақ  мерзімде  компания  күкіртті  өзгеше 
пайдалануды  көздеп  отыр.  Жоспарға  сəйкес,  өндіріс  тəсілінің  жетілдірілуі  арқасында  мұнайдан  бөлініп 
шыққан  қышқыл  газ  қайтадан  жерасты  қабатындағы  резервуарға  айдалады.  ТШО  Қазақстан  жəне 
Америка  Құрама  Штаттары  арасындағы  келісімге  сүйеніп,  күкіртпен  жұмыс  істеудің  халықаралық 
стандарттары мен ережелеріне бағынады. Компания Американдық өнеркəсіптік гигиена ассоциациясының 
талаптары  мен  ережелеріне  сай  өндіріс  орындарындағы  ауаның  сапасын  үнемі  бақылап  отырады. 
Топырақ  пен  су  Мəскеу  мемлекеттік  университеті  мамандары  ұсынған  тəсілдердің  көмегімен  тұрақты 
түрде  сынақтан  өткізіледі.  ТШО-ның  айтуынша,  күкірттің  сатылу  деңгейі  өндіріс  деңгейінен  кем 
болғандықтан,  компания  күкірт  өндірудің  жылдық  көлемін 3 миллион  тоннаға  дейін  арттыруды  көздеп 
отыр. Алайда үкіметтің пікірінше, ТШО 9 миллион тонна күкірт жинақталып үлгерген қойма-алаңдарды тез 
арада азайту үшін бар мүмкіндікті пайдаланбай отыр. ТШО мен Қоршаған орта министрлігі бірлесіп құрған 
арнайы кеңес тобы күкіртті ашық күйінде сақтаудың коршаған ортаға тигізетін əсерін зерттейтін жұмысты 
қолға алды.    
Дерек көзі: Теңізшевройл (ТШО), 2007ж.  
 
Каспий  теңізінің  қазақстандық  бөлігіндегі  тағы  бір  үлкен  проблема – ол  мұнай  мен  газ 
операциялары  салдарынан  радиоактивті  ластанудың  пайда  болуы  (мұнай  құрамында  уран 
сияқты радиоактивті элементтер бар):  
• 
2006-жылдың  ортасында  Маңғыстау  облысында  «Қазмұнайгаз» (ҚМГ)  қалдырған 
төменрадиоактивті  қалдықтардың  бірнеше  жыл  бойы  жинақталып  қалған  көлемі 13 мың 
тоннаны  құрады.  ҚМГ-ның  мұнай  саласында  жүргізген  жұмыстарының  салдарынан  облыста 
3000 текше метр сұйық радиоактивті қалдық, 7000 тонна қатты радиоактиквті қалдық, соның 
ішінде 1,5 тонна  радиоактивті  металл  қалдықтары  жиналды.  Ионданатын  радиацияның 
пайдаланылып біткен көздері су астындағы арнайы қоймада сақталады. «Маңғыстаумұнайгаз» 
АҚ  қалдырған  радиоактивті  қалдықтың  мөлшері  бүгінгі  күні 1500 тоннаны  құрайды.  Соның 
300 тоннасы 2006-жылдың бірінші жартысында шығарылды.  
• 
Атырау  облысында 275 мұнай  кен  орнының  радионуклидпен  (уран,  радий,  торий) 
зақымдалғаны анықталды. Мұндағы басты проблема - мұнай жатқан  жер қабатындағы судың 
зақымдалуы  (осындай  жер  қабаттарының  астында  мұнай,  су  жəне  газ  аралас).  Каспий  теңізі 


172
 III 
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды 
көтермелеу 
 
 
өңіріндегі  Атырау  мен  Маңғыстау  облыстарында  жабулы  тұрған  ескі  ұңғымалардағы  мұнай 
сыртқа  төгіліп  кетіп,  құрамындағы  радионуклидтер,  фенол  жəне  мұнай  өнімдері  жерасты 
суларын ластап, Каспий теңізінің қоршаған ортасына үлкен қауіп төндіреді. 
 
Көмір өндіру саласы 
 
Көмір  шахталарындағы  метан  Қазақстанға  тəн  ең  ауыр  экологиялық  жəне  қауіпсіздік 
проблемаларының бірі болып табылады. Елдегі көмір шахталарында метан құрамының деңгейі 
айтарлықтай  жоғары. 2005-ші  жылы  Қазақстанда  ауаға  бөлініп  шыққан  метан  мөлшері 
көмірқышқыл  газдың (CO
2
)  6,7 миллион  тоннасымен  шамалас  еді.  Бұл,  демек,  дүниежүзі 
елдерінің көрсеткіштерімен салыстырғанда 13-ші орынмен бірдей. Болжамдарға сəйкес, метан 
эмиссиялары 2015-ші жылға дейін сəл төмендеуі тиіс. Шахтадағы метанның басым бөлігі (50 
пайыздан  көбі)  сыртқы,  яғни  жер  бетіне  ең  жақын  жатқан  қабаттарда  шоғырланған.  Содан 
кейінгі  кезекте  жерасты  шахталарындағы  вентиляциялық  жүйелер  тұр.  Мұнда  метанның 40 
пайыздайы шоғырланған.        
 
Қазақстандық  көмір  аса  газды  келетіндіктен,  жарылысты  болдырмай,  жұмысшылардың 
қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  үшін  шахталарды  алдын  ала  газдан  тазалап,  вентилициялау 
керек.Қарағанды  бассейніндегі  жерасты  шахталарын  газсыздандыру  мақсатында  арнайы 
ұңғымаларды  бұрғылау  əдісі  кең  тараған.  Дегенмен,  метанды  кəдеге  жарату  дəрежесі  өте 
төмен.  Жылына 12 миллион  текше  метр  метан  (бұл 171000 тонна CO
2
-мен  бірдей)  ғана 
өндіріліп,  оның  бəрі  шахталарды  жылытатын 3-4 бойлер  қондырғыларында  пайдаланылады. 
Жердің  сыртқы  қабатындағы  шахталар  қатты  вентилицияланады,  бірақ  вентиляциядан  өткен 
құрамында 1% метан  концентрациясы  бар  ауа  əдетте  атмосфераға  шығарылады.  Екібастұз 
бассейнінде,  кəдеге  жаратылатын  метанның  мөлшері  тым  аз,  тіптен  жоқтың  қасы  деуге 
болады.    
  
Үкімет  жабулы  тұрған  ескі  көмір  шахталарындағы  метанды  энергия  өндіруге  жұмсауды 
жоспарлауда. 2004-ші жылы Қарағанды көмір бассейнінің Талдықұдық ауданындағы ескі көмір 
шахталарында  метанды  барлау  жəне  өндіру  жұмыстарын  жүргізуге  тендер  жарияланып,  сол 
бойынша келісім-шартқа да қол қойылған болатын. Бұл жоба қазір барлау жүргізу сатысында 
жүзеге  асырылып  келеді. 2003-жылы  Энергетика  жəне  минералдық  ресурстар  министрлігі 
Екібастұз  бассейнінде  метан  өндіруге  арналған  тағы  бір  бастамаға  қолдау  көрсетті.  Бүгінгі 
күні, сондай-ақ, барлау жұмыстарын жүргізіп (соның ішінде сейсмикалық зерттеулер де болуы 
тиіс), 5-6 сынақ  ұңғымасынан  тұратын  пилоттық  жобаны  қолға  алып,  қажетті  технологияны 
анықтап,  өндіріске  жарамды  метан  қорларын  барланған  ресурстар  қатарына  жатқызып, 
соларды  тіркеуден  өткізе  алатын    ұлттық  жəне  халықаралық  инвесторларды  тарту  көзделіп 
отыр.  
 
Қарағанды  бассейнінде  жерасты  шахталарынан  метанды  айдап  шығару  ісі  ауыр  проблемаға 
айналды. Соңғы бірнеше жыл  бойы  метан  жарылыстары  адам өліміне  ұшыратқан.  Жергілікті 
халықтың  қауіпсіздігіне  қатер  төндіретін  тағы  бір  жағдай – ол  тұрғын  аудандардың  бұрын 
жабылған  ескі  шахталардың  үстіне  салынғаны.  Шахталар  жабылғанымен,  солардың  ішінде 
метан бар. 1996-шы жылдан бері аса газды  деп есептелетін кем дегенде 14 жерасты шахтасы 
жабылған  болатын.  Жарылыс  жəне  соның  салдарынан  шахтаның  опырылып  құлауы
28
  сияқты 
келеңсіз  жағдайларды  болдырмау  мақсатында  Қарағанды  облысы  əкімшілігі  мемлекеттік 
«Қарағандыликвидшахт» компаниясына метан шығару жəне оны пайдалану мəселесін жүктеді. 
Осыдан  бөлек,  көмір  қалдықтарының  үймелері  Қарағанды  бассейні  аумағының  əр  тұсына 
қалдырыла береді. Өздігінен жанатын осы қалдықтар кейде өрттің шығуына себеп болады. Өрт 
кезінде ауаға CO

бөлініп, айналадағы ландшафтқа кері əсерін тигізіп отырады.    
 
Тау-кен өндірісі жəне металлургия саласы  
                                                 
28
 Шахталардың опырылып құлауы қазба жəне өндіру процесі кезінде пайдаланылатын жерасты камералары, штрек 
жəне шурфтардың құлап түсуі салдарынан болады 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау