ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ
ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
112
асылып қалғым келді. Мен жіпті дайындап
жылап жүрдім. Менің әпкем көріп, не істегелі
жүргенімді түсініп, мені тоқтатты» (108,
әлеуметтік жағынан осал бала, жынысы–
әйел, 15 жас).
ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОрЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ
КөрГЕНДіКТЕН
Кейбір балалар/жасөспірімдер өзіне–өзі
зақым келтіруге және өзіне-өзі қол жұмсауға
бағытталған іс-әрекеттерді отбасында, ата-
аналарының арасында зорлық-зомбылықты
көргендіктен жасағанын айтып берген. Көптеген
жағдайларда олар әкесінің анасын ұрғанының
куәсі болған, кейде зорлық-зомбылық
кедейлікпен және/немесе ата-анасының бірінің
немесе екеуінің де алкогольді ішімдіктерді асыра
қолданумен байланысты болған. Бір әлеуметтік
жағынан осал бала және адам саудасының бір
құрбаны былай деген:
«Мен әдейі өзіме зақым келтіре бастағанда
жасым 14 –те болды, мен бұны анам ішетін
болғандықтан және өгей әкеммен кикілжің
(зорлық-зомбылық) болғандықтан жасадым.
Өгей әкем анамды ұратын. Мен қолымды
ұстарамен кестім. Енді менің қолымда
тыртықтар қалды. Көрші әйел мені көріп,
бетімнен шапалақпен тартып жіберді,
үстіме су құйып жіберді» (106, әлеуметтік
жағынан осал бала, жынысы–әйел, 16 жас).
«Мен 14 жасымда өзіме әдейі зақым келтіре
бастадым. Бір күні кешке мен өзімді нашар
сезіндім, үйде тіпті кішкене нан бөлігі де бол-
мады, ал менің ата-анам ұрысып, менің сіңлім
жылады. Мен білегімді кескім келді. Бірақ
әпкем мені тоқтатты, сосын біз бірге жыла-
ды» (382, адам саудасының құрбаны, жыны-
сы–әйел, 16 жас).
Бір қыз ата-анасының арасындағы зорлық-
зомбылық оқиғасына куә болғаннан кейін және
өзіне қол жұмсайтынын айтып қорқытқанда,
әкесінің
қолына пышақты ұстатып, тамырыңды
кес дегенін айтып берген.
«Мен өзіме қол жұмсамақ болғанымда жасым
бесте болды. Менің анам және әкем ұрысып,
анам кетіп қалды. Әкем бірдеңе айтты,
мен тамырымды кесемін деп жауап бердім.
Ол маған пышақ беріп, «Егер сондай батыл
болсаң, кес» деді. Мен пышақты алып, та-
мырымды кеспек болдым, бірақ қолым ау-
ырды, сондықтан қорқып, саяжайға қашып
кеттім» (405, әлеуметтік жағынан осал
бала, жынысы–әйел, 13 жас).
АТА-АНАСЫ/ҚАМҚОрШЫЛАрЫ
АЖЫрАСҚАНДЫҚТАН НЕМЕСЕ ДүНИЕ
САЛҒАНДЫҚТАН
Кейбір әлеуметтік жағынан осал балалар
өзіне–өзі зақым келтіруге және өзіне-өзі қол
жұмсауға бағытталған іс-әрекеттерді ата-ана-
сы/қамқоршылары ажырасқандықтан немесе
дүние салғандықтан жасағанын айтып берген.
Екі әлеуметтік жағынан осал бала былай деген:
«Менің жасым 15-те болғанда, әкем бізді
тастап кеткенде мен өзіме қол жұмсамақ
болдым. Менің өлгім келді және асылып
қалмақ болдым, бірақ анамды аядым» (345,
әлеуметтік жағынан осал бала, жынысы–ер,
16 жас).
«14 жасымда мен өзіме қол жұмсамақ бол-
дым... Мен анамды табыттан көргеннен
кейін, мойныма арқан салдым. Ол 16 маусым-
да ауруханада жүрек талмасынан қайтыс
болды» (29, әлеуметтік жағынан осал бала,
жынысы–ер, 14 жас).
Бір әлеуметтік жағынан осал қыз өзі кішкентай
болғанда ата-анасы қайтыс болып, атасы мен
әжесі оның негізгі қамқоршылары болғанын ай-
тып берген, алайда атасы қайтыс болғанда ол
үш рет әртүрлі жолдармен – дәрігерлерді артық
мөлшерін ішу, асылу және биіктен секіру арқылы
өзіне қол жұмсамақ.
«Менің ата-анам жоқ. Тек ағам мен әпкем бар.
Маған өмір сүру қиын, атам қайтыс болған
соң қатты қиналдым.… Ол қайтыс болғаннан
кейін мен үш рет өзіме қол жұмсамақ болдым.
Мен іше бастадым, сабаққа бармай қалатын
болдым, тым көп дәрі ішіп өзімді уламақ бол-
дым. Сонымен бірге мен асылып қалмақ бол-
дым. Менің дос қызым мені қолдады. Мен ба-
лалар үйінен директорға кешікпеймін деп уәде
беріп кеттім, бірақ кеш болды, мен баруға
ұялдым. Мен терезеден секіру әрекетін жа-
садым» (116, әлеуметтік жағынан осал бала,
жынысы–әйел, 16 жас).
Бір әлеуметтік жағынан осал қыз соңғы бес жыл
ішінде, 9 жасынан бастап бірнеше рет өзіне қол
жұмсамақ болғанын айтқан. Оның бірінші өзіне
қол жұмсау әрекеті анасының қайтыс болуы-
мен байланысты болған. Оның екінші өзіне қол
жұмсау әрекеті оның атасының [оның негізгі
қамқоршыларының бірі] қайтыс болуымен, ал
үшінші және төртінші өзіне қол жұмсау әрекеттері
әжесімен [оның қалған қамқоршысы] болған
кикілжіңге байланысты болған. Ол тамырын
кесіп, үш рет өзіне
қол жұмсамақ болған және бір
рет асылу арқылы өзіне қол жұмсамақ болған.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
113
«Менің жасым 9-да болғанда мен өзіме әдейі
зақым келтіруді және өзіме қол жұмсау
әрекетін жасауды бастадым. …Бірінші рет
анам қайтыс болғанда, мен тамырым-
ды ұстарамен кестім… Екінші рет – атам
қайтыс болғанда, жасым 10-да болғанда. Мен
тамырымды кестім…. Үшінші рет – жасым 13-
те болғанда. Мен әжемнің көзінше тамырым-
ды пышақпен кестім. Мені үнемі басқалармен
салыстырғаны ығыр қылды. Сонымен бірге
бір күні жасым 11-де болғанда, мен асылып
қалуға әрекет жасадым. Мен балконда өзіме
қол жұмсауға бел байладым, бірақ әжем аман
алып қалды» (331, әлеуметтік жағынан осал
бала, жынысы–әйел, 14 жас).
БАЛАДАН БАС ТАрТҚАНДЫҚТАН
Кейбір балалар өзіне–өзі зақым келтіруге
және өзіне-өзі қол жұмсауға бағытталған іс-
әрекеттерді ата-аналарының
өздерін тастап кет-
кендей сезінгендіктен немесе іс жүзінде тастап
кеткендіктен жасағанын айтқан. Екі әлеуметтік
жағынан осал бала және бір секс-жұмыскер бы-
лай деген:
«Менің жасым 16-да болғанда, мен өзіме
әдейі зақым келтіре бастадым, мен көп ау-
ырдым, бәрінен шаршадым. Мен үйде жалғыз
қалғанда, тамырымды кестім...Бір рет мен
өзіме қол жұмсамақ болдым. Маған өте қиын
болды, мен ауырдым және қатты шарша-
дым» (346, әлеуметтік жағынан осал бала,
жынысы–әйел, 17 жас).
«Мен 15 жасымда өзіме қол жасауға әрекет
жасадым. Бәрінен зеріктім және мен ешкімге
керегім жоқтай көрінді және өмір сүруге себеп
болмады. Мен осындай өмір сүргім келмеді.
Бұл жағдай әжемнің үйінде болды. Мен өзімді
пышақпен бауыздағым келді, бірақ ағам келіп,
мені тоқтатты» (168, әлеуметтік жағынан
осал бала, жынысы–ер, 17 жас).
«17 жасымда мен өзіме қол жұмсауға әрекет
жасадым… Мен өмір сүргім келмеді, себебі
мен ешкімге керек болмадым…. Менің өлімім
барлық мәселелерді шешеді деп ойладым»
(13, секс-жұмыскер, жынысы-әйел, 20 жас).
БАуЫрЫ НЕМЕСЕ ЖАҚЫН ДОСЫ ДүНИЕ
САЛҒАНДЫҚТАН
Бірнеше балалар/жасөспірімдер өзіне–өзі
зақым келтіруге және өзіне-өзі қол жұмсауға
бағытталған іс-әрекеттерді бауыры немесе өзінің
пікірі бойынша бауырындай болған жақын досы
дүние салғандықтан жасағанын айтып берген.
Бір әлеуметтік жағынан осал бала және бір секс-
жұмыскер былай деген:
«Менің жасым 16-да болғанда, мен өзімді
есірткінің артық мөлшерін қолдану арқылы
өлтіргім келді, себебі менің інім қайтыс болды.
Оның жасы 6-да еді, ол шала туған болатын,
оның жүрегі тоқтап қалды» (323, әлеуметтік
жағынан осал бала, жынысы–ер, 17 жас).
«19 жасымда мен өзіме әдейі зақым келтіре
бастадым…. Мен дос қызым қайтыс
болғандықтан қайғырдым. Біз бала кезімізден
дос болдық, ол маған бауырымдай болды,
сондықтан онсыз өмір сүргім келмеді.… Бір
рет мен өзіме қол жұмсамақ болдым. Мен дос
қызым қайтыс болғандықтан өлгім келді»
(282, секс-жұмыскер, жынысы–әйел, 21 жас).
ДОСЫМЕН ҰрЫСҚАНДЫҚТАН/ДОСЫНАН
АйрЫЛҒАНДЫҚТАН
Сауалнама мәліметтері бойынша өзіне–өзі зақым
келтіруге және өзіне-өзі қол жұмсауға бағытталған
іс-әрекеттерді дос жігітке таласқандықтан немесе
дос жігітінен айрылғандықтан көбінесе қыздар
жасаған, ал дос қызы үшін жасаған жігіттер си-
рек. Төрт қыз (бірі – әлеуметтік жағынан осал
бала, адам саудасының екі құрбаны және бір
секс-жұмыскер:
«16 жасымда мен өзіме әдейі зақым келтіре
бастадым және өзіме қол жұмсауға әрекет
жасадым…. Мен өзімді нашар сезінгенде, та-
мырымды кестім. 14 жасымда 20 дәрі іштім,
мені ауруханаға жеткізіп, асқазанымды
жуды. Жедел ем алғаннан кейін мен ауру-
ханада 3 апта жаттым. Бұл жағдай мен
жігітіммен ұрысып қалғаннан кейін болды.
Мен оған ештеңе айтқан жоқпын, бірақ ол
менің достарымнан бұл жайында біліп, менің
жағдайымды сұрап келді» (332, әлеуметтік
жағынан осал бала, жынысы–әйел, 16 жас).
«Мен 16 жасымда өзіме әдейі зақым келтіре
бастадым. Себебі өзімнің жігітіммен ұрысып
қалдым» (468, адам саудасының құрбаны,
жынысы-әйел, 17 жас).
«14 жасымда, мен өзіме қол жұмсамақ
болғанда….Жігітім мені тастап кеткенде
мен суға батып өлгім келді. Бірақ олар мені
судан шығарып алды. Содан соң мен оның
бұған лайықты емес екенін түсіндім» (13,
адам саудасының құрбаны, жынысы-әйел, 20
жас).
«15 жасымда мен өзіме әдейі зақым келтірдім.
Сол уақытта менің жағдайым қиын болған,