Royal norwegian embassy балаларДЫң ТӘуекелді Мінез-қҰЛЫҚҚА, жыныстық ҚанаушылықҚа және адам саудасына осалдығын бағалау



жүктеу 2,04 Mb.
Pdf просмотр
бет43/89
Дата30.12.2019
өлшемі2,04 Mb.
#25503
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   89

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
84
алмайтынбыз, себебі олар бізге бір-бірімізбен 
сөйлесуге тыйым салды... Таңертең мен 
арақ-шарап бөлімінде жұмыс істедім, тауар-
ды түсірдім, еденді жудым, шаң сүрттім, кар-
топ жинадым, жұмысшыларға тамақ пісірдім. 
Маған сол жерде істеген жұмысым үшін 
ақша төлеген жоқ. Менің жол ақысы үшін 
қарызым болды, сосын олар маған тамақ 
пен пәтерге ақша төлейсің деді, бірақ олар 
қанша төлеуім керектігін айтқан жоқ... Мен 
үйге қайтқым келді, осы жайында қожайынға 
[қанаушыға], айттым, себебі маған жүк тасу 
қиын болды, бірақ олар бізді ылғи ұратын. 
Қожайын [қанаушы] маған ақша бермейтінін 
айтты. Дүкенде камералар орнатылған 
еді, солардың көмегімен олар бізді бақылап 
жүретін. Администратор мен күзетші үнемі 
қасымызда болып, бізді қадағалап жүрді. 
Олар бізді болмашы қателігіміз үшін ұратын.. 
Дүкенде Қазақстаннан келген 6-7 адам 
жұмыс істеді, олар да осындай жағдайларда 
жұмыс істеді. Олар 18 жастан 25 жасқа дейін 
болды...Бір қыз қашып кетті. Мен онда үш ай 
болдым». (303, адам саудасының құрбаны, 
жынысы–әйел, 23 жас). 
Еңбек құлдығының осы құрбаны өзінің қалай 
қанаушыларынан қашып кеткісі келгені және 
өзіне басқа адамдардың көмектесеміз деп уәде 
етіп, бірақ «бейтаныс адам саудагерлеріне» 
қайта апарып бергені, олардың өзін еңбекпен 
қанауын жалғастырғаны туралы айтып берген. 
Шындығында, оны үш рет еңбек құлдығына 
қайта қайта салынған еді, үш рет те де ол өзінің 
«жұмыс беруші-адам саудагерінен» қашып кет-
пек болған. 
«Мен текстильде тұрдым, екі еркек маған 
жақындап келіп, үйдің фундаментін салу 
жұмысын ұсынды. Олар өздеріне бір адам 
керек екенін айтты. Басқа жұмысшылар 
келіспеді, олар бір адамға қиын болатынын 
айтты. Мен келістім... Біз жұмыс орнына 
бардық. Олар маған опалубканың матери-
алдарын берді және цемент пен құмның қай 
жерде екенін көрсетті. Олар маған өздерімен 
бірге үйде тұратынымды айтты. Олар маған 
өздерінің мен материалдарды ұрлап кетпеуім 
үшін бақылап жүретінін айтты. Мен уайым-
дамас үшін әпкеме телефон соғуды сұрадым. 
Олар маған кейін телефон соғасың деді. Бір 
апта өткеннен кейін мен жұмысты бітіріп, 
ақшамды беруін және үйіме апарып салуын 
сұрадым, бірақ олар мені ұрды, сосын мені 
бағанға байлап қойды. Маған барлық жұмыс 
біткенше мені босатпайтынын айтты. Мен 
қарсылық көрсетсем, олар мені өлтіріп, менің 
орныма басқа жұмысшыны алып келетін еді. 
Сосын мен айналама қарап, қалай қашудың 
амалын ойластыра бастадым. Бірақ менің 
мүмкіндігім болмады, себебі мені жұмыс орны-
ма байлап қойып, қадағалап жүрді. Мен үйдің 
қабырғаларын тұрғыздым, ал төбесін олар 
өздері жапты. Біз сол жерде тұра бастадық. 
Мен бірнеше рет олардан мені босатуын 
сұрадым, бірақ олар мені тыңдаған да жоқ. 
Олардың айтқаны: бізге жұмысшы керек, сен 
шағым жасай берме, біз саған тамақ беріп 
жатырмыз. Мен сонымен бірге олардың кір 
киімдерін жудым. Мал қорасын тазаладым, 
сиыр саудым, мен олардың құлы болдым... 
Мен сол жерде үш жарым ай тұрып, жұмыс 
істедім... Мен үй салдым, үй шаруасын жа-
садым, қораны тазаладым, үй жинадым, кір 
жудым, су тасыдым, көмір түсірдім және 
үйдің барлық жұмысын істедім. Олар мені 
байлап қоятын және түнде қамап қоятын. 
Олар мені қорқытты, ұрды, жәбірледі... Бір 
күні бір сиыр шығынып кетті, олар мені си-
ырды іздеуге жіберді. Олар мені көндірдік, 
бағындырдық деп ойлаған болуы керек. Міне, 
сол кезде мен қашып кеттім. Мен далада 
жалғыз жүрдім, қайда бара жатқанымды 
білмедім, сосын мен атқа мінген адамды 
көрдім. Мен оған өзім туралы айттым, көмек 
сұрадым. Ол маған көмектесуге уәде берді, 
мені атына мінгізіп өзінің үйіне алып кетті... 
Мен ол маған көмектеседі деп ойладым, бірақ 
мен кездейсоқ кездестірген сол еркек мені 
өзінің үйіне алып барды... Ол маған екі-үш 
аптадан кейін қаладан машина келетінін, 
өздерінің азық-түлікті әкеліп қойғанын 
айтты. Сондықтан келесі рет қалаға тез 
арада бармайтынын айтты. Олар маған 
өздерінің үйінде уақытша тұра тұруды және 
шаруашылықта көмектесуді ұсынды. Мен 
өзімнің басқа амалым жоқ екенін түсіндім, 
себебі мен, қайда бару керектігін, қай жер-
де жүргенімді білмедім, ешкім бұны маған 
айтқысы келмеді. Екі аптадан кейін мен ау-
ырып қалдым, менің қызуым көтерілді. Мен 
ауырып жатып, қаладан машина келгенін 
байқамай қалдым. Содан соң мен қожайынға 
менің әпкеме телефон соғуды өтіндім, ол 
келіп, мені алып кетсін дедім. Бірақ қожайын 
бас тартты, маған былай деді: «Сен сол 
еркектердің саған қандай қатыгез болғанын 
ұмытқан жоқсың ба, солар сияқты болма-
сын десең, жұмыс істе, тыныш жүр. Олар мені 
қашып кетпесін деп жіті қадағалай баста-
ды. Қожайын кеткенде, оның орнына баласы 
қарайтын, ал ол нағыз жауыз болып шықты. 
Ол мені де, өзінің анасы мен қарындастарын 
да ұратын. Ол мені сарайға қамай баста-
ды. Менің жалғыз арманым қашып кету 
болды. Осылай бір жыл өтті...Мен қораны 


жүктеу 2,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау