Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет410/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   406   407   408   409   410   411   412   413   ...   472

 

863 


 

ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯНЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ОҚЫТУ ЖӘНЕ 

ТӘРБИЕЛЕУДЕ ҚОЛДАНУ 

 

Нұғматуллаева С.Е. , Дүйсенбек С. 



№145 «Балапан»  балабақшасы  КМҚК 

 

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас  

ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың  

тағдыры ұстаздардың қолында» 

 Н.Ә.Назарбаев   

 

Мектепке  дейіңгі  білім  беру  мекемесінде  оқу-  тәрбие  үрдісін  іске  асырудың  бір 



жолы балаларды ойын арқылы оқыта отырып дамыту. Ойын бала үшін оқу да, еңбекте. 

Ойын  айналадағы  дүниені  танудың  тәсілі.  Ойын  балаларға  өмірде  кездесетін 

қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілеттері 

де қалыптасады.  

Ойын-  баланың  жан  серігі.  Қай  бала  болмасын  ойнап  өседі.  Ойын  сырттай 

қарағанда  қиындағы  жоқ,  оп- оңай  көрінуі  мүмкін.    Ал  іс  жүзінде  бала үшін  ойынға 

қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес.  Ойынға 

зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді- мағыналы істер 

туындап  өрбитінін  байқаймыз.  Өйткені,  ең  алдымен  не  нәрсенің  болсын  жол  бастар 

қайнар  көзі  болатыны  белгілі.  Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  дамыту  мәселесі 

мемлекеттік  саясаттың  ажырамас  бөлігі  болып  отыр.  Сондықтан  мектепке  дейінгі 

балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеудің  негізгі  мақсаты  –  баланың  жеке  басының 

қалыптасуы мен дамуы болып отыр. Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. 

Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның 

қыр  сырын  анықтап,  мүмкіншіліктері  мен  қабілетінің дамуына  жағдай  туғызу  қажет. 

Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының 

қалыптасуы  мен  дамуында  педагогтардың  педагогикалық  технологияларды  қолдана 

білу сауаттылығына да байланысты.Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім 

беру  жолында  түбегейлі  өзгерістер  жүріп  жатыр.  Бүгінгі  ғылым  мен  техниканың 

қарыштап даму  заманында  мектепте дәстүрлі оқыту  технологиясының оқушылардың 

ғылым негіздерін мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей 

отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрінуде. Сондықтан 

оқу-тәрбие  үрдісін  жандандырудың  қазіргі  педтехнологияларын  жетілдіріп,  оны  пән 

сабақтарын  оқытуда  тиімді  қолдану  арқылы  білім  сапасын  жоғарылату  үшін  басты 

бағыт-бағдар  берілуде.Бүгінгі  таңда  мектептерде  оқу-тәрбие  үрдісінде  түрлі 

инновациялық  педагогикалық  технологиялардың  қолданылып  жүргені  мәлім.  Бұл 

технологиялардың  бәрін  бір  пән  сабақтарында  қамту  мүмкін  емес.  Сондықтан, 

мектептегі әрбір пәнді ұтымды меңгертуде оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және 

оны  іс-әрекеттік  тұрғыда  жетілдіру  арқылы  оқушының  әрекеті-технологияны 

қабылдауы,  оған  деген  ынтасы,  құштарлығына  мұғалім  тарапынан  көңіл  бөлінуі 

тиіс.Қазіргі  инновациялық-озық  технология  туралы  айтатын  болсақ,  технология  грек 

сөзінен, яғни өнерпаздық, шеберлік, іскерлік деген ұғымды білдіреді. Ғалым–педагог, 




 

864 


 

психологтар  пайымдауына  жүгінсек,  В.Беспалько  өзінің  «Слагаемые  педагогической 

технологий»  деген  еңбегінде  оны  «Оқу-тәрбие  процесінің  алдын  ала  жүйелі  түрде 

жобалