Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет79/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   115

 
7 Тарау: Энергетика жəне қоршаған орта
   
 
 
159 
 
 
тұтынудың  орнықты  үлгілеріне,  баламалы  энергия  көздеріне  қатысты  қағидаттарды, 
басымдықтарды,  мақсаттар  мен  тетіктерді  белгіледі.  ТДӨТ  басымдықтарына  энергияны 
ұтымды  пайдалану  мен  үнемдеу,  сондай-ақ  экологиялық  тұрақтылықты  қамтамасыз  ету 
жатады.  Басқаларын  айтпағанда,  тұжырымдама  өнеркəсіп  жəне  энергетика  нысандарына 
белгіленетін  экологиялық  қауіпсіз    технологияларды  енгізу,  тұрақты  мақсаттық 
көрсеткіштерінің  айқын  критерийлеріне,  анғұрлым  экологиялық  өндірістің  стратегияларын 
белсендірек    пайдалануға,  баламалы  энергия  көздері  мен  қалдықтарды  өңдеу    жүйелерін 
енгізуга арналған ынталандыруларды дамытуға негізделеді. 
 
Тұрақты  даму  Ұлттық  Кеңесінің  өтініші  бойынша  (ТДҰК),  тұжырымдаманың  негіздемесінде 
2024 жылға дейін тұрақты даму жағдайларында энергияны ұтымды пайдалану жəне баламалы 
қуат  көздерін  дамыту  тұжырымдамасының  жобасы  əзірленді (1 тараудағы 1.3. ендірмені 
қараңыз). 2007 жылы  қыркүйекте  ТДҰК  мақұлдаған  жоба  үкіметтің  бекітуіне  берілді. 
Тұжырымдамада  жаңғыртылатын  энергия  көздерін  пайдалануды  дамыту  қаежттілігі  туралы 
айтылады  жəне  жел  энергиясына,  күн  энергиясы  мен  жылу  насостарына  ерекше  назар 
аударылады.  Түрлі  баламалардың  іске  асырылуын  негіздейтін  тəжірибелік  жобалар  барынша 
жан-жақты көтермеленеді. 
 
Орта-жəне ұзақ мерзімді перспективада ресурстарды пайдаланудың жалпы тиімдігін арттыруға 
жəне 2024 жылға  қарай  үлесін  барлық  энергия  ресурстарының 10%-на  дейін  жеткізу 
жоспарланған  жаңғыртылатын  энергия  көздерін  кеңірек  қолдануды  насихаттауға  арналған 
мақсаттық  көрсеткітер  белгіленді.  Электр  энергетикасы    саласында,  жаңғыртылатын  энергия 
көздеріне  арналған  мақсаттық  көрсеткіштер 2024 жылға  қарай  3000 МВт  нақты  қуатты 
құрайды, бұл 10 ТВт.с өндірумен барабар  (ірі ГЭС-терді есепке алмағанда). 
 
7.1 Ендірме: Энергия сервистік компания деген не? 
 
Энергосервистік  компания  (ЭСКО)  зауыттар  немесе  құрылыстар  сияқты  түрлі  нысандарда  энергияны 
ұтымды пайдалану үшін қажет ғылыми – техникалық тəжірибе береді, сондай-ақ ол өзіне іске асырылатын 
шараларды  орындауға  қатысты  тəуекелдерді  жүктейді.  Ықтимал  энергия  үнемдеу  бағаларына  сүйене 
отырып,  ЭСКО  инвестициялық  жобаны  əзірлейді  жəне  оны  іске  асырады.  Перфоманс-келісім  шарт 
осындай  қызметтер  көрсету  үшін  негіздеме  болып  табылады,  осы  арқылы  жобаның  нысанына  жататын 
қуат  көздерін  үнемдеу  кепілденеді.  ЭСКО  көрсеткен  қызметтері  үшін  төлем  алуы  энергия  үнемдеу 
көлеміне  тікелей  байланысты  болады.  Қағида  бойынша,  ЭСКО-жеке  фирмалар.  Өндіріске  күрделі  қаржы 
жұмсауға  қатысты  шығындар  қуат  көздеріне  жұмсалатын  шығындарды    сəйкес  төмендетудің  есебінен 
өтелетін  болғандықтан,  ЭСКо  жобалары-өзін-өзі    қаржыландырады.  Батыс  Еуропа  мен  АҚШ-та  энергия 
қызметтерінің осындай түрдегі  рыногы біршама ілеріде құрылды. Ал өтпелі экономикалы елдерге келетін 
болсақ,  ЭСКО  секторы  бастамалық  ахуалда  тұр,  бұл  басқаларын  айтпағанда,  қуат  көздерінің  төмен 
бағаларының, жетілмеген заңнамалық базаның, əкімшілік тосқауылдар мен  түпкі тұтынушылар тарапынан 
түсінбеушіліктің  салдары  болып  табылады.  ЕҚДБ  басқа  елдермен  қатар,  сондай-ақ  Венгрия  мен 
Украинада ЭСКО жобаларын дамытуға қолдау көрсетеді. 
 
Осыған  байланысты  энергетика  министрлігі  мен  Қоршаған  ортаны  қорғау  министрлігі 
жаңғыртылатын  энергия  көздерін  пайдалану  арқылы  өнірілген  электрге  қатысты 
коммерциялық  іске  асырылатын  сертификаттар  енгізуді  жоспарлап  отыр.  Қазір  сол  үшін 
құқықтық  базаны  қамтамасыз  етуге  арналған  заңның  жобасы  дайындалуда  (жаңғыртылатын 
энергия  көздерін  пайдалауға  қолдау  көрсететін  заң).  Жаңғыртылатын  энергия  көздерінен 
алынған  электрді  рынокта  сату  кезінде,  өндіруші-кəсіпорындар  сертификаттау  жүйесін 
бақылауға  уəкілетті  органға  сəйкес  сертификаттар  беретін  болады.  Өндірістің  дəстүрлі 
көздерін  пайдаланатын  қалған  өндірушілер  уəкілетті  органнан  осы  сертификаттарды  сатып 
алуға  міндетті  болады  жəне  осы  сертификаттарды  экологиялық  таза  электр  сатып  алуды 
қалайтын тұтынушыларға бөлшек сауда бағаларымен сатады.  
 
Ал  электр  үнемдеуге  келетін  болсақ,  төмен  тарифтер,  техникалық  даярлықтың  төмен  деңгейі 
жəне ақпарат пен хабардарлықтың жетіспеуі сияқты бірқатар кедергілердің себебінен пəрменді 
шаралар қабылдау осы уақытқа дейін жүргізілмей отыр. Энергия пайдалану тарифтерді бірте-
бірте  көтеруге  қарамастан,  энергия  үнемдеудің  жергілікті  айрықшылығын,  сондай-ақ 
нормативтік құралдарды жете білмеу сезіледі (əсіресе ірі қалаларда өткір сезіледі).  


160
 III 
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды 
көтермелеу 
 
 
Заңнамалық жəне нормативтік негіз, ұйымдық құрылым  
 
Қазақстандағы  энергетика  саясатына  жауапты  негізгі  мемлекеттік  құрылым  Энергетика  жəне 
минералды  ресурстар  министрлігі  болып  табылады.  Министрліктің  қарауына  дəстүрлі  де, 
сондай-ақ баламалы да көздерден алынатын энергия ресурстарын басқару, олардың қауіпсіздігі 
мен сақтау мəселелері жатады, сондай-ақ энергетикалық кешен "Қазмұнайгаз" (ҚМТ)-ең кемі 
өнімді бөлу туралы барлық келісімдер бойынша өндірудің жартысына иелік ететін мемлекеттік 
мұнай  газ  компаниясы  Қоршаған  ортаны  қорғау  министрлігі  экологиялық  таза  энергия 
көздерін насихаттауға,  
 
Экологиялық  салдарлар  мен  қоршаған  ортаны  қорғау  мəселелерін  энергетикалық  саясатқа 
енгізуге жауапты.   
 
Энергияны  ұтымды  пайдалану  мəселелерін  мемлекеттің  заңнамалық  негізіне  енгізу 
мақсатымен, 1997 жылы  «Энергия  үнемдеу  туралы»  Заң  қабылданды.  Заңда  бірқатар 
басымдықтар мен ынталандырулар белгіленеді, алайда іске асырудың əлсіз тетіктері мен айқын  
белгіленген  мақсаттардың  болмауы  оны  пəрменді  қолдануға  бөгет  жасайды.  Соның 
салдарынан,  осы  салада  жаңа  заңнамалық  актілердің  жасалуы  күтілуде.  Екінші  жағынан, 
бірнеше    бастама  жергілікті  деңгейде  ойдағыдай  жүргізілді.  Бұған    мысал  ретінде  жергілікті 
өзін-өзі  басқару  органдарының,  тəжірибелік  жобалар  арқылы    энергияны  ұтымды  пайдалану 
мен  сақтау  бағдарламаларын    насихаттауға  арналған  энергиятиімділік  орталықтарын  құруын 
келтіруге болады. Осы мақсаттар үшін энергиясервистік  компаниялар (7.1 Ендірмені қараңыз), 
құрылыстардың 
экологиялық 
 
талаптарға 
сəйкестігін 
сертификаттау, 
сондай-ақ 
энергиүнемдеудің    жаңа  технологияларын  енгізу  ұйымдастырылуда.  Соған  қарамастан,  
энергияны тиімді пайдалануға қатысты жалпы мемлекеттік бағдарламаның жəне мəселен, жаңа 
құрылыстарға  қолданылатын,  міндетті  нормативтері  бар  ойластырылған  заңнамалық  негіздің  
жоқтығы сезіледі. 
 
Ал  енді  энергетикалық  сектор  туралы  айтатын  болсақ,  Қазақстан  Тəуелсіздік    алғалы  бері 
электр  энергиясын  реформалау  үшін  маңызды    бірқатар  қадамдар  жасалды. 1996 жылы 
электрэнергетикалық  саланы  жекешелендіру  мен  қайта  құрылымдау  жөнінде    мемлекеттік  
бағдарлама  қабылданды.  Электр  желілерін    басқару  жөніндегі  Қазақстандық  Компанияның    
(KEGOC)  қарауында  электр  тарататын    (бөлетін)  желі  бар. 2000 жылы  электр  энергиясын 
орталықтандырған    сатуды  бақылау  мақсатымен  рыноктың  жаңа  операторы – «Электр 
энергиясы мен  қуаты рыногының Қазақстандық операторы» құрылды. 
 
Қазақстандағы  электр  станцияларының    көпшілігі  жекешелендірілсе  де,  бөлу  (тарату) 
желілерінің  үлкен  бөлігі KEGOC бақылауына  жатады. KEGOC бірнеше  жеке  компанияға 
басқару құқын берді. Алайда бұл ретте АҚ жоғары кернеудегі электр беру желілеріне, қосалқы 
станциялар  мен  орталық  инженерлік-техникалық  қызметке  бақылауын  сақтайды.  Бұл  орайда, 
биліктер  энергия  желісін  жекешелендіруді  əрмен  қарай  жалғастыруды  жоспарлап  отыр. 2004  
жылғы    «Электрэнергетика  туралы»  Заң  жəне 1998 жылғы  «Монополиялар  туралы  Заң»  осы 
үрдіске  септігін тигізетін маңызды заңнамалық құралдар.  
 
Жалпы, қолданыстағы заңдарды орындау зəру жəне  шешілмеген мəселе болып қалуда.  
Энергия  ресурстарына  бағалар  белгілеу  (қалыптастыру)  жəне  экономикалық 
құралдар; олардың қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты дамуды ынталандырудағы маңызы.  
 
Электрге белгіленетін тарифтер ЭБЖ берудің құнын өндіруші алатын, KEGOC-қа жəне/немесе 
тиісті  аймақтық    кəсіпорындарға  төленетін  бағаға,  сондай-ақ  бөлуге  белгіленетін  тарифке 
байланысты болады. 
 
2007  жылы  тұтынушыларға  арналған  ақырғы  тариф  (бір  отбасына  есептегенде)  4,9-дан 6,1 
тенге/кВт.с-ға  дейін  ауытқып  отырды  (от 0,04 до 0.05 ам.  доллар/кВт.с).  Өндірушілердің 
тарифтері  реттелмейтін  рынок  арқылы  белгіленеді.  Электр  энергиясын  беру  тарифтерін 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау