ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ
ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
141
өздірінің саудасына және қанаушылығына
қатысы болуы мүмкін және/немесе қиын
жағдайда (мысалы кедейлік, отбасындағы
жанжалдар мен зорлық-зомбылық, алкоголь-
ге және/немесе есірткі заттарға тәуелділік, ата-
анасының/қамқоршысының дүние салуы) өмір
сүретін жанұяларына оралуының қаупі төнеді,
бұл баланы қайта адам саудаға ұшырау және
қанаушылық жағдайын оралу қаупі жоғары бо-
латын жағдайға қояды.
6-ұсыныс: Мемлекеттік органдардың
және үкіметтік емес ұйымдардың бала
саудасының құрбандарын белсенді
түрде анықтауына ерекше көңіл бөлу
Мемлекеттік институттар, әсіресе көше деңгейінде
жұмыс істейтін құқық қорғау органдарының
қызметкерлері, сонымен бірге адам саудасы-
на және ұйымдастырылған қылмыскерлікке
қарсы күрес жөніндегі бөлімнің қызметкерлерін
бала саудасының құрбандарын анықтау және
олардың жағдайына
шара қолдану әдістеріне
оқыту қажет. Сонымен бірге балаларды қорғауға
жауапты мемлекеттік қызметкерлері, көші-қон
қызметтері, балалармен тікелей байланысатын
денсаулық сақтау және білім беру жүйесінің
қызметкерлері бала саудасының құрбандарын
анықтау жолдары бойынша оқыту курстарын
өту қажет және оларға тиісті көмек көрсетуі
тиіс (6). Әлеуметтік жағынан осал балалар-
мен және жасөспірімдермен, адам саудасының
құрбандарымен, секс-жұмыскерлермен және
көшіп-қонушылармен тікелей байланысатын
Үкіметтік емес ұйымдар да бала саудасының
құрбандарын және еңбекпен қанаушылық
құрбандарын анықтау жолдары бойынша
оқыту курстарын өту қажет. Адам саудасының
құрбандарының, әсіресе бала саудасының
құрбандарының мүмкіндіктері мен дауыс
құқықтары жоқ, сонымен бірге өздері туралы
хабарлай алатын
және өздерінің бастан кеш-
кен оқиғаларын айтып беретін ұйымдарға
қол жеткізе алмайды. Сондықтан жоғарыда
аталған әртүрлі мамандар адам саудасының
құрбандарымен сөйлесу, оларға сұрақтар қою
және оларды анықтау жолдары бойынша, соны-
мен бірге бала саудасының құрбанын анықтау
үшін қандай шаралар қолдану керектігі бойынша
оқыту курстарын өту қажет.
Іс жүзінде, осы зерттеу көптеген бала саудасының
құрбандарының олардың полициямен, бала-
ларды қорғау жүйесімен және үкіметтік емес
ұйымдармен байланысқанына қарамастан осы
санатқа жататыны анықталмағанын көрсетті.
Әсіресе жыныстық қанаушылық мақсатымен
жасалған адам саудасының құрбандары болған
15-17 жастағы қыздарды полиция қызметкерлері
жіберіп алған, себебі оларды тиісті түрде тек-
сермеген. Көптеген жағдайларда жыныстық
қанаушылықтың осы жастағы бала құрбандарын
полиция қызметкерлері қайтадан сутенерлердің/
адам саудагерлерінің/қанаушылардың қолына
босатып жіберген немесе әлеуметтік жағынан
осал бала ретінде анықтап,
балаларды қорғау
жүйесіне немесе Кәмелетке толмағандарды
бейімдеу орталықтарына жіберген. Сонымен
бірге осы зерттеу секс-жұмыскерлермен және
еңбекпен қанаушылыққа ұшыраған балалармен
жұмыс істеген үкіметтік емес ұйымдардың кейде
адам саудасының құрбанына айналған балалар-
ды анықтамағанын көрсетті.
Тренингтермен қатар, мемлекеттік қызметкерлер
анықтауды белсенді орындауы үшін және адам
саудасының күдікті оқиғаларын зерттеуді
жүргізуі үшін қосымша ынталандыру алуы мүмкін
болуы қажет. Белсенді болу бала саудасының
ішкі және халықаралық адам саудасының
мәселесі екенін тануды, сонымен бірге әрбір
адамның адам саудасының құрбанына айналуы
мүмкін екенін тануды талап етеді (7).
7-ұсыныс: Бала саудасының
құрбандарын қорғайтын және оларға
жан-жақты қолдау қызметтерін
көрсететін мемлекеттік және үкіметтік
емес ұйымдардың жүйесін дамыту
Осы зерттеу балаларды қорғау жүйесінде
көптеген сәйкессіздіктер бар екенін және
бала саудасының құрбандарының қолдау
қызметтеріне қол жетімділігі жеткіліксіз
екенін көрсетті. Жекелеген бала саудасының
құрбандарының мұқтаждықтарына қарай,
қорғауға және оңалтуды жүзеге
асыруға қажет
қызметтердің қатарына төменде аталғандардың
кез келгені немесе барлығы кіруі мүмкін:
•
өтпелі кезеңге арналған шұғыл баспана, со-
нымен бірге ұзақ мерзімді тұрғын үймен
қамтамасыз етуге байланысты қолдау
•
медициналық қызмет көрсету
•
психикалық денсаулықты сақтау жөнінде
кеңес беру
•
білім беру
•
еңбек дағдыларына оқыту
•
жанұяның тұратын жерін анықтау және оны-
мен қосу
•
жазбаша және ауызша аударма қызметтерін
көрсету
•
қылмыстық әділет жүйесінде құқықтық
қорғау
•
көші-қон бойынша құқықтық қолдау
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
142
киіммен, медициналық тексерумен және ем-
мен қамтамасыз ететіндей ұйымдастырылуы
тиіс. Баланың өзінің пікірін ескере отырып,
баланың таңдаулы мүдделерін қамтамасыз
ету үшін не қажет екенін анықтау үшін
қажеттіліктерді бағалауды жүргізу қажет.
Сонымен бірге
психотерапевтік кеңес беруді
және психотерапевтік топтық тренингтерді
қамтамасыз ету қажет, оларды жақсы
дайындалған психотерапевттер өткізуі тиіс.
Адам саудасының құрбандарының олардың
өздеріне сенім сезімі пайда болуына және
панадағы басқа балалармен сөйлесуіне және
қарым-қатынас орнатуына көмектесу үшін
қарапайым сабақтарға қатысуын ынталанды-
ру керек. Осы сатыда қамқорлық жасау және
қызметкерлер мен басқа тұрғындардың бірге
қатысуын көрсету арқылы құрбанға өзіне-өзі
беретін бағасын көтеруге мүмкіндік беру қажет.
2-саты:
Оңалту. Мінез-құлқына қарай, құрбан
панада 6 айдан 9 айға дейін (және одан да
ұзақ) қалуы мүмкін. Осы кезеңде құрбан
психотерапевтік кеңестер алуды жалғастырады
және жазуды, оқуды, математиканы үйренуді ба-
стайды, өмір дағдыларын дамытады, салауатты
өмір салтына және тазалыққа үйренеді,
өзінің
қалауы бойынша кәсіптік білім алады.
3-саты. Реинтеграция. Психотерапевттер тобы-
мен және реинтеграция тобымен дайындығы
туралы кеңескеннен кейін адам саудасының
құрбандары қоғамға оралуға немесе қауіпсіз
ортада тұруға дайын. Құрбандар екі жылға
дейін уақытылы кездесулер арқылы және
құрдастарының қолдау топтарына қатысу
арқылы әрі қарай кеңестер алуын жалғастыру
керек.
Осындай желінің бір бөлігі болатын бала
саудасының құрбандарын қорғауға және қолдау
қызметтерінің толық жиынтығын көрсетуге
жауапты мемлекеттік және үкіметтік емес
ұйымдар жақсы оқытылған болуы тиіс және
бала саудасының құрбандарымен жұмыс істеуге
және халықаралық стандарттарға және баланың
мүдделерін қорғау үшін белгіленген тәжірибеге
сәйкес қызмет етуге және қорғауға және қолдау
қызметттерін көрсетуге қажетті дағдылары бо-
луы тиіс. Бала саудасының
құрбандарын қорғау
және қолдау қызметтерін көрсетудің стандартта-
ры мен белгіленген тәжірибесі төмендегі негізгі
құжаттарда көзделген:
•
ЮНИСЕФ-тің Адам саудасының құрбаны
болған балаларды қорғау жөніндегі
нұсқаулығы (грузин тіліне аударылды);
•
Халықаралық еңбек ұйымының балаларға
ыңғайлы стандарттары және Адам саудасына
•
қауіпсіздікті жоспарлау өмір дағдаларын
үйрету
•
дұрыс тамақтануды және тазалық сақтауды
үйрету
•
туған еліне оралуда көмек көрсету
Осы тізім тым ұзақ болып көрінеді, бірақ
оны орындау бала саудасының құрбандарын
қорғаумен және оларға өмірлерін өзгерту үшін,
жарақаттарды және зорлық-зомбылық салдарын
жеңіп шығу үшін, сонымен бірге қоғамға тәуелсіз
және өнімді тұлға ретінде оралуына қажетті
қолдау қызметтерінің барлық жиынтығымен
қамтамасыз ету үшін бір-бірімен уақытылы
түрде бірлесіп жұмыс істейтін мемлекеттік
және үкіметтік
емес ұйымдардың желісінің
ынтымақтастығын талап ететінін ескеру керек.
Адам саудасының құрбандарының қолдау
қызметтерінің толық жиынтығына қол жеткізуін
қамтамасыз ету үшін Қазақстан Үкіметі адам
саудасының құрбандары мұқтаж қажетті және
жедел және ұзақ мерзімді қорғауды және қолдау
қызметтерін қамтамасыз ету мақсатымен
республикалық бюджеттен бап бөлуі аса маңызды.
Қазақстанда адам саудасының құрбандарына
арналған паналардың және қызметтердің са-
нын арттыру қажет және мемлекет осындай па-
налар мен қызметтерді, соның ішінде үкіметтік
емес ұйымдар қамтамасыз ететін паналар мен
қызметтерді олардың қызмет етуі жалғасуы
үшін және құрбандарға қол жетімді болуы үшін
қаржыландыруды қолдау керек, сонымен бірге
осындай ұйымдардың көрсететін қызметтерінің
түрлілігін арттыру және сапасын жақсарту қажет.
Сонымен бірге бала саудасының құрбандарына
арналған арнайы паналар құру маңызды, себебі
ЮНИСЕФ-тің Адам саудасының құрбаны болған
балаларды қорғау
жөніндегі нұсқаулығына
сәйкес бала саудасының құрбандары ересек
адам саудасының құрбандарымен бірге тұрмауы
керек, себебі олардың қорғауға және қолдауға
деген ерекше қажеттіліктері мен мұқтаждықтары
бар.
Сонымен бірге адам саудасының құрбандарына
арналған паналар және көрсетілетін қолдау
қызметтері басқа елдерде адам саудасының
құрбандарын оңалту, реинтеграция және қалпына
келтіру жөніндегі жұмыста табыстылығын
дәлелдеген үлгілердің негізінде дамыты-
луы маңызды. Мысалы Хагардың «Қалпына
келтірудің үш сатысы» тәсілдемесі Азияның
көптеген елдерінде табыстылығын дәлелдеді (8).
1-саты:
Бастапқы қалпына келтіру. Адам
саудасының құрбандарына арналған
панадағы алғашқы ай адам саудасының
құрбанын қауіпсіздік сезімімен, тамақпен,