Түйіндеме
5
2001-2006 жылдар аралығында қоршаған ортаны қорағауға бөлінген қаражат ІЖӨ
көлемінің 1.2 -1.3% -ын құрады; жұмсалған қаржының жартысына жуығын
инвестициялар құрады
.
2006-жылы қоршаған ортаны қорғау саласына жұмсалған
инвестициялардың 87 пайызын кəсіпорындардың бөлген қаржысы құрады, 7.5 пайызын
шетелдік көмек түрінде бөлінген қаражат құрады жəне тек 5.5 пайызы ғана мемлекеттік
бюджетен бөлінді. Кəсіпорындар бөлген экологиялық инвестицияларының 75 пайызын ауа
сапасын қорғауға бағыттады, ал мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржы негізінен су қорларын
қорғауға жəне жерді қалпына келтіруге жұмсалды. Қалдықтарды жарату ісіне өте аз қаражат
бөлінді. 2000-жылдан бері байқалып отырған қарқынды экономикалық өсім қаржылық кіріс
көлемінің күрт ұлғаюына жəне жұмсалатын мемлекеттік қаржының
айтарлықтай өсуіне
əкелді. Дегенмен, мемлекеттік бюджет жоспарларында қоршаған ортаны қорғау ісіне
жеткілікті басымдық берілмей келеді. Тиісінше, қалдықтарды жарату мен сарқынды суларды
тазарту ісіндегі ілгері басушылық жеткіліксіз деңгейде қалып отыр.
Жергілікті деңгейде қоршаған ортаны қорғау саласына жұмсалатын шығын көлемі тиісті
деңгейдегі экологиялық қызметтерді қамтамасыз етуге жеткіліксіз
.
Орталық бюджеттен
бөлінетін қаражат тым шектеулі, ал жергілікті билік орындарына отандық, не шетелдік
банктермен, не көптарапты қаржылық институттармен тікелей келісім жасауға рұқсат
етілмейді.
Бұл
табиғатты
қорғау
инфрақұрылымындағы
қажетті
жақсартуларды
қаржыландыруға бөгет болып отыр. Орталық бюджеттен, жергілікті қаржы нарықтарынан
жəне көптарапты қаржылық институттардан бұрыңғысынан көбірек қаржы тарту үшін мақсат
пен уақыт кестесі айқын, қаржылық шығындарды (инвестициялық шығындар, пайдалану мен
техникалық қызмет көрсетуге кететін қаржы) бағалауы жəне тұрақты қаржылық стратегиясы
негізделген экологиялық жобаларды пысықтауға жарайтын институциональді мүмкіншіліктер
керек. Жергілікті деңгейде мұндай əлеует жоқ.
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МƏСЕЛЕЛЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЕКТОРЛАРҒА КІРІГУІ
ЖƏНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫ АЛҒА БАСТЫРУ
Энергетика жəне қоршаған орта
Кейбір ілгері басушылыққа қарамастан, Қазақстанның энергетикалық сыйымдылығы
əлемдегі ең жоғарғылардың бірі
.
Қарқынды экономикалық өсім салдарынан энергияға деген
сұраныс айтарлықтай өсе түсті. Көбінше табиғи көмірді жағу есебінен жүзеге асқан ішкі
энергия өндірісі таза əрі неғурлым тиімдірек келетін технологияларды енгізумен қатар жүрген
жоқ. Қоршаған ортаға осыған байланысты тиген əсер өте ауыр болды, əсіресе бұл төменгі
сапалы көмір жағу нəтижесінде ауаның ластануынан көрініс тапты. Төменгі деңгейді қалып
отырған энергетикалық тиімділікті, мысалы, энергия үнемдеу жəне энергия шығынын
қысқарту арқылы айтарлықтай көтеруге болады, бұл шаралар бір уақытта энергетика
саласының экологиялық ықпалын азайтар еді.
Елдің энегрияның бастапқы көздері тұрғысындағы əлеуеті мол,
атап айтқанда, көмір, газ
жəне мұнай, сондай-ақ, орны толатын су, жел жəне күн энергиясының көздері. Ішкі
сұраныстың 51 пайызы көмір есебінен, 25 пайызы – газ, ал 23 пайызы – шикі мұнай есебінен
қанағаттандырылады. Орны толатын энергияның көздері (ірі гидроэлектростанциялардан
басқа) қолдау болар заңдардың, стратегиялардың жəне ынталандырушы тетіктердің болмауы
себепті толыққанды қолданылмай келеді. Сондықтан таза энергияға негізделген технологиялар
елдің зор көлемдегі арзан көмірімен бəсекелесе алмайды.
Қазақстан
энергетика
саласында
неғұрлым
тұрақты
практиканы
енгізуге
ұмтылады…
Соңғы он жылда мемлекет орны толатын энергия көздері, энерготиімділік пен
энергия өндірісінің экологиялық əсері мен энергияны пайдалану жөнінде стратегиялық
құжаттар мен заңдарды айқындады. Тұрақты даму аясыында энергияны тиімді пайдалану мен
балама көздерді дамыту жөніндегі 2024-жылға дейінгі ұзақ мерзімді стратегия мекемеаралық
кеңесулер деңгейінде қарастырылып жатыр. Бұл орны толатын энергия көздерін қолдануды