915
Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің
асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік
көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.Қай заманда
болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін,
өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Мен адам бойындағы рухани құндылықты, адамгершілік, адалдық, кішіпейілділік,
мәдениеттілік, еңбексүйгіштік секілді қасиеттерді жоғары бағалаймын. Бойынан
осындай қасиет табылған адамды рухани жағынан бай адам деп есептеймін. 1-11
сыныптарда «Өзін- өзі тану» сабағы жүреді. Бұл пән, әсіресе, баланың ойлау
қабілетінің дамуына, өзіндік пікірінің қалыптасуына, өзін- өзі тануына, сабырлы
болуына көп ықпалын тигізеді сабақ.Сабақта тек жақсылықтарды үйретеді. Яғни ол
балаларға жылуын шашқан күн нұры секілді. Бастауыш сыныпта «Өзін- өзі тану» пәні
өткізіле бастағаннан бері әр оқушының санасында күрт өзгерістер бар екенін
байқадым.
Мұндай сабақтан балалар жан- жақты білімді, саналы, тәрбиелі болып
шығатынына еш күмәнім жоқ. Бұл пән ата- аналарға, мұғалімдерге көмекші, ақылшы
десек артық емес. Өйткені, бұл пәннің сабақ өткізу әдіс- тәсілдері кез келген баланың
жүрек кілтін ашып, оның мінезінің жақсы болып қалыптасуына себепші болмақ.
Адамгершілік тәлімі жүрекке жан шуағын орнатып, бұрыннан бойымызда бар
жақсы қасиеттерді дамытады. Жаман әдет пен теріс қылықтан тазарып, жаны таза,
көңілі ақ, рухани сезімдерге бай адам болып қалыптасу — өзекті мәселе. Мейірімділік
жылудан тарайды. Жүрек жылуынан басқа табиғат жылуы, күн жылуының да әсері
мол
.
Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі. (Ыбырай
Алтынсарин)
Балаға берілетін адамгершілік тәрбие дегеніміз не? Оны қашан, қай уақытта бастауға
болады? Ол не үшін қажет? – осындай сұрақтар жалпы білім беретін мектептің алдына
қойылатын мәселелі сұрақ болып отыр. Мектеп бітіруші әрбір оқушыға мектептік
кезеңде сәйкес және жеткілікті түрде адамгершілік білім берілуі керек, яғни бала
адамгершілік білімінің бастауларымен үздіксіз әрі жүйелі түрде сусындауы қажет.
Онсыз адамның қоғамда өмір сүруі, адамдар арасында өзін лайықты ұстай алуы
қиынға
түсері сөзсіз.Адамгершілік - Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі
адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам
– өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен
ардақты. Халқымыз қайырымды - мейірімді жанды «адамгершілігі мол адам» деп
дәріптеген. Қайырымды, мейірімді жан – өзгелерді, басқа адамдарды ойлап, соларға
қол ұшын беруші жан.Ал,адамдардың қамын жеу дегеніміз адамгершілікке келіп
саяды.
Мұны адамгершілік туралы айтылған мақал-мәтелдерден байқауға болады.
Адамгершілік болмай,
Әділдік болмас.
Адамның ұяты бетінде ,
916
Адамгершілігі ниетінде.
Асыңа тойғызбасаң да,
Ақ ниетіңе тойғыз.
Су бермегенге, сүт бер,
Ақ ниетіңді білсін.
Кең болсаң, кем болмайсың.
Кішіпейілділік – кісінің көркі.
Ақылың болса, арыңды сақта,
Ар ұят керек әр уақытта.
Ынсап, ұят, терең ой -
Асыл зейнет ойлап қой.
Ұлық болсаң, кішік бол.
Өз қадірің – өз байлығың.
Ары таза, нар жүгін көтереді.
Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар
адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-
қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек
ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл –
сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері,
олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.
Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта
әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Тәрбиенің
негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік,
мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер
қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. « Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани
ләззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті
нәрсенің мол қоры бар рухани азық», деп атап көрсеткен.«Жақсымен жолдас болсаң –
жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң - қаларсың ұятқа...» «Жаман дос,
жолдасын қалдырар жауға» — деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер,
жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау
адамгершіліктің бір негізі.Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында,
әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.Адамгершілік –
адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханият дәуіріне
жаңа қадам болып табылады.
917
Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Көрнекті
педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай
бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне
адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның
өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең
бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық
педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыпты жан-
жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің
барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс.
Ата-ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда.
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»дегендей, ата-ананың күн сайын
атқарып жүрген жұмысы – балаға үлкен сабақ. Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп
негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен
ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін
көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады.
Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді
сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор.
Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі
парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған.
Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі.
Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени —
ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.Жұмабаев М. Педагогика –Алматы, 1992 ж.
2. Төлеубекова Р.К. «Адамгершілік тәрбиесінің негіздері» - Алматы 1998.
3. Құрманбаева М. « Тұлғаны рухани-адамгершілікке тәрбиелеу». — Бастауыш
мектеп,№1.2005ж.
4. Әмірәлиев Ш. «Рухани байлық-өмірден». – Қазақстан мектебі,
№11-12.1992ж.
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН
БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІ
Оспанова Г.Ж.
№68 МИББ кешені
Бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі – көптілділік мәселесі.
Бұл Қазақстан үшін де көкей тесті мәселе болып отыр. «... еліміздің маңызды
құндылықтарының бірі және басты артықшылығы – көпұлттылық пен көптілділік» деп
Достарыңызбен бөлісу: |