902
да өз көңіл күйін білдіре алады. Бейнелеу өнері ең алдымен балалардың эстетикалық,
адамгершілік, еңбексүйгіштік, ойлау қабілеттерін дамытады.
Я.А.Коменский, Ф.Фребель: «сурет салу, мүсіндеу және түрлі құралдармен
айналысатын сабақтар балалардың сезімдерін, ойлау қабілеттерін дамытады» деп
айтқан. Бейнелеу өнері – эстетикалық тәрбиенің негізгі құралы. Бұл көзқарасты
философтар, педагогтар, психологтар қолдайды. Ежелгі гректер сурет салуға үйрету –
қол еңбегін дамыту мен тәрбиелеудің негізгі құралы болып табылады. Ежелгі
көзқарастың дұрыстығына көзіміз жеткендей, себебі грек мәдениеті суретпен дамыды
және осы заманға дейін сақталған.
Сурет салу іс-әрекетінде балаларда эмоциялық көңіл-күй пайда болады. Сурет
салу – көркемдік шығармашылық іс-әрекет. Өмірдегі алған әсерлерін бейнелеумен
қатар, бейнеленген суретке деген қарым-қатынасын білдіреді. Суретті салған уақытта
балалар салынған суреттің неге ұқсайтынын, оның нәтижесін айтып, өз көзқарасын
білдіре алады. Салынған суретке деген көзқарастары эстетикалық баға берумен қатар
танымдық қабілеттерін дамытады. Сурет салу оқу іс-әрекетінде балаларда бастаған істі
аяқтау, ой тұрақтылығы, мақсатқа жету және қиындықты жеңе білу қабілеттері
ашылады. Бейнелеу іс-әрекеті кезінде ой және дене белсенділігі ұштасады. Сурет салу,
мүсіндеу, жапсыруды орындау үшін еңбек жасалынады, сондықтан белгілі бір
біліктер, дағдылар қажет. Бейнелеу іс-әрекетінде бақылай білу мен сурет сала білу
маңызды рөл атқарады. Кейбір педогогтар өз міндеттерін тәрбиеленушілеріне тек
қажетті техникалық дағдыны меңгерту, сурет салу тәсілдерін үйрету, қылқаламды
ұстай білу, бояу, бор, қарындаш, фломастермен жұмыс істеуді меңгерту деп ұғынады.
Сурет салу да баалар айналадағы қызықты құбылыстарды көре білу қажет. Бала үшін
сурет салу – сезім, көңіл күйді берудің бірінші құралы. Педагог бала жұмысының
нәтижесіне қарай отырып баланың ішкі сезімін, жан дүниесін көре алады. Сурет
салу іс-әрекеттерінде балалардың қызығушылық сезімдерін дамыту мақсатында түрлі
әдіс-тәсілдер қолданылады. Педагогтың мақсат-міндетіне сай балалар өнер
жанырларын, стильдерін (сюжет, портрет, натюрморт, графика, скульптура) түсініп
қабылдай білуі шарт. Сурет салу іс-әрекетінде суретшілер еңбектерімен таныстыру,
ертегілер бойынша салынған суретшілер еңбектерімен таныстыру, ертегілер бойынша
салынған суретшілер иллюстрацияларын көрсету, түрлі саяхат сабақтар өткізу
(мұражайлар, жергілікті суретшілер үйіне) т.б. өткізген шарт. Осындай оқу әрекетінде
балаларды өнерге деген қызығушылықтары дамиды. Сурет салу әдістерін меңгерту
мақсатында дәстүрлі емес әдістерді пайдалану балаларға қызығушылықтарын
дамытады. Дәстүрлі емес әдіс-тәсіл түрлері: мөр басу, кляксография, монотипия,
ылғал бетте сурет салу, май шаммен, түрту, нүктемен, саусақпен т.б. дәстүрлі емес
әдіс-тәсілдерді пайдалану ойлау қабілеттерін, қиялын шығармашылық қабілеттерін
дамытады. Әрбір оқу іс-әрекеттерінде түрлі әдісті қолдану балалардың сурет салуға
қызығушылықтарын дамытып, өз беттерімен жұмыс жасауларына мүмкіндік береді.
Бейнелеу іс-әрекеті балаларды мектептегі бейнелеу өнері сабақтарына дайындау үшін
арнайы дайындықтан өткізуге мүмкіндік береді. Ол үшін төмендегідей практикалық
материалдар болу керек.
● Суреттер, мүсіндер, халықтың қолданбалы өнерінің бұйымдар жинағы.
● Классикалық саздар жинағы.
903
● Бейнелеу құралдарының жинағы.
● Байланыстыра сөйлеуге басты назар аудару қажет (живопись, скульптура
шығармалары бойынша шығармашылық әңгімелер).
● Балалардың Қазақстан өнері, оның қайнар көздерімен негізін салушылар туралы
білімдерін кеңейтіп, байыту керек.
● Әртүрлі халықтардың мәдениетін түсіне, ажырата білуге үйрету.
Осы мақсатта халықтық ойыншықтар арқылы образдар құра білуге үйрету керек.
Дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді қолданудың түрлері: саусақпен салу, жапрақпен
бастырма, сиямен үрлеу арқылы салу, тіс щеткасымен салу, ермексазбен сурет салу,
мақта таяқшасымен сурет салу, майшам+акварельмен салу т.б.Балалардың
шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ұсақ қол моторикасын жетілдіруге, сурет
салуға деген қызығушылығын арттырады.
Сурет салу әдістері:
«Бастыру әдісі»: Әртүрлі заттармен бастыру арқылы сурет салу балабақша дәстүріне
айналып келеді. Аталмыш техника арқылы жұмыс істеу балаларда жағымды эмоция
тудырады, таныс тұрмыстық заттарды көркем сурет салуға қолдану мүмкіншілігін
ашады. Бастыру үшін әртүрлі заттарды қолдануға болады. Мысалы: жапырақ, түрлі
өсімдіктер, поролон, көкөністер, жүн, алақан, қарындаштың теріс бөлігі, жіп;
Дәстүрден тыс әдіспен сурет салуды үйренген бала, өз бетінше бастыру
құралдарын іздеп тауып көрсетеді. Бұл баланың өмірге шығармашылықпен
қарауының, кез келген затты әр түрлі мақсатта қолдана білу іскерлігін дамытудың алғы
шарты болып табылады.
«Көкөністер бастырмасы»: Балалар бастырма көмегімен салынған бейнеге
ерекше қызығушылық танытады. Әсіресе көкөніс қалдығынан балалардың көз
алдында даярланған штамптар даяр сатып алғандарға қарағанда қызығушылықты