Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет81/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   115

 
7 Тарау: Энергетика жəне қоршаған орта
   
 
 
163 
 
 
• 
Өндірушілер  мен  тұтынушылардың  арасында  нəтижелі    түсіндірмелік  жəне 
ақпараттық жұмыс жүргізуі керек. 
(б)  
Энергетика  жəне  минералды  ресурстар  Министрлігі  мен  Қоршаған  ортаны  қорғау 
Министрлігі  негізгі  электржелісіне  қосылмаған,  шалғай  аудандарда  орналасқан, 
жаңғыртылатын  энергия  көздерін  пайдаланатын  оқшауланған  жүйелерді  қоса  есептегенде, 
жаңғыртылатын энергия көздерінің жобаларын  іс-əрекетке қабылетті ететін механизмдер 
мен ынталандыруларды  əзірлеулері керек.  
 
Қуат көздеріне белгіленген төмен тарифтер жоғарыда аталған шараларды қабылдау үшін осы 
уақытқа  дейін  елеулі  кедергі    болуда,  өйткені  олар  энергетиканы  ұтымды  пайдалану  мен 
экологиялық    жабдыққа  инвестициялар  жасауға  септігін    тигізбейді.  Күрделі  қаржы 
жұмсалымдарының түсімі үшін қуат көздеріне анағұрлым жоғары тарифтер белгілеу керек. 
 
Тарифтерді  көтеру  энергия  компанияларының  табыстарын  көбейтер  еді  де,  сол  арқылы 
қосымша  қаржылай    қаражаттарды  босатады,  осы  қаражаттарды  электр  станциялары    мен 
инфрақұрылымды  қайта  құруға,  сондай-ақ  өндірістің  қуаты  мен  тиімділігін  арттыруға 
пайдалануға болады. 
 
Тарифтерді  көтеру  қажеттілігі  үкіметке  де,  сондай-ақ  энергия  компанияларына  да  түсінікті. 
Үкіметтің мұны қалай жасайтыны  жəне жалпы жасау-жасамауы туралы мəселе  ашық күйінде  
қалып  отыр.  Бөлетін  ұйымдар  мен  жеткізушілердің    арасында  рыноктың  қағидаттары  мен 
бəсекені қолдану қажетті қозғау солар еді. Қалай болғанда да осындай өзгерістердің қажеттілігі 
туралы  ақпаратты  өндірушілер  мен    тұтынушыларға  алдын-ала    жеткізу  керек,  сол  арқылы 
оларға  жаңа    жағдайларға  бейімделуге  мүмкіндік    беріледі.  Қуат  көздеріне    тарифтерді 
айтарлықтай    көтеру,  шамасы,  халықтың  табысы  аз  жіктеріне  мақсаттық  көмек  көрсетумен 
қатар жүрсе керек.  
 
 7.3:Ұсыныс:  
Үкімет: 
• 
Өндірістің  шығындарын  өтеуді  қамтамасыз  ететін  жəне  энергия    тұтынуды 
азайтуды  ынталандыратын  тиісті  мөлшерлерде  қуат  көздеріне  тарифтер  белгілеуге 
жəрдемдесуі;  
• 
Халықтың  ең  қауқарысыз  топтарын  электрмен  жабдықтау  үшін  мақсатты 
əлеуметтік шаралар əзірлеуі керек..  
 



165
 
 
 
8 Тарау 
 
МИНЕРАЛДЫ  РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУ 
ЖƏНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА 
 
 
8.1 
Елдің өндіруші өнеркəсібінің шолуы 
 
Қазақстан  металды  жəне  бейметалды  ресурстармен  қатар  жерасты  қазба  отын  қорларына  ие. 
Елдің индустриалық секторының басым бөлігі осы ресурстарды өндіріп-өңдеумен айналысады. 
Қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырған алғашқы шолу 2000-жылы жасалғаннан бері 
ел  экономикасы  негізінен  мұнай,  минералдар  жəне  басқа  да  шикі  өнімдер  өндірісі  мен 
экспорты көлемінің ұлғаюы арқасында қарқынды дамыды. Дүниежүзілік сұраныс өсіп, өнімдер 
бағасы шарықтап кеткеннен кейін табиғи ресурстар өндірісінен түсетін табыс деңгейі де күрт 
көтерілді. Əйтсе де, мұнай мен газ өндіруден түсетін табыстың Қазақстан экономикасындағы 
рөлі зор болғанымен, 2004-ші жылғы көрсеткіш бойынша, кен өндіру секторының жалпы ішкі 
өнімдегі  (ЖІӨ)  үлесі  шамамен 15-ақ  пайызды  құраған.  Ел  өндірісі  тұрғысынан  алғанда,  шикі 
өндіріс секторы жалпы өндіріс өнімінің жартысын шығарып, саладағы жұмыс орындарының 20 
пайызын  қамтамасыз  етеді.  Бұрынғы  Кеңес  Одағына  кірген  мемлекеттер  ішінен  Қазақстан 
шетелдік  тікелей  инвестициялардың  (ШТИ)  ЖІӨ-дегі  үлесі  бойынша  бірінші  орында  болса, 
ШТИ-дың  жан  басына  шаққандағы  деңгейі  бойынша  екінші  орынға  ие.  ШТИ-ға  бизнес 
ортасының жақсарып, экономикалық реформалардың іске асырылуы жəне макроэкономиканың 
тұрақталғаны  жағымды  əсер  етеді. 2003-2006 жылдар  аралығында  ШТИ-дан  түскен  жалпы 
қаржының 40 пайызға жуығы мұнай мен табиғи газ секторына құйылды. Минералдық өнімдер 
экспорты жалпы өнімдер экспорты көлемінің 75 пайызын құрады. 
 
Металдар жəне минералдарды өндіру  
 
Қазақстан  минералдық  ресурстарға  бай.  Мұнда  хром,  ванадий,  висмут,  фтордың  ең  үлкен 
қорлары  ғана  емес,  сонымен  қатар  боксит,  көмір,  мыс,  темір  жəне  цинк  мол  шоғырланған. 
Қазақстан  алюминий,  мыс,  темір,  қорғасын,  цинк,  вольфрам,  молибден,  бор  қышқылының 
тұздары,  фосфорит,  калий  жəне  кадмийдің  ең  ірі  өндірушісі  болып  табылады (8.1 Кесте). 
Алтын  қорларының  көлемі  бойынша  Қазақстан  Шығыс  Европа,  Кавказ  жəне  Орталық  Азия 
елдері  ішінен  үшінші  орынға  ие.  Алтын  өндіру  саласындағы  компаниялар  мен  активтердің 
басым бөлігі жекешелендірілген. Металл мен металдан жасалған өнімдер экспортының көлемі 
2006-шы жылы жалпы өнімдер экспортының алтыдан бірін құрады.  
 
8.1 Кесте Тауарлардың жеке түрлері бойынша өндіру көлемдері, 2002–2005 жылдар
 
мың тонна
2002
2003
2004
2005
Темір кені
17,68
19,28
20,30
19,47
Мыс кені
36,70
34,89
30,38
34,07
Цинк кені
6,16
6,37
6,33
6,62
Аллюминий кені
4,38
4,74
4,71
4,82
Марганец кені
1,84
2,37
2,32
2,23
Хром
2,37
2,93
3,29
3,58
 
Дерек көзі: Қазақстанның статистикалық жылдық есебі, 2006ж. 
 
Ашық жəне жерасты шахталары, сондай-ақ, шикізат өңдеу зауыттары түрлі бизнес топтардың 
иелігіне  беріліп,  өзара  топтастырылған.  Саладағы  ең  ірі  кəсіпорындар: «Қазақалтын»  тобы, 
«Қазақхром»  АҚ, «Алюминиум  Қазақстан»  АҚ, «Шымкент  мұнай  өңдеу  зауыты», 
«Балқашмыс» АҚ жəне «Қазақмыс» корпорациясы.     
 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау