Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет76/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   115

 
7 Тарау: Энергетика жəне қоршаған орта
   
 
 
153 
 
 
/немесе алдын-ала оқшауланған өткізгіш құбырлардан түсетін пайдаларға сараптық баға беру 
жүргізілді. Энергия үнемдеу көмір қышқыл газының  шығындыларын азайтуға септігін тигізер 
еді, мұның қаланың ахуалына қарай бір метр өткізгіш құбырға шаққанда жылына  105-450 кг 
CO
2
  құрауы  мүмкін 2020-2024 жылдарға  қарай  қолда  бар  ең  озық  тазарту  технологияларын 
енгізу арқылы энергия жəне жылумен жабдықтау секторында отын  тұтынуды ықтимал азайту 
20 млн. ЖОЭ-ге жетуі мүмкін. Парник газдарының шығындыларын 2024 жылға қарай азайту 
шамасы 15-20 млн. тоннаны құрауы мүмкін. Электрэнергиясы мен жылуды  құрамдас өндірген 
жағдайда  энергия  үнемдеудің  іс  жүзіндегі  əлеуеті  (ЭЖҚӨ)  шартты  отынның  6-7 млн. 
тоннасымен  бағаланады,  яғни  ПГ  шығындыларын  10-15 млн.  тоннаға  азайту  арқылы  ЭЖҚО 
кезінде отынды шамамен 35% нақты пайдалану.  
 
Жағыртылатын энергия көздері 
 
Қазақстан, бір жағынан, қазба отынының ресурстарына аса бай болғанымен, екінші жағынан, 
жаңғыртылатын энергия  көздері экономикалық жəне энергетикалық əртараптандыру, сондай-
ақ  қоршаған  ортаның  сапасы  мен  Адам    денсаулығын  жақсарту  үшін  мүмкіндік  туғызар  еді. 
Сонымен  бірге,  жаңғыртылатын  энергия  көздерін  пайдалану,  энергия  тиімділігімен  жəне 
энергия  үнемдеуге  қатысты  шаралармен  бірге  БҰҰ  РКИК  белгіленген    мақсаттарымен 
басымдықтарына жетуге септігін тигізеді (7.1 ендірмені қараңыз).  
 
Қазақстан  жаңғыртылатын  энергия  көздерін,  əсіресе  гидроэнергияны,  жел  энергиясы  мен  су 
энергиясын  пайдалану  саласында  айтарлықтай  əлеуетке  ие,  бірақ  қазір  осы  əлеуеттің  шағын  
бөлігі ғана іске қосылып отыр. Гидроэнергия-бүгінгі күні электр өндіру үшін пайдаланылатын 
жаңғыртылатын энергияның жалғыз-ақ көзі.  
 
Гидроэнергия 
 
2004  жылы  су  көздерінен  (үлкен  жəне  шағын  гидроэлектрстанциялары)  электр  энергиясын 
өндіру  жылына      8  ТВт.-ға  дейін  дерлік  жетті,  бұл  көрсеткіш  электр  энергиясыынң  жалпы 
өндірісінің 12%-на  сəйкес  келеді (7.2 Кестені  қараңыз).  Осы  энергия  негізінен  Ертіс  өзенінің 
бойына  орналасқан  ірі  бес  гидроэлектрстанцияларында,  сондай-ақ  басқа  да  шағын 
гидроэнергияжүйелерінде  өндіріледі.  Бұл  жылына 170 ТВт.  құрайтын  елдегі  жалпы      
əлеуеттің  шағын  бөлігін  ғана  көрсетеді,  соның  жылына  27 ТВт.  с  жуығы  экономикалық 
пайдалы болып есептеледі. Атап айтқанда, қысқа мерзімді перспективада, оларды əрмен қарай 
жетілдірген  жағдайда, жаңғыртылатын энергияның  ең пайдалы көздерінің бірі Қазақстандық 
шағын 
ЖЭС-тер 
болуы 
мүмкін. 
Осы 
саланы 
зерттеу 
мен 
талдау, 
шағын 
гидроэлектрстанциялардың  əлеуеттік  мүмкіндігінің 1380-нен 1600 МВт-ға  дейін  құрайтынын 
көрсетті, бұл жылына 5-6,3 ТВт.с энергия өндірумен сəйкес келеді.  
 
Жел  энергиясы  
 
Қазақстанның барлық аумағында дерлік жел энергиясының айтарлықтай əлеуеті байқалады, ол 
шамамен 10 МВт/м
2
 құрайды. Жел атласы бойынша, Республиканың көпшілік аумағында  30 м 
биіктікте 4-5 м/сек-қа  тең.  Кейбір  аудандарға  желдің  үлкен  əлеуеті  тəн,  мəселен,  Жоңғар 
қақпасының  таулы  өткелінде  желдің  жылдамдығы  шамамен 6-9 м/сек-қа  жетеді.  Электр 
энергиясын 2030 жылға дейін дамыту Бағдарламасы бойынша, елде жалпы қуаты 520 МВТ жел 
электрстанцияларын салу белгіленген, олар жыл сайын 1,7-1,8 Твт.с жасауы мүмкін. 
 
Үкіметтің шешімі бойынша, Алматы  облысындағы Қытаймен шекарадағы «Жоңғар қақпасы» 
таулы мекенінде қуаты 5 МВт Қазақстандағы тұңғыш  желэлектрстанциясы (ЖЭС) салынады. 
ЖЭС  тəжірибелік  құрылысы  ЖЭҚ-тың  «Қазақстан – жел  энергетикасы  рыногын  дамыту 
бастамасы»  жобасының  аясында  жүргізіледі.  Тендерді  дайындауға  қытысты  рəсімдер 
аяқталды,  бірақ  ішкі  рыноктағы  электр  энергиясының  белгіленген  бағаларының  электр 
энергиясын  өндіруге  жұмсалатын  шығындардан  едəуір  жоғары  болғандығына  байланысты 


154
 III 
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды 
көтермелеу 
 
 
құрылыс  əлі    басталған  жоқ.  Электр  энергиясына  тарифтерді  көтеру  жəне  іске  асырылатын 
сертификаттар схемасын енгізу ЖЭС пайдалылығына септігін тигізеді. 
 
Күн энергиясы 
 
Құрлықтық  климатқа  қарай,  Қазақстанда  едəуір  шамадағы  күн  радиакциясы  байқалады.  Бір 
жылдағы    күн  сағаттарының  саны  шамамен 2200-3000 сағатты  құрайды,  бұл  күн  энергиясын 
өндіруге іс жүзінде мүмкіндік береді. Күн  радиациясының көлемі жылына 1300-1800 кВт.ч/м
2
 
құрайды.  
 
Үкімет  негізгі  электр  беру  желісіне  қосылмаған  немесе  тоқтаусыз  қосылуға  жалғанбаған 
ауылдарда  электрмен  жабдықтаудың  дербес  фотоэлектр  жүйелерін  орнатуға  бағытталған 
бағдарламаларды дамытуға жəне оларға қолдау көрсетуге ниет білдірп отыр. 
 
Ыстық  суды  күн  коллекторларының  (гелиосуқыздырғыштар)  көмегімен  алу  күн  энергиясын 
пайдаланудың  екінші  бағытына  жатады.  Жергілікті  мамандардың  бағалары  бойынша,  ыстық 
сумен  жабдықтау қажеттіліктеріне су ысыту үшін күн энергиясын пайдалану арқылы 13 млн. 
Гкал-ға  жуық  алуға  болады,  бұл  мұнай  баламасындағы 1 млн.-нан  көп  отынды  үнемдеуге 
мүмкіндік  береді.  Күн  коллекторларын  орталықтандырылған  жылумен  жабдықтайтын  бу 
қазандарында  да,  сондай-ақ  жеке  ғимараттар  үшін  де  пайдалануға  болады  (тұрмыстық 
гелиосуқыздырғыштар).  Алайда  мұндай  жобалар  үлкен  қаражаттарды  талап  етеді,  ал  күн 
энергиясын  өндіруді  насихаттауға  арналған  нысаналы  қаржыландырудың  тетіктері  əлі  іске  
қосылған жоқ. 
 
Осы  себептерге  байланысты,  күн  энергиясын  өндіру  əзірше  кеңінен  пайдаланылмай  отыр. 
Сонда  да  болса,  бүгінде  күн  коллекторларының  отандық  өндірісін  ұйымдастыруға  əрекеттер 
жасалуда (мəселен, Қарағанды облысында). 
 
Геотермалды энергетика  
 
Қазақстанда  термалды  судың  едəуір  мөлшердегі  орташа-жəне  төмен  температуралы 
ресурстары бар, бұлар келешекте қуат көздері ретінде пайдаланылуы мүмкін. Жаңғыртылатын 
басқа  энергия  көздерінен  айырмашылығы,  геотермалды  энергия  өндірісі  бүгінде  басымдық 
болып табылмайды, бірақ болашақта осы саланың дамуы əбден ықтимал.  
 
Биогаз жəне биоотын  
 
Жануарлар  мен  ауылшарушылық  қалдықтарынан  алынатын  биогазды  пайдалану  шалғайдағы 
ауылдық  мекендерді  энергиямен  қамтамасыз  етудің  тағы  бір  нұсқасына  жатады.  Кейбір  елді 
мекендерде биогазды көңнен жасайтын қондырғылар орнатылды. 
 
Тəжірибе көрсеткендей, тəулігіне 15 м
3
 биогаз өндіру (4 айда 1 тонна көң) көлемі  60 м

үйдегі 
4-5 адаманан тұратын отбасын жылумен жəне ыстық сумен қамтамасыз етеді. Үкімет өндірісі 
басталған  биогазға  энергия  көзі  ретінде  өсе  түскен  қызығушылық  танытуда.  Қазақстан 
Республикасында 
биоотын 
рыногын 
дамытудың 2007-2010 жылдарға 
арналған 
тұжырымдамасының Жобасы бекітуді күтуде ең таяу уақытта биоотынның дамып келе жатқан 
əлемдік  рыногында  лайықты  орын  алу  мақсатында  жаңа  өндіріс  нысандарын  іске  қосу 
жоспарланып  отыр.  Биоотын  өнеркəсібін  дамыту  түрлі  шараларды  іске  асыруды  қажетсінеді: 
Салықтарды  азайту,  кəсіпорындардың  шикізат  сатып  алуға  жұмсайтын  шығындарын  өтеу, 
сондай-ақ  энергетикалық  дақылдарды  өндірушілерге  көмек  көрсету.  Қазақстан  биоэтанол 
өндірісі  бойынша  Солтүстік  Қазақстан  облысындағы  Тайынша  қаласында  зауыт  салуды 
жоспарлап  отыр. 2006 жылы  «Биохим»,  өнеркəсіптік  кешенінің  құрылысын    «Баско»  Қазақ 
ЖШС  жүргізуде.  Осы  жобаның  мақсаты-жылына 300 000 – 400 000 тонна  бидайды  өңдеу 
арқылы жыл сайын 57 мың тоннан этанол өндіру.  
 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау