Оқулық Алматы 014 Давильбекова Ж.Қ. Кəсіпорын экономикасы: Оқулық Алматы



жүктеу 4,91 Mb.
Pdf просмотр
бет7/85
Дата28.12.2019
өлшемі4,91 Mb.
#25351
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   85

21
білу  жəне  орындаудан  кəсіпорынның  кəсіпкерлік  қызметінің  заңдылығы
байланысты болады.
Табысты  жоспарлау  үшін  жоғарғы  басшылықтың  тек  маңызды  сыртқы
мəселелер туралы ғана емес, кəсіпорынға тікелей əсер ететін факторлар туралы
да толық түсінігі болуы тиіс. Кəсіпорынға сыртқы ортаның  тікелей əсер етуші
факторларға келесілер жатады:
• өнім мен қызмет тұтынушылары;
• материалдық жəне табиғи қорларды жеткізушілер;
• бəсекелестер;
• инфрақұрылым (банктер, қор  биржалары, жарнамалық  жəне  кадрлық
агенттіктер, күзет агенттіктері, темір жолдар жəне т.б.);
• қаржы ұйымдары;
• жұмыс күші нарығы;
• көлік ұйымдары;
• мемлекеттік жəне муниципалдық ұйымдар, билік органдары жəне т.б.
Осылайша, сыртқы орта талдауы кəсіпорынға оған аталған ортада кезігетін
қауіптіліктер мен жағымсыз салдарды барынша азайтуға мүмкіндік береді. Ішкі
ортаның талдауы кəсіпорынның күшті жəне əлсіз жақтарын анықтап, оның
бəсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді.


22
2-БӨЛІМ. КƏСІПКЕРЛІК. КƏСІПКЕРЛІК ТƏУЕКЕЛ
   Ағылшын  экономисті Р. Кантилъон (1680 - 1734), бизнестің алғашқы  теоре-
тиктерінің  бірі, алғаш  рет «кəсіпкерлік» терминін  қолданып, кəсіпкерлікке
жүйелі  сипаттама  береді, оның  ұғынуы  бойынша  кəсіпкерлік  ең  алдымен
қандай  да  бір  қызмет  түрінен  табыс  немесе  пайда  түсірумен  байланысты
ерекше қызмет болып табылады. Р.Кантильон кəсіпкерлік қызметті ең алдымен
кəсіпкерлікте əркез орын алатын тəуекел жағдайында пайда түсіру мақсатында
бастама таныту ретінде анықтайды.
2.1. Тауар өндірісі жəне нарық
Тауар  өндірісі ретінде  өнімдер  сату  үшін  өндірілетін, ал  өндірушілер  мен
тұтынушылардың  байланысы  нарық  арқылы  жүзеге  асырылатындай  өндіріс
ұғылады. Тауар өндірісінің пайда болуы үшін қажетті шарт еңбектің қоғамдық
бөлінісі  болып  табылады. Тауар  өндірісінің  даму  кезеңдері  алмасу, нарық
дамуымен  байланысты. Нарықтың  келесі  түрлері  ажыратылады: дамымаған,
еркін, реттелмелі, сиықсызданған. Əрбір нарық түріне тауар өндірісінің ерекше
үлгісі сəйкес келеді:
• дамымаған нарықтың тауар өндірісі;
• еркін нарықтың тауар өндірісі;
• реттелмелі нарықтың тауар өндірісі;
• сиықсызданған нарықтың тауар өндірісі.
Нарық — бұл сатушы мен сатып алушы арасында тауар (қызметтерді) сату-
сатып  алу, алмасуға  қатысты  өзін-зі  реттейтін, экономикалық  еркіндікке
негізделген  қатынастар  жүйесі. Нарық  механизмінің  негізгі  элементтері  баға,
сұраныс жəне ұсыныс болып табылады. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы
нарықтағы тауардың құнын белгілейді. Сұраныс заңы тауардың салыстырмалы
бағасы  мен  оған  деген  сұраныстың  тəуелділігін  көрсетеді: бағаның  өсуі
сұраныстың  төмендеуіне  əсер  етеді, ал  бағаның  төмендеуі  нарықтағы
сұраныстың өсуіне септігін  тигізеді. Нарықтық экономиканың  құрамдас  бөлігі
бəсекелестік – өнім  өткізудің  неғұрлым  жағымды  шарттарын  қалыптастыруға
жəне  қажеттіліктерді  барынша  қанағаттандыруға  бағытталған  шаруашылық
пропорцияларды  қалыптастырудың  негізгі  механизмі  болып  табылады (2.1-
кесте).
Нарық, шын  мəнісінде, көптеген  алуан  түрлі  мамандандырылған
нарықтардың  жүйесі  болып  табылады. Таңдалған  критерийге  байланысты,
олардың əртүрлі жіктемелері болады (2.2-кесте).
Нарықтық  қатынастар  субъектіне  қатысты  сатушы  нарығын, сатып  алушы
нарығын  жəне  делдалдық  операциялар  нарығын (аралық  сатушылар  нарығын)
ажыратады. Географиялық белгілері бойынша ішкі (өңірлік, жергілікті жəне т.б.
нарықтарға бөлінетін ұлттық нарық) жəне сыртқы (əлемдік, шекарамен шектес
жəне т.б.) нарықтар ажыратылады.


23
2. 1 - к е с т е
Бəсекелестік пен нарықтың негізгі түрлерінің сипаттамасы
Бəсекелестік
пен нарық
түрлері
Фирмалардың
саны мен көлемі
Өнім сипаты
Нарыққа шығу
жəне одан кету
шарттары
Ақпараттың
қолжетімдігі
Таза
бəсекелестік
Көптеген ұсақ
фирмалар
Біртекті өнім
Қиындықтардың
болмауы
Ақпараттың
барлық
түрлеріне
бірдей қатынау
Монополистік
бəсекелестік
Көптеген ұсақ
фирмалар
Əртекті өнім
Қиындықтардың
болмауы
Бірсыпыра
қиындықтар
Олигополия 
Фирмалар саны
көп емес, ірі
фирмалар бар
Əртекті немесе
біртекті өнім
Бөлек кедергілер
болуы мүмкін
Бірсыпыра
шектеулер
Монополия
Бір немесе
бірнеше ірі
фирма
Бірегей өнім
Нарыққа шығудың
еңсерілмейтін
кедергілері
Бірсыпыра
шектеулер
Сатулар  сипаты  бойынша  нарықтар  көтерме  жəне  бөлшек  сауда
нарықтары болып бөлінеді.
• Салалық  белгісі  бойынша  бөлінеді: шикізат  нарығы (көмір, мұнай, газ,
ағаш жəне т.б.);
• Азық-түлік нарығы (бидай, балық, ет жəне т.б.);
• Машина  жасау  нарығы (автомобильдер, машиналар  жəне  т.б.) жəне
басқа салалық нарықтар.
Өндірілетін  тауар  ерекшелігіне (күрделілігі, өндірілу  ұзақтығы  жəне  т.б.),
сатушылар  мен  сатып  алушылардың  бір-бірінен  алшақтығына, жеткізілген
тауар  үшін  төлемдердің  кідіру  мүмкіндігіне  байланысты, əрбір  нарықтың
сəйкес  инфрақұрылымы — мамандандырылған  ұйымдардың  жүйесі  болуы
керек. Нарықтың  инфрақұрылымы несиелік жүйені, биржалық сауда  жүйесін,
көтерме  жəне  бөлшек  сауда  жасайтын  дербес  кəсіпорындардың  жиынтығын
қамтиды.


24
2.2- к е с т е
Тауар алмасу нысанының сипаты бойынша нарықтардың жіктелуі
Несиелік жүйе банк  жүйесінен, сақтандыру компанияларынан, кəсіби одақ
қорларынан  жəне басқа  ұйымдардан  құралады. Банк жүйесінің  бірінші  қабаты
болып  орталық  банк, екіншісі — коммерциялық, ипотекалық, инновациялық,
инвестициялық жəне басқа да банкілер саналады.
Биржа — бұл  тауар, құнды  қағаз  жəне  валюта  сату-сатып  алу  бойынша
аукцион  ретінде  əрекет  ететін  ұйымдастырылған  көтерме  базар. Ол  биржалық
комитеттің  басшылығымен  жарғы  негізінде  жұмыс  істейді. Биржа
тапсырыскерлері  ретінде  жеке  тұлғалар, сауда-өнеркəсіптік  корпорациялар
жəне  несиелік-қаржылық  институттар  бола  алады. Биржалар  тауарлық (өнім
бойынша  мамандандырылған  жəне  əмбебап), қорлық (құнды  қағаздармен
мəмілелер  бойынша), валюталық (ұлттық  валютаны  сату-сатып  алу  бойынша)
болады. Биржалық  саудадан  басқа, тауар  нарығы  əртүрлі  ұйымдастыру
нысандарын  қолданатын (жəрмеңкелер, аукциондар, көрме-сатулар  жəне  т.б.)
көтерме жəне бөлшек сауда жасайтын дербес кəсіпорындардың желісіне қызмет
көрсетеді.
Кез  келген  нақты  жұмыс  істейтін  жүйе  ретінде  нарық  басым  жəне  нақты
кемшіліктерге ие. Нарық экономикасының негізгі артықшылықтары:
• қоғамға қажетті тауарлар мен қызметтерді өндіруге арналған қорларды
тиімді бөлу жəне пайдалану;
• өндірістің 
өзгеріп 
тұратын 
шарттарына 
икемділік 
пен
бейімделушіліктің жоғары дəрежесі;
• ғылым мен техника жетістіктерін өндіріске ендіру;
• кəсіпкерлер мен тұтынушылардың таңдау жəне əрекет ету еркіндігі;
• əртүрлі  қажеттіліктерді  қанағаттандыруға, өнім  сапасын  арттыруға
қабілеттілік;
•  бұзылған экономикалық тепе-теңдіктің салыстырмалы түрде жылдам қалпына келуі.
Нарықтың негізгі кемшіліктері:
• ұжымдық жəне қоғамдық қолданыстағы тауарлар мен қызметтерді өндіруге
арналған ынталандырулардың болмауы;
Тауар жəне қызмет нарығы 
Қаржы нарығы
Зияткерлік өнімдер нарығы
Еңбек нарығы
Өндіріс
құралдарының
нарығы
Тұтыну
тауарларының
нарығы
Өндірістік 
жəне
бейөндірістік
мақсаттағы
қызметтер нарығы
Құнды 
қағаздар
нарығы
Капитал нарығы
Валюталық жəне
несиелік нарық
Технологиялар,
тəжірибелік-
құрастырымдық
талдамалар нарығы
Терең 
ғылыми
ақпарат нарығы
Ақпарат нарығы
Жұмыспен
қамтылғандар
Жұмыссыздар
Еңбек биржалары
Кадрларды
дайындау 
жəне
қайта 
дайындау
жүйесі


жүктеу 4,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау