ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ
ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ
САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
147
саудасының құрбандарын анықтау және қорғау.
Осал балалардың және бала саудасының
құрбандарының балалардың екі түрлі санаты-
на жататынын (кейбір осал балалардың адам
саудасының құрбандарына айналатындығына
және адам саудасының құрбандарының бұрын
осал балалар болғанына қарамастан) және
ерекше қорғауды, қамқорлықты және қолдау
қызметтерін көрсетуді қажет ететінін ескерген
жөн, осылайша балаларды қорғау органдары
оларды бір санатқа біріктірмеуі қажет.
Көп салалық көзқарас бірқатар әртүрлі
салалардың (балаларды
қорғау және әлеуметтік
қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім беру,
қолдау қызметтерін көрсететін мекемелер, поли-
ция және соттар, бұқаралық ақпарат құралдары)
арасында горизонталды байланыстарды
және Әкімдіктерден бастап Министрліктерге
дейінгі вертикалды байланыстарды құруды та-
лап етеді. Барлық салалардың немесе Үкімет
деңгейлерінің балаларды қорғау мәселелерін
шешуге және бала саудасының құрбандарын
қолдауға мүмкіндіктері немесе ниеттері бірдей
болмайтынын ескерген жөн.
Осылайша осын-
дай көп салалық жауап механизмін іске асы-
ру әртүрлі салалардың өкілдерінің және
мемлекеттік қызметкерлерінің осал балаларды
және бала саудасының құрбандарын анықтау
және оларға көмек көрсету және балаларды
қорғауды халықаралық стандарттарға және
белгіленген тәжірибеге сәйкес қамтамасыз ету
мүмкіндіктерін нығайту бойынша оқыту кур-
старын өткізуді талап етеді. Нәтижелі түрде іске
асыру үшін сонымен бірге көп салалық және көп
деңгейлі қорғаудың орындалуына мониторинг
жүргізу қажет.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТіЗіМі:
1.
ЮНИСЕФ–тің еңбекпен қанаушылық,
жыныстық қанаушылық және қанаушылықтың
басқа түрлерінің
мақсатымен жасалатын бала
саудасына қарсы күрес бойынша нұсқаулығы:
саяси және
бағдарламалық деңгейлерде
бала саудасына қарсы іс-әрекеттер (2009).
ЮНИСЕФ: Женева, Швейцария, 23 б.
2.
ЮНИСЕФ–тің еңбекпен қанаушылық,
жыныстық қанаушылық және қанаушылықтың
басқа түрлерінің мақсатымен жасалатын бала
саудасына қарсы күрес бойынша нұсқаулығы:
саяси және бағдарламалық деңгейлерде
бала саудасына қарсы іс-әрекеттер (2009).
ЮНИСЕФ: Женева, Швейцария, 23 б.
3.
ЮНИСЕФ–тің еңбекпен қанаушылық,
жыныстық қанаушылық және қанаушылықтың
басқа түрлерінің мақсатымен жасалатын бала
саудасына қарсы күрес бойынша нұсқаулығы:
саяси және бағдарламалық деңгейлерде
бала саудасына қарсы іс-әрекеттер (2009).
ЮНИСЕФ: Женева, Швейцария, 26 б.
4. 2011 жылғы Адам саудасы туралы есеп,
АҚШ Мемлекеттік Департаменті, Вашингтон,
Колумбия округі
5. 2011 жылғы Адам саудасы туралы есеп,
АҚШ Мемлекеттік Департаменті, Вашингтон,
Колумбия округі
6. 2011 жылғы Адам саудасы туралы есеп,
АҚШ Мемлекеттік Департаменті, Вашингтон,
Колумбия округі
7. 2011 жылғы Адам саудасы туралы есеп,
АҚШ Мемлекеттік Департаменті, Вашингтон,
Колумбия округі
8. Хагардың «Қалпына келтірудің үш сатысы»
көзқарасы мына сайттан алынды: http://
www.micahnetwork.org/sites/default/files/doc/
library/hagar_cambodia-dr_emelita_santos_
goddard_0.pdf
9. ЮНИСЕФ-тің адам саудасының құрбаны болған
балаларды қорғау жөніндегі нұсқаулығы (2006).
ЮНИСЕФ: Нью-Йорк, 16-17 б.
10. ЮНИСЕФ-тің
адам саудасының құрбаны
болған балаларды қорғау жөніндегі
нұсқаулығы (2006). ЮНИСЕФ: Нью-Йорк, 16-
17 б.
11. ЮНИСЕФ-тің адам саудасының құрбаны
болған балаларды қорғау жөніндегі
нұсқаулығы (2006). ЮНИСЕФ: Нью-Йорк, 16-
17 б.
12. 2011 жылғы Адам саудасы туралы есеп,
АҚШ Мемлекеттік Департаменті, Вашингтон,
Колумбия округі
13. 2011 жылғы Адам саудасы туралы есеп,
АҚШ Мемлекеттік Департаменті, Вашингтон,
Колумбия округі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
148
1-ҚОСЫМША
МЕМЛЕКЕТТіК ОрГАНДАрДЫң ТүСіНіКТЕМЕЛЕрі
Аталған есептің жобасы Қазақстан Республикасының келесідей мемлекеттік органдарына
түсініктемелер, ескертулер мен ұсыныстар енгізу үшін жолданған еді: Жоғарғы Сот, Бас прокурату-
ра, Ішкі істер министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі,
Әділет министрлігі, Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау,
Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері.
Қазақстан Республикасының төмендегідей мемлекеттік органдары есеп жобасын қарау нәтижелері
бойынша ескертулері мен ұсыныстары жоқ екендігі туралы хабарлады: Жоғарғы Сот, Ішкі істер
министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Әділет
министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі.
Енгізілген түсініктемелер, ескертулер мен ұсыныстар төменде көрсетілген. Сындарлы ұсыныстар мен
түсініктемелер есептің қорытынды нұсқасына енгізілді.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
149
ҚАЗАҚСТАН рЕСПуБЛИКАСЫ
БАС ПрОКурАТурАСЫНЫң ТүСіНіКТЕМЕСі
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық
Астана қ., Орынбор көш., 8, 010000
Бас прокуратура Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ)
бірлесіп өткізген «Балалардың тәуекелді мінез- құлыққа, жыныстық қанаушылыққа және адам сауда-
сына осалдығы» зерттеу нәтижелерін қарады.
Қазақстан Республикасы балалардың құқықтарын қорғау бойынша нақтылы шаралар қолданып
жатқанын атап өткен жөн.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 сәуірдегі № 462 қаулысымен бекітілген
Адам саудасына байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және алдын-алу жөніндегі
2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бойынша бірқатар іс-шараларды, оның ішінде
адам саудасына қарсы күрес мәселелеріне арналған ақпараттық науқандарды, балалар мен жастар-
ды оқытуды және т.б. іске асырылды.
Қазіргі уақытта адам саудасына қарсы күресте ТМД мүше мемлекеттердің Ынтымақтастық
бағдарламасын орындау жөніндегі 2011-2013 жылдарға арналған
іс-шаралардың ұлттық жоспары
әзірленді.
Сонымен бірге, зерттеу нәтижелерін назарға ала отырып, іс-шаралардың ұлттық жоспары шеңберінде
уәкілетті органдарға олардың негізінде әзірленген жекелеген ұсынымдарды ескеруді ұсыну мүмкін
деп санаймыз.
Сондай-ақ, ұсынымдар пысықталуы тиіс деп санаймыз.
Осылайша, 3-ұсыным (қауіпсіз көші-қон жөніндегі бағдарламаларды іске асыру) көші-қон үдерістері
шеңберінде адам саудасын болдырмауға бағытталған нақты ұсыныстарды қамтымаған. Ұсыным
халықты хабардар ету қажеттілігіне негізделген, бұл 1-ұсынымда қамтылған (бала саудасын
болдырмауға бағытталған халықтың хабардарлығын арттыру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу).
4-ұсынымда (Қазақстандағы бала саудасының құрбандарына деген сұранысты азайту) да нақты
ұсыныстар жоқ. Одан аса, зерттеу материалдары ықтимал сұраныстың зерделенгені туралы
куәландыратын мәліметтерді қамтымайды.
8-ұсынымды (бала саудасының құрбанына қамқоршы тағайындау) іске асыру тиісті негіздемені
қажет етеді, бұл адам саудасынан азап шеккендерге арналған баспанаға түскен кезде балаға уақытша
қамқоршыны тағайындауды болжамдайды. Республикадағы адам құқықтарын қорғау жүйесі
жергілікті атқару органдарын, сондай-ақ кәмелетке толмағандар уақытша орналасқан ұйымдардың
басшылығын балалардың мүдделерін анағұрлым жақсы қамтамасыз ету үшін,
соның ішінде оларды
жұмыспен қамту бойынша барлық шараларды қолдануды міндеттейді.
Департаменттің
бастығы
Қ.
Сейдғапбаров
Өмірәлі Г.А.
712684