31
•
Стигма азаяды және психикалық денсаулық жақсарады.
Екінші слайд:
Жасөспірімдермен тиімді тілдесу модельдері
Strengths (Мықты қасиеттері) – Не істегенді ұнатасың?
School (Мектеп) – Мектепте не ұнайды/ұнамайды?
Home (Үйде) – Кіммен тұрасың? Отбасыңмен сөйлесе аласың ба?
Activities (Шаралар) – Достарың кім? Жан досың кім? Солармен сөйлесе аласың
ба? Drugs/substance use (Есірткі/заттектер қолдану) – Достарың шылым шегу, есірт-
кі қолдану, ішімдік ішу туралы айта ма?
Emotions/eating/depression (Эмоциялар/тамақтану/торығу) – Күйзелісті сезі-
несің бе?
Sexuality (Сексуалдылық) – Саған біреу ұнай ма? Сол адам туралы айтып берші
(гендерлік тұрғыдан бейтарап тіл).
Safety (Қауіпсіздік) – Өзіңді мектепте қауіпсіз сезінесің бе? Үйде ше? Қарым-қа-
тынаста ше?
SHADESS и HEADSS - это руководства, используемые во всем мире для поддерж-
ки медицинских работников в совершенствовании навыков общения с подрост-
ками. Они не предназначены конкретно для работы по ВИЧ и были изначально
разработаны для отделения неотложной помощи. Они предназначены для помощи
практикующим врачам при взаимодействии с молодыми людьми, для того, чтобы
узнавать об их жизни и строить с ними отношения.
Үшінші слайд:
Уәждемелі сұхбат
Осы үлгі есірткі тұтынушылардың мінез-құлқын өзгертуге көмектесу үшін жасап
шығарылған. Үлгі дәрі-дәрмек қабылдайтын жастарға қолдау көрсетуде өте пай-
далы. Үлгі адамға мінез-құлқын өзгертуге көмектесу қаншалықты қиын екенін,
32
өзгеріс барысы айналмалы екенін көрсетеді, себебі – адамдар көп жағдайда ескі
мінез-құлқына қайта оралады.
Осы үлгіні қалай түсіндіру керек:
• Бастапқы саты
- адам мінез-құлқында қандай да бір мәселе бар екенін көрмейді.
• Кеңесшінің міндеті: адамға қолдау көрсету және онымен қарым-қатынас құру.
Оған АҚЫЛ ҮЙРЕТПЕҢІЗ және мінез-құлқын өзгерту керек деп айтпаңыз – олар
өздері ғана сондай қорытындыға келе алады.
•
Ойлану
- адам мінез-құлқын өзгерткісі келуі мүмкін екені туралы ойлана бастай-
ды.
• Кеңесшінің міндеті: олардан себебін сұрауы және неге дәл қазір өзгерткісі ке-
летіні туралы және мінезін өзгертуге ненің ықпал еткені туралы ойлануға түрткі
болуы тиіс. Бұл кезеңде әрекет етудің қажеті жоқ.
•
Дайындық
- бірге жоспар құрыңыздар. Мінез-құлықты өзгерту шынымен қиын
болуы мүмкін, сондықтан да адамнан триггерлер туралы және сол триггерлер
іске қосылса не істейтіні туралы, әрі мінез-құлқындағы өзгерістерді қалай сақтап
қалуға тырысатыны туралы ойлануды өтініңіз.
• Әрекет - жоспарды жүзеге асырып, мінез-құлықты өзгертіңіздер. Егер мәсе-
ле АРТ қабылдауға қатысты болса, дәл осы сәтте олар дәрі қабылдауды қайта
бастайды.
•
Сақтау
- мінез-құлықты өзгертуді жалғастыру үшін ең қиын саты. Қатысушылар
бұрын-соңды мінез-құлықтарын өзгертуге тырысқан ба екен, мысалы: спорт-
залға бару немесе шылым шегуді тоқтату, сұрап көріңіз. Бастаған істі жалғасты-
ру қандай қиын екені туралы ойлануға итермелеңіз.
•
Рецидив
- оны сәтсіздік деп атамаңыз. Мінез-құлықты өзгертуге әрекет жасаған-
да, адамдар өздері білетін мінез-құлыққа қайта оралады. Осы сатыда адамнан
не болғаны, ескі мінез-құлқына оралуға не түрткі болғаны және болашақта әре-
кетін қайталауға дайын болғанда өзіне көмектесу үшін қазіргі тәжірибесінен қан-
дай сабақ ала алатыны туралы ойлануға итермелеңіз.
