ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
114
себебі менің жігітім менің көзіме шөп сал-
ды. Бұл маған эмоционалды психологиялық
зақым келтірді, мен бұған сене алмадым және
түсіне алмадым. Содан соң мен шылым тар-
та бастадым, бір күні мен отырып, қолымды
тіктім, сосын мен ойымды жинақтап, өмірде
түрлі жағдай болатынын және бұның мен
үшін қажет емес екенін түсіндім. Мен оңала
бастадым» (369, секс-жұмыскер, жынысы–
әйел, 17 жас).
Бір секс-жұмыскер аяғы ауыр болған соң және
жігіті тастап кеткен соң өзіне-өзі қол жұмсау
әрекетін жасағанын айтқан. Осы уақытта ана-
сы оны үйінен қуып жіберген, бірақ ол өзінің
жігітінен айрылғандықтан өзіне қол жұмсамақ
болғанын айтқан.
«Мен анам қуып жібергенде өзіме қол
жұмсамақ болдым. Менің аяғым ауыр еді,
ал жігітім мені тастап кетті...Мен өзімді
өлтірмек болдым, себебі менің махаббат-
та жолым болмады» (195, секс-жұмыскер,
жынысы-әйел, 19 жас).
Тек бір ұл бала дос қызымен ұрысқан соң өзіне
зақым келтіргенін және мұғалімі қызының ал-
дында өзі туралы және ата-анасы туралы жаман
сөздер айтқандықтан өзіне-өзі қол жұмсамақ
болғанын айтқан.
«13 жасымда мен өзіме әдейі зақым келтіре
бастадым. Бұны істеген себебім – дос
қызыммен ұрысып қалдым. Біз екі мұғалімнің
кесірінен ұрыстық. Олар оған және оның ата-
анасына мен туралы жаман сөздер айтқан»
(178, әлеуметтік жағынан осал бала, 15 жас).
МЕКТЕПТЕГі ҚҰрДАСТАрЫ МАЗАҚ
ЕТКЕНДіКТЕН
Кейбір балалар/жасөспірімдер сонымен бірге
өзіне–өзі зақым келтіруге және өзіне-өзі қол
жұмсауға бағытталған іс-әрекеттерді мектептегі
құрдастары немесе басқа балалар мазақ
еткендіктен және олар туралы өсек айтқандықтан
өздерін шеттетілгендей, жәбірленгендей
сезінгендіктен жасағанын айтып берген. Оларды
мазақ еткендіктен, өсек айтқандықтан бұл бала-
лар мектептегі құрдастарының арасында достары
жоқ екенін сезінген. Осы балалардың көпшілігінің
өмірлерінде күйзеліс және мазасыздық сезінудің
тағы басқа себептері болған, мысалы ата-ана-
сынан айрылу, отбасындағы зорлық-зомбылық
және кикілжің, балаларға қатігездік көрсету
және қараусыз қалдыру. Адам саудасының бір
құрбаны және үш әлеуметтік жағынан осал бала
былай деген:
«13 жасымда мен өзіме әдейі зақым келтіре
бастадым. Мен өзімді қорланғандай сезіндім,
себебі бәрі маған күлетін. Менің достарым
жоқ еді. Мен ылғи да ескі киім киетінмін, ешкім
менімен сөйлескісі келмейтін. Мектепте мен
ылғи да артқы қатарда соңғы партада оты-
ратынмын» (457, адам саудасының құрбаны,
жынысы-әйел, 16 жас). [сауалнаманың басын-
да ол өзінің кішкентай кезінде ата-анасының
қайтыс болғанын айтқан. Ол өзінің туыста-
рымен тұрған, бірақ өзін оларға жат сезінген.
Ол үй шаруасымен айналысқан, ал олар оған
үнемі айқайлап, оны ұрлық жасадың деп
кінәлаған. Ол ескі киімдер кигендіктен мек-
тепке баруға ұялғанын айтқан].
«15 жасымда мен өзіме әдейі зақым келтіре
бастадым. Мен жаңа мектепке көшкенмін,
барлығымен достастым. Содан соң бір
жаңа қыз келді де, барлығына мені сынып-
тас балалар туралы жаман сөздер айтты
деген, содан соң олар менімен сөйлеспей
қойды. Мен дүкенге бардым да, ұстара және
шылым сатып алдым. Мен ауладағы жазғы
отырғышта ойланып, шылым тартып
отырдым. Содан соң ұстараны алып, әуелі
менің достарымның есімдерін жаздым, со-
дан соң тамырымды кесе бастадым, қан
аға бастады. Содан соң мені досым көріп,
үйіне алып келді, оның анасы менің қолымды
таңып берді» (110, әлеуметтік жағынан осал
бала, жынысы–әйел, 15 жас).
«Мен 15 жасымда өзімен зақым келтіре ба-
стадым. Үш ай бұрын мен достарыммен
сыра іштім, сосын біз төбелестік. Олар
мені тастап, кетіп қалды. Менің көңіл –
күйім бұзылған еді, сондықтан мен бөтелке
сынықтарын алып, қолымның барлық жерін
кескілеп тастадым» (220, әлеуметтік
жағынан осал бала, жынысы–ер, 15 жас).
«13 жасымда мен өзіме әдейі зақым келтіре ба-
стадым..Мен ақымақ едім...Ұл бала үшін өзіме
зақым келтіру әрекетін жасадым. Мен мені
асырап алғанын білдім, мектепте барлығы
мен туралы өсек айтып жүрді, сондықтан
менің өмір сүргім келмеді» (225, әлеуметтік
жағынан осал бала, жынысы–әйел, 16 жас).
ИНСТИТуцИОНАЛИЗАцИЯ БОЛҒАНДЫҚТАН
Көптеген әлеуметтік жағынан осал балалар
өзіне–өзі зақым келтіруге және өзіне-өзі қол
жұмсауға бағытталған іс-әрекеттерді балаларға
арналған мемлекеттік мекемелердің біріне
орналастырылғандықтан жасағанын айтқан. Үш
әлеуметтік жағынан осал бала былай деген:
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
115
«Мен өзімнің денемді ауырта бастадым. Менің
жасым 12-де болғанда мен Жасөспірімдерді
бейімдеу орталығына түстім, содан соң
өзіме зақым келтіре бастадым. Мен өзімді
осында алып келген сол қыдырғаным үшін
өзіме ұрысатынмын. Мен ашуланғанда өзімді-
өзім ұрамын» (215, әлеуметтік жағынан осал
бала, жынысы–ер, 17 жас).
«Менің жасым 16-да болғанда, өзіме әдейі
зақым келтіре бастадым. Мен үйімді қатты
сағындым. Мен өзімді жарақаттағым келді»
(118, әлеуметтік жағынан осал бала, жыны-
сы–ер, 17 жас).
«13 жасымда балалар үйінде мен өзіме қол
жұмсамақ болдым, себебі маған үйге оралуға
рұқсат бермеді» (227, әлеуметтік жағынан
осал бала, жынысы–әйел, 15 жас).
Басқа әлеуметтік жағынан осал балалар бала-
лар үйінде бастарынан кешкен оқиғалардың
салдарынан, соның ішінде осындай мекемеге
орналастырғандықтан күйзеліс пен мазасыздық
сезінгендіктен және қызметкерлердің тарапынан
қатыгездік көргендіктен өздеріне қол жұмсамақ
болғанын айтқан. Үш әлеуметтік жағынан осал
бала былай деген:
«Мен 15 жасымда өзіме әдейі зақым
келтіре бастадым. Менің өлгім келді. Мен
балалар үйінде оқығанымда мұғалімдер
үнемі маған айқайлайтын. Адамдардың
айқайлағаны маған ұнамайды, мен мазасыз-
данып, тұншыға бастаймын. Кейде мен жай
ғана отырып ойланамын және өмір сүргім
келмеді. Мені ылғи да біреу тоқтатын не-
месе мен не істеп жатқанымды түсінгенде
өзімді тоқтататынмын» (107, әлеуметтік
жағынан осал бала, жынысы–ер, 16 жас).
«13 жасымда мен өзіме-өзім қол жұмсамақ
болдым. Мен балалар үйінде тұратынмын.
Жасы үлкенірек балалармен кикілжіңнің сал-
дарынан менің көңіл-күйім бұзылған еді, бұл
туралы ешкімге айтқам келмеді. Мен та-
мырымды кесуге болады деп ойладым...Бірақ
бұны істеу үшін батылдығым жетпеді» (330,
әлеуметтік жағынан осал бала, жынысы–ер,
16 жас).
«Мен 5 рет өзіме қол жұмсамақ болдым… Мен
асылып қалғым келді, себебі мен Кәмелетке
толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу
және оңалту орталығында тұрғым келмеді.
Осы жерде жаман, барлық нәрсені тәртіпке
сай жасау керек, таңертең сағат 7 –де тұрып,
күніне 3 рет тамақ жейміз. Бұл жақсы, бірақ
мен таңертең ерте тұрғым келмейді. Осы
орталық түрме сияқты, барлық жерде тор
қойылған, қызметкерлер бізді қашып кетеді
деп қорқады. Біз қылмыскер сияқтымыз»
(400, әлеуметтік жағынан осал бала, жыны-
сы–ер, 13 жас).
Кейбір әлеуметтік жағынан осал балалар арнайы
мекемелерде тұрудың салдарынан өздеріне
қол жұмсамақ болған, себебі олар мекемеден
шығарылғанда бұл басқа адамдардың (соның
ішінде ата-аналарының, мұғалімдерінің және
құрдастарының) оларға деген көзқарастарына
әсер еткен.
«13 жасымда мен өзіме зақым келтіре ба-
стадым, себебі мені барлығы жәбірлейтін
мектепте оқитынмын. Мен бақытсыз
болдым, маған көптеген қиындықтармен
күресуге тура келді. Мен жиі жылайтынмын.
Мен барлығы Кәмелетке толмағандарды
уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту
орталығы туралы ұмытып кетсе екен деп
тіледім. Мен осы жерде 5 рет болдым» (400,
әлеуметтік жағынан осал бала, жынысы–ер,
13 жас).
ЖЫНЫСТЫҚ ЗОрЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ
ЖАСАу МАҚСАТЫМЕН ТИіСуГЕ/ЗОрЛАуҒА
ҰШЫрАҒАНДЫҚТАН
Көптеген қыздар өзіне–өзі зақым келтіруге
және өзіне-өзі қол жұмсауға бағытталған іс-
әрекеттерді жыныстық зорлық-зомбылық жасау
мақсатымен тиісуге/зорлауға ұшырағаннан кейін
және кейбір жағдайларда жыныстық қатынас
арқылы таралатын ауруларды жұқтырғандықтан
жасағанын айтып берген.
«Мен 16 жасымда өзіме әдейі зақым келтіре
бастадым, себебі мені зорлағанынан ұялдым.
Мен зорлаудан кейін ауру жұқтырғанымды
білгенде өзіме бір рет қол жұмсамақ бол-
дым. Мен уланып қалғым келді. Анам менің не
істегелі жүргенімді біліп, маған кедергі жаса-
ды. Қазір мен не істерімді білмеймін, себебі
мен күйеуге шығуым керек, сондықтан мен
балаларым қандай болып туатынын ойлап
уайымдаймын» (207, әлеуметтік жағынан
осал бала, жынысы-әйел, 17 жас).
«13 жасымда мені зорлады. Мен өзіме қол
жұмсамақ болдым, себебі мен өмірден шарша-
дым» (221, әлеуметтік жағынан осал бала,
жынысы-әйел, 16 жас).
«13 жасымда біз ішімдік ішіп алдым, әрі қарай
не болғанын білмеймін. Мені 2 жігіт зорлаған
деп ойлаймын. Таңертең оянғанымда мен
жылай бастадым. Олар [зорлаушылар] менің
Достарыңызбен бөлісу: |