Royal norwegian embassy балаларДЫң ТӘуекелді Мінез-қҰЛЫҚҚА, жыныстық ҚанаушылықҚа және адам саудасына осалдығын бағалау



жүктеу 2,04 Mb.
Pdf просмотр
бет63/89
Дата30.12.2019
өлшемі2,04 Mb.
#25503
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   89

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
127
«Мен мүшеқапсыз жыныстық қатынасқа 
түскеннен кейін ауру жұқтырғанымды 
түсіндім. Мен ауруханада емделіп жүрмін. … 
Қазір менің оң жақ бүйірім ауырады. Мүмкін 
бауырым ауыратын шығар. (233, адам 
саудасының құрбаны, жынысы-әйел, 19 
жас). 
«Менің жыныстық жолдарымнан көп бөлінді 
шығады және етеккірім келгенде ішімнің 
төменгі жағы қатты ауырады…. Менің 
гинекологқа барып емделуім керек» (441, адам 
саудасының құрбаны, жынысы-әйел, 17 жас). 
«Мен гонорея жұқтырып алдым, енді емделгім 
келеді. Тері және венерологиялық диспан-
серде олар маған ем курсын тағайындады. 
Сонымен бірге мен психологиялық ем 
курсын өттім. Дәрігерлер мен сияқты 
адамдарға көп көңіл бөлмейді деп ой-
лаймын. Тек мен олардың тағайындаған 
дәрілерінен жақсырақ дәрілер бар ма 
деп сұрағанда ғана олар оң жауап береді. 
Олар мен өзім сұрамасам, жақсы дәрілерді 
тағайындамайды» (450, адам саудасының 
құрбаны, жынысы-әйел, 19 жас).
«Менің гинекологиялық ауруларым бар, ба-
сым ауырады, ішім ауырады және етеккірім 
уақытылы келмейді.... Осы панада мен 
медициналық көмек алдым» (458, адам 
саудасының құрбаны, жынысы-әйел, 20 жас).
«Мен гонореямен ауырамын. Мені ауруханаға 
жатқызды. Мен тексеруден өттім, дәрігерлер 
маған ине арқылы дәрі салды, ішуге дәрі берді 
және сұйық дәрілермен емдеді…Мен ЖИТС 
(СПИД) жұқтырудан қорқамын, бірақ бір 
клиентте гонорея болған, енді мен ем кур-
сын өтіп жатырмын» (234, секс-жұмыскер, 
жынысы-әйел, 17 жас).
«Менің бүйрегім ауырады және жыныстық 
мүшелерім жиі қабынады.… Мен үнемі ЖИТС 
(СПИД) орталығында тексерілемін не-
месе жеке клиникалардағы дәрігерлердің 
қабылдауына толық тексеру өтуге бара-
мын. Мен толық тексерілу үшін және емделу 
үшін ауруханаға жатқым келеді» (242, секс-
жұмыскер, жынысы-әйел,20 жас).
«Мен гинекологиялық ауруларды ойлап уай-
ымдаймын. Жарты жыл бұрын мен хламидиоз-
бен ауырдым, содан соң әртүрлі қияндықтар 
пайда болды. Тағы да ауру жұқтырудан 
қорқамын» (421, секс-жұмыскер, жынысы-
әйел, 19 жас). 
«Мен гинекологиялық ауруларды ойлап уай-
ымдаймын. Мен гонореямен ауырғанмын» 
(412, секс-жұмыскер, жынысы-әйел, 18 жас). 
«Біздің жұмыста үнемі тексеріліп, 
денсаулыққа қарап жүру керек.… Мен бірнеше 
рет кандидозбен [ашытқы инфекциясы] ау-
ырдым. 2 апта бұрын тексерілдім, әзірге бәрі 
жақсы» (363, секс-жұмыскер, жынысы-әйел, 
17 жас). 
«Маған соңғы клиент ауру жұқтырды, 
оңбаған, басқаша оны қалай атауға болады? 
Мен 2 ай бойы жұмыс істемедім, енді мені кім 
асырайды? Қазір мен жедел ем курсын өтіп 
жүрмін» (203, секс-жұмыскер, жынысы-әйел, 
16 жас).
Адам саудасының кейбір құрбандарының 
жыныстық қанаушылыққа ұшыраудың салда-
рынан жүкті болған және тек өздерінің ғана 
денсаулықтары туралы уайымдамайды, сонымен 
қатар болашақ сәбидің денсаулығы туралы уай-
ымдайды. Адам саудасының бір құрбаны былай 
деген: 
«Менің аяғым ауыр, 8 айлық. Мен өзім тура-
лы және баламның денсаулығы туралы уай-
ымдаймын... Маған ЖИТС (СПИД) орталығы 
көмек көрсетеді. Маған дәрілер мен тексеру 
тағайындады....Мен жақсы босансам деймін» 
(463, адам саудасының құрбаны, жынысы–
әйел, 20 жас).
Адам саудасының құрбандарының 
өздерінің зорлық-зомбылық көрсетуге және 
қанаушылыққа ұшырағандықтан басқа да со-
зылмалы аурулармен ауыратыны анықталды. 
Жекелеп айтқанда, адам саудасының бірнеше 
құрбандарының мазасыздық жағдайымен және 
жүрек ауруларымен ауыратыны анықталды. 
Адам саудасының екі құрбаны былай деген:
«Менде тахикардия [жүрек соғысынң 
жиілеуі] болады, әсіресе топтық жыныстық 
қатынас кезінде байқалады немесе мен кли-
ентпен бірге бару керек болғанда күшееді. 
Қорқыныштан менің жүрегім ауырады. Мен 
ауырғанда «Мамка» сутенер бізге дәрілер 
мен керекті заттардың бәрін әкеледі. Біз 
тек қана гинекологпен емес, сонымен қатар 
психологпен және басқа да дәрігерлермен 
кеңескіміз келеді» (418, адам саудасының 
құрбаны, жынысы-әйел, 16 жас). 
«Менің жүйкем жұқарған, кейде жүрегім ауыра-
ды» (31, адам саудасының құрбаны, жынысы-
әйел, 27 жас).


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
128
Сонымен бірге адам саудасының құрбандары 
денсаулыққа байланысты басқа мәселелермен 
бірге, буындарының және денесінің созылмалы 
түрде ауыратынын мәлімдеген. Адам саудасының 
бір құрбаны былай деген: «Менің бүкіл денем мен 
аяқтарым ауырады. Сонымен бірге менің басым 
жиі ауырдаы» (438, адам саудасының құрбаны, 
жынысы-әйел, 20 жас).
Сонымен бірге адам саудасының құрбандары 
өздерін адам саудагерлері/қанаушылар 
ұрғандықтан әр түрлі созылмалы аурулармен, 
соның ішінде бауыр мен бүйректің ауруларымен, 
бас ауруымен ауыратынын, сүйектері сынғанын 
және т.б. аурулармен ауыратынын айтып берген. 
Адам саудасының әйел жынысты үш құрбаны 
былай деген:
«Менің қабырғаларым ауырады, бұл мені су-
тенер ұрып-соққандықтан болды. Менің 
қозғалыс координацияммен қиындықтарым 
болады» (424, адам саудасының құрбаны, 
жынысы-әйел, 19 жас). 
«Олар мені көп мәрте ұрды, сондықтан менің 
басым жиі ауырады, жағым сынған және мен 
жиі ауырамын, емделемін. Қазіргі уақытта 
тексеріліп, емделуді бастауды жоспарлап 
жүрмін» (288, адам саудасының құрбаны, 
жынысы-ер, 25 жас). 
«Мен невропатологқа барып жүрмін, себебі 
басым жиі ауырады және ұйқым бұзылады. 
Мені көп мәрте ұрып-соққандықтан басым-
да ісіктер бар…. Сонымен бірге қан қысымым 
жоғары. Тағы да менің жағым сынған, 
оны қайтадан салу керек. Сонымен бірге 
менің жатырымдағы ісікті емдеу керек…. 
«Сана-сезім» үкіметтік емес ұйымы маған 
медициналық көмек көрсетті» (295, адам 
саудасының құрбаны, жынысы-әйел, 23 жас.)
Адам саудасының құрбандарының бірі 
өзіне көрсетілген зорлық-зомбылық және 
қанаушылық салдарынан пайда болған 
денсаулық мәселелеріне қарай тіпті өзінің 
болашақта дені сау бала туу мүмкіндігі жөнінде 
алаңдаушылығын танытты. Ол былай деген:
«Мені ұрып-соққандықтан және ота 
жасағаннан кейін мені бауырым мен бүйрегім 
алаңдатады. Осы жарақаттарды алғаннан 
кейін мен дені сау бала көтеріп, туа аламын 
ба? (303, адам саудасының құрбаны, жыны-
сы–әйел, 23 жас).
Адам саудасының көптеген құрбандары со-
нымен бірге жиі бастары мен асқазандары 
ауыратындығын мәлімдеген. Адам саудасының 
бір құрбанының айтуынша оның асқазанының 
ауыруының себебі «дұрыс тамақтанбау және 
аз тамақ жеу» болып табылады (457, адам 
саудасының құрбаны, жынысы–ер, 16 жас). Адам 
саудасының тағы басқа үш құрбаны бастары мен 
асқазандарының ауыруымен бірге басқа да со-
зылмалы аурулармен ауыратынын айтып берген:
«Менің жиі басым айналады және есімнен та-
нып қаламын… Менің күн сайын психологқа 
баруым керек» (446, адам саудасының 
құрбаны, жынысы-әйел, 19 жас). 
«Менің шашым көп түседі. Сонымен бірге ба-
сым айналады және жиі басым ауырады» (437, 
адам саудасының құрбаны, жынысы-әйел, 15 
жас). 
«Менің бүйрегім ауырады және гастритім 
бар. Қалғанының бәріне шыдаймын….Маған 
осы жерде, панада медициналық көмек керек» 
(468, адам саудасының құрбаны, жынысы-
әйел, 27 жас).
Адам саудасының құрбандары және секс-
жұмыскерлер бірнеше мемлекеттік және 
жеке медициналық мекемелердің (мысалы 
емханаларда, ауруханаларда, дерматология 
және жыныстық қатынас арқылы таралатын 
аурулардың алдын алу орталықтарында, ЖИТС 
(СПИД) орталықтарында және ЖИТС (СПИД) 
орталықтарының жылжымалы зертханаларын-
да), сонымен бірге үкіметтік емес ұйымдардың 
(мысалы «Сана Сезім» үкіметтік емес ұйымы 
және «Жан Жолдас» үкіметтік емес ұйымы) 
есебінен медициналық қарау мен тексерулерден 
өткендігі және емделгені анықталды. Жекелеп 
айтқанда, Шымкент қаласында адам саудасының 
құрбандары «Сана Сезім» үкіметтік емес 
ұйымының маңызды қызметтер көрсететінін, 
олардың «денсаулыққа байланысты мәселелерді 
шешуге қажетті көмекті қамтамасыз ететінін» 
айтқан. (303, адам саудасының құрбаны, 
жынысы-әйел, 23 жас). Адам саудасының тағы 
басқа үш құрбаны өздерінің медициналық көмек 
алуына «Сана Сезім» үкіметтік емес ұйымының 
көрсеткен маңызды көмегі туралы айтып берген. 
«Менің басым ауырады, кейде көзім ауыра-
ды, мазасыз күйде боламын. Мен үнемі уай-
ымдаймын. Емханалардағы дәрігерлердің 
және «Сана Сезім» үкіметтік емес ұйымының 
психологының ем курсын өттім.…Шынымен 
де маған керек көмектің бәрін көрсеттім» 
(300, адам саудасының құрбаны, жынысы-
әйел, 20 жас). 
«Мен үйімен оралғаннан кейін гинекологқа ба-
рып тексеруден өттім, менің жезөкшелікпен 
айналысқанымның салдарынан көптеген 


жүктеу 2,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау