7 Тарау: Энергетика жəне қоршаған орта
161
KEGOC белгілейді, бірақ оларды табиғи мнополияларды реттеу жөніндегі Агенттік (ТМРА)
алдын-ала бекітуі тиіс. Кемсітушілікті (алалауды) болдырмау жəне бүкіл халыққа электрмен
жабдықтау қызметтеріне қолжетімдікті кепілдеу үшін ТМРА-ға жалпы өкілеттіктер берілген.
Бөлуге арналған тарифтерді өнеркəсіп министрлігінің бөлімшесі-бəсекені қорғау жөніндегі
комитет бақылайды. Бөлетін ұйымдар электр беру желісін бақылайтын не жалпымемлекеттік
(< 220 кВ) кəсіпорындармен жасалатын келісімдерге қол қояды, жеткізуші ұйымдардан
электр энергиясын сатып алады жəне оны тұтынушыларға сатады. Жоғары вольтті электр беру
жүйесіне
қосылған
ірі
өнеркəсіптік
кəсіпорындардың
өндірушілермен
тікелей
келісімшарттарға қол қою мүмкіндігі бар.
Халықтың табысы аз жіктерін электр энергиясымен сəйкес жабдықтауды қамтамасыз ету жəне
өндірістік секторды шаруашылық жағынан қалпына келтіруге сеп болу үшін əлеуметтік-
экономикалық жағдайлар күрделі болып есептелгендіктен, үкімет электр энергиясына
белгіленетін тарифтерді қатаң бақылауға алады. Алайда мұндай саясат электр станциялары
мен инфрақұрылымды жаңартуға көмектесетін күрделі қаржы жұмсалымдарының түсіміне
кедергі жасайды. Қуат көздеріне белгіленген төмен бағалар Қазақстанда электр энергиясын
ұтымды пайдалану үшін күрделі бөгет болып табылады, өйткені кемітілген (төмен) бағалар
тұтынушыны энергияны үнемдеуге жəне өндірушіні-тиімді де экологиялық таза
технологияларға жұмсайтын шығындарға ынталандырмайды. Бірақ үкімет қазба отын
түрлерінің өндіріске субсидия (жəрдем ақша) беруін тоқтатты (Жамбыл газ
электрстанциясымен байланысты кəсіпорындарды субсидиялау қазір кезек бойынша
қысқартылуда).
Жедел экономикалық өсу мен халықтың өсе түскен нақты табысын ескергенде, қуат көздеріне
бағаларды көтеру қажеттілігі барған сайын жиі мойындалуда. Шын мəнінде,
кейінгі
жылдарда электрге белгіленетін бағалар біршама өсті жəне болжамдар бойынша 2015 жылға
қарай америкалық 7-8 цент деңгейіне жетеді. Бұдан бөлек, жуырда жылу тарифтері де
көтерілді. Мəселен, Алматыда жылумен жабдықтауға иелік ететін үш кəсіпорынға 2006 жылғы
қаңтардан 2007 жылдың қыркүйегіне дейін тарифтерді шамамен 10%-ға өсірудің сəті түсті.
7.5
Қорытындылар мен ұсыныстар
Өткен онжылдықтың ішінде үкімет стратегиялық мəндегі құжаттар, сондай-ақ жаңғыртылатын
энергия көздеріне, энергияны ұтымды пайдалану мен энергия өндірудің жəне энергия
пайдаланудың экологиялық салдарына қатысты жаңа құқықтық нормалар əзірледі. Мəселен,
2007-2024 жылдар арасында тұрақты дамуға өту тұжырымдамасында жəне оның 2024 жылға
дейін тұрақты даму жағдайларында энергияны ұтымды пайдалану мен жаңғыртылатын
энергия көздерін дамыту тұжырымдамасының жобаларындағы энергетикаға қолдануға
жарамды ережелерін əрмен қарай нақтылауда, энергетика саясатының негізгі мəселелері ашық
көрінеді. Сондай-ақ жергілікті деңгейде тұрақты даму саясатымен байланысты энергетика
мəселері назар аударуды қажетсінеді.
Болжамдар бойынша экономиканың өсуі əрі қарай жалғасатын болғандықтан, жылу мен
энергия өндіру де сондай-ақ ұлғаятын болады. Мəселен, құрамдас циклдегі электр
станциялары сияқты қолда бар ең озық технологияларды ескеріп, жаңа, анағұрлым
экологиялық таза жəне тиімді энергия технологияларын енгізу арқылы энергия өндірісін
жетілдіруге болады. Беру жəне бөлу желісі де сондай-ақ қосымша ресурстарды қажетсінеді.
7.1:Ұсыныс:
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі ластаушы заттардың шығарындыларын азайту жəне
мониторингі: мен бақылау үшін жабдықты жетілдіру мақсатында, электр станцияларына
анағұрлым қатаң экологиялық талаптар белгілеуі тиіс.
Анағұрлым экологиялық таза энергия технологияларына күрделі қаржы жұмсалымдары қажет.
Ол үшін тиісті қаржылай қаражатар мен білікті кадрлар қажет. Осы мағынада əсіресе Киото