898
Тіпті, біздің компьютерлік ғасырымызда да, қыз балалардың ойыншығы болып,
қуыршақтар танылады.
Қуыршақтар әртүрлі болып келеді: шүберектен жасалған, пластмассадан, ағаштан
және резеңкеден жасалған, үлкен және кіші, ескілікті және осы заманғы сәнді
киімдермен киінген сияқты және т.б. Ал енді біз бүгін қағаз қуыршақ жасап шығарамыз.
(таңдауға мына материалдар ұсынылады: гуашь, бояулар, борлар, акварель).
Трафаретпен жұмыс істейміз, кесеміз, бояймыз, желімдейміз. Ата-аналар бәрі бірге
шеберлік істеу үстінде осылай өздерін жан-жағынан көрсетеді. Соның нәтижесінде, ата-
аналармен қарым-қатынасымыз нығайып, балабақша мен отбасы арасында
ынтымақтастық орнайды.
Ата-аналар мен ересек топ балаларының қатысуымен викторина өткізіледі.
Викторинаға ата-аналар аса қызығушылықпен қатысып, өз пікірлерін қалдырады.
Әсіресе викторинаны өткізгенде, кей ата-аналардың қазақ тілін үйренуге деген
құштарлық ұмтылысы байқалады.
Қазіргі уақытта балаларға қазақ тілін тереңдетіп оқытуға көп жағдай жасалынған.
Оның бірі жаңа әдістемелік оқулардың жарық көруі. Осы жаңа оқулықтардың жарық
көруі мектепке дейінгі білім саласында біздер, мұғалімдер үшін өте маңызды жағдай
туғызады. Осы оқулықтар арқылы балабақша мен ата-аналар арасында тығыз қарым-
қатынас қалыптасуда. Себебі, бұл оқулықтар екі жақты бірлестікті қажет етеді. Жаңа
оқулықтар мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық, физиологиялық
ерекшеліктері ескеріле отыра құрастырылған. Жұмыс барысында баланың жеке дара
мүмкіншіліктерінің, дара қасиеттерінің өріс алуына жағдай жасалынған.
Әр
жыл
сайын оқу жылының аяғында бағдарлама бойынша балалардың білім деңгейі
тексеріліп, жыл бойы алған білімдеріне қорытынды жасалынады. Қорытынды
диаграмма түрінде көрсетіледі.
Тоқсан сайын, ата-аналармен «Отбасында мемлекеттік тілді үйрену» тақырыбында
сауалнама жүргізіледі. Сауалнаманың талдау нәтижесі бойынша ата-аналар
мемлекеттік тілді үйренудің қажеттігімен толық келіседі, бірақ күнделікті сөздерді
отбасында мемлекеттік тілде бекітсе, жақсы нәтижеге жетуіміз сөзсіз.
Сауалнаманы талдау барысында мынадай түйін жасауға болады:
1.Отбасында ата-аналар балаға мемлекеттік тілді үйренуге көңіл бөлу;
2.Мемлекеттік тілде күнделікті тұрмыстағы сөздермен қарым-қатынас жасау;
3.Балалар бағдарламалары мен фильмдерді, мультфильмдерді қарау;
4.Ұйымдастырылған оқу-іс-әрекеттерінде өткен жаңа сөздерді отбасында бекіту;
5.Педагог пен ата-ана арасында тығыз байланыс орнатып, мемлекеттік тілге
қызығушылықтарын арттыру жұмыстарын жалғастыру.
6.Ата-аналарға мемлекеттік тілдің қажеттігі туралы ақпарат, кеңестерді тұрақты
жүргізу.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» -дегендей, жоғарыда атқарылып жатқан жұмыстың
нәтижесінің жемісін, отбасында ата-аналар қазақ тілін үйренем деген балаларға жағдай
жасағанда ғана, еңбектің зая кетпегені.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Артемова Л.В. «Дидактикалық ойындар» М., 1992.
2.Балақаев М. «Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту» 1989 Алматы. М. 1975
899
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТЕАТРЛЫҚ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ТҮРЛЕРІ
Осатаева Гульнур Қайратовна
КМКҚ «Толағай» балабақшасы
Мектепке дейінгі баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты
мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш
ұмытылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын
дамытады.
Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады.
Сондықтанда да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі
бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр
нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша
құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып
тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге
болады. Ал, театрландырылған ойындарды балалар қызықтап ойнайды.
Театрландырылған ойындар желелі рөлдік ойындардан тек желісі ғана емес,
сондай-ақ ойнау іс-әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған.
Театрландырылған ойындар ойын – қойылымдары болып саналады, бұл жерде
балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға
айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы сахнада
кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамыту.Оның
бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Бүлдіршіндер
сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы
жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген
диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.
Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы да жекелеген
элементерді, кейінен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-өрісі,қиялы дамиды.
Рөлді ойнау арқылы өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның
әрекеттерін, сезімдерін сезінеді. Осындай эмоциялық күйлер баланы бұрын
байқамаған өмір көріністеріне таң қалдырып,өз сезімін мимика, ым-ишара, тағы басқа
көріністер арқылы біреуге үйретеді.
Театрландырылған ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге
араласуға, спектакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге
итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге өзі
алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді. Балабақшадағы
театрландырылған іскерлік бағдарламасы: 5 бөлімнен тұрады. Театрландырылған
ойын. Кез келген өмірлік мән жайда өз құрбыластарымен және үлкендермен қарым-
қатынас жасай білуге, кез-келген жұмысқа шығармашылық қабілетпен қарауға,
эстетикалық сезіммен ойнау арқылы мінез құлқын дамыту. Бұл бөлімдегі ойын 3-ке
бөлінеді:
- дамытушылық
-әсемділік