ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
85
тазаладым, шөп дайындадым, қарбыз еккен
бақшада жұмыс істедім... Істеген жұмысым
үшін маған ақы төлеген жоқ...Олар мені
қадағалап жүрді, қамап қоятын және ұратын.
Қожайынның баласы мас болғанда, ал әйелдер
ұйықтап жатқанда, мен сарайдағы торлы
терезеден шықтым. Сөйтіп қашып кеттім...
Мен үш күн бойы жүрдім, содан соң жолда бір
машина тоқтады, сол машинадағы адамдар
маған отыруды ұсынды. Мен бас тарта алма-
дым, себебі қатты әлсіреген едім. Мен өзімнің
басқа амалым жоқ екенін түсіндім. Олар мені
машинаға отырғызып, қалаға алып келді...Біз
бір үйдің қасына келіп тоқтадық. Олар маған
таңертең жұмыс істеуді бастайтынымды
айтты, сарайды бұзып, қоқысты жинайсың
деді. Олар маған ақша төлейміз, тамақ
береміз деді. Мен келіскен жоқпын, себебі
мен бұның соңы неге апарып соғатынын
білдім. Мен жұмыс істей бастадым. Ақша
сұраған жоқпын, себебі менің денсаулығым
одан қымбатырақ екенін түсіндім. Бірақ
осы жерде менің жағдайым жақсырақ болды.
Мен қожайындарыммен бірге тамақ іштім,
үйде ұйықтадым, олар мені ұрған жоқ, бірақ
кейде балағаттап ұрысатын. Олар мен
бөтен адам болғандықтан, мені үйде жалғыз
қалдырмайтын...Мен сарайды бұзып, жаңа
сарай салынатын жердегі қоқысты тазала-
дым. Мен малға қарадым, қораны тазаладым,
оларға тамақ пісірдім, дәл бұрынғыдай... Мен
ақша сұраған жоқпын, себебі мен қорықтым...
Олар үнемі мені қадағалап жүрді... Мен сол
жерде 6 ай болдым. (288, адам саудасының
құрбаны, жынысы-ер,25 жас)
Сөз соңында, бір бала – еңбек құлдығының
құрбаны өзін Астанадағы құрылыс нысанын
басқарған «жұмыс беруші –адам саудагерінің»
алдағанын айтып берген. Бұл оқиғада бала
борыштық құлдыққа тап болған, ал оның
құжаттарын «жұмыс беруші-қанаушы» алып
қойған. Бір күні оны тіпті полиция құжаттары
болмағаны үшін ұстап алған, бірақ полиция оның
еңбек құлдығының құрбаны екенін анықтамаған.
Оның орнына полиция оны «осал бала» санатына
жатқызып, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу
орталығына жіберген.
«Мен Астанадағы құрылыс нысандарына
жұмысшы жалдайтын адамға келдім. Біз ол
менің жалақымның жартысын алады деп
келістік. Мен келістім, себебі менің басқа
амалым болмады. Менің билет алуға ақшам
болмады, сондықтан осы келісім маған ұнады.
Жұмыс беруші жұмысшыларды алып жатты,
сондықтан мен бір аптадай күтуім керек
болды. Ол маған таныстарым арқылы қашан
баратынымызды айтты. Мен кететінімді
үйде ешкімге айтқан жоқпын, мен олар уай-
ымдамасын деп жай ғана хат жазып, оны
бөлмеме қалдырып кеттім...Менің таны-
сым қарызымды Астанада өтеуіме келісті.
Осы адам біздің сапарымызды өз есебінен
ұйымдастырды. Біз 16 адам болдық, бәріміз
Астанаға құрылыста жұмыс істеуге бара
жаттық. Сол уақытта мен бізді әртүрлі
нысандарда жұмыс істеу үшін топтарға
бөлгенін түсіндім. Астанаға келгеннен кейін
бастық бізді үш топқа бөлді. Құрылыс ны-
санына келгенде, біз сол жерде қалдық.
Күндіз бастық барлық бригадаларды жинап
алды. Мені және тағы бес адамды кішкене
ауылға алып кетті. Сол жерде біз коттедж
тұрғыза бастадық. Біз вагонда тұратынбыз.
Бастық бізді прорабқа табыстады...Біз үш
қабатты коттеджді фундаменттен ба-
стап сала бастадық. Төрт айдың ішінде біз
коттедж салып бітірдік. Біздің прораб біздің
жалақымызды өзімен келіскен бастыққа
бергенін айтты. Бастық ақшаны бергенде,
ол өзіне тек жартысын емес, сонымен бірге
тамаққа, ұялы байланысқа және полиция-
мен келісуге жұмсаған ақшаны алып қалғаны
анықталды. Ол маған тек 20 000 теңге
(133 АҚШ долларын) төледі, осы себептен
біз қатты ұрысып қалдық, ол мені бригада-
дан шығарып жіберді. Сол жерде 11 жұмысшы
болды, 11 жастан 35 жасқа дейін...Мен сол
жерде төрт ай жұмыс істедім. Содан соң мен
аялдамаға бардым, бірақ екі күн бойы кете
алмадым, себебі ешкім мені құжатсыз алғысы
келмеді. Адамдар автобусқа отырғанда,
жүргізуші мені алуға келісті, бірақ полиция
қызметкерлері келіп, маған құжаттарыңды
көрсет деді. Әуелі мені аудандық ішкі істер
бөліміне алып келді, онда менен Кәмелетке
толмағандар істері бойынша әйел по-
лиция жауап алды, содан соң Кәмелетке
толмағандарды бейімдеу орталығына алып
келді». (457, адам саудасының құрбаны,
жынысы-ер,16 жас)
АТА-АНАСЫНЫң ҚАрЫЗЫН өТЕу үШіН
ЕңБЕК ҚҰЛДЫҒЫНА САТуЫ
Сөз соңында, бір бала- еңбек құлдығының
құрбаны өзін анасы қарызын өтеу үшін
борыштық құлдыққа сатқанын айтып берді. Ол
Орта Азия елдерінде жеміс-жидек таситын жүк
машинасында жұмыс істеген, шекарадан өткенде
машина кузовына жасырынып қалатын болған.
Ол ақысыз көп сағаттар бойы жұмыс істеуге
мәжбүр болған, көбіне оған ұйықтауға мүмкіндік
бермеген, қанаушылар оны кез келген қателігі
немесе кінәсі үшін ұратын болған.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
86
«Менің анам мені жеміс-жидек таситын
адамдарға жұмыс істеуге сатып жіберді.
Маған ақша төлеген жоқ, тек тамақ берді.
Мен үшін анама ақша төлеп қойды, менің
жұмыс істеуім ғана қалған...Біз Самарқандтан
Ташкентке дейін тоқтамай жүрдік...
Шекарада маған жүк машинасынан шығуға
рұқсат бермеді, мен жасырынып отырдым.
Кейіннен біз Түркістанда тоқтадық...Мен
ылғи жүк машинасының кузовында жалғыз
болдым. Әуелі мен қорықтым, бірақ кейіннен
үйреніп кеттім. Біз Түркістаннан Сарығашқа,
содан соң Астана бардық...Мені көп жұмыс
істеуге мәжбүр етті. Мен шаршайтынмын,
жылайтынмын, ұйықтағым келетін. Мен
өзімді нашар сезіндім. Кездейсоқ ұйықтап
қалсам, мені сілкіп, оятып, сол үшін ұратын...
Мен қателік жасасам олар қожайынға шағым
жасайтын. Мен шіріген қызанақтарды жас
қызанақтармен бірге қорапқа салсам, сату-
шы мені ұратын. Ұрыс- керіс болды, тауарла-
рын оған қайтып берген. Ол бұл менің кінәм
екенін айтып, мені қатты ұрды. Мен қашып
кеттім, қайтып баруға қорықтым». (453,
адам саудасының құрбаны, жынысы-ер,12
жас)
ҚАШу ЖӘНЕ ҚҰТҚАру
Адам саудасының және құлдықтың құрбандарын
олардың қалай қашқандарын немесе адам
саудагерлері/қанаушылардан қалай құтылғанын
айтып беруді өтінген. Ең алдымен, 4.1-кесте
сауалнамаға жауап берген адам саудасының
құрбандарының тек 9,7% ғана өздеріне адам
саудагерінен/қанаушыдан қашуға басқа біреудің
көмектескенін айтқанын және тек 14,6% адам
саудагерлерінің/қанаушыларының қамауға
алынғанын айтқанын көрсетеді.
4.1-кесте. Қашу және құтқару
Саны=103
Саны
%
Қашуға әлдекім көмектескен
10
9,7
Адам саудагерлері/қанаушы-
лары қамауға алынған
15
14,6
Сауалнаманың мәліметтері өздерінің адам
саудагерлерінен/қанаушыларынан қашып кете
алған адам саудасының құрбандарының қашуға
болмашы ғана мүмкіндік пайда болғанда, олардың
күзетшілері және/немесе адам саудагерлері/
қанаушылары жіті қадағаламағанда, және/не-
месе қысқа уақытқа құрбандарын бақылаусыз
қалдырғанда сол мүмкіндікті пайдаланғанын
көрсетеді. Сауалнаманың мәліметтері бойынша
көптеген құрбандардың бақылаусыз қалған
сәттерін немесе есік ашық қалған сәтті күтетіні
және сол кезде олардың адам саудагерлерінен/
қанаушыларынан қашатыны анық көрінеді.
Кей жағдайларда олар көшеде өздеріне
көмектескісі келетін біреуді тауып алады, бірақ
бұндай оқиғалар жиі кездеспейді. Төменде
берілген әңгімелерде адам саудасының сегіз
құрбаны өздерінің адам саудагерлерінен/
қанаушыларынан қалай қашқандарын айтып
берген.
«Мен қарызымды өтеп болған соң екі
апта өткеннен кейін қашып кеттім. Мен
дәретханаға барып, дуалдан секіріп кеттім».
(424, адам саудасының құрбаны, жынысы–
әйел, 19 жас)
«Мен көп адам келгендіктен есік ашық
қалғанда қашып кеттім. Мен қаланың
ішінде жүргенде ер адаммен таныстым, ал
ол мені үйіне алып кетті. Сол жерден мені
полиция қызметкерлері алып кетті және
полиция учаскесіне алып келді». (467, адам
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 25 жас)
«Мен түнде біздің қожайынның
[қанаушының] үйіне қонақ келгенде, олар
мас болғанда қашып кеттім. Күзетші қарап
жүретін, бірақ ол да ұйықтауға кетті.
Бақылау камераларының қасында ешкім
болған жоқ. Мен қашып шыққанда, мен
көше сыпырушылардан көмек сұрадым, олар
мені вокзалға алып келді, жолсерікпен мені
Қазақстанға апаруға келісті...Сол адамдар
Ресейде жұмыс істеп жүрген Қырғызстан
азаматтары болған. Олар мені вокзалға
алып келді, менің қолымда құжаттарым
болмағандықтан жолсерікпен келісті, менің
қашып кету үшін ұрлап алған ақшам ғана
болды». (304, адам саудасының құрбаны, жы-
нысы–әйел, 19 жас)
«Балалардың біреуі үйдің қасындағы дүкенге
кетті. Менің дос қызым оның есікті
жаппағанын байқап қалды, бізбен бірге
тұратын екінші баланы алаңдату үшін
бірдеңе істеуіміз керек екенін айтты. Мен
ас үйге келіп, су ағатын шүмекті бұздым.
Менің дос қызым оның қасына барып, ас үйде
шүмектің бұзылғанын, судың еденге ағып
жатқанын айтты. Ол шүмекті жөндеу үшін
ас үйге барды, сол сәтте біз пәтерден қашып
кеттік, заттарымызды алған жоқпыз. Біз
такси ұстап, менің үйіме келдік. Менің анам
үйде екен. Ол таксиге ақша төледі де, бізді
үйге ертіп кірді». (300, адам саудасының
құрбаны, жынысы–әйел, 20 жас)
Достарыңызбен бөлісу: |