Қазақстандағы балалардың және
әйелдердің жағдайын талдау
42
ашу жоспарланды, бұл балабақшаларда 76
пайыз орынмен қамтамасыз етеді, бұл ұлттық
орташа мәннен әлдеқайда жоғары. Семейде
2009 мен 2011 жылдар арасында 1960 жаңа
балабақша орны ашылды. Павлодар қаласында
1333 жаңа балабақша орны ұсынылатын 20
жаңа мектепке дейінгі шағын орталық ашылды
және қалада нәрестелерге күндізгі күтім жа-
салатын бес жаңа орталық салынуда
234
. Алай-
да, елде сұраныс 2010 жылғы қамсыздандыру
деңгейінен жоғарылау үстінде, мектепке дейінгі
мекемелер үшін 260 000 бала күту тізімінде
тіркелген
235
.
Орта мектепте білім алу
Қазақстанның білім беру туралы заңына
сәйкес
236
мектепте орта білім беру үш кезеңнен
тұрады: (a) бастауыш (төрт жылдық бағдарлама);
(ә) негізгі орталау (бес жыл); (б) орта (екі жыл).
Алайда Білім беруді дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы 2020 жылға қарай 12 жылдық
мектеп моделіне көшуді қарастыруда
237
.
Қазақстанның Мыңжылдық Даму Мақсаттарына
(МДМ) жетуі барысы туралы 2010 жылға жа-
салған есепке сәйкес кейбір мектептер бірнеше
ауысыммен оқиды және кейбір қалалық мек-
тептерде балалар саны шамадан тыс көп.
2009-2010 оқу жылдарында күндізгі толық
орта мектептердің шамамен 66 пайызы екі не
үш ауысыммен жұмыс істеген. Жалпы алғанда
оқушылардың 37,1 пайызы түсқайта оқыған.
Қосымша мектептер салу бағдарламалары
болса да, жоғары туу деңгейлері мектептерге
үлкен жүктеме түсіреді деп күтілуде
238
. Ауылдық
және қалалық жерлердегі білім беру сапасының
айырмашылығы үлкен алаңдаушылық ту-
дырады. Қашықтағы ауылдық елді мекен-
дерде аз орындық шағын мектептер қызмет
етеді. Білім беруді дамытудың мемлекеттік
бағдарламасына шағын мектептердегі жағ-
дайды жақсарту
239
, соның ішінде аталған
мектептердің сыйымдылығын жақсарту үшін
ресурстық орталықтар ашу, ақпараттық
технологияға инвестиция жасау және бала-
ма мектеп-интернаттарды және тасымалдау
қызметтерін қолдау кіреді
240
.
Әзірге Қазақстанда елдегі тіркелу деңгейлері
туралы жаңа және егжей-тегжейлі ақпарат
берілетін, тұрақты түрде жаңартылып отыратын
әмбебап дерекқор жоқ
241
.
Сапа мәселелері бой-
ынша егжей-тегжейлі ақпараттың болмауы, мы-
салы, ауылдық жерлер немесе аз тұрғындарға
қызмет көрсететін мектептерге ықпалын тигізуі
мүмкін теңсіздіктерді бағалауды қиындатуы
ықтимал. Елдің 12 жылдық оқу циклына өту
жоспарының бір бөлігі ретінде Үкімет ұлттық
сынақ жүйесін орнатуға әрекет жасады, бұл
жүйе бойынша бастауыш, орталау, орта және
кәсіби мектептерді аяқтау бойынша стандарт-
ты бағалау жүргізіледі. Білім беру жүйесінде
теңсіздіктерді тиімдірек анықтау және жүгінуге
жасалған маңызды қадам болып табылады
242
.
Мектепке бармайтын балалар
Халықаралық зерттеу Қазақстандағы мектепке
бармауы ықтимал балалар санатын анықтады.
Оларға төмендегілер кіреді:
• Мүгедектігі бар және / немесе арнайы білім
беруді қажет ететін балалар;
• Кішірек кезінде мектепке бармағандықтан,
жасы кіші балалармен оқитын балалар;
• Өзіне сенімділігі төмен балалар;
• Жасөспірім ұл балалар;
• Жүкті кәмелетке толмаған қыздар және
кәмелетке толмаған аналар.
• Куәлігі және/немесе тіркеу құжаттар жоқ ба-
лалар;
• Жұмыс істейтін балалар;
• Мүгедектер үйінде күтім көрсетілген бала-
лар сияқты басқа аз қорғалған, үйленген,
өздері ата-ана болған балалар;
• Тұрғылықты мекенжайын немесе мектепті
жиі ауыстырған балалар;
• Мектептен қашықта тұратын және тасымал-
дау қызметі көрсетілмейтін балалар
243
.
Бастапқы мектептің жасындағы балалардың
арасындағы мектепке тіркелуінің таза көрсеткіші
86 пайызды құрайды. Тіркелу деңгейлері баста-
уыш мектеп оқушылары арасында жоғары, жеті
жастағы балалар саны алты жастағы балаларға
қарағанда едәуір көп – 111 пайыз. Мектеп-
ке тіркелудің мұндай әркелкілігі көптеген ата-
аналар балаларының мектепке алты жастан
баруын қаламайтындығымен түсіндіріледі. 15
пен 16 жастағы балалардың көрсеткіштерін
салыстырғанда тіркелу деңгейлері өте тө-
мен. 15 жастағы балалардың нақты тіркелу
көрсеткіші 100 пайызға жуық болса, 16 жастағы
балалардың көрсеткіші 38 пайызды, ал 17 жасар
балалардың көрсеткіші 34 пайызды құрайды
244
.
Мұндай төмен көрсеткіш орталау мектептің
төменгі сыныптарында оқитын 15 жастағы ба-
лалар нақты тіркелген болып саналса, 16 неме-
се 17 жастағы балалар төмен сыныптардағыдай
балалардың дамуы және білім беру
нақты тіркелген болып саналады. Бұл жас
тобындағы төменгі сынып оқушыларын тіркеу
осы жас үшін сәйкес деп танылса, деңгей
100 пайызға жетіп қалушы еді
245
. 2010 жылға
жасалған МДО есебіне сәйкес мектепке бар-
майтын балалардың 90 пайызы кедей және
жағдайы жоқ отбасылардан шығады
246
. Мұндай
жағдайда Үкімет білім беруді жақсарта отырып
және әлеуметтік қорғалмаған топтардағы ар-
найы бір көмекке зәру балалар сияқты марги-
нал топтарды мектепке қабылдауды жақсарта
отырып, негізінен орталау білімге көңіл бөлу
мақсатында MDG+ бағдарламасын шығарды
247
.
Нақты тіркелу деңгейлері аймақтар бойынша
аздаған айырмашылықтарға ие. Орташадан
төмен тіркелу деңгейлері Алматы облысы мен
Алматы қаласында, Шығыс Қазақстан және
Батыс Қазақстан облыстарында байқалған. 17
жасар балалар бойынша аймақтар арасындағы
айырмашылықтар арта түседі. 17 жастағы
балалардың мектепке бару көрсеткіші Ақтөбе,
Атырау және Павлодарда жоғары. 17 жастағы
балалардың нақты мектепте оқу деңгейі Батыс
Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыста-
рында ішінара төмен (сәйкесінше 15 және 22
пайыз)
248
. Қазақстандағы балалардың үйленуі
туралы соңғы есепте ерте үйленудің орта-
лау мектепті аяқтаушы кәмелетке толмаған
қыздар үшін үлкен кедергі екені белгілі болды.
Бұл Қазақстанның оңтүстігіндегі азшылықты
құрайтын мұсылман қыздарға ішінара тән
249
.
Мектепте оқуға тағы бір кедергі жанұялардан
барған сайын артып келе жатқан қаржылай са-
лымдар жинау болуы мүмкін. 2009 жылы мек-
тептер әр жанұядан орта есеппен 45 000 теңге
(300 АҚШ долларын) немесе одан да көп ақша
жинаған
250
.
Білім алу мүгедектігі бар балалар үшін үл-
кен мәселе болып табылады. Жоғарыда
талқыланғандай, арнайы көмекке зәру ба-
лалар психологиялық, медициналық және
педагогикалық консультациялар (ПМПК)
бағалауынан өтеді. Бағалау нәтижесінде бала-
ның білім алуға қатыса алатынын не қатыса
алмайтынын және қатыса алатын жағдайда
қандай деңгейлі білім алуға бағытталуы керек-
тігі көрсетілетін куәлік беріледі. 2010-2011
жылдарда денсаулық жағдайына байланысты,
соның ішінде үлкен немесе түрлі кемістіктерге
байланысты 5 649 баланың мектепке бармай-
тыны туралы есеп берілді. 2011-2012 жылдар-
да олардың саны 5 230 бала (олардың 3 159-ғы
ауылдық жерде тұрады) болатын. Бұл жалпы
оқушылар санының 0,2 пайызын құрайды
251
.
232. Bnews.kz, «Балапан» бағдарламасы бойынша
ендірілген 1500-ден астам мектепке дейінгі білім орын-
дары, 8 тамыз 2012, http://bnews.kz/en/news/post/94841
233. Карен Малоун және Мэрион Стерджс, «Балаларға
мейірімді Қазақстан: анықтамалық құжат», Балаларға
мейірімді қалалар бастамаларын зерттеу және Қазақстан
үшін балаларға мейірімді қалаларды сертификаттау
стандарттарын және аккредитациялау жоспарын жасау,
ЮНИСЕФ Қазақстан, 2011 ж., 4 б.
234. Карен Малоун және Мэрион Стерджс, «Балаларға
мейірімді Қазақстан: анықтамалық құжат», Балаларға
мейірімді қалалар бастамаларын зерттеу және Қазақстан
үшін балаларға мейірімді қалаларды сертификаттау
стандарттарын және аккредитациялау жоспарын жасау,
ЮНИСЕФ Қазақстан, 2011 ж., 9 б.
235. Қазақстан мемлекетік және Біріккен Ұлттар
Ұйымының Қазақстанға арналған ел тобы, Қазақстан
мыңжылдықтың даму мақсатттары, 2010 ж.
236.1992 жылдың 7 шілдесіндегі Білім туралы заң (2007
жылдың 27 шілдесіндегі өзгерістермен)
237. Білім және Ғылым министрлігі, 2011–2020 жылдарға
арналған Қазақстан Республикасындағы Білімді дамыту
жөніндегі мемлееттік бағдарламасы
238. Қазақстан мемлекетік және Біріккен Ұлттар
Ұйымының Қазақстанға арналған ел тобы, Қазақстан
мыңжылдықтың даму мақсатттары, 2010, 40 б.
239. Қазақстанда ауылдық жерлерде нашар
жабдықталған және жоғары сыныптарда білім алуға
жарамсыз 7500 шағын мектептер бар. [Тенгри ньюс,
Қазақстан мектептері 2015-2020 жылдары 12 жылдық
білімге көшеді, 29 маусым 2012 ж., en.tengrinews.kz/
edu/Kazakhstan-schools-will-be-transfered-to-12-year-
education-in-2015-2020-11157/]
240. Кишор Сингх, Білім алуға құқық жөнінде арнайы ре-
портаж, Қосымша: Қазақстанға миссия, 11 мамыр 2012
жыл, БҰҰ құжаты A/HRC/20/21/Қос.1, 7 б.
241. Қазақстан мемлекетік және Біріккен Ұлттар
Ұйымының Қазақстанға арналған ел тобы, Қазақстандағы
Мыңжылдық даму мақсаттары – 2010 ж., 48 б.
242. Кишор Сингх, Білім алуға құқық жөнінде арнайы ре-
портаж, Қосымша: Қазақстанға миссия, 11 мамыр 2012
жыл, БҰҰ құжаты A/HRC/20/21/Қос.1, 7-8 б.
243. Летиция Антонович, Мектепке бармайтын бала-
ларды және студенттердің оқудан шығуын анықтау және
бақылау
244. Сомалық көрсеткіш бұл сол аймақтағы халықтың
санына қатысты пайызбек есептеген теоретикалық
жастағы топтың оқуышыларының саны. Тіркеудің жал-
пы көрсеткіші бұл білім берудің белгілі бір деңгейде
қабылданған оқушылардың саны. Осында халықтың осы
білім деңгейге қатысты пайыздық теоретикалық жастық
тобында баланың жасы есепке алынбайды. Тіркеудің жал-
пы коэффициенті белгілі деңгейде оқитын балалардың
жастары әр түрлі болған кезде 100 пайыздан астам болуы
мүмкін. Қазақстанда бастауыш мектептерде 2010 жылы
тіркеудің жалпы коэффициенті 111 пайыз болған. [http://
unesdoc.unesco.org/images/0021/002180/218003e.pdf]
245. Кити Роэлен және Франциска Гассманн,
Қазақстандағы балалардың әл-ауқаты, ЮНИСЕФ, шілде,
2012 ж.
43