Төртінші слайд:
Бала отбасы мүшесі болып табылады
Ата-аналармен/қамқоршылармен дәл сол тілдесу техникасын қолданыңыз:
• Олармен жұмыс жасаңыз: сіздер – командасыздар.
• Есіңізде болсын, АИТВ олардың да басынан өтіп жатыр – олар қорқуы, қысылуы,
ызалануы немесе бәрін теріске шығаруы мүмкін. Бұл ашу немесе бойкүйездік си-
яқты болып көрінуі мүмкін. Оларға тілектестік білдіріңіз.
• Осы тақырыпты толық түсінуі үшін және үйде әңгімелесе алуы үшін олармен де
дәл сол әрекеттерді жасаңыз.
ii. Жаттығу:
Баламен
тиімді тілдесу моделін жасау
Тренерлер тек қана интерактивтік құралдарлы пайдалануда ғана емес, баламен
тілдесуде және қарым-қатынасты жақсарту мақсатында үздік тәжірибе моделін
жасап шығару үшін рөлдік ойын өткізуі керек.
Рөлдік ойын оларды төмендегі әдіс-тәсілдерге үйретуі тиіс:
33
• Балаға АИТВ-ны түсіндіру үшін үйде қарапайым интерактивтік әрекеттерді пай-
далану;
• Әңгімені бастау, балаға шынайы қызығушылық таныту: «мектеп қалай», «сүйікті
пәнің қандай», «бос уақытыңда не істегенді жақсы көресің», «саған қандай музы-
ка/кітап/жануарлар ұнайды» деген сияқты тиімді тілдесу дағдыларын көрсету;
• Баланың
жасына сай, бірақ медициналық тұрғыдан дұрыс тілді пайдалану;
• Баладан түсінгенін көрсету үшін жаттығуды қайталауды өтінетін кездерде реф-
лексивті тыңдауды орындау;
• Сұрақ қойып жатқан балаға
кеңпейілділік таныту;
• Бала маманмен әңгімелесуге құлшыныс танытатындай көңілді орта қалыпта-
стыру.
Төмендегілерді ерекше атап өту маңызды:
• Интерактивтік жаттығулар тек қана кішкентай балаларға ғана арналмаған. Олар
кез-келген жастағы адамдарға, соның ішінде, ата-аналарға/қамқоршыларға да
қолданылуы тиіс. Біз оларды қазір сіздерді, бір топ ересектерді, үйрету үшін қол-
данып жатырмыз, себебі, сіздер үшін дәріске қарағанда жаттығулар қызықты.
• Баланың жасы мен танымдық қабілеттерін ескеру және сіз пайдаланатын тіл
осы нюанстарды бейнелейтініне
көз жеткізу қажет
.• Көбінесе бір құралды пайдалана аласыз, әйтсе де әртүрлі жастағы адамдарға
әртүрлі түсіндіру керек
iii. Ой-талқы:
Ата-аналарға/қамқоршыларға арналған АИТВ туралы оқыту
бағдарламасын әзірлеу
Топтан сұраңыз: «Ата-аналармен/қамқоршылармен жұмыс жасау неліктен
маңызды?»
Қатысушылар өз пайымдарын айтып болған соң, төмендегі талаптардың
ескерілгеніне көз жеткізіңіз:
•
Олар балалары үшін заң жүзінде жауапты, ал мамандар кез-келген консуль-
тация жүргізу үшін ата-аналардың келісімін алуға міндетті;
•
Ата-ана балалары үшін эмоциялық тұрғыдан ең маңызды адамдар болып
табылады;
•
Егер біз ата-аналардың/қамқоршылардың АИТВ туралы дұрыс түсінігі қа-
лыптасуын қамтамасыз ете алсақ, олар балаларына дұрыс ақпарат жеткі-
зетін болады;
•
Олар баланың емделуге ынталы болуына
дем беретін негізгі адамдар;
•
Олар болашақта да, үйде де АИТВ-на қатысты оң көзқарасты қолдай алады.
Топтан сұраңыз:
«Сіздің ойыңызша, ата-аналарға қандай тақырыптарды білу керек?»
Оларды флипчарт парағының бір жағына жазыңыз.
Топтан сұраңыз:
«Ойланыңыздар, біз ата-аналарға/қамқоршыларға іс-шаралар арқылы үйренуге
қалай көмектесе аламыз»
Топтық бетпе-бет интерактивтік жаттығулар, ЖИТС-орталықтағы әңгімелер,