Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет9/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   115


Түйіндеме
 
 
 
болып  тұр.  Өз  бетімен  тұрақты  даму  бағдарламаларын  дамытып,  іс-шара  жоспарларын 
айқындап  алған  аймақтар  санаулы  ғана.  Жалпы  айтқанда,  азаматтық  қоғамның  стратегиялық 
жоспарлау  процесіне  жəне  тұрақты  даму  жобаларын  іске  асыруға  қатысуы  салыстырмалы 
түрде шектеулі күйінде қалып отыр.    
 
2007- жылғы қабылданған Қоршаған Oртаны Қорғау жөніндегі Кодекс
 
бұған дейінгі жəне 
соңғы  уақытта  пысықталған  заңдар  мен  нормаларды  астарластырып  қойды.  Аталған  Кодекс 
қоршаған  ортаны  қорғау  жөніндегі  халықаралық  келісімдер  аясындагы  міндеттемелерді  де 
қамтыған.  Жұмыс  істеуге  рұқсатты  бір  жылдан  үш  жылға  ұзартуымен  қатар,  ең  үздік 
əдістемелерге негізделген көпқырлы рұқсат беруді, сондай-ақ, ірі жəне кіші кəсіпорындардың 
қызметін  бөле  –жара  реттеуді,  тексеретін  жəне  тəртіп  сақтаушы  мекемелердің  мəртебесін 
тиісінше айқындауды қарастырады. Əзірше, көпкырлы интеграциялы рұқсат беру жүйесі сынақ 
санатында  ғана, ал енді басты процесстік жəйттер əлі де пысықталу үстінде. 
 
Заңның  орындалуы  құрылымдық  реформалар  арқасында  жақсарды  …
  Жақында 
заңгерлік  саласында  болған  өзгерістер,  жалпы,  заң  енгізу  бағытындағы  əдістемелерге  дем 
бітірді.  Заң  шығару  мен  сол  заңдардың  орындалуын  қадағалайтын  органдардың  міндет-
қызметтері  екі бөлек шығарылып, бақылайтын органдар, өз бюджеттерінен басқа, барлық іс-
қимылдарына  өздері  бас-көз  болатындай  автономия  дəрежесіне  ие  болды.  Қазақстан  өкімет 
орындары  көп  салалы  тексеру  жұмысының  ауқымын  кеңейтіп,  кəсіпорындарды  қадағалау 
əдісін  жақсартып,  санкция  қолдану  аясын  кеңейтіп,  жұртшылықтың  заң  бұзушылықтарға 
қарсылық  білдіру  жігерін  күшейтуге  септігін  тигізді.Бұған  қоса,  үкіметке  қарайтын  жəне 
үкіметке  қарамайтын  ұйымдардың  қызметкерлері  заң  талаптарын  ұқтыру  ісіне  барынша 
атсалысты.  Заңның  сақталуын  қадағалайтын  құрылымдық  тетіктер  іргелі  əрі  процессуальді 
реформалар жəне қорлардың неғұрлым тəуір үйлестірілуі  арқасында жақсарды. 
 
Шешімін таппаған мəселелер əлі де көп 
 
Реттеуші  ережелер  əр  уақыт  түсінікті  жəне  жүзеге  асыруға  қолайлы  бола  бермейді. 
Ережелердің орындалуын байқайтын «тексер де жазала» стратегиясы көбінше орындалмайды 
жəне  соған  қатысты  жұмыс  əдістері    тиісінше  жетілдірілмеген.  Талаптардың  орындалмауын 
уақытында  байқап  қалып,  шара  қолдану  мүмкіншілігі  екіталай  деңгейде,  жəне  азаматтық, 
əкімшілік  жəне  қылмыстық  жазаға  тарту  жүйесі  талаптарға  сай  келу  міңез-құлқын 
қалыптастырудан  гөрі  əлі  де  санкция  қолдануға  бейім.  Заңдылықты  сақтауға  мəжбүрлеу 
шараларының  əділетттілігі,  пропорционалдығы  жəне  ашықтығы  белгілі  деңгейде 
алаңдаушылық туғызады.  
 
Қоршаған  ортаны  қорғау  министрлігі  (ҚОҚМ), 2002-жылы  жауапкершілік  əр  түрлі 
министрліктер  арасында  бөлінгелі  бері,  осы  сала  алдында  тұрған  бірқатар  мəселелерді 
бақылауда  ұстау қабілетінен айырылып қалды.  Су, орман  жəне  табиғи  қорлар  жəне  соларды 
пайдалану  құзыреті  бірқатар  арнайы  комитетер  арқылы  Ауыл  шаруашылық  министрлігіне 
берілді.  Министрліктер  арасындағы,  əсіресе  экологиялық  инспекция  саласында,  тиімді 
біргеістестікке  қарамастан,  табиғатты  қорғаудың  өзге  салаларында  үйлестірушілік  үшін 
жауапкершілік неғұрлым анық белгіленуі хақ.   
 
Экологиялық 
институттар 
мүмкіншіліктерінің 
шектеулігінен 
жəне 
ішкі 
ұйымдасушылықтың шикілігінен əлі де қиналып келеді..

Мысалы,
 
бақылау органдарында 
үлестірілген  қорлар  мөлшері    заңдылықтың  сақталуын  қадағалау  бағытындағы  соңғы 
жылдарда  үнемі  ауырлап  бара  жатқан  жұмыс  салмағына  сай  келмейді.  Кадрлардың  өте  жиі 
алмасып  тұратыны  жұмыс  жағдайының  ҚОҚМ  жəне  оның  бөлімшелеріндегі  мамандардың 
толық  «кəсіптік біліктілігіне» жауап бермейтінін айғақтайды.  
 
...бұл өз кезегінде Қазақстаннның  заманауи тетіктер мен тəжірибе қолдануына тосқауыл 
қояды

Айталық, кешенді мақұлдауларды дереу қолдану ісі өндірістік процесстерді жеткілікті 
түрде  білмеу  мен  жобаларды  қаржылық  тұрғыдан  бағалау  ісінің  нашарлығы  себепті  алға 


Түйіндеме
 
 
3
 
 
 
баспай отыр. Бұған қоса, процедуралық жəйттер мен кешенді мақұлдаулардың мазмұны əлі де 
айқындала  түсуі  қажет.  Инспекциялау  əдістерін  жақсарту  шараларына  жəне  тəуекелдерге 
негізделген  əдістемелерге  қарамастан,  нормаларды  сақтамау  жағдайларын  ашып-анықтау  əлі 
де  төмен  деңгейде:  тексерулер  тиісінше  жиі  өткізілмейді  жəне  өтетіні  жайында  алдын  ала 
хабарланып  отыруы  қажет.  Тексеретін  органдар  кадрлармен  жеткілікті  түрде  қамтамасыз 
етілмеген,  инспекторлар  тиісінше  дайындықтан  өтпеген  жəне  негізінен  ережелерді  сақтауға 
басты  көңіл  бөлумен  (яғни,  рұқсаттардың  күшке  ие  болу  мерзімін,  есеп  берулердің  жəне 
қоршаған  ортаны  ластағаны  үшін  төлемдердің  уакытында  тапсырылуын  тексерумен) 
шектеледі.  Тапсырылған  есептерді  неғұрлым  терең  сараптау  арқылы  реттелетін 
қоғамдастықтағы ережелердің сақталуын дұрыстау əдісі қолға алынбаған десе болады. Жалпы 
алғанда,  талаптарды  орындамау  жағдайларына  елеңдеу  стратегиясы  көбінше  фискальды 
шаралардан көрініс табады  
 
Қоршаған ортаны мониторлау, жұртшылықтың қатысуы жəне ағарту  
 
Қоршаған  ортаны  мониторлау  ісі  экологиялық  іс-қимылдарды  зерттеген  алғашқы 
шолудан  бері  жақсарды. 
1990-шы  жылдардағы (1997-жылы  тоқтаған ) құлдыраудан  кейін 
қоршаған ортаны мониторлау ауа, су сапасы,  радиация мониторингі секілді салаларда қалпына 
келіп,  мониторинг  жасайтын  бекеттер  мен  пунктерінің  саны  өсе  түсті.  Мемлекеттік 
қаржыландырудың  ұлғайғаны  есебінен  ескірген  құрал-жабдықтар  ауыстырылды.  Бұл 
жетістіктер адам денсаулығы мен экожүйеге зиян келіп отырғаны экономиканың жалпы өсімі 
себепті  түрлі  аймақтарда,  əсіресе  ерекше  ластайтын  өндіріс  салаларында    байқалып  отырған 
кезеңде өте маңызды. Дегенмен, мониторингпен қамту ауқымы мен мониторингтің  сенімділігі 
əлі  де  көңіл  көншітпейді,  айталық,  Арал  теңізі  аймағында  мониторинг  мүлде  жүргізілмейді. 
Істеп тұрған мониторинг торабы, əдетте, ластану деңгейін атмосфераға лас заттардың бөлінуі 
үрдісімен  байланыстыра  алмайды,  яғни,  лас  заттар  бөлу  нормаларын    немесе  əдеткі  жұмыс 
барысында қоршаған орта сапасы өлшемдерін бұзатын іс-əрекет түрлерін айқындай алмайды.   
 
2000-жылдан  бері  Қазақстан  жұртшылықтың  қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы 
ақпаратқа  қол  жеткізуі  жəне  қоршаған  ортаны  қорғау  мəселелерінде  шешім  қабылдауға  
қатысуы бағытында айтарлықтай жетістікке жетті.  
 
Жұртшылықтың  қатысуы    деңгейін  көтеруге  жəне  Орхусс  конвенциясының
1
  орындалуына 
бағытталған  бірқатар  заң  актілері,  ережелер  жəне  егжей-тегжейлі  процедуралар  қабылданды. 
Диалог  құруға  керекті  форум  міндетін  орындайтын  Қоғамдық  экологиялық  кеңес  құрылды 
жəне  ҚОҚМ  үкіметтік  емес  ұйымдармен  (ҮЕҰ)  ұлттық  жəне  жергілікті  деңгейде  біргеістесіп 
келеді.  
 
Бірнеше  ҮЕҰ  бірқатар  ірі  жобалардың  Мемлекеттік  экологиялық  сарапталуы  (МЭС) 
барысындағы ашық тыңдауларға қатысты. Алайда, осы күнгі заңдар жұртшылықтың МЭС –ға 
қатысуын қарастырғанымен, тиісті егжей-тегжейлі процедуралардың жоқтығы себепті салалық 
стратегиялық  құжаттардың  жобалары  ашық  тыңдауларға  ұсынылған  жоқ.  Көп  жағдайда 
жұртшылық нақты жағдайларды талқылауға қатыстырылады. Дегенмен, ондай қатысу жүйелі 
сипатқа  ие  емес,  сондықтан  елде  айқын  əрі  ашық  ауқымдар  қалыптаспаған.  Жұртшылықтың 
қоршаған  ортаны  қорғау  мəселелеріне  байланысты  əділ  сот  істеріне  қатысу  мəселелері 
шешілмеген күйінде қалып отыр.  
 
Экология мен тұрақты даму саласындағы сауат пен дайындықтың жетіспеушілігі
 
барлық  деңгейде  көрініс  тапқаны  салдарынан  ластайтын  салалардың  шапшаң  дамығаны 
аясында  мемлекеттік  жəне  жеке  меншік  секторларда  мамандардың  жетіспеушілігіне  əкеліп 
соқты.  Экологиялық  сауаттандыру  жалпы  ілімдерге  негізделген,  бірақ  соның  өзі  іске 
қосылмаған.  Қоршаған  ортаны  қорғауға  жəне  білім  беруге  міндетті  министрліктердің 
                                                 
1
  Ақпаратқа  қол  жеткізу,  шешім  қабылдауға  жəне  қоршаған  ортаға  байланысты  мəселелер  бойынша  сот  істерінде 
əділ сотқа жүгінуге  жұртшылықтың қатысуы жөніндегі Конвенция. 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау