Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет74/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   115

 
7 Тарау: Энергетика жəне қоршаған орта
   
 
 
149 
 
 
Қуат  көздерінің  бағаларын  үкімет  реттейді  жəне  субсидиялайды.  Шығындарды  жабу  үшін 
тарифтер бұрынғысынша тым төмен, бұл энергияны ұтымды пайдалану мен энергия үнемдеуді 
инвестициялауға бағытталған шараларды  жүзеге асырудың негізгі кедергісі болып табылады. 
Сонда да болса, қазақ биліктері де, энергия рыногының операторлары да тарифтерді көтерудің 
қажеттілігін мойындайды. 
 
7.2 
Энергетика 
 
Энергетикалық  баланс 
 
Қазақстан энергия ресурстарының орасан үлкен қосалқы қорларына ие, ал оның географиялық 
жағдайы  республиканың  энергия  ресурстарының  өңірлік  жəне  əлемдік  рыногында  маңызды 
орын алуын қаматамасыз етеді.   
 
Минералды ресурстардың  табиғи бай қосалқы қорлары (8 тарауды қараңыз) отандық металл 
өңдеу жəне металлургия өнеркəсібінің, сондай-ақ қатты отын мен энергетика кешенінің дамуы 
үшін  берік  негіздеме  болып  табылады.  Қазақстан  Тəуелсіздік  алғаннан  бері  энергия 
ресурстарының  рыногы  бірқатар  өзгерістерге  ұшырап,  сол  себепті  негізгі  энергетикалық 
энергия  өндірушілер  қайта  құрылымданды  жəне  жекешелендірілді.  Сонымен  қатар 
жалпымемлекеттік  электр  желісін  басқару,  сондай-ақ  мұнай  мен  газ  өндіру  жəне  тасымалдау 
бойынша мемлекеттік компаниялар құрылды. 
 
Республиканың энергияға қажеттілігі негізінен, ішкі өндірістің есебінен қамтамасыз етілді (7.1 
кестені  қараңыз).  Бірақ  Қазақстан  үшін  энергия  русурстары  мен  энергия  нысандарының 
əркелкі  шоғырлануы  тəн.  Гидроэлектр  станцияларының  көпшілігі  солтүстік    жəне  орталық 
облыстарда орналасқан, ал оңтүстік аймақ сырттан əкелінетін отандық немесе импортталатын 
электр энергиясына бағдарланған.  
 
7.1 Кесте: Энергиямен жабдықтау жəне тұтыну, 2004 ж. 
 
Көмір
Шикі 
мұнай
Мұнай 
өнімі
Газ
Гидро 
МБМТ
Электр 
энергиясы
Жылу 
энергиясы
Жалпы 
қосындысы
Жалпы 
қосындысы
Өндіріс
39 548
59 747
0
18 536
693
73
0
0
118 597
Импорт
585
3 266
2 216
9 769
0
0
450
0
16 286
Экспорт
-11 495
-50 118
-3 306
-14 492
0
0
-637
0
-80 046
БЭЖҰ (бастапқы 
энергияның жалпы 
ұсынысы)
28 621
12 896
-1 090
13 813
693
73
-187
0
54 819
ТТҚ (түпкі тұтыну 
қосындысы)
8 599
0
8 844
9 750
0
73
4028
9
31 303
Өнеркəсіп секторы
8 598
0
2 649
503
0
0
1148
0
12 898
Көлік секторы
0
0
3 464
0
0
0
173
0
3 637
Басқа секторлар
1
0
2 259
9 247
0
73
2706
9
14 295
Тұрғын үй
1
0
0
0
0
0
506
0
507
Өнеркəсіптік жəне 
коммуналдық қызмет 
көрсету
0
0
71
0
0
0
0
0
71
Ауыл/орман 
шаруашылығы 
0
0
484
0
0
0
974
0
1 458
Көрсетілмеген
0
0
1 704
9 247
0
73
1227
9
12 260
Энергетикадан басқа 
пайдалану
0
0
472
0
0
0
0
0
472
Дерек көзі: Халықаралық энергетикалық агенттік (ХЭА) Қазақстанның 2004 жылғы энергетикалық балансы 
Ескерту:  *БЭЖҰ = отын,  жаңғыртылатын  энергия  көздері  мен  қалдықтар.  Ядролық,  геотермикалық  немесе  күн 
энергиясы Қазақстанда өндірілмейді.  
 
БЭЖҰ-ның  үлкен  бөлігін  бұрынғысынша  көмір  құрайды. 2005 жылы  бастапқы  энергиямен 
жабдықтаудың жартысынан астамы  көмірдің есебінен ұсынылды. Қалған бөлігі, негізінен, газ 
бен  мұнайдың үлесіне тиді. Жаңғыртылатын энергия көздеріне əлі де елеусіз рөл беріледі (7.3. 
Сурет)  


150
 III 
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды 
көтермелеу 
 
 
Электр  балансы 
 
Қазақстанда  жалпы  орнатылған  энергетикалық  қуаты 18 ГВт-ға  жуық 5 ірі  гидроэлектр 
станцияларын  қоса  есептегенде, 71 электр  станциясы  бар.  Электр  энергиясының  көпшілігін 
дəстүрлі  түрде  көмір  электр    станциялары  жасайды (7.4 сурет),  олардың  өнімі 2004 жылы 
жалпы  өндірістің  70%-ға  жуық  шамасын  құрады.  Ірі  жандыру  қондырғылары  пайдаланатын 
отандық көмірдің басым бөлігінің энергетикалық құндылығы өте төмен (мəселен AES электр 
станциясында 3,850 Ккал/кг).  Көмір  35% -50 % күл  жəне 0,4% құрамдағы  күкірт  шығарады 
өндірілетін  электр  энергиясының  қалған  бөлігі  гидро- (12%), газ (10.6%) жəне  мұнай  көздері 
(7,4%) 
арасында 
біршама 
шамалас 
деңгейде 
бөлінді (7.2 кестені 
қараңыз). 
Гидроэлектрстанцияларының  көпшілігі  Солтүстік-шығыс  Қазақстан  аумағы  арқылы  ағатын 
Ертіс өзенінің бойына орналасқан. Үлкен көлемдегі уран қорларына қарамастан, республикада 
жұмыс істейтін атом электрстанциялары жоқ. 
 
7.3 Сурет: БҚЖЖК – нің  2005* жылдағы үлесі. 
Жаңғыртылатын 
энергия көздері жəне 
қалдықтар
0.1%
Гидро
1,3%
Газ
32,9%
Мұнай
14,2%
Көмір
51,6%
 
Дерек көзі: ХЭА, 2007 ж.  
Ескерту: * Электр энергиясымен сауданы қоспағанда  
 
Қазақстанның электр энергиясының нетто-экспортшысы болып саналатынын атап өту керек. 
 
Ішкі  энергия  тұтынудың  үлкен  бөлігі  өнеркəсіптің  үлесіне  тиеді. 2004 жылы  өнеркəсіптік 
энергия тұтыну 28,5%-ды құрады. Алайда, жалпы тұтынудың 30%-ға жуығын нақты секторға 
жатқызу  мүмкін  емес,  сондықтан  деректерді  түсіндіру  қиынға  түседі (7.2. кестені  қараңыз). 
Оның үстіне, бөлу кезіндегі ысыраптарды ескеру керек, олар ішкі өндірудің 18%-ын құрайды 
(жеке қажеттіліктер үшін энергетика тұтынуды қоспағанда).  
 
Экономикалық  дамудың  жоғары  қарқындарын  ескергенде,  электрге  сұранысты  ұлғайту 
ұйғарылады,  ол  жұмыс  істеп  тұрған  станцияларды  жаңғыртуды    жəне  жаңаларын  салуды, 
сондай-ақ электр беру жүйелерін нығайтуды қажетсінеді 
 
Қазақстанның  электр желісі негізгі үш энергия жүйесінен тұрады, оның екеуі Республиканың 
Солтүстігінде,  біреуі  Оңтүстігінде  орналасқан.  Республиканың  орнатылған  қуатының  үлкен 
бөлігін  құрайтын,  көмір  электр  станциялары  жататын  Солтүстіктегі  энергия  жүйелері  Ресей 
Федерациясының  энергия  жүйесімен  байланысты.  Олар  электрді  Солтүстік  бағытта 
экспорттайды.  Белгіленген  шамада  жасалатын  қуаттың  жеткіліксіздігін  ескергенде,  Орталық 
Азияның Бірыңғай энергия  жүйесімен қосылған, Оңтүстік энергия жүйесі арқылы Қырғызстан  
мен  Өзбекстаннан  электр  импортының  қажеттілігі  туындайды.  Солтүстік    жəне  Оңтүстік 
энергия жүйелерін  600 МВт қуаттағы 50 Кв-та электр беру желісі қосады.  
 
Республиканың  Оңтүстігін  импортталатын  электр  энергиясынан  тəуелсіз  ету  үшін,  электр 
желілерін басқару жөніндегі Қазақстандық компания (KEGOC) бұрынғы «Солтүстік-Оңтүстік» 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау