ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
131
7.5-кесте. Психологиялық мәселелер, қолдау және қанағаттану дәрежесі
Жалпы
Саны=468
Әлеуметтік
жағынан осал
балалар
Саны=259
Адам
саудасының
құрбандары
Саны=103
Секс-
жұмыскерлер
Саны=106
Саны
%
Саны
%
Саны
%
Саны
%
Психологиялық мәселелері бар
143
30,6
66
25,5
44
42,7
33
31,1
Психологиялық мәселелерін шешу
үшін көмек көрсетіледі
179
38,2
111
42,9
41
39,8
27
25,5
Психологиялық мәселелерін
шешу үшін көрсетілетін көмекпен
қанағаттану дәрежесі
Саны=179
Саны=111
Саны=41
Саны=27
Толық қанағаттанған
100
55,9
60
54,1
29
70,7
11
40,7
Жартылай қанағаттанған
54
30,2
36
32,4
8
19,5
10
37,0
Қанағаттанбаған
25
14,0
15
13,5
4
9,8
6
22,2
7.5-кестедегі мәліметтер бойынша адам
саудасының құрбандарында болған
психологиялық мазасыздық және мәселелер
негізінен қанаушылардың қатыгездік
көрсетуімен және қанаушылық құрбандары
ретінде тап болған жарақаттарына байланы-
сты болған. Сауалнаманың мәліметтері бой-
ынша адам саудасының құрбандарының де-
прессия, мазасыздық, стресс, қорқыныш пен
адамдарға сенбеу, өздеріне-өзі зақым келтіру
және өздеріне-өзі қол жұмсауға әрекет жасау
сияқты психологиялық мәселелері болған.
Адам саудасының көптеген құрбандарына
психологиялық мәселелерді шешу үшін көбінесе
мемлекеттік емес ұйымдардан психологиялық
көмек көрсетілгенмен және өздеріне көрсетілген
психологиялық көмекпен қанағаттанғанмен,
сонымен бірге әлі де көмекті қажет ететін
адам саудасының құрбандары анықталған.
Әлі де көмекті қажет ететін адам саудасының
құрбандары былай деген:
«Мен әлі психологпен кездескен жоқпын,
маған ешкім ешқандай көмек көрсеткен
жоқ.… Мен психологпен сөйлескім келеді, бірақ
қорқамын» (435, адам саудасының құрбаны,
жынысы-әйел, 21 жас.)
«Мен бәрін дос қызыма айттым, ол осын-
да тұрады. Бұл жерде нағыз психолог жоқ.
Психолог болса, жасқы болар еді» (395, адам
саудасының құрбаны, жынысы-әйел, 18 жас).
Адам саудасының құрбандарының бірі
полицияға және психологтарға көмек сұрап
барған алайда оны адам саудасының құрбаны
ретінде танымаған, ол былай деген:
«Маған психологтың кеңесі қажет. Мен
анамның себебінен қиналамын, маған
осыны бастан кешіру өте ауыр, бәрі менің
ұнжырғамды түсіреді. Бір күні мен жеке
клиникаға психологтың қабылдауына бар-
дым, бірақ ешқандай нәтиже шықпады,
ақшамды бекер шаштым» (424, адам
саудасының құрбаны, жынысы-әйел, 19 жас).
Әлі де қанаушылық жағдайында жүрген адам
саудасының бірнеше құрбандары жақсы
психологқа барғысы келетін ниеттерін білдірген.
Адам саудасының құрбандарының бірі былай
деген:
«Мен біздің қонақ үйге жақсы психолог
келіп, бізге көмектессе деймін» (394, адам
саудасының құрбаны, жынысы-әйел, 16 жас).
Сонымен қатар, бір жігіт – еңбекпен
қанаушылықтың құрбаны былай деген:
«Ешкім көмектеспейді... Бізге сіздер сияқты
адамдар жиі келіп сөйлесіп тұрса жақсы болар
еді. Бұл қызықты және жаныңа жағады. Кедей
отбасынан шыққан қарапайым жұмысшы
баланың жағдайы біреуді толғандыратыны
жаныңа жағады» (425, адам саудасының
құрбаны, жынысы-ер, 17 жас).
Адам саудасының кейбір құрбандары сонымен
бірге өздерінің психологқа бара алмайтынын
мәлімдеген, себебі тым алыста тұрады немесе
өздерінің жеке бастарын ашып беруден қорқады.
Адам саудасының екі құрбаны былай деген:
«Психолог бізге келіп тұрса, бізге ыңғайлы бо-
лар еді, себебі біз оған өзіміз баруға қорқамыз.
Біз алыста тұрамыз және бізді біреу байқап
қояды деп қорқамыз» (418, адам саудасының
құрбаны, жынысы-әйел, 18 жас).
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
132
«Мен қазір Шымкентте тұрмаймын,
сондықтан маған психологқа бару қиын»
(306, адам саудасының құрбаны, жынысы-
әйел, 23 жас).
Көптеген секс-жұмыскерлердің депрессия,
өзіне-өзі зақым келтіру әрекеттері және өзіне-
өзі қол жұмсау әрекеттері сияқтя мәселелер
қинайтынын мәлімдегенін атап өткен жөн.
Осылайша, көптеген секс-жұмыскерлер де
жақсы психологпен кездескісі келетінін немесе
психологтың олардың жұмыс істейтін жерлеріне
келіп тұруын қалайтынын мәлімдегені таң
қаларлық жәйт емес. Секс-жұмыскерлердің бірі
былай деген:
«Бізге шұғыл желі телефондары көбірек ке-
рек. Біз шаршадық және бізді депрессия ма-
залайды. Бізге жақсы психолог керек» (354,
секс-жұмыскер, 19 жас).
Әлеуметтік жағынан осал балалардың ішінде 54%
өздеріне көрсетілген психологиялық көмекпен
толық қанағаттанғанын мәлімдеген. Кейбір
балалар өздеріне көрсетілген психологиялық
көмектің өздеріне оң әсер еткенін айтқан.
«Анам қайтыс болғаннан кейін менімен
мектеп психологтары жұмыс істеді, кейде
оларға сөйлесуге барамын» (112, әлеуметтік
жағынан осал бала, жынысы–ер, 12 жас).
«Кейде басқа балалармен шекісіп қаламын,
сондықтан қашып кеткім келеді. Психолог
менімен күніне 2 рет әңгіме өткізеді» (334,
әлеуметтік жағынан осал бала, жынысы–
әйел, 15 жас).
«Мен ризамын, мұғалімдерім мен психологтар
маған көмектесіп жатыр» (77, әлеуметтік
жағынан осал бала, жынысы–ер, 16 жас).
«Әлеуметтік жұмыскер мен психолог менің
үйіме жиі келеді. Олар менің анаммен сөйлеседі,
үйдің тазалығын тексереді, мен және менің
інім тамақтануына қажет азық-түліктің бар-
жоғын қарайды. Күзде мектепке оқуға барамыз.
Олар анамды жұмыс істеуге және бізге киім,
дәптер, кітап, қалам, қарындаш сатып алу үішн
ақша табуға мәжбүр етті» (294, әлеуметтік
жағынан осал бала, жынысы–ер, 11 жас).
Көптеген жағдайларда балалар психолог-
тармен мектепте немесе балаларға арналған
мемлекеттік орталықтарда кездеседі. Алайда
кейбір әлеуметтік жағынан осал балалар
үкіметтік емес ұйымдармен байланысқан,
онда оларға психологиялық және әлеуметтік
көмек көрсетілген. Әлеуметтік жағынан осал
балалардың бірі былай деген:
«Бізге «Сана-сезім» орталығының
жұмыскерлері және полиция қызметкерлері
келді. Олар біз тұрып жатқан панаға келіп,
бізбен сөйлесті кейін мен оларға менің
ата-анам кім екенін және қайда екенін ай-
тып бердім. Олар бізге [маған және менің
ата-анама] татуласуға көмектесті.
Психолог үнемі бізбен жұмыс істеді. Ал
әлеуметтік жұмыскер біздің үйге келіп жүрді.
Мен мектепке қайтып оралдым. «Сана-
сезім» орталығының жұмыскерлері менің
мұғалімдеріммен, директормен сөйлесті
және өзімнің бұрынғы сыныбыма оралуға
көмектесті» (299, әлеуметтік жағынан
осал бала, жынысы–әйел, 14 жас).
Әлеуметтік жағынан осал балалардың барлығы
да өздерінің психологтармен кездесулері ту-
ралы жағымды пікір айтпаған. Шындығында
көптеген әлеуметтік жағынан осал балалар олар-
мен мектепте немесе арнайы мекемелерде кез-
дескен психологтардың өздеріне аса көп пайда
тигізбегені туралы пікір білдірген.
«Мен мектепке барып жүргенде менімен пси-
холог жұмыс істеді…. Олардан алған көмек
жай ғана бос сөз» (147, әлеуметтік жағынан
осал бала, жынысы–әйел, 16 жас).
«Психолог мені сөйлесуге шақырады, мен
оған сенбеймін, оған бәрін айта алмаймын.
Мен өлең жазғанда жаным тыныштық та-
бады. Маған басқа ештеңе қажет емес» (116,
әлеуметтік жағынан осал бала, жынысы–
әйел, 16 жас).
«Мен психологпен сөйлестім, бірақ ештеңе
өзгерген жоқ. Мен тіпті өзіме не керек екенін
білмеймін» (115, әлеуметтік жағынан осал
бала, жынысы–ер, 15 жас).
«Олар [психолог] балалармен сөйлесуі керек,
бірақ сен осында келгенде, есіңнен адасасың.
Күнде-күнде бір нәрсе, жалықтырады. Мен
психологпен сөйлескім келеді, бірақ оның
үнемі қолы бос емес» (108, әлеуметтік
жағынан осал бала, жынысы–әйел, 15 жас).
Шындығында әлеуметтік жағынан осал бала-
лар өздерінің бастан кешкендерін, өмірлеріндегі
және жанұяларындағы мәселелерді тез ұмыта
алмайды. Осындай балалардың бірі былай
деген:
«Мен бұны ешқашан ұмытпаймын» (352,
әлеуметтік жағынан осал бала, жынысы–ер,
9 жас)
Достарыңызбен бөлісу: |