ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
133
7.6-кесте. Білім беру, кәсіби біліктілік алу
Жалпы
Саны=468
Әлеуметтік
жағынан осал
балалар
Саны=259
Адам
саудасының
құрбандары
Саны=103
Секс-
жұмыскерлер
Саны=106
Саны
%
Саны
%
Саны
%
Саны
%
Білім алуда/ білім деңгейін арттыру
үшін оқуда
295
63,0
237
91,5
28
27,2
30
28,3
Кәсіптік дайындық өткен/біліктілік
алған
96
20,5
53
20,5
18
17,5
25
23,6
БіЛіМ БЕру ЖӘНЕ КӘСіПТіК
ДАйЫНДЫҚ
Сонымен бірге сауалнамаға жауап берушілерге
оларға көрсетілетін білім беру қызметтері тура-
лы және олардың кәсіби біліктіліктері бар-жоғын
анықтау үшін сұрақтар қойылған. 7.6-кестедегі
мәліметтер бойынша білім деңгейлерін
жоғарылату үшін оқу курстарын өткен әлеуметтік
жағынан осал балалардың саны (91,5%) адам
саудасының құрбандарымен (27,2%) және
секс-жұмыскерлермен (28,3%) салыстырғанда
көбірек болған.
Сонымен бірге әлеуметтік жағынан осал
балалардың тек 20,5%, адам саудасының
құрбандарының 17,5% және секс-жұмыскерлер
23,6% кәсіби біліктілік алған. Әлеуметтік
жағынан осал балалардың және адам
саудасының құрбандарының осыншама аз
саны ғана кәсіби дағдылар мен біліктілік ала-
тынын алаңдаушылық туғызады, себебі кәсіби
дағдылардың жетіспеушілігі және білім деңгейінің
төмендігі орын алғанда, әлеуметтік жағынан осал
балалардың адам саудасының құрбандарына ай-
налу және қанаушылыққа ұшырау қаупі артады.
Сауалнаманың мәліметтері бойынша кәсіби
дағдылардың жетіспеушілігінің себебі
әлеуметтік жағынан осал балалардың неме-
се адам саудасының құрбандарының тарабы-
нан тиісті қызығушылығының болмауы емес.
Шындығында әлеуметтік жағынан осал ба-
лалар, адам саудасының құрбандары және
секс-жұмыскерлер өздеріне қоғамға пайда-
лы жұмысқа тұруға мүмкіндік беретін кәсіптік
дайындық өтуге ниет танытқан.
Адам саудасының құрбандарының өте аз саны
кәсіптік дайындықтан өтетіні және кәсіби
біліктілік алатыны алаңдатуда. Ал кәсіптік білім
алғандар көбінесе аспаздың және шаштараздың
курстарын өткен. Алайда адам саудасының
құрбандары өздеріне болашақта кәсіби маман
ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін одан да
жоғарырақ деңгейдегі кәсіби дағдылар мен білім
алғысы келетіні білдірген. Мысалы олар мына-
дай ниеттерін білдірген:
•
автокөлік жүргізуді үйрену
•
тігуді және тоқуды үйрену
•
ағылшын тілін үйрену
•
компьютерлік сауаттылықтарын арттыру
•
хатшы болып жұмыс істеу
•
бухгалтердің көмекшісі болып жұмыс істеу
•
журналист немесе теледидар жүргізушісі болу
•
бастауыш мектептерде орыс тілінің мұғалімі
болу
•
қонақ үй ісінде әкімші немесе менеджер бо-
лып жұмыс істеу
•
құрылысшы болу
•
бухгалтер болу
•
суретші болу
•
психолог болу
•
заңгер болу
•
дәрігер болу
Адам саудасының құрбан болған бір ер адам бы-
лай деген:
«Менің үздік дипломым [инженер] және білімім
бар, сондықтан мен соны қолданғым келеді»
(288, адам саудасының құрбаны, жынысы-ер,
25 жас).
Сонымен бірге адам саудасының құрбан болған
бір әйел былай деген:
«Мен үшін ең бастысы – еңбек ақысы жоғары
жұмысқа тұру және қызыма қамқорлық жа-
сау және баламды жақсы мектепке беру»
(295, адам саудасының құрбаны, 23 жас).
Сауалнаманың мәліметтері бойынша балалар
негізінен мектепке баратынын айтқан және
кейбіреу кәсіптік дайындық өткенін мәлімдеген.
Алайда девиантты мінез-құлықты балаларға
арналған арнайы мектептердегі кейбір балалар
өздерінің кәсіптік дайындық өтетінін айтқан,
бірақ, олар негізінен ағашпен жұмыс істеуге,
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
134
ағаш тесуге, кесуге, тігуге, кесте тоқуға және
тамақ пісіруге үйренген. Алайда кейбір балалар
басқа жұмыс істеу ниеттері бар, мысалы олар
заңгер, фотосуретші, аудармашы, ақпараттық тех-
нология және жүк көтергіш кранның жүргізушісі
болғысы келеді.
Сауалнама мәліметтері бойынша көптеген
секс-жұмыскерлердің мамандық алу және секс
қызметтерін көрсетумен байланысты емес
жұмыс істеу ниеттері болған. Олардың ақша
үшін секс қызметтерін көрсете бастауының
себебі, олардың көпшілігінің айтуынша, олардың
жас болғаны және ақша тапшылығы болған.
Осылайша олардың жұмыс істеу ниеттеріне мы-
надай мамандық алу немесе жоғары білім алу
жатады:
•
сатушы -кеңесші
•
дизайнер
•
мұғалім
•
офис-менеджер
•
бухгалтер
•
заңгер
ТҰрҒЫН үй ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ
КөШу МӘСЕЛЕЛЕріН ШЕШу
үШіН КөрСЕТіЛЕТіН КөМЕК
Сонымен бірге сауалнамаға жауап берушілерге
оларға тұрғын үй және/немесе көшу мәселелерін
шешу үшін көрсетілетін көмек туралы сұрақтар
қойылған. 7.7-кестедегі мәліметтер бойынша
сауалнамаға жауап берушілердің жалпы санының
15,0% тұрғын үй және/немесе көшу мәселелерін
шешу үшін көмек көрсетілген. Әлеуметтік
жағынан осал балалармен (13,5%) және секс-
жұмыскерлермен (6,6%) салыстырғанда, адам
саудасының құрбандарына (27,2%), тұрғын
үй және/немесе көшу мәселелерін шешу үшін
көбірек көмек көрсетілген. Таң қаларлық,
алайда адам саудасының құрбандарының тек
27,2% өздеріне тұрғын үй және/немесе көшу
мәселелерін шешу үшін көмек көрсетілгенін
мәлімдеген.
Сауалнама мәліметтері бойынша адам
саудасының құрбандары үкіметтік емес ұйымдар
ұйымдастырған адам саудасының құрбандарына
арналған паналарға орналастырылған, сонымен
бірге оларға басқа ұйымдардан, мысалы «Сана
сезім» үкіметтік емес ұйымынан пана, тамақ
және туған елдеріне жету үшін көлік ақысы
берілген. Адам саудасының бір құрбанының
айтуынша осындай паналар адам саудасының
құрбандарына қауіпсіз орынды қамтамасыз
етеді, алайда олар әлі де қорқыныш сезінеді
және басқа адамдарға сенімсіздікпен қарайды.
«Бізге тұрғын үй мәселесін шешуге
көмектесті. Қазір біз панада тұрамыз.
Өзімізді адам ретінде сезініп жүрміз.
Бостандыққа әлі үйренген жоқпыз, адамдар-
дан қорқамыз және ешкімге сенбейміз. Біз
тек өзімізге сенеміз және бейтаныс адам-
дармен сөйлеспейміз» (433, адам саудасының
құрбаны, жынысы-әйел, 29 жас).
КөМЕККЕ ЖүГіНу
Сауалнамаға жауап берушілерге олардың
көмекке жүгіну әрекеттері туралы, проблемалар
болғанда қалай және кімге көмекке жүгінетіні ту-
ралы сұрақтар қойылған. 7.8-кестедегі мәліметтер
бойынша сауалнамаға жауап берушілердің
жалпы санының 72,2% мәселелер болғанда
кімге көмекке жүгінетінін білетінін мәлімдеген.
Мәселелер болғанда кімге көмекке жүгінетінін
білетінін мәлімдеген секс-жұмыскерлермен
(67,9%) және адам саудасының құрбандарымен
(60,2%) салыстырғанда, әлеуметтік жағынан
осал балалардың (78,8%) саны жоғары.
Сауалнама мәліметтері бойынша әлеуметтік
жағынан осал балалардың, адам саудасының
құрбандарының және секс-жұмыскерлердің
көпшілігі көмек қажет болғанда өздерінің ата-
аналарына, жанұяларына және/немесе достары-
на жүгінетінін мәлімдеген. Олардың кейбіреулері
мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар сияқты
ресми ұйымдардан көмек сұрайтынын айтқан.
Алайда кейбір әлеуметтік жағынан осал балалар
өздеріне көмек қажет болғанда мұғалімдеріне,
7.7-кесте. Тұрғын үй мәселесі және көшу мәселелерін шешу үшін көрсетілетін көмек
Жалпы
Саны=468
Әлеуметтік
жағынан осал
балалар
Саны=259
Адам
саудасының
құрбандары
Саны=103
Секс-
жұмыскерлер
Саны=106
Саны
%
Саны
%
Саны
%
Саны
%
Тұрғын үй/ көшу мәселелерін шешу
үшін көмек/қолдау көрсетілуде
70
15,0
35
13,5
28
27,2
7
6,6
Достарыңызбен бөлісу: |