Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет425/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   421   422   423   424   425   426   427   428   ...   472

 

894 


 

Отбасы- тіршіліктің шағын ұясы,  жаңа адам сол ұяда дүниеге келіп, қамқорлыққа 

бөленген өмір мектебінен өткен. Ата-ана алғашқы ұстаз және тәрбиеші. «Тәрбие негізі- 

отбасынан  басталады»  деген  ойға  балабақшаны  да  қосқан  жөн.  Отбасында  және 

балабақшада  кішкене  сәби  айнала  қоршаған  дүние  жөніндегі  бастапқы  ұғымдарды 

меңгереді,  өнегелі  тәрбие  алады.  Өкінішке  орай,  сәбилерді  тәрбиелеуде  елеулі 

кемшіліктерге жол беретін отбасы да кездеседі. Мұның себебін кейбір ата-аналардың 

педагогикалық білімі  мен  мәдениетінің  жеткіліксіздігінен  көруге  болады.  Сондықтан 

ата-аналар тәрбиені балабақшамен тығыз байланыста жүргізеді. 

Баланың  толық  және  үйлесімді  оның  жеке  дамуы  үшін,  оған  отбасы  ортасында, 

бақытты, сүйіспеншілік және түсінушілік жағдайында өсуі қажет екені  «Бала құқығы» 

туралы конвенцияда жазылған. Бұл, құқықтардың ең бір алда жүретіні, өйткені оның 

жүзеге  асырылуы,  өсетін  адамға  әсерлі  амандықта,  сезімді  дамытуда  анықтау  үшін 

дұрыс жағдайларды қамтамасыз ететін болады. 

Ата-аналар  және  отбасының  басқа  да  мүшелері  жағынан  көрсетілетін 

сүйіспеншілік пен түсінушіліктер, кішкентай бөбектің өз-өзіне сенуін тұрақтандырады, 

қателесіп кетуден қорықпай-ақ, өз пікірін айту және қорғау, үлкен адамдарға сұрақ қою 

шеберліктерін  нығайта  түсетін  болады.  Тек  қана,  сүйіспеншілік  және  түсінушілік 

жағдайларында ғана, келешекте шығармашылықты жеке тұлға болып шығуға қабілеті 

бар, баланың үдемелі үйлесімді дамуы байқалатын болады. 

Біз,  балабақшада  балаға  отбасымен  тығыз  байланыста  тәрбиелік  ықпал  жасауда 

бірлік пен  өзара  ынтымақ орнатуға ұмтыла отырып, ата-аналарға педагогикалық білім 

мен нақтылы көмек , ақыл-кеңестер көрсетіп отырамыз, мысалы: 

 

Қарым-қатынасыңызды баланың алдында анықтамау. 



 

Адамдармен бірдей тең сөйлес. 

 

Басқа адамның да пікірін сыйла. 



 

Көмекке зәру болса, оған көмектес. 

 

Өзара түсінушілікке ұмтыл. 



 

Басқаның сөзін бөлмей, тыңдауды үйрен. 

 

Дауысыңды көтерме, айғайлама. 



 

Сұрақтарды күштің көмегімен шешуге тырыспа. 

 

Біреуді балағаттама және қорлама. 



Есте сақтаңыз! 

 

Айғай-дөрекілікті тудырады 



 

Ашушаңдық-жағымсыздықты тудырады 

 

Жақтырмау-жатсынуды тудырады 



 

Алдау-сенімсіздікті тудырады 

 

Кешірмеу - ашу-ызаны тудырады. 



Бірақ! 

 

Күлімсіреу   мұзды ерітеді! 



 

Тәубеге келу  жазаны жеңілдетеді! 

 

Кешіру   жеңілдік әкеледі! 



 

Шынайылық  сенім тудырады! 

 

Қамқорлық  өмірдің мәнін толтырады!  




 

895 


 

Ата-ананы  және  де  басқа  отбасы  мүшелерін  жақсы  көрушілік  мынадай: 

патриоттық, азаматтық, шыдамдылық, достық сияқты мінез ерекшеліктерін тәрбиелеуге 

салмақты негіз болып табылады. 

Тіл – үйрену – ынта, талап пен табандылықты қажет етеді.Балаларға мемлекеттік 

тілді үйрету, олардың тілін дамытуға, тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыруда халық 

аузы әдебиетін пайдалану, ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармаларымен, 

патриоттық сезімін, ұлттық санасын тәрбиелеуде салт-дәстүрмен таныстыру  мақсаты 

қойылады.  Бұл мемлекеттік тілге  қаншалықты құрмет көрсететінімізді, оны түсініп, 

қазақ тілін үйреніп, сөйлей білуге деген құштарлық тілегімізді арттырады. 

Қазақ  тілін    үйренуге  байланысты    балабақша  мен  отбасының  өзара  қарым  –

қатынасы қандай? Бұл  проблемалық  жағдайға байланысты біздің балабақшада қандай 

шаралар өтізіледі, енді соған тоқаталып өтейік. 

Оқу жылының  басында, әр баланың жас ерекшелігі мен психологиялық қабілетін 

ескере отыра, орысша -қазақша сөйлеу мәнері тексеріледі: 

дыбыстарды дұрыс айта білу және есту қабілеті; 



орысша-қазақша сөздік қорлары; 

грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлей білу қабілеті; 



байланыстырып сөйлеу мәнері. 

Бұл  тексерістің  мақсаты:    Әр  баланың  алда  қазақ  тілі  бағдарламасының  оқыту 

материалдары  меңгеру  деңгейі  анықталады.  Осы  тексерістен  алған  нәтижеге  қарап, 

оқыту процессі мен ата-аналармен  жұмысты дұрыс  ұйымдастыру мүмкіндігі туады. 

Балалардың білім деңгейін тексеру  өте күрделі процесс. Бұл тексеріске арнап, көптеген 

дидактикалық  ойындар,  сөздік  ойындар,  экспресс-сұрақтар,  тест  сұрақтары 

пайданылады.  Мысалы: Д/о «Қарап ал да, есіңе сақта». 



 Мақсаты: Балаларды көрген суреттерді есіне сақтап, көз алдына елестете отыра, 

әрқайсысын ретімен атап шығуға, үй жануарларын, аңдарды және құстардың аттарын 

дұрыс  екі  тілде    айтқызу.  Жалпы  және  жеке  ұғымдарды  дұрыс  айта  білу  қабілетін 

тексеру.  Бұл  ойын арқылы балалардың  сөздерді  қазақша  атағанда,  сөз  ішіндегі  қазақ 

тіліне тән дыбыстардың дұрыс айтылуын қадағалау.  

Д/О «Заттың атын ата». 

Мақсаты:  заттарды  көріп,  оны  жан-жақты  сипаттау  арқылы,  балалардың 

сезімталдығын, сөздік қорларын тексеру.  

Балалармен  ойнай  отыра  алынған  қорытындыны  ата-аналарына  және  топ 

тәрбиешілеріне  хабарлап,  алда  олармен  отбасында  және  топта  қандай  жұмыстар 

атқаруға болатыны жайлы кеңестер беріледі.  

Баланың қазақ тілін дұрыс  меңгеруі ата-анаға да байланысты. Ата-ана өз баласына 

осыған орай жан-жақты қолайлы жағдай жасай білу керек. Егер ата-ананың қазақ тілін 

үйренуге  деген  қызығушылығы  болса,  сол  отбасында  тәрбиеленетін  баланың  

мемлекеттік тілді  үйренуге деген құштарлығы арта түседі.  

Ата-аналардың күнделікті ауыр жұмыстарына қарамастан, кешкілікте баламен «ас 

үйде ойнауға» кеңес беріледі.  Ата-анасы баласымен  бірге ойнай отыра, өз баласының  

белсенді  сөздік  қорын  жетілдіруге  көмегін  тигізеді.  Бұған  мынадай  ойындарды 

жатқызуға болады. 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   421   422   423   424   425   426   427   428   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау