Royal norwegian embassy балаларДЫң ТӘуекелді Мінез-қҰЛЫҚҚА, жыныстық ҚанаушылықҚа және адам саудасына осалдығын бағалау



жүктеу 2,04 Mb.
Pdf просмотр
бет48/89
Дата30.12.2019
өлшемі2,04 Mb.
#25503
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   89

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
93
Адам саудасының басқа құрбандары өз 
жанұяларымен байланысуға және өздерінің 
қандай жағдайды бастан кешіргенін білуінен 
қорқатынын айтқан.   
38,8% құтқарылғаннан кейін жанұяларымен 
байланысып тұрғанын айтқан, ал 36,9% 
жанұяларының өздерінің хабарласқандарына 
қуанғанын айтқан. 
Адам саудасының құрбандарының бірі айтып 
бергендей, құтқарылғаннан кейін ол өзінің ата-
анасымен кездескен... 
«әкем жылады. Ол екі жыл бұрын мені іздеуге 
өтініш жазғанын айтты. Содан соң ата-
анам мені өліп қалды деп ойлаған. Олар мені 
Шымкенттен іздеген» (435, адам саудасының 
құрбаны, жынысы–әйел, 21 жас).
Осыған ұқсас жағдайда болған адам саудасының 
басқа құрбаны жанұясының өзін бірнеше жыл-
дар бойы іздегенін айтқан. 
«Мен құлдықта болғанымда, ешкімге ха-
барласа алмадым. Мені құтқарғаннан кейін 
осында келгенімде, мен өзімнің ағама теле-
фон соқтым. Онымен сөйлескенде, ол мені 
іздегенін айтты, ол Қызғызстанда аудандық 
ішкі істер бөліміне мені іздеу туралы 4 
рет өтініш жазған. Ағам менің даусымды 
естігенде жылай бастады, мені өліп қалды 
деп ойлаған екен... Мен қонақ үйде тұрғанда 
ешкіммен хабарласа алмадым. Мен телефон 
немесе қалам ұстаған жоқпын. Менің жазуға 
мүмкіндігім болмады, бізді үнемі қадағалап 
отырды және бейнекамералар барлық жер-
де орнатылған еді» (433, адам саудасының 
құрбаны, жынысы-әйел, 29 жас). 
Адам саудасының кейбір құрбандары әртүрлі 
себептермен өз жанұяларымен байланысқысы 
келмейтінін айтқан. Адам саудасының бір 
құрбаны былай деген: 
«Мен өзімнің жанұяммен байланысқым 
келмейді, мен ағамды және зорлаған адам-
дармен кездескім келмейді» (462, адам 
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 20 жас).
4.2-кесте адам саудасының құрбандарының 
тек 38,8% ғана үйлеріне оралғысы келетінін 
көрсетеді. 3-тарауда баяндалғандай, адам 
саудасының көптеген құрбандары кедей 
және тұрмысы нашар жанұялардан шыққан, 
сондықтан олардың көпшілігі үйлеріне оралуды 
қаламайды. Адам саудасының бір құрбаны бы-
лай деді: 
«Анам туралы айтар болсам, оның қазір 
қайда екенін мен білмеймін. Ол менің 
сіңлілерімді балалар үйіне тапсырған. Мен 
ақша жинап, өзім 18 жасқа толған соң олар-
ды сол жерден алып кетемін» (368, адам 
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 16 жас). 


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
94
5-тарау
АДАМ САуДАСЫНЫң БАҒЫТТАрЫ
 
Осы тарауда адам саудасының осы зерттеуге енген жеті қалаға қарай жүрген 
бағыттары көрсетіледі: Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Шымкент 
және Өскемен. Географиялық карталарға және мәліметтерге құрбандар шыққан 
қалаларды және қалашықтарды ғана емес, сонымен бірге жол бойында олар жүріп 
өткен аралық қалаларды және межелі қалаларды да ескере отырып, талдау жа-
салды. Сондықтан карталарды қарастырғанда адам саудасының бағыттары ылғи 
да шыққан жерден межелі жерге дейінгі тура жол бола бермейтінін және көбінесе 
бір немесе екінші аралық қалалардан тұратынын түсіну маңызды. Осы зерттеудің 
мақсаттарына жету үшін адам саудасының Қазақстанға қарай бағытталған және 
Қазақстанның ішімен өтетін бағыттарына басты назар аударылды, сондықтан тек 
Қазақстанның карталары ғана көрсетілген.  


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
95
АДАМ САуДАСЫНЫң АЛМАТЫҒА АПАрАТЫН БАҒЫТТАрЫ
5.1-схемада адам саудасының Қазақстанның басқа қалаларынан, сонымен бірге осы аймақтың басқа 
елдерінен Алматыға апаратын бағыттары көрсетілген. Сауалнамаға Алматыда жауап берген адам 
саудасының құрбандары Қазақстанның әр түрлі елді мекендерінен келген, мысалы: Ақсу, Шардара, Шу, 
Кировское, Мақташы, Сарыағаш, Шымкент, Тараз, Теміртау, Үштөбе және Жаркент. Олардың ішінде басқа 
елдердің елді мекендерінен келгендері де бар, мысалы: Қырғызстандағы Бішкек, Тоқмақ және Джалал-Абад; 
Өзбекстандағы Ташкент, Беруни және Янгиюль; Тәжікстан және Қытай. 
Адам саудасының бағыттарының 5.1-схемасынан көруге болатындай, адам саудасының құрбандары 
шыққан жер адам саудасының құрбандары шыққан жерлерінен Алматыға ылғи да тура жолмен жүріп бар-
майды. Адам саудасының көптеген құрбандары басқа аралық қалалар арқылы барады немесе Алматыға 
жетпес бұрын қанауға тап болатын бір қаладан екінші қалаға барады. Жекелеп айтқанда, сауалнамаға 
Алматыда жауап берген адам саудасының құрбандары Алматыға жетпес бұрын Қазақстанның бір қаласынан 
екінші қаласына жеткізілген және сонда қанауға ұшыраған. Аралық қалаларға мысал ретінде: Абай, Арыс, 
Қарағанды, Красное Поле, Мақташы и Сарыағаш сияқты қалалар болған.  
5.1-схема. Адам саудасының Алматыға апаратын бағыттары
АЛМАТЫ
Абай
Арыс
Қарағанды
Красное Поле
Сарыағаш
Мақташы
 
Ақсу
Шардара
Шу
Кировское
Мақташы
Сарыағаш
Шымкент
Тараз
Теміртау
ү
штөбе
 
Жаркент
Бишкек
 
(Қырғызстан)
Токмак
 
(Қырғызстан)
Джалал-Абад
 
(Қырғызстан)
Ташкент
 

збекстан)
Беруни
 

збекстан)
 
Янгиюль
 

збекстан)
Тәжікстан
Қытай
АДАМ САуДАСЫНЫң АСТАНАҒА АПАрАТЫН БАҒЫТТАрЫ
5.2-схемада Қазақстанның басқа қалаларынан, сонымен бірге осы аймақтың басқа елдерінен Астанаға 
апаратын адам саудасының бағыттары көрсетілген. Сауалнамаға Астанада жауап берген адам 
саудасының құрбандары Қазақстанның әр түрлі елді мекендерінен келген, мысалы: Арыс, Атбасар, 
Қарағанды, Қызылорда, Мирный, Петропавловск, Рузаевка, Самарқанд, Сарыағаш, Шардара, Щучинск, 
Шымкент, Тараз және Тимофеевка. Олардың арасында басқа елдердің елді мекендерінен келгендері де 
бар, мысалы: Қырғызстандағы Ыстықкөлден, Тәжікстандағы Душанбеден, Украинадағы Белополеден. 
5.2-схемадан адам саудасының бағыттары ылғи да бастапқы елді мекеннен Астанаға баратын тура жол 
болмайтынын көруге болады. Адам саудасының көптеген құрбандары басқа аралық қалалар арқылы не-
месе Астанаға жетпес бұрын қанауға ұшырайтын бір қаладан екінші қалаға барады. Жекелеп айтқанда, 
сауалнамаға Астанада жауап берген адам саудасының құрбандары қанауға ұшыраған Қазақстанның 
бір қаласынан екінші қаласына барған. Бұл мына қалалар: Алматы, Ағадыр, Балқаш, Қарағанды, 
Көкшетау, Осакаровка, Павлодар, Петропавловск, Сарань, Сырдарья және Шымкент.  


жүктеу 2,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау