ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
89
жыныстық жолдардың ауруларынан емделіп
жүрмін» (202, адам саудасының құрбаны, жы-
нысы–әйел, 18 жас).
Басқа қыз адам саудагерінің/қанаушыларының
өзінің клиенттердің бірімен төбелесе бастағанда
босатып жібергенін айтып берген. Ол былай
деген:
«Бір күні кешке мен мас клиентке, сутенердің
досына қызмет көрсетуім керек болды.
Оның немересі туған, сондықтан суте-
нер мені сыйлық ретінде ұсынды. Қызмет
көрсеткеннен кейін ол тағы да 100 грамм
арақ ішіп алды да, менің әр түрлі табиғи емес
қалыпта кереуетке созылып жатуымды
талап ете бастады. Сол еркек мені шашым-
нан ұстап, қолымды бұрап, мені жезөкше деп
жәбірледі. Ол өзі не қаласа, соны істеуімді
талап етті. Мен одан құтылуға тыры-
сып, кереуеттің жанында тұрған арақтың
бөтелкесін алып, оның басынан соқтым.
Қыздар айқайға жиналып, оның басынан қан
аққанын, менің денемнің көгергенін көрді.
Қыздар мені ауруханаға алып келді, мен сон-
да екі күн жаттым. Ауруханадан оралғаннан
кейін сутенер мені қуып жіберді, бірақ ол мені
жазалаған жоқ, себебі мені ол жақсы көретін
және мен оған көп табыс әкелетінмін. Оның
көптеген жаман клиенттеріне ұнайтынмын»
(423, адам саудасының құрбаны, жынысы–
әйел, 19 жас).
Тек аз ғана жағдайларда ғана полиция келіп,
қыздарды қанаудан босатқан.
«Бізді клиенттерге пәтерге алып келді, сол
жерде біз олардың көңілдерін көтердік. Олар
қатты мас болды, содан соң бір мәселе ту-
ралы ұрыса бастады. Содан соң біреу есікті
қақты да, олардың бірі ашты. Бұл полиция
екен, олар бізді полиция учаскесіне алып
кетті» (444, адам саудасының құрбаны, жы-
нысы–әйел, 17 жас).
«Бір күні клиенттер менен кетіп бара
жатқанда, полиция кіріп келді, клиенттерді
және мені ұстап, машинаға ұстады. Мен
айқайлай бастадым, тіпті қуаныштан ба,
қайғыдан ба білмедім. Аудандық ішкі істер
бөлімінде мен барлығын айтып бердім, олар
мені біршама уақыт ұстады. Полиция маған
өздеріне менің жоғалғаным туралы арыз
түскенін айтты, олар деректер бойынша
осы пәтерді тапқан. Мен тіпті осындай
жағдайда болашақта қалай өмір сүретінімді
білмеймін» (442, адам саудасының құрбаны,
жынысы–әйел, 19 жас).
Кейбір қыздар өздерін және адам саудасының
басқа құрбандарын құтқарғаннан кейін олар по-
лицияны адам саудасының басқа құрбандары
бар жерге алып келіп, оларды құтқаруға
көмектескен.
«Мен бірінші болып қашып кеттім. Мен
органдарға барып, оларға хабарлап, мекенжай-
ын бердім, арыз жаздым. Сосын қалғандарын
құтқарды» (460, адам саудасының құрбаны,
жынысы–әйел, 22 жас).
«Қыздардың бірі қашып кеткен, оған бір
клиент көмектесті. Ол оны «Сана сезім»
орталығына алып келіп, оны есіктің алдына
қалдырып кеткен, оған кім көмектескенін
айтпауын сұраған. Ол «Сана сезім»
орталығына барған және полицияның
көмегімен тергеу жұмыстары кезінде суте-
нер қамауға алынған және олардың екі ұялары
жабылған, солардың бірінде мен болғанмын»
(297, адам саудасының құрбаны, жынысы–
әйел, 23 жас).
«Мені құтқарған кезде мен сол жерде
қашқысы келетін немесе құтылғысы келетін
басқа қыздардың да бар екенін айттым.
Бірақ олар 16 жасар қызды таппады, себебі
оны басқа жезөкшелік ұясына жіберген» (290,
адам саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 23
жас).
Сөз соңында, жоғарыда атап өткендей,
сауалнамаға жауап берген жыныстық неме-
се еңбек құлдығының құрбандарының кейбірі
осы уақытқа дейін қанаушылыққа ұшырауда
және қожайындарының бақылауында. Бір-екі
құрбандар құтылу бойынша жоспарлары бар
екенін айтады, бірақ қалғандары былай дейді:
«Қазір менің қашып баратын жерім жоқ»
(368, адам саудасының құрбаны, жынысы–
әйел, 16 жас).
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
90
Адам саудасының басқа құрбандары олардың
Қазақстанға оралуына және қолдау қызметтеріне
қол жеткізуге Халықаралық көші-қон ұйымы
көмектескенін айтқан. Адам саудасының екі
құрбаны былай деген:
«Мен Дубайдан келгеннен кейін, Халықаралық
көші-қон ұйымының қызметкерлері мені
күтіп алып, Алматыдағы панаға алып
келді, содан соң мен Шымкентке бардым.
Шымкентте мені анам мен «Сана сезім»
орталығының қызметкерлері күтіп алды»
(307, адам саудасының құрбаны, жынысы–
әйел, 21 жас).
«Медицина қызметкерлері Мәскеудегі
Халықаралық көші-қон ұйымына хабар-
ласты. Олар менімен әуежайға ілесіп
жүрді. Мен Алматыға бардым. Алматыда
Қазақстандағы Халықаралық көші-қон
ұйымының қызметкерлері мені күтіп алып,
Шымкентке жіберді. Шымкентте мені ту-
ыстарым мен «Сана сезім» орталығының
қызметкерлері күтіп алды» (303, адам
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 23 жас).
Көп жағдайда адам саудасының құрбандарын
қолдау қызметтеріне ата-аналар өздерінің адам
саудасының құрбандарына айналған балаларын
жібереді.
«Мен Атырауға келгенде, мен анаммен бірге
«Сана сезім» орталығына бардым, себебі
менің анам осы орталыққа бұрын барып, мені
құтқаруға көмектесулерін сұраған» (306,
адам саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 23
жас).
«Аудандық ішкі істер бөлімінде «Сана сезім»
орталығының психологы болды. Олар менің
қай жерде екенімді полицияға хабарлаған.
Менің анам Өзбекстандағы ұйымға барып,
сол жерден оның қызметкерлері «Сана сезім»
орталығына телефон соққан» (290, адам
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 23 жас).
Бір оқиғада бір қызға адам саудагерлерінен/
қанаушыларынан қашуға көмектескен клиент
оны құрбандарға көмек көрсететін орталыққа
алып келген.
«Қыздардың бірі қашып кетті, оған бір кли-
ент көмектескен. Ол қызды «Сана сезім»
орталығына алып барып, есігінің алдына
қалдырып кеткен, оған кім көмектескенін
айтпауын сұраған. Ол «Сана сезім»
орталығына барып, полицияның көмегімен
тергеу кезінде сутенер қамауға алынған
және екі жезөкшелік ұясы жабылған,
солардың бірінде мен тұратын едім...
АДАМ САуДАСЫНЫң
ҚҰрБАНДАрЫНА АрНАЛҒАН
ПАНАЛАрДЫң ЖӘНЕ ҚОЛДАу
ҚЫЗМЕТТЕріНің ҚОЛ
ЖЕТіМДіЛіГі
Қашып құтылғаннан кейін адам саудасының
кейбір құрбандары Үкіметтік емес ұйымдар
ұйымдастырған адам саудасының құрбандарына
арналған паналарға немесе орталықтарға
қабылданып, онда оларға құрбандарды
қолдау қызметтері көрсетілген. Алайда басқа
құрбандарға ешқандай қызметтер көрсетілмеген.
Адам саудасының құрбандарының паналарға
қандай жолдармен келетінін және оларға қандай
қолдау көрсетілетінін немесе оларды сол жерлер-
ге кім бағыттайтынын түсіну үшін мәліметтерге
талдау жасалды. Кей жағдайларда полиция адам
саудасының құрбандарын мемлекеттік емес
паналарға және/немесе орталықтарға жібереді,
онда құрбандарға қолдау көрсетіледі, алай-
да полиция адам саудасының құрбандардың
барлығын бірдей тексеріп, адам саудасының
құрбандары екенін анықтамайды. Адам
саудасының кейбір құрбандары былай деді:
«Полиция қызметкері мені осы жерге алып
келді. Мен сот біткенше осында боламын.
Мен осында жарты жыл бойы тұрып жа-
тырмын. Мені төлқұжатымсыз жібере ал-
майды. Менің әкем төлқұжатымды ресімдеп
жатқанын айтты» (433, адам саудасының
құрбаны, жынысы–әйел, 21 жас).
«Мен үйден кетіп қалғанда, менің ата-анам
полицияға барған, мені іздеуге өтініш жазған.
Полиция қызметкері оларға біздің қаламызда
«Сана сезім» орталығы бар екенін айтқан,
сол орталықтың да мені табуға көмектесуі
мүмкін деген. Менің анам оларға барған, ал
менің дос қызымыз екеуміз үйге оралғанда,
анам бізді бірден осы орталыққа ертіп келді»
(300, адам саудасының құрбаны, жынысы–
әйел, 20 жас).
«Полиция қызметкері ауруханадан
шыққаннан кейін мені осында алып келді.
Олар маған тамақ, киім берді, бірақ маған
бұл жер ұнамайды. Білесіз бе, олар тамақ жеп
жатқанда саған қарап тұрады» (438, адам
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 20 жас).
«Полиция қызметкері маған көмектесті, ал
аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері
мені панаға алып келді» (462, адам
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 20 жас).
Достарыңызбен бөлісу: |