ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ
ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ
САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
108
қашып кеткенде асылуға әрекет жасадым,
себебі мен өмір сүргім келмеді. Мен әжемді
сондай қатты сағындым, тіпті пойыздың
астына түскім келді, бірақ бір жігіт мені
құтқарып қалды. Сондай-ақ мен машинаның
астына түспек болдым, бірақ мені тағы да
құтқарып қалды. Мен өзімді ұстай алмаймын.
Бірақ қазір мен психологпен сөйлескенде,
жағдайым жақсарды...Енді мен көп нәрсені
түсіне бастадым. Мен әдейі өзіме-өзім зақым
келтіре бастағанда 10 жаста болдым. Маған
ауырсынуды сезу ұнайтын. Менің өмірім қиын
болды...Мен өзіме-өзім қол жұмсау әрекетін 15
рет жасадым.… Бұл туралы ешкім білмейтін,
тіпті менің анам да білмеді» (333, әлеуметтік
жағынан осал бала, жынысы–әйел, 15 жас).
Сауалнама мәліметтері әлеуметтік жағынан осал
балалардың, адам
саудасының құрбандарының
және секс-жұмыскерлердің өзіне-өзі зақым
келтіруге және өзіне-өзі қол жұмсауға
бағытталған іс-әрекеттерді көптеген себептер-
мен, соның ішінде мына себептерге байланысты
жасағанын көрсетті:
•
ата-анасымен/қамқоршысымен кикілжің
•
балаға қатыгездік жасау және отбасындағы
зорлық-зомбылық
•
ата-анасының/қамқоршыларының ажырасуы
немесе дүние салуы
•
баладан бас тарту
•
бауырының немесе жақын досының дүние
салуы
•
досымен ұрысу/досынан айрылу
•
мектептегі құрдастарының мазақ етуі
•
институционализация
•
жыныстық зорлық-зомбылық жасау
мақсатымен тиісу/зорлау
•
кедейлік
•
баладан айрылу
•
көптеген стресстер, қиналу және түйткілді
мәселелер
Тек адам саудасының құрбандары мен секс-
жұмыскерлер өзіне–өзі зақым келтіруге
және өзіне-өзі қол жұмсауға бағытталған іс-
әрекеттерді адам
саудасына және қанаушылыққа
ұшырағандықтан жасағанын айтқан.
Төменде берілген бөлімдерде өзіне–өзі зақым
келтіруге және өзіне-өзі қол жұмсауға бағытталған
іс-әрекеттерді жасаудың себептерінің
әрқайсысына толығырақ түсініктеме беріледі
және өзіне–өзі зақым келтіруге және өзіне-өзі
қол жұмсауға бағытталған іс-әрекеттерді жасай-
тын осы балаларға/жасөспірімдерге өз ойла-
рын ашып айтуға мүмкіндік беру үшін көптеген
әңгімелер келтіріледі. Әңгімелер көптеген
балалардың/жасөспірімдердің жылдар бойы
өзіне–өзі зақым келтіруге және өзіне-өзі қол
жұмсауға бағытталған іс-әрекеттерді бірнеше рет
жасайтынын көрсетеді.
АДАМ САуДАСЫНЫң ЖӘНЕ
ҚАНАуШЫЛЫҚТЫң ҚҰрБАНЫ
БОЛҒАНДЫҚТАН
Көптеген әйел жынысты
адам саудасының
құрбандары өздерінің өзіне–өзі зақым келтіруге
және өзіне-өзі қол жұмсауға бағытталған іс-
әрекеттерді адам саудагерлерінің торында және
қанаушылығында болғанда жасағанын айтып
берген. Адам саудасының құрбандары ретінде
оларға физикалық және жыныстық зорлық-
зомбылық
және қатыгездік жасалған, оларға ая-
усыз түрде қараған және оларды қанаған (табыс
табу үшін сатқан және қайта сатқан), олардың
денсаулығын немесе амандығын ескермеген. Көп
жағдайларда адам саудасының құрбандары өзіне–
өзі зақым келтіруге және өзіне-өзі қол жұмсауға
бағытталған іс-әрекеттерді өздері тап болған ша-
расыз жағдайдан шығудың жалғыз жолы деп
санаған, бірақ өзіне–өзі зақым келтіруге және
өзіне-өзі қол жұмсауға бағытталған іс-әрекеттер
қанаушылықты тоқтата алмаған. Көп жағдайларда
адам саудагерлері мен қанаушылары жай ғана
оларды байлап қойған немесе қайтадан жұмыс
істеуге жіберіп отырған. Төменде берілген әңгімелер
адам саудасының құрбандарының өзіне–өзі зақым
келтіруге және өзіне-өзі қол жұмсауға бағытталған
іс-әрекеттері туралы және бұның адам саудасы
мен қанаушылық жағдайымен байланысы туралы
толығырақ ақпарат береді.
«Мен әдейі өзіме-өзім ауырсыну келтіре
бастағанымда жасым 16-да болды, себебі
мен өзімді және айналамдағы адамдар-
ды жек көрдім. Мен екі рет өзіме-өзім қол
жұмсамақ болдым, қазір өзімнің істеп жүрген
істерімнің салдарынан өзімді көңіл көтеруге
арналған қуыршақтай сезінемін» (416, адам
саудасының құрбаны, жынысы-әйел, 16 жас).
«Менің өзіме –өзім әдейі ауырсыну келтіру
туралы ниетім болды, мен асылып қалғым
келді. Мені күн сайын ұратын. Бір қыз осын-
дай қиындыққа шыдамай өзінің тамырын
кеспек болған, ал менің жұмыс берушілерім
[қанаушылар] маған өлгің келсе, оны істеуге
олар маған көмектесетінін айтты…Олар
бізді белбеумен күн сайын ұратын. Ал
осы туралы шағым жазсаң, жұмыс беруші
оны қайтарып алады [тіпті полиция
қызметкерлерінен алуы мүмкін] және өзіңнің
көз алдыңда жыртып тастайды» (435, адам
саудасының құрбаны, жынысы-әйел, 21 жас).
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
109
«Мен 19 жасымда өзіме әдейі зақым келтіруді
бастадым, себебі мен өзімді бәрі тастап
кеткендей, алдап кеткендей және ештеңеге
жарамайтындай сезіндім. Мен өзіме-өзім
қол жұмсауға әрекет жасадым. Мен торға
түстім, қалай құтыларымды білмедім.
Шарасыздықтан өзімді-өзім өлтіргім келді»
(442, адам саудасының құрбаны, жынысы-
әйел, 19 жас).
«Мен өзіме-өзім әдейі зақым келтіре
бастағанда, менің жасым 17-де еді. Бірінші
аптада мен өзіме-өзім қол жұмсағым келді,
себебі мен бұл жағдай маған ауыр тиді. Бірақ
мен өзімді-өзім өлтіре алмадым, өйткені ылғи
да қасыма біреу келіп, кедергі жасады. Мені
зорлағандықтан өзіме-өзім қол жұмсауға
әрекет жасадым» (441, адам саудасының
құрбаны, жынысы-әйел, 17 жас).
«Мен 17 жасымда, мені ол [өзімнің жігітім]
сатып жібергенде, өзіме-өзім қол жұмсауға
әрекет жасадым. Ол мені сүйемін деп ант-су
ішкен. Мен оны жек көремін. Мен өмір сүргім
келмеді, бірақ Әсел мені құтқарып қалды.
Мен оған ризамын» (393, адам саудасының
құрбаны, жынысы-әйел, 18 жас).
«Мен шарасыздықтан өзіме-өзім зақым
келтіре бастағанда, менің жасым 16-да еді.
Денемнің ауырғаны жанымның ауырғанын
басатын» (367, адам саудасының құрбаны,
жынысы-әйел, 18 жас).
«Мен осы тозаққа түскенде, өмір сүргім
келмеді, сондықтан тамырымды кестім, бірақ
мені аман алып қалды. «Әжей» [оның сутенері]
тағы да осыны істесем, менің сіңлім мен
қызымды өлтіремін деп қорқытты, олардың
қайда тұратынын ол білетін (295, адам
саудасының құрбаны, жынысы-әйел, 23 жас).
«Мен бір күні өзіме-өзім қол жұмсамақ бол-
дым...Ақша үшін еркекпен жатсаң, өз анаң сені
сатып жіберсе...Мен оны жақсы көретінмін,
оған сенетінмін! Ол мені сатып кетті! Мен
тамырымды кестім, бірақ мені аман алып
қалды. Мен осы менің тағдырым екен деп
ойладым, бірақ сол оқиғадан кейін қожайын
маған жақсырақ қарай бастады» (368, адам
саудасының құрбаны, жынысы-әйел, 16 жас).
«Менің жасым 17-де болғанда, клиентпен
жыныстық қатынасқа түскеннен кейін мен
тамырымды кеспек болдым. Ол ажарсыз,
лас, ақылсыз болды. Бұл туралы айтқым
келмейді...Мен осы әрекетімді өзіме-өзім
қол жұмсу деп санамаймын. Жай ғана өзімді
жарақаттағым келді» (419, адам саудасының
құрбаны, жынысы-әйел, 17 жас).
Адам саудасының бір құрбаны өзіне-өзі қол
жұмсамақ болғаннан кейін адам саудагерінің
өзіне-өзі қол жұмсау әрекетін қайталамас үшін
оны іс жүзінде байлап қойғанын айтып берген.
«Мен өзіме-өзім әдейі зақым келтіре
бастағанда менің жасым 16-да болған. Мені
қамап қойғанда тамырымды кескім келді. Бір
қолымды ғана кесе алдым, бірақ клиенттер
уақытылы келіп, мені аман алып қалды, олар
менің қолымды таңып берді. Сол оқиғадан
кейін мені шынжырмен байлап тастады….
Менің бұл өмірде мақсатым болмады» (446,
адам саудасының құрбаны, 19 жас).
Адам саудасының басқа құрбаны өзіне-өзі қол
жұмсау әрекетінің – оны қамап қойған пәтердің
терезесінен секірмек болуының ақырында адам
саудагерінен қашып кетуге мүмкіндік бергенін
айтып берген, себебі қанаушысы оның аяғы
сынғандықтан оны ауруханаға жіберуге мәжбүр
болған.
«Мен өзіме-өзім әдейі зақым келтіре
бастағанда менің жасым 20-да еді. Мен
пәтерден қашып кеткім келді, сондықтан
терезеден секірдім де, аяғымды сынды-
рып алдым. Сутенер әйел мені ауруханаға
жатқызды.… Содан соң полиция
қызметкерлері мені осында алып келді» (438,
адам саудасының құрбаны, 20 жас).
Адам саудасының бір құрбаны тіпті бір тұрған
адам саудасының құрбандарының арасында кей-
де төбелес пен физикалық зорлық-зомбылық бо-
латынын айтқан. Іс жүзінде, ол адам саудасының
басқа құрбанымен төбелескеннен кейін өзіне-
өзі қол жұмсамақ болған, сол төбелес кезінде ол
дене жарақатын алған.
«Бір күні мен бір қызбен [адам саудасының
басқа құрбанымен] төбелестім, төбелестен
соң менің бүйрегім ауыра бастады. Асылып
қалғым келді, одан таяқ жегенше өлген
артық деп ойлағанмын. Бірақ күзетшілер мені
тоқтатты…. Бірінші рет өзіме-өзім зақым
келтіргенде, жасым нешеде болғаны есімде
жоқ, бірақ бұл бір рет қана болды» (433, адам
саудасының құрбаны, жынысы-әйел, 29 жас).
Кейбір секс-жұмыскерлер өздерін жезөкшелікпен
айналысуға мәжбүр еткендіктен өздеріне-өзі
қол жұмсағанын айтып берген, бейтаныс ер
адамдарға секс қызметтерін көрсету олар үшін
аса қиынға түскен және болашақ өмірі осындай
болады деп бұрын ойламаған. Екі секс-жұмыскер
былай деген: