Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет407/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   472

 

857 


 

 бала ойынына үн қатып, әрбір қатысушының эмоционалды күйін сезіне алу; 

 ойын  сюжетінің  дамуына  сәйкес  балалармен  қарым-қатынастың  сипатын  және 

мінезін өзгертуге қабілетті болу қажет. Ол үшін затты-ойындық ортаны өзгерту арқылы 

және  ересектің  баламен  ынталандырушы  қарым-қатынастары  арқылы  құрылатын 

мәселелі ойын жағдайлар қолданылады; 

бала  ойынының  мазмұнының  көзі  ретінде  болатын  ақиқаттағы  оқиғаларды 

тәрбиешінің білуі, оның балалар түсінетіндей мәліметтерді белгілі бір тәсілмен, әдіспен 

жеткізе білуі, балалардың шығармашылық қабілеттерін танытуларын және балалардың 

іс-әрекетін ынталандыру; 

 балада  ересектің  бейнесін  және  оған  еліктеуді  тырысуын  (ойын  сюжетінің  даму 

деңгейіне  байланысты)  қалыптастыратын  лайықты  педагогикалық  ықпал  құралдарын 

іріктей алу; 

ойынның мүмкін болатын нәтижелерін модельдеу. 

Ойынға байланысты педагогикалық ықпалдың мақсаты «білімді ұжымдық өңдеу» 

емес,  балалардың  өзіндік  ойынды  қамтамасыз  ететін,  шағын  ойын  бірлестіктерде 

құрдастарымен қарым-қатынасқа түсу өз еркіндерімен әр түрлі мазмұнды іске асыратын 

ойнау қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.  

Тәрбиеші  мектеп  жасындағы  баланы  ойынға  тартып,  оған  жетіспейтін  аға  мен 

әпкелердің, құрдастардың орнын басу тиіс. Осындай стратегия балалардың жеке дербес 

ойынын, олардың шағын топтардағы келісімді ойынын, ерте жастан бастап қарапайым 

жұптағы қарым-қатынасқа түсуді қамтамасыз етеді.  

Ойын  баланың  өз  шығармашылығын  жүзеге  асырудың  шынайы  құралы  болып, 

дамытушы  қызметін  толық  атқаруы  үшін,  ол  ересектермен  «жоғарыдан»  түсірген 

тақырыптардан  және  әрекеттерді  тәртіптеуден  тәуелсіз  болу  керек.  Балада  ойынның 

күрделі  «тілін»  меңгеру  мүмкіндігі  болу  тиіс  —    өзінің  ойластыруы  бойынша 

шығармашылық  еркіндігін  арттыратын  жүзеге  асырудың  жалпы  тәсілдерін  меңгеру 

(шартты әрекеттермен, рөлдік қарым-қатынаспен, сюжетті шығармашылықпен құру). 

Тәрбиеші,  балалардың  еркін  іс-әрекетіне  қосылып,  ойнайтын  серіктестің 

позициясын  қабылдап,  балалардың  дербес  ойынын  дамыту  жақынарадағы  даму 

аймағын құрады. 

Бала осындай жағдайда өзін ойынға кіру және одан шығу мүмкіндігінде еркін және 

теңдес сезінеді, өзін бағалаудан тыс сезінеді: жақсы-жаман, дұрыс-дұрыс емес, себебі, 

сюжетті ойында бағалау қолданылмайды. 

Ересек  пен  баланың  бірлескен  ойыны  бала  үшін  (сабақ  немесе  нұсқау  бойынша 

әрекет  емес)  болып  осы  іс-әрекетте  тәрбиешінің,  барлық  жағдайларда  бағынатынын 

ересек  адамның  қысымын  сезінбей,  тек  «қызық  ойнай  алатын»  серіктестің  ілгерлігін 

сезінгенде ғана шынайы ойын ретінде болады. Осындай позициялардың алмасуы және 

ойнай алатын серіктес ретіндегі тәрбиешінің шынайы эмоционалды жүріс-тұрысы — 

баланың  бойында  жалпы  сюжетті  ойынға  деген  ықыластың  туындайтынның  кепілі, 

сондай-ақ,  ересек  адам  ойынға  қосатын  тақырыптарға  деген  қызығушылығы  пайда 

болады. 


Балабақшада ойынды ұйымдастыру қажет: 

Біріншіден,  тәрбиеші  мен  балалардың  бірлескен  ойыны  ретінде,  ересек 

ойнайтын серік ретінде болып, сонымен қатар, ойынның ерекше «тілін» білетін адам 




 

858 


 

ретінде  болады.  Балалардың  әрбір  ойластыруын  қабылдайтын  тәрбиеші  және  оның 

шынайы эмоционалды жүріс-тұрысы баланың өзін емін-еркін сезінуін, ойыннан ляззат 

алуын, ойын тәсілдерімен өзі меңгеруіне деген ынтасының қалыптасуын қамтамасыз 

етеді. 

Екіншіден, әрбір жас кезеңдерде ойын балалардың еркін дербес іс-әрекеті ретінде 



болуы  тиіс,  ойында  балалар  барлық  өздеріне  қол  жетерлік  ойын  әдістерін 

қолданатындай,  бір  бірімен  еркін  бірлесіп,  қарым-қатынас  орната  алатындай, 

ересектерден тәуелсіз балалық шақ әлемі қамтамасыз етіледі. 

Балалардың  дербес  ойыны  көбіне  заттық-ойындық  ортаны  ұйымдастырылуына 

және  сәйкес  ойын  материалдарды  іріктелуіне  байланысты.  Балалардың  сюжетті 

ойынының  заттармен  жабдықталуы  бұрынғыдан  икемді  болу  керек,  тәрбиеші  және 

балалармен  бірге  (бұдан  әрі  балалардың  өздерімен)  ойын  басталмай  тұрып 

ұйымдастырылуы керек.  

Сюжетті-рөлді  ойынды  дер  кезінде  қалыптастыру  үшін  кешенді  басқару  әдісін 

қолдану ең тиімді болып табылады. 



І.  Ойынды  басқару  кешенді  әдісі  бір-бірімен  байланысты  компоненттерді 

қамтиды:  балалардың  белсенді  іс-әрекетте  айналамен  танысуы;  үйретуші  ойындар; 

заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру; ойын процесіндегі ересек пен баланың қарым-

қатынасы. 



ІІ.  Балаларды  білімдермен,  әсер  алумен  байыту.  Түсініктерді  қалыптастыру: 

бақылау;  экскурсиялар  (алғашқы,  екінші,  қорытынды);  шығармашыл  мамандық 

өкілдерімен  кездесу;  көркем  әдебиет  оқу;  тәрбиешінің  әңгімесі;  сұхбат-әңгіме; 

белгіленген  тақырыптар  бойынша  балалардың  әңгіме  құруы;  балалармен  жеке 

әңгімелесу; әдеби туындылар бойынша сахналау (әдеби сюжеті бойынша, туындының 

басын немесе соңын өзгертіп); қиял-ойын; эстетикалық әңгімелесу. 



IIІ.  Шығармашылық  іс-әрекеттің  қалыптасуы  мен  дамуына  себеп  болатын 

әдістер:  ұсыныс;  еске  түсіру;  кеңес;  ойын  материалын  іріктеу;  ойынды  ойластыру 

бойынша  сұхбат-әңгіме;  тапсырыстар;  сұрақтар;  түсіндіру;  сурет  материалдарды 

қолдану; костюм элементтерін әзірлеу; балалармен бірге орындау; тәрбиешінің ойынға 

қатысуы (бір баламен ойнау, бастаушы немесе жетекші рөлді орындау). 



Құрылыс  материалдардан  құрастыруға  және  салған  заттармен  ойнауға 

үйрету:  үлгіні  қарау;  құрастыру  тәсілдерін  көрсету;  сызбаларды,  суреттерді, 

фотосуреттерді, кестелерді, модельдерді қолдану; құрастырған заттармен ойнау үшін 

материалдарды іріктеу; қағаздан, қатты қағаздан, табиғи және қосалқы материалдардан 

ойыншық жасауға үйрету. 

Балабақшадағы тәрбиеші уақыт мүмкіншілігі тапшылығына байланысты балаларға 

нақты ойын тәжірибесін біртіндеп жинау және жалпылау барысында белгілі бір ойын 

дағдаларын меңгеруге себеп болатын бірлескен ойынның осындай көлемін қамтамасыз 

ете алмайды. 

Ойын дағдыларын қалыптастыру үшін ойынды тиісті жас кезеңінде балалар ойын 

құрудың жаңа, күрделі әдісін қолдануға қажеттілігі туындайтын түрде ұйымдастыруға 

болады. 

Бұл жағдайда балалар бастапқы кезде әдісті жаңадан «ашып», оны ересек адаммен 

бірге «таза» түрінде қолданып, кейін әр түрлі мазмұны нақты өзіндік ойынға апарады. 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау