Тренинг өткізу бойынша нұсқаулық: аитв-дан немесе басқа да созылмалы



жүктеу 5,3 Mb.
Pdf просмотр
бет19/40
Дата27.12.2019
өлшемі5,3 Mb.
#25174
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40

52
Нәтижелер
Сессия аяқталғаннан кейін қатысушылар:
•  Мультидисциплиналы команда құру тәртібімен танысады;
•   копендік әдістемені пайдалана отырып, отбасылармен жасалатын жұмыстарды 
жоспарлауды үйренеді;
•   мультидисциплиналы команда мүшелерінің рөлін түсіне бастайды;
•   мультидисциплиналы команда құрамында жұмыс жасауды үйренеді ;
•   психоәлеуметтік қолдау көрсете отырып, командада жұмыс жасауды үйренеді.
Ұзақтығы: 60 мин.
i. Презентация: 
Кейс-менеджментте мультидисциплиналы әдістемені 
ұйымдастыру 
АИТВ-мен өмір сүретін балаларға және жасөспірімдерге күтім көрсету қызмет-
теріне мониторинг жүргізу қажет, аталмыш қызметтер қажетті біліктілікке ие дәрі-
герлермен, атап айтқанда, АИТВ жөніндегі педиатрлармен көрсетіледі. 
Бірінші слайд: Білім мен тәжірибе
АИТВ-мен өмір сүретін балаларға және жасөспірімдерге күтім көрсету жөніндегі 
мультидисциплиналы команданың барлық мамандары:
• 
АРТ дамытуды және сырқаттан айықтыратын әдістер саласындағы зерттеу-
лерді қамтитын осы ентелей дамып келе жатқан сала аясында өзекті ақпа-
раттан хабардар болуы керек;
• 
балаларды қорғау мәселелері бойынша сәйкес білімі мен тәжірибесі болуы 
керек;
• 
ұлттық конференцияларға, іс-шараларға және тренингтерге жүйелі түрде ба-
руы және қатысуы керек. 
МТД  қатыстыру  АИТВ-мен  өмір  сүретін  нәрестелерге,  балаларға  және 
жасөспірімдерге және олардың отбасыларына кешенді күтім көрсетілуін қамта-
масыз ету үшін қажет. 
Екінші слайд: АИТВ-мен байланысты мәселелер
АИТВ-мен өмір сүретін балаларға және олардың отбасыларына қатысты ерекше 
көңіл бөлуді талап ететін мәселелерге жататындар: 
•  емделуге құлықтылықты қолдау;
•  ата-ананы/қамқоршыны  статусты  жария  етуге  дайындау,  диагнозын  АИТВ-мен 
өмір сүретін балаға және отбасындағы басқа да балаларға жария ету; 
•  стигма мәселелерін түсіну;
•  ересектерге қызмет көрсету жүйесіне ауысу.
Балаларға және отбасыларға денсаулық сақтау секторынан тыс қосымша қол-
дау қажет болуы мүмкін.
Уақыт
Атауы
Өткізу түрі
20 мин
Кейс-менеджментте мультидисциплиналы әдістемені 
ұйымдастыру 
Презентация
25 мин
Команда мүшелерінің функционалдық міндеттері 
Топтық жұмыс 
15 мин
МДТ үйлестіру 
Пікірталас   


53
Үшінші слайд: МДТ тобына кім кіреді
•  МТД ондағы мамандары құрамына қарай әртүрлі сала мамандары болу мүмкін, 
өйткені нақты жағдайға қарай орайластырылады.
•  Алайда, дәрігер, психолог пен әлеуметтік қызметкер/мейірбике команда құра-
мына міндетті түрде кіруі тиіс мамандар болып қала береді. 
•  Едәуір күрделі жағдайларда мамандандырылған мамандар командасы құрала-
ды.  Мысалы,  командаға  психиатр  немесе  психотерапевт,  туберкулез  маманы 
немесе нарколог кіре алады.
Төртінші слайд:  
Бағалауға қатысатын команда
Отбасына бағалау жүргізген кезде:
•  Бір адам бағалау барысын басқаруы тиіс, бірақ бүкіл команда атсалысуы қажет. 
•  Жүйелі  кездесулерде  командалар  отбасыларды,  әсіресе,  түйіткілді  мәселелері 
бар отбасыларды талқылауы тиіс.
•  Бүкіл команда шешім ойлап табуға және отбасыларға қолдау көрсетуге атсалы-
суы тиіс.
•  МДТ мүшелері бір-біріне қолдау көрсетуі тиіс.
Бесінші слайд: Басқа қызметтерді қатыстыру
Баланың  өміріне  көптеген  факторлар  әсер  етеді,  оларды  кейбірі  қолдау  мен 
ақпарат көзіне айнала алады.
Әлеуметтік  қызметтердің  ҮЕҰ  қызметтеріне  және  қолдауына  қолжетімділікті 
қамтамасыз  ету  қажет.  Ынтымақтастық  отбасылар  қосымша  қолдауға  оңай  қол 
жеткізе алатындай етіп ұйымдастырылуы тиіс.
ii. Топтық жұмыс: 
Команда мүшелерінің функционалдық міндеттері
МТД барлық отбасы мүшелеріне бірлесіп кешенді қолдау көрсететін мамандардан 
тұрады. АИТВ шалдыққан баланың отбасына психоәлеуметтік қолдау көрсететін ко-
манда құрамына келесі мамандар кіреді: дәрігер (ЖИТС-орталығының балалар ин-
фекцонисі немесе педиатры), психолог, әлеуметтік қызметкер/мейірбике және мүм-
кіндік болса, ҮЕҰ өкілі.


54
Рөлі
Дәрігер
•  АИТВ-мен байланысты мәселелер бойынша медициналық басшы.
•  Баланың денсаулық жағдайы туралы ақпаратты толықтырады, 
қажет болса, медициналық шешімдер қабылдайды.
•  Дәрігердің пікірі ата-аналардың және балалардың көпшілігі үшін 
беделді болады, себебі, балаға емді дәрігер тағайындайды. 
•  АИТВ шалдыққанда науқастар (АИТВ шалдыққан ересектер 
мен балалар) ұдайы дәрігерге барып тұруы, онымен сөйлесуі, 
денсаулығында өтіп жатқан өзгерістер туралы білуі қажет, 
сондықтан, дәрігер - АИТВ-мен өмір сүретін адамдар психологқа 
немесе әлеуметтік қызметкерге/терапевтке қарағанда қашқақтай 
немесе көзге ілмей жүре алмайтын жалғыз МТК мүшесі.
•  Балаларға оң АИТВ мәртебесін жариялау идеясын толығымен 
қолдайтын дәрігер осы туралы ата-аналарға үнемі айтатын 
болады. Олар мейірімді, байыпты болады, бірақ, сонымен қатар, 
дәрігер ретінде бала үшін ең дұрысы не екенін білетінін түсіндіреді.
•  Дәрігерлер көбінесе баладан АИТВ жұқтырғанын жасыруда 
сыбайласқа айналады, ал бұл мүлдем дұрыс емес.
•  Клиникада қабылдау кезінде балалармен және ата-аналармен/
қамқоршылармен АИТВ туралы ашық әңгімелесу ақпарат 
алмасуды, қорқынышты азайтуды және бала үшін үздік 
денсаулық нәтижелеріне жету үшін отбасымен мен медицина 
қызметкерлерімен  бірлесіп жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.
•  Егер бала АИТВ туралы білетін болса, дәрігер бәрін оңай түсіндіре 
алады, қандай сөздерді қолдану керек екенін уайымдамайтын 
болады.
•  Дәрігерлер ата-аналардың/қамқоршылардың қорқыныштарын 
және алаңдаушылығын көп жыл бірге сезініп, «күйіп кетуі» мүмкін.
1. Қатысушыларды 4 топқа бөліңіз.
2. Флипчартқа немесе қағазға әр МДТ мүшесінің рөлі мен жауапкершілігін көрсе-
туді өтініңіз: дәрігер, мейірбике, әлеуметтік қызметкер, психолог.
3. Қысқа пікірталастан кейін: әр топтан жоғарыда аталғандардың БІРЕУІ бойын-
ша кері байланыс беруді өтініңіз. Тренерлер өздері таңдай алады (мысалы, 1-ші 
топ дәрігерлер туралы, 2-ші топ психологтар туралы айтады және т.с.с.).
4. Кері байланыстан кейін қалған қатысушылардан айтылғандарға алып-қосары 
бар-жоғын сұраңыз.
Тренерге арналған ескертпелер:
Төменде әр МДТ мүшесінің рөлі туралы кейбір мәлімет келтірілген.


жүктеу 5,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау