ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
143
ұшыраған балаларды қалпына келтіру және
реинтеграция жөніндегі нұсқаулық;
•
Халықаралық еңбек ұйымының бала
саудасының құрбандарын оңалту: көп салалы
көзқарас.
Сонымен бірге адам саудасының құрбандарын
қорғауға және қолдау қызметтерін көрсетуге
жауапты мемлекеттік және үкіметтік емес
ұйымдардың желісіне тәуелсіз байқау органы-
мен стандарттарға сәйкестікке, сонымен бірге
сапалы қызмет көрсету бөлігінде уақытылы мо-
ниторинг жүргізілуі аса маңызды.
8-ұсыныс: Бала саудасының құрбанына
қамқоршы тағайындау
ЮНИСЕФ-тің Адам саудасының құрбаны болған
балаларды қорғау жөніндегі нұсқаулығына
сәйкес «бала саудасының құрбаны
анықталғаннан кейін тез арада баланың
таңдаулы мүдделерін қорғау үшін ұзақ мерзімді
шешімді қабылдауға және іске асыруға дейінгі
барлық шаралар барысында онымен бірге ілесіп
жүру үшін қамқоршы тағайындалады (9)
3
.
Егер адам саудасына ұшыраған бала анықталған
сәтте онымен бірге осы міндетті атқаратын ата-
анасы/басқа тұлға ілесіп жүрсе оның осы міндетті
атқаратын ата-анасының/басқа тұлғаның
жарамдылығын – яғни баланың қауіпсіздігін
және таңдаулы мүдделерін қамтамасыз ету
мүмкіндігін бағалауды жүргізу үшін шаралар
қолдану керек. Жанұяны бағалау оның баланың
таңдаулы мүдделерін қорғай алмайтынын
және баланың қауіпсіздігіне кепілдік бере ал-
майтынын немесе баланы сатуға қатысқанын
көрсеткен жағдайда, сот басқа қамқоршыны
тағайындайды. ЮНИСЕФ-тің адам саудасының
құрбаны болған балаларды қорғау жөніндегі
нұсқаулығы бойынша «мемлекет қамқоршыны
тағайындауға жауапты құзыретті органды,
қамқоршылықтың құқықтық мәртебесін (мысалы
заңды қамқоршы, уақытша қамқоршы, кеңесші/
өкіл, әлеуметтік жұмыскер немесе үкіметтік емес
ұйымның қызметкері), сонымен бірге барлық
қажетті құжаттарды және рәсімдерді белгілейді.
Мүдделері баланың мүдделеріне қайшы болуы
мүмкін ұйымдар немесе тұлғалар, немесе бала
саудасына қатысы бар деп айыпталатын кез кел-
ген тұлға немесе ұйым қамқоршы ретінде қарала
алмайды» (10).
Осы зерттеу құрбан баланың таңдаулы мүдделері
анықталуын және орындалуын қамтамасыз
ету үшін және бала өзінің мәртебесі мен ісі
жөнінде хабардар болуы үшін адам саудасының
құрбандары болған балаларға қамқоршыны
немесе уақытша қамқоршыны тағайындау
жүйесінің жоқтығын көрсетті. «Қамқоршы
ретінде тағайындалатын тұлғалардың балаға
қамқорлық жасау жөнінде тиісті тәжірибесі мен
білімі болуы керек және бала құрбандардың ерек-
ше құқықтарын және мұқтаждықтарын, соны-
мен бірге жыныс ерекшеліктерін және олардың
қанаушылық түрлерін түсінуі тиіс. Сонымен бірге
қамқоршылар өздерінің міндеттерін атқару ба-
рысында арнайы оқыту курстарын өтуі тиіс,
оларға кәсіби қолдау жіне тиісті көмек көрсетілуі
тиіс» (11).
Қамқоршыны тағайындау кезінде баланың
пікіріне ерекше назар аударылуы тиіс, сонымен
бірге балаға қамқоршыны тағайындау бары-
сы туралы ақпарат берілуі тиіс. Халықаралық
стандарттарға сәйкес қамқоршы баланың
таңдаулы мүдделерін қорғау үшін ұзақ мерзімді
шешімді қабылдауға және іске асыруға дейінгі
барлық шаралар барысында балаға ілесіп жүруі
тиіс.
9-ұсыныс: Бала саудасының әрбір
құрбанының оның жасына, қабілетіне,
қызығушылығына және мүмкіндігіне
қарай білім алуына көмек көрсету
Осы зерттеу адам саудасының құрбандарының
көп бөлігінің білімі жоқтығын немесе білімі
толық еместігін көрсетті. Бала саудасының
құрбандарының ішінде (18 жасқа дейінгі)
56% аяқталған орта білімді әлі алмаған, алай-
да осы бала саудасының құрбандарының тек
32.4% мектепке барған және тек 15% мектепке
уақытылы түрде үнемі барған. Сонымен қатар
адам саудасының құрбандарына арналған па-
наларда тұратын балалар жергілікті мектепке
де бармаған, кәсіби мұғалімдерден үйде білім
де алмаған. Сонымен бірге бала кезінде (18
жасқа дейін) адам саудасына ұшыраған, бірақ
18 жасқа толғанға дейін қашып кете алмаған
немесе құтқарылмаған адам саудасының
құрбандарының білім алуы, негізінен, олардың
адам саудасына ұшырауына байланысты
үзілген. Бала саудасының көптеген құрбандары
халықаралық адам саудасының емес, ішкі адам
саудасының құрбандары (және Қазақстан аза-
маттары) болған.
ЮНИСЕФ-тің адам саудасының құрбаны болған
балаларды қорғау жөніндегі нұсқаулығына
және БҰҰ-ның адам саудасының, әсіресе
әйелдердің және балалардың саудасының ал-
дын алу және оны тоқтату және оның жазасы
3
Бала құқықтарын қорғау жөніндегі комитеттің 06 Жалпы ескертпелері 21 б., 33 б.; Еуропа Кеңесінің конвенциясы, 10 б.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
144
туралы Хаттамасына сәйкес бала саудасының
құрбандарының бастауыш және орта білім алу
мүмкіндігі олардың маңызды құқығы болып та-
былады. Сондықтан жаза алмайтын және оқи
алмайтын бала құрбандарының құрбандары
негізгі білім беру пәндерін оқып білуі тиіс. Орта
және кәсіби білім алуды жалғастырғысы келетін
балалардың ниеті қолдау табуы тиіс.
Халықаралық стандарттарға сәйкес адам
саудасының құрбандарына арналған панада бір
айдан аса уақыт бойы тұратын балаға әдеттегі
мектепке баруға және әдеттегі уақыт кестесі
бойынша өмір сүруге рұқсат беру керек. Кейбір
жағдайда балалар тіпті білім алуды аяқтағанша
панада қалғысы келуі мүмкін, себебі олардың
панадан тыс жерде білім алу мүмкіндігі жоқ.
Балалардың әдеттегі мектепке бару мүмкіндігін
іске асыру панаға жақын жерде орналасқан
жергілікті жалпы білім беретін мектептердің
мұғалімдерінің бала саудасының құрбандарын
түсінуі, олар туралы дақпырт әңгімені сеңілту
және айналасындағылардың адам саудасынң
құрбандарын айыптауын болдырмау үшін ар-
найы оқыту курстарын өтуін талап етуі әбден
мүмкін.
10-ұсыныс: Бала саудасының
құрбандары орналастырылатын адам
саудасы құрбандарына арналған
паналар балаларға ыңғайлы ойын
алаңшаларымен жабдықталуы және
осы паналарда балаларға арналған
құрылымды шаралар өткізілуі тиіс.
Балалар орналастырылатын адам саудасының
құрбандарына арналған паналарда балаларға
арналған ашық аспан астындағы қауіпсіз және
қоршалған ойын алаңшалары, сонымен бірге
пана ғимаратының ішінде балалар ойнай ала-
тын, балаларға арналған құрылымды шаралар
өткізілетін және балаларға психологиялық кеңес
беру жүргізілетін бөлек бөлме болуы тиіс.
Паналардағы балаларға арналған бөлмелер
білім беруге және ойын-сауыққа арналған зат-
тармен, соның ішінде балалар кітапханасымен
(оқу қабілетінің деңгейі әртүрлі балаларға
арналған), конструкторлармен, пазлдармен
(күрделілік деңгейлері әртүрлі), көркем өнер
материалдарымен, ойыншық машиналармен,
қуыршақтармен және жұмсақ ойыншықтармен
жабдықталуы тиіс. Балалар олардың қоғамдық,
эмоционалдық және зияткерлік дамуын ынта-
ландыру үшін күн сайын құрылымды шаралар
өткізілуі тиіс. Балалар күні бойы қараусыз өздері
қалдырылмауы керек.
11-ұсыныс: Адам саудасының
құрбандарының таңдау мүмкіндігін тек
арнайы білім қажет емес салалардағы
еңбек ақысы төмен мамандықтарға да-
ярлаумен шектемеу керек
Осы зерттеу арқылы кәсіби дайындық/еңбек
дағдыларына оқытуға қатысты анықталғаны – тек
адам саудасының кейбір құрбандары ғана кәсіби
және еңбек дағдыларына дайындық өткен. Ал
осындай білім берілген жағдайларда құрбандар
еңбек ақысы төмен және арнайы білім қажет емес
мамандықтарға оқытылған – көбінесе аспаздық
және шаштараздық қызметтер көрсетуге үйретілген.
Басқа елдердегі озық тәжірибе адам саудасының
құрбандарын оқыту әртүрлі салалардағы оларды
қызықтыратын, олардың оралатын мекеніндегі
жергілікті еңбек нарығында қажетті, жалақысы көп
мамандықтарды/жұмыстарды қамтуы қажет екенін
көрсетіп отыр. Адам саудасының құрбандарын
еңбек ақысы төмен және арнайы білім қажет емес
мамандықтарға оқуға түсуге бағыттауға және
түсу үшін оларға қысым көрсетуге жол берілмеуі
тиіс, осындай жұмыстар олардың қанаушылыққа
және адам саудасына қайтадан ұшырау қаупін
арттыруы мүмкін, себебі олар ақысы көбірек
төленетін баламалы мүмкіндіктерді іздейтін бола-
ды. Кәсіби және еңбек дағдыларына оқыту оларды
құрбандардың қанаушылыққа ұшырау-ұшырамауы
тексерілген және үнемі мониторинг жүргізілетін
кәсіпорындарға жұмысқа орналастырумен бірге
жүргізілуі тиіс. Адам саудасының құрбандарына
арналған паналар осындай кәсіпорындармен жаз-
баша келісімшарттар жасауы керек.
Бала саудасының құрбандарымен жұмыс
істегенде кәсіби және еңбек дағдыларына
үйрету бірінші кезектегі мәселе болмауы мүмкін,
себебі балалар тым кішкентай және оларға білім
беруге көңіл бөлу керек. Жастары үлкенірек
жасөспірімдер үшін білім беру арқылы дамыту
кәсіби және еңбек дағдыларын үйретумен бірге
жүруі мүмкін. Алайда бұл еңбек ақысы төмен
және арнайы білімді қажет етпейтін бірнеше
мамандықтармен шектелмеуі керек.
Адам саудасының құрбаны бұрын ұсынылмауы
мүмкін кәсіби және еңбек дағдыларына
үйренуге қызығушылық танытқан жағдайда,
адам саудасының құрбанының өзінің
таңдаған мамандығы бойынша даярлануына
мүмкіндік туғызатын шаралар қолдану керек.
Адам саудасының құрбандарына арналған
пананың құрбандарға қызмет көрсететін
қызметкерлерінің жасөспірімдерге олардың
өздерін қызықтыратын және олардың реинте-
грация өтетін мекеннің еңбек нарығын ескеретін
кәсіби және еңбек дағдыларға үйрену үшін білім
алуына мүмкіндік беруі аса маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |