7 Тарау: Энергетика жəне қоршаған орта
151
желісіне қосымша электр берудің екінші желісінің құрылысын бастады. Осы желі
Қазақстанның Солтүстік аймақтарынан артық энергияны Республиканың халық көп
қоныстанған Оңтүстік аудандарына жеткізуге мүмкіндік туғызады, сондай-ақ Орталық
Азияның энергия ресурстарының аймақтық рыногын дамытуға Қазақстанның даму банкі (ҚДБ)
қатысады. Жобаның басталатын жəне аяқталатын мерзімі сəйкестігіне қарай 2005-2008
жылдар. Сонымен қатар бір мезгілде электр берудің жұмыс істеп тұрған желілерін жəне
қосалқы станцияларын жаңғырту, сондай-ақ энергия ысыраптарын азайту жөніндегі жобалар
жүзеге асырылады.
7.2 Кесте: Электр балансы, 2004 ж.
ГВч
Пайыздардағы
үлес
Өндіріс
Көмірмен
46 803
69,9
Мұнаймен
4 979
7,4
Газбен
7 103
10,6
өндірістің жалпы көлемі
8 057
12,0
өндірістің жалпы көлемі
66 942
100,0
Импорт
5 234
Экспорт
-7 403
Ішкі жабдықтау
64 773
Энергетика секторы*
7 533
Бөлу кезіндегі ысырап
10 408
Түпкі тұтынудың қосындысы
46 832
100,0
Өнеркəсіп
13 350
28,5
Көлік
2 012
4,3
Тұрғын үй
5 883
12,6
Ауыл/орман шарушылығы 11
322
24,2
Басқа белгіленбегендері
14 265
30,5
Дерек көзі: ХЭА, 2007 г.
Ескерту: * Энергетикаға сондай-ақ жеке қажеттіліктері
үшін электр станциялары тұтынатын жəне
гидроаккумляциялау (жинақтау) үшін пайдаланылатын
электр жатады
Сондай-ақ ас əзірлеуге, жылытуға, жарықтандыруға, сумен жабдықтауға жеткіліксіз ауылдық
жерлердегі энергиямен жабдықтау мəселесі алаңдаушылық туындатады. Ауыл тұрғындарының
төмен табыстары электр энергиясына төлем жасауға жете бермейді. Қазір 250-ге жуық
қоныстар желіге қосылмаған. Жылу мен тамақ пісіру үшін өздерін отынмен қамтамасыз етуге
байланысты ауыл тұрғындары көбіне ағаш кеседі. Мұндай əрекеттер ландшафтқа нұқсан
келтіреді, əрі түптің түбінде жерді тақырға айналдырады.
Жылумен жабдықтау
Қатал қыс жағдайларында, Қазақстандағы жылу энергиясының айтарлықтай бөлігі (жылына
150 млн. гкал жуық) жылыту үшін пайдаланылады. Орталықтандырылған аудандық жылумен
жабдықтау мен жылу электрорталықтарының есебінен жылудың 50%-дан астам шамасы
қамтамасыз етілетін қалалар негізгі тұтынушылар болып саналады.
Жылуэлектрорталықтарын
пайдалану
көбіне
отын
пайдалануды
азайтады.
Жылуэлектрорталық-тарының жобалық қуаты 6700 МВт-дан асады (Республикадағы барлық
электр станциялары қуатының 38%-ы ). «2030 жылға дейін энергетикалық секторды дамыту
Бағдарламасы» (1999 жылы сəуірде қабылданды) Қазақстанның қалалық аудандарында 2005-
2020 жылдар арасында жылу шығындарын 25%-ға ұлғайтуды жоспарлап отыр.
152
III
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды
көтермелеу
7.4 Сурет: Отын пайдалану арқылы электр энергиясы өндірісін дамыту, 1998-2005 жж.
20 000
25 000
30 000
35 000
40 000
45 000
50 000
55 000
60 000
65 000
70 000
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
ГВ
ч
Көмір
Мұнай
Газ
Гидро
Жаңғыртылатын отын энергия көздері жəне қалдықтар
Дерек көзі: МЭА, 2007 ж.
Шамалы ғана жөндеуден жəне жаңартудан өткен қалалардағы аудандық жылыту желілері
ыстық су мен қамтамасыз етудің негізгі жеткізушілері болып табылады. Бұл қыс ауасында
жылу жеткізудің жиі іркілістерге ұшырауына жəне төмен тиімділігіне себеп болады. Алматы
сияқты ірі қалаларда жуырда аудандық жылыту желілерін қалпына келтіру бойынша арнайы
бағдарламалар қолға алынды, бірақ жылуға төленетін төмен тарифтер мен соған сəйкес төмен
табыстар, жүйені қалпына келтіру мен жаңғыртуға жасалатын инвестициялар үшін күрделі
кедергіге айналды.
Едəуір жылу ысыраптары тікелей қоректендіруші электр желілерінде ғана емес, сонымен бірге
ғимараттарда да болады. Есептер бойынша, жылумен жабдықтаудың осы заманғы
технологияларын енгізу, көпшілік ғимараттарды жылытуға пайдаланылатын энергияны 30%-
ға дейін үнемдеуге көмектеседі. Тұрғын үйлерді жылыту тарифтері көбіне пəтердің немесе
үйдің жалпы көлемінің (м
2
) есебінен есептеледі. Есептеу жүйесінің жаппай болмауынан
тұтынушылар электр энергиясын үнемдеуге ұмтылмайды.
Энергия сиымдылығы, энергияны ұтымды пайдалану жəне энергиямен жабдықтау
Қазақстан энергиясиымдылығы бойынша əлемде алғашқы орындардың бірінде (БЭЖҰ/ЖІӨ).
Республика сондай-ақ энергияны ұтымды пайдалану мен энергия үнемдеуді арттыру үшін
қажет орасан зор əлеуетке ие. Энергетика кешеніндегі көптеген электр станциялары ең бірінші
кезекте электрдің жалпы көлемінің 70%-ға жуығын өндіретін көмір электр станциялары
ескірді, ал энергия жүйелеріндегі ысыраптар электр энергиясының жалпы өндірісінің 15%-нан
асты.
Қазақстанда «Коммуналдық жылумен жабдықтаудың энергия тиімділігін арттыру үшін
тосқауылдарды жою» БҰҰД/ЖЭҚ жобасының аясында жылу жүйесінің құрылысынан жəне
Достарыңызбен бөлісу: |