Қабдрашитов Санжар 21-гтк-1 Философияның адам мен қоғам өміріндегі рөлі Философия сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда даналыққа құштарлық phileo – «сүю», «құштарлық»



жүктеу 22,22 Kb.
Дата17.04.2023
өлшемі22,22 Kb.
#42185
фио (копия)


Қабдрашитов Санжар 21-ГТК-1
Философияның адам мен қоғам өміріндегі рөлі
Философия сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда даналыққа құштарлық (phileo – «сүю», «құштарлық», sophia – «даналық») дегенді білдіреді. Философия сөзін бірінші болып қолданған ежелгі грек математигі және ойшылы Пифагор болды. Аңыз бойынша ежелгі грек қалалары билеушілерінің бірі одан өзінің кім екендігін сұраған кезде, Пифагор: «Философ» деп жауап берген екен. Билеушіге бұл сөз беймәлім еді, Пифагор оны былайша түсіндірді: «Өмір олимпиядалық ойындарға ұқсас: біреулер оған жарысу үшін, басқалары сауда жасау үшін, ал ең бақыттылары көру үшін келеді. Өмірде де солай – біреулер даңқ пен байлыққа деген ашкөздікпен дүниеге келеді, ал философтар болса тек бір ғана ақиқат үшін жаралған». Осыдан философтың даңқ пен байлықты ойламайтындығы, бірақ заттар табиғатын (мәнін) зерделейтіні және аңдайтыны келіп шығады.
Бастапқыда философилық даналық дәстүрлі өмір салты, нормалар мен ұғымдар ретінде көрініс береді. Философияның алғашқы өскіндері әдеттегі, дәстүрлі патриархалдық қағидалардың әділеттігі мен шынайылығына күмән келтіру негізінде өніп шықты.
Тұтастай алғанда, философия ережелері мен әдістері енді табиғи және әлеуметтік шындықты түсіндіру үшін жеткіліксіз болып табылатын мифологиялық – діни сананың дағдарысы кезеңінде пайда болды. Бұл кезде ақиқатты жалпы қабылданғаннан, шынайыны көзге ұрынатыннан бөліп алу, сондай-ақ жаңа өмірлік бағдарлар құру қажеттілігі туындады. Бұл міндеттерді шешуге әрекеттену философияны дүние мен адам туралы еркін, сыни тұрғыдан, зерделі ойлау ретінде дамытуға әкеледі.
Алғашқы ұлы философтар бұдан 2,5 мыңдай жыл бұрын өмір сүрді. Жалпы адамзаттың әртүрлі дәуірлерінде «философия» сөзіне бірыңғай мағына берілген емес. Алайда бұл сөздің шығу тегінің өзі барлық шынайы философияның нақты белгілерін сәтті бейнелеп тұрғандығын мойындаған жөн. Ежелгі Шығыста дана-философты ақиқат пен мәңгіліктің үйлесімін зерделейтін адам ретінде түсінді. Бұл жерде даналықты «барлығынан» бас тарту ретінде қабылдаудың дәстүрлі түсінігі дамыды. Ерекше жаратылған адам ретінде «дана» дүниеге тиесілі емес және тіршілік күйбеңінен тым қашық деген пікір басым болды. Дана байсалды және алаңсыз, өйткені дүниедегі қандай нәрсе болса да, оны алаңдата алмайды.
Ежелгі грек философиясында даналық түсінігмен білім мен мінез құлықтың ең жоғарғы мұраты байланыстрылды. Ол адамды мәңгілік пен шексіздікті ақылмен ұғынуға, толып жатқан сан алуан өтпелі құбылыстарды шыдамдылықпен қабылдауға үйретеді. Нақ сол өмірді лайықты және бағалы етеді. Даналыққа ұмтылушы адам әрқашан заттар табиғатымен келісімді түрде әрекет етуі тиіс. Сондықтан да білімнің бәрі даналық емес, Гераклит әділ атап көрсеткендей «көп білім ақылға үйретпейді», даналықты арттырмайды.
Ұлы Аристотель бізге дана түсінігін ұғына білуіміз үшін көптеген өсиеттерін қалдырды. «Біріншіден, дананың, жеке алып қарағанда, әрбір зат туралы білімі жоқ болса да, біз ол туралы мүмкіндігінше көп біледі деп ұйғарым жасаймыз. Екіншіден, біз адам үшін қиын және қол жеткізу оңай емес нәрсені танып білуге қабілетті адамды дана деп есептейміз. Үшіншіден, біз барлық ғылымда себептерді айқындауды үйретуге неғұрлым қабілетті және неғұрлым дәлдік танытатын адамды дана деп есептейміз. Төртіншіден, ғылымдар арасында көмекші ретінде көп мөлшерде үстемдік ететіндеріне қарағанда, өзі және таным үшін қалаулы болатындары көп мөлшерде дана болады». Аристотельдің пікірінше, дана адам рақаттануды емес, азапты болдырмау жолын іздеуі тиіс.
Жаңа уақытта француз философы және ғалымы Рене Декарт мынаны атап көрсетті: «Даналық ретінде істеріндегі ізгі зерделілік қана емес, сондай-ақ адам танып біле алатынның бәрін жете білу түсініледі. Бұл білім өмірдің өзін бағыттайды, денсаулықты сақтауға, сондай-ақ барлық ғылымдардағы жаңалықтарға қызмет етеді». Декарт даналықтың бірнеше баспалдағын ажыратуды ұсынды. Бірінші баспалдақ ойлап-толғанусыз-ақ меңгерілуі мүмкін айқын ұғымдарды пайдалана білушіліктен көрінеді. Екіншісі сезімдік тәжірибе мәліметтерін қамтиды. Үшіншісі бізді басқа адамдармен қарым-қатынас жасау неге үйрететіндігін есепке алумен көрініс береді. Төртінші баспалдақ жақсы өсиеттері бар кітаптарды оқу негізінде игерілетін біліммен байланысты болады. Даналықтың ең жоғары тұрған бесінші баспалдағы алғашқы себептер мен ақиқаттық бастамаларды іздестіруге бастайды. Даналықта адам өмірінің жоғары игілігі көрініс табады. Философия бұған дейін беймәлім болып келген ақиқатты табуда бастан өткізетін әдеттен тыс рақаттануға жетелейді.
Осылайша терминнің этимологиялық мәніне сәйкес философия «даналыққа құштарлық» немесе даналықты сүю болып табылады. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, философияның мәні адамның жетілдірілген білімге деген мәңгі қажетсінуін қанағаттандырудан құралады, мұндай білім даналдық болып табылады. Сонымен даналық дегеніміз – терең ойлылық, қолжетімдігі қиын нәрсені танып білу, өмір тіршілігінің жаңа бағдарларын дайындау, оның басты құндылықтарын анықтау шеберлігі.
Бұған қоса философия дегеніміз осы түсінікке сәйкес, даналықтың өзі емес, тек қана даналықты іздеу, оған ұмтылу ғана болып табылады, мұны құштарлық күшінің мағынасында сүйіспеншілікке теңеуге болады.

  1. Философия даналықпен, ақыл-оймен байланысты. Философия терминінің өзі грек тілінен аударғанда phileo — сүйемін, sophia — даналық дегенді, басқаш айтсақ, даналыққа құштарлы дегенді білдіреді.

  2. Философияның басы — таңдану. Сократ «Менің білетінім — мен ештеңе білмеймін» дегендей, таңданған адам заттың, құбылыстың себебіне тереңдеп үңіледі, философиялық пайымдау жасауға ұмтылады.

  3. Философиялық білімге еркіндік, тәуелсіздік тән.

Адам философиялық білім жинауға өз еркімен ұмтылады. Тәуелділік философияны көркейтпейді. Кеңетік кезеңдегі философияның мазмұны бұл пікіріміздің жақсы мысалы.

  1. Философия ақылды ойлау мәдениетін қалыптастырады. Бұл — байыпты, ғылыми, толерантты, еркін, творчестволық ойлау.

  2. Философия жауабын табу қиын, тез арада шешу мүмкін емес, күрделі мәселелерді зерттеумен айналысады. Мысалы, адам өмірінің мәні мәселесі, табиғат, қоғам, және адамның арақатынасы мәселесі мәңгілік мәселелер болып саналады.

Философияның анықтамасы: Философия — бар болып отырғанды (сущее) тұтас, элементтері бірі-бірімен тыгыз байланысты түрде қарастыратын, оның даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Осы бар болып отырғанның арасындағы басты элемент — Адам, сондықтан ол философияның ең басты зерттеу объектісі. М.Әуезов: «Философия…- кең ақыл, терең қиял шығарған, адамның жанын тәрбиелейтін, жүрегін ағартып, адамшылығын арттырып, ақтылыкқа сүйрейді. Философия:

  1. адамның қайдан жаралғанын шешпек;

  2. адамның жанын, ішкі халін тексермек;

  3. адамның дүниеге келген мақсатын тексермек.

Философия адамшылық жолындағы қараңғы қалтарыстарда қолға ұстаған шамшырақ» дейді.
Бұл ойларды неміс философы И.Канттың сөздерімен толықтыруға болады:

  1. Мен не біле аламын?

  2. Мен не істеуім керек?

  3. Мен не нәрсеге үміттене аламын?

  4. Адам дегеніміз не?

Бірінші сұраққа метафизика жауап береді, екіншісіне мораль, үшіншісіне — дін, төртіншісіне — антропология. Бірақ осының бәрін антропологияда жинақтауға болады, себебі алдыңғы үш сұрақ соңғыға кіреді. …Адамға аса қажет білім болса, ол мен оқытып отырған, адамға дүниеден өз орнын табуға көмектесетін ғылым және одан адам болу үшін не істеуді үйренуге болады».
Философияның адам мен қоғам өміріндегі орны аса зор:
1) философия жеке адамның, әсіресе, жоғары оқу орында білім алушы маманның Тұлға ретінде қалыптасуына маңызды ықпал етеді.
2) Философия адамға өмірлік бағыт-бағдар береді.
3) Философия дұрыс, ақылды ойлай білуге, өзі туралы тереңірек ойлануға әсерін тігізеді.
Швейцария философы Ю.Бохенский философияның қоғамдағы, адам өміріндегі рөлі туралы айта келіп, ұғымдар әлемінде өзімен-өзі өмір сүруші, адамдарын көбі үшін түсініксіз жан ретінде қабылданатын қарапайым философтың оны қоршаған басқа адамдардың, жалпы қоғамның санасына күштіәсер ететіндігін ескертеді, философ өз ойымен әуелі бір адаммен, сонансоң екінші, үшінші адаммен, бірте-бірте бүкіл қоғаммен бөлісіп, философиялық ой көпшілікке түсінікті болған жағдайда бүкіл адамзаттың бейнесін өзгерте алады деген болатын.
Жоғары білім беру саласында дайындалған маманның кәсіптік деңгейімен бірге адамгершіліктік-рухани және әлеуметтік келбетінің де биік болуы қазіргі кезеңде ерекше өзекті. Осы тұрғыдан алғанда университет қабырғасына білім алушы жастардың қарапайым индивид-пенде емес, өзіне, қоғамға, өмірлік процестерге деген терең көзқарасқа ие тұлға болып қалыптасуына айқындаушы әсер ететін философия ғылымы мен оны жастарға жоғары оқу орындарында оқытатын философ мамандарға қойылып отырған талаптардың маңызы арта түсіп отыр.
Философия пәні бойынша бакалавриат сатысына арналған бағдарламада негізгі назар философия тарихын зерттеуге аударыла бастады, бұл қадам дұрыс деп ойлаймыз. Белгілі философ К.Ясперстің пікірінше, «философия тарихы — философиялық пайымдаудың маңызды элементі. Өткенге, тұтастың ең биік дүние-туындылары мен мүмкіндіктеріне үңілу арқылы ғана өз бойындағы айқындық пен кеңдік мүмкіндігін анықтауға болады» (К.Ясперс. Всемирная история философии. СПб., 2000, 258 с.).
Философияның басқа ғылымдардан бір ерекшелігі — ол өзінің өткенін ешқашан жоққа шығармайды, керісінше, оны саралап, өзінің болашақ дамуына қажетті ой-пікір, көзқарас, идеяларды алып отырады. Философия тарихында адам ойының керемет жетістіктері, ең биік үлгілері жинақталған, бірақ олар танушы тұлғаның философиялық ойлау процесін шектемейді, оның шарықтауына, тұлғаның өзіндік «Менін» көрсетуіне шексіз мүмкіндік-кеңістік ашады.
Философия тарихын құрайтын философиялық тұлғалар. Философиялық ой біз үшін оны пайымдаған тұлғалар арқылы ғана мәнді, себебі білімді жинақтайтын нақты адамдар және олардың өзіндік ерекшеліктері, басқаға ұқсамайтын жеке қасиеттері көбірек болған сайын ғылым мен мәдениетке қосатын үлестері де маңызды және мол бола түседі. Философиялық тұлғалардың, К.Ясперстің сөзімен айтсақ, «философия кеңістігіндегі субтанциялардың» қайталанбас дүниесіне үңілу, жеке өмірі мен шығармашылығын талдау, тіпті кейбір биографиялық кезеңдеріне назар аудару танушы субъектінің тұлғалық қалыптасуына маңызды әсер етеді. Мысалы, Сократ, И.Кант, Л.Толстой, Абай, Шәкәрім және тағы басқа ойшылдардың ақиқатқа жету жолындағы адами және ғылыми тазалығы философиялық ізденіске деген құштарлығы мен құрбандығы жастарға ой салып, олардың тұлғалық келбетінің қалыптасуына оң әсер ететіні сөзсіз. Философия тарихы біздің танымымызды тарихи тұлғалардың шығармалары, тағдыры, мінез-құлқы, өмір салты арқылы ашылатын өмірлік құндылықтармен толықтырады. Танушы субъект философияның көмегімен өз өмірін саналы түрде қайтадан, бұрынғыдан әлдеқайда жоғары деңгейде түсінуге жол табады. Осы ойымыздың мысалы ретінде тұлғаның өмір мәндік түсініктерінің қалыптасуындағы философияның рөлін айтсақ та жеткілікті.
Философия тарихын зерттеу тұлғаның бойында адамшылық ережелерінің жетіліп-дамуының да ішкі қозғаушы күші бола алады. Жеке философиялық тұлғалардың моральдық ілімдерін, олар теориялық деңгейде зерттеп қана қоймай, іс жүзінде ұстанған парыз, әділеттілік, мейірімділік, адалдық, өзіне ғана емес, басқаларға да қызмет ете білу, жан-жақты жетілгендікке ұмтылу және тағы басқа моральдық принциптерді танып-білу, оны өзіндік өмірлік тәжірибеде жүзеге асыруға, мақсаттық жүйеге айналдыруға талпыну — индивидтен бірте-бірте тұлғаның қалыптасуына қажетті құрылымдар.
Философия тарихы адамның бойында еркін ойлау принциптерін қалыптастыруға ерекше ықпал етеді, себебі философия — рухтың жоғарғы еркіндігі саласы және философия тарихы еркін ойлау мен еркін өмір сүрудің тамаша үлгілеріне толы.
Еркіндік мәселесі — философия ғылымы ғасырлар бойы зерттеп келе жатқан, әлі шешімі табылмаған, маңызы қазіргі заманда арта түсіп отырған «мәңгілік» мәселелердің бірі. Философиялық ойлауға тән ашықтық, сыни верификация, реализм, скептицизм, өзін-өзі сынай білу философияны игеруші субъект-тұлғаның рухани дүниесінің қалыптасуына айқындаушы әсер етеді. Философия адамға өз өмірі мен тағдырын өзі айқындауға мүмкіндігі бар екендігін, таңдау еркіндігі адамның өз қолында екендігін түсіндіреді. Бұл мәселе, әсіресе, кішкентайынан тиым салу ережелерінің қатаң шеңберінде тәрбиеленетін қазақ балалары үшін аса маңызды екенін атап ету керек. Қорқыту, тиым салу арқылы емес, саналы еркіндіктің көмегімен ғана қоғамның еркін азаматтарын қалыптастыруға болады. Әрине, абсолюттік еркіндік мүмкін емес, бірақ саналы еркіндікке ие адам ғана өзінің индивидуалдылығын қоғамдық деңгейде жүзеге асыратын тұлғаға айналады.
Ойымызды қорыта келсек, философия ғылымы адамга өзі өмір суріп отырған орта — табиғат пен қоғамның даму заңдылықтары туралы, өзінің осы жуйеде алатын орны, өмірі, өмірлік мақсат-міндеттері туралы жан-жақты теориялық білім беретін, адамның көзқарасын қалыптастыратын, сонымен қатар практикалық сипатқа ие, қазіргі заман адамына аса қажетті ғылым болып табылады. 
жүктеу 22,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау