Royal norwegian embassy балаларДЫң ТӘуекелді Мінез-қҰЛЫҚҚА, жыныстық ҚанаушылықҚа және адам саудасына осалдығын бағалау



жүктеу 2,04 Mb.
Pdf просмотр
бет39/89
Дата30.12.2019
өлшемі2,04 Mb.
#25503
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   89

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
77
тұрақты түрде айналыса бастадым.» (447, 
адам саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 17 
жас)
Адам саудасының тағы екі құрбаны адам 
саудагерлерінің өздерін қыздығы үшін сатқанын 
және бұның жағымсыз жағдай болғанын айтқан. 
Бірінші әңгімеде адам саудасының құрбаны 
бірінші клиенті оны зорлағанын, содан соң оған 
жыныстық қызмет алуға келіп жүргенін айтып 
берген. 
«Мен ақша үшін жыныстық қатынасқа 
түскенде 17 жаста едім. Сутенерлерге кел-
ген кезімде мен ер көрмеген қыз едім. Бірінші 
рет мені зорлаған клиент кейін үнемі мені 
таңдап жүрді...Менің сутенерім менің өмірімді 
бұзды, мен оның өлімін тілеймін немесе ол 
да менің басымнан өткен жағдайларды ба-
сынан кешіруін тілеймін. Ол өзінің күйеуімен 
тұратын және сол кезде аяғы ауыр еді. Ол 
басқа қалаларға барып, жаңа қыздарды 
алып келетін, сосын оларды басқа суте-
нерлерге сататын. Қыздарды зат тәрізді 
таңдайтын, оның дене бітімі жақсы, беті 
әдемі болуы керек. Қыз неғұрлым әдемі болса, 
соғұрлым қымбатырақ тұратын». (441, адам 
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 17 жас)
«Менің қыздығымды 500 АҚШ доллары-
на сатқанда, менің жасым 16-да еді. Әуелі 
жағымсыз болды, кейін үйреніп кеттім». (418, 
адам саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 16 
жас)
Адам саудасының тағы бір құрбаны адам 
саудагерлерінің өзін Біріккен Араб Әмірліктеріне 
алып барып, сонда оны қыздығы үшін сатқанын 
айтқан. 
«Менің Біріккен Араб Әмірліктерінде 
қыздығымды сатып алды, содан соң 
жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі, бірақ 
маған ақша төлемеді, ақшаны қожайын 
әйел [қанаушы] алып жүрді...Қожайын 
әйел [қанаушы] қатыгез болды, мен оның 
жезөкшелікпен айналысудан бас тартқан 
қыздарды күзетшілерге ұрғызғанын көрдім, 
сол қыздарды дөрекі клиенттерге беретін, 
сосын оны тыңдамасақ, бізді өлтіретінін, 
біздің қайда, не жағдайға түскенімізді ешкім 
білмейтінін айтып қорқытатын. Ол тым 
қатыгез және аяуды білмейтін әйел еді». 
(306, адам саудасының құрбаны, жынысы–
әйел, 23 жас)
БОрЫШТЫҚ ҚҰЛДЫҚ 
Жоғарыда берілген көптеген әңгімелерде 
аталғандай, көп жағдайларды адам 
саудасының құрбандары адам саудагерлерінің/
қанаушыларының алдында борышты болған, 
оларды сол борышты өтеу үшін жұмыс істеуге 
мәжбүр еткен. Борышқа әдетте адам саудагерінің 
қызды сатып алғанда төлеген бағасын және 
қызды оның туған жерінен жыныстық қанауға 
ұшыраған межелі жерге алып келуге жұмсаған 
көлік шығындарын қосқан. Сонымен бірге 
көптеген адам саудагерлері әртүрлі қосымша 
төлемдерді, соның ішінде: баспанаға, тамаққа, 
киімге, косметикаға, полицияға төленетін параға 
жұмсалған шығындарды адам саудасының 
қарызына қосып отырған. Ақыр соңында, 
борышты құрбандарды бақылауда, адам 
саудагерлерінің/қанаушыларының алдында 
үнемі борыштық құлдықта ұстау үшін қолданады. 
Кейбір адам саудагерлері/қанаушылары тіпті 
өз құрбандарын басқа адам саудагерлеріне/
қанаушыларына өз құрбандары қарыздарын 
өтеп бітіруге жақын қалғанда немесе өтеп 
бітіргенде сатады. Осындай жағдайларда адам 
саудасының құрбандарында жаңа адам 
саудагерінің/қанаушысының алдында жаңа бо-
рышы пайда болады. Төмендегі әңгімелерде 
адам саудасының құрбандары өздерінің адам 
саудагерлеріне төлеуге тиісті борыштары туралы 
айтқан. 
«Менің 120 000 теңге (800 АҚШ долла-
ры) қарызым болды. Мен соны өтеу үшін 
1,5 ай жұмыс істедім, бұл өте ауыр болды... 
Қарызымды өтеп бітіргенше мені бақылауда 
ұстады. «Мамка» менің құжаттарым мен 
ақшамның бір бөлігін кепілге алып қойды. 
(450, адам саудасының құрбаны, жынысы–
әйел, 19 жас)
 «Маған жолға төлеу үшін салып жіберген 
ақшаны өтеуге тиісті болдым (80 АҚШ 
доллары). Мен күніне 2-3 клиентке қызмет 
көрсетуге тиіс болдым. Ол маған 20- 40 
АҚШ доллары деп айтқан, бірақ үнемі «әлі 
қарызыңды өтеген жоқсың» деп айтатын». 
(305, адам саудасының құрбаны, жынысы–
әйел, 18 жас)
«Мен жолға төлеген 27 000 теңге (180 АҚШ 
доллары) күніне пәтер мен тамақ үшін 1 
500 теңге (10 АҚШ доллары) қарызымды 
өтеуім керек болды». (297, адам саудасының 
құрбаны, жынысы–әйел, 23 жас)
«Біз күн сайын 10-20 клиентке қызмет 
көрсеттік. Олар бізге әр клиенттен түскен 


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
78
табыстың 10%-ын төлеп отырды. Олар 
косметикаға, гигиеналық төсемдерге, 
сабынға, сусабын және дәрілерге жұмсалған 
ақшаны алып қалатын; Осылардың барлығын 
бізге қожайындар беретін». (370, адам 
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 18 жас)
«Менің оның [қанаушының] менің жолыма 
төлегені үшін 10 000 теңге (67 АҚШ доллары) 
және тамақ үшін күніне 2 000 теңге (13 АҚШ 
доллары) және пәтер үшін күніне 500 тенге 
(3 АҚШ доллары) қарызым болды. Олар бізге 
клиенттер оларға ұнамағанын айтқанда не-
месе біз клиенттермен ұрысқанда және т.б. 
жағдайларда айыппұл салатын». (290, адам 
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 23 жас) 
«Біз тек 2 000 теңге (13 АҚШ доллары) ала-
тынбыз, себебі олар қалған ақшаны тамаққа, 
пәтерге және киімге алып қалатын... Олар 
біздің тамақ ішкеніміз және ішкеніміз 
үшін жазған қарызымызды өтеуге тиісті 
екенімізді айтты, бірақ бізге тек 2 000 теңге 
(13 АҚШ доллары) төледі, ал бұл олар үшін 
жеткіліксіз болды». (408, адам саудасының 
құрбаны, жынысы–әйел, 18 жас) 
ЗОрЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ, 
ҚОрҚЫТЫП-үрКіТу ЖӘНЕ 
БАҚЫЛАу 
Адам саудагерлері/қанаушылары секс 
саудасының құрбандарын қорқынышта ұстау 
үшін және бағындыру үшін зорлық-зомбылық 
жасаудың, қорқытып-үркітудің және бақылаудың 
әртүрлі құралдарын қолданған. Сауалнаманың 
мәліметтері адам саудагерлерінің/жыныстық 
қанаушылардың өз құрбандарын бақылау үшін 
психологиялық, физикалық және жыныстық 
зорлық-зомбылықты үнемі қолданатыны 
жөніндегі ақпаратты көрсетеді. Физикалық 
зорлық-зомбылық көбіне дөрекі, азапты және бол-
жап білуге болмайтын сипатты болады. Төменде 
берілген әңгімелер зорлық-зомбылықтың жиі 
қызды қолға түсіргеннен кейін оның адам 
саудасының құрбанына айналуының алғашқы 
сатысы ретінде көп ұзамай қолданылатынын 
және әрі қарай жалғастырылатынын көрсетеді. 
Жыныстық құлдық құрбаны жағдайына түсу са-
тысында зорлық-зомбылық құрбанға оның адам 
саудагерінің бақылауында екенін және олардың 
не істегісі келсе де істей алатынын, сондықтан 
олар тірі қалғысы келсе, адам саудагерлерінің 
айтқанын істеген жөн екенін түсінуге мүмкіндік 
береді. Адам саудасының бір құрбаны былай деді: 
«Мамка» [сутенер әйел] қатыгез, айлакер 
және зұлым әйел, бірақ біз онсыз жұмыс 
істей алмаймыз. Ол бәрін ұйымдастырады 
және клиенттермен келіседі, бірақ ол көп 
табыс табады. Кейде бізді ақысыз жұмыс 
істеуге мәжбүр етеді – өзінің таныстары 
немесе маңызды клиенттер үшін. Біз оған 
қарсы ештеңе айта алмаймыз». (196, адам 
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 18 жас)
Адам саудагерлері/қанаушылар сонымен бірге 
бір құрбанына зорлық-зомбылық жасауды басқа 
құрбандарға өздерінің қандай дәрежеде зорлық-
зомбылық жасай алатынын және құрбандар 
бағынбаса және айтқандарын орындамаса, 
оларға да осылай жасалатынын үлгі етіп көрсету 
үшін қолданады. Адам саудасының бір құрбаны 
былай деді:
«Біз 11 қабатта тұрдық, сондықтан 
көмекке шақыра алмадық. Айтқандарын 
орындамасақ, олар бізді ұратын. Ресейден 
келген бір қызды ұрып өлтірген, со-
сын шығарып, құмға көміп тастаған. Біз 
айтқандарын тыңдамасақ, бізге де соны 
жасауы мүмкін еді». (295, адам саудасының 
құрбаны, жынысы–әйел, 23 жас) 
Жоғарыда берілген әңгімелерде зорлық-
зомбылық көрсету оқиғаларына қоса, 
төменде берілген әңгімелер адам саудасының 
құрбандарының адам саудагерлері/
қанаушыларының қол астында болғанда ба-
сынан кешіретін психологиялық, физикалық 
және жыныстық зорлық-зомбылықты үнемі 
қолданатыны жөніндегі қосымша ақпарат береді. 
«Мені ақша үшін жыныстық қатынасқа 
түсуге мәжбүр етті, өйткені бірінші рет мен 
бас тартқанымда, олар мені «сенбілікке» 
жіберді, яғни бұл сені еркектер айналдыра бір-
біріне беріп зорлайды дегенді білдіреді. Содан 
бері мен бас тартқан емеспін...Қожайын 
[қанаушы] орта жастағы әйел болатын. 
Оның екі қызы мені бақылап жүрді». (305, 
адам саудасының құрбаны, жынысы-әйел, 18 
жас)
«Олар мені бір ай бойы қамауда ұстады... 
Олар мені шынжырмен радиаторға байлап 
қойды, тек клиенттер келгенде босатып 
жүрді. Мен күніне 10-нан 15-ке дейін еркекке 
қызмет көрсетіп жүрдім. Мені қорқытатын 
және сабайтын. Мен жиі есімнен танып 
қалатынмын». (446, адам саудасының 
құрбаны, жынысы-әйел, 19 жас)
«Бізді жұмыс істеуге мәжбүрлеген еркек 
біз жоспарды орындамасақ, бізді ұратын, 


жүктеу 2,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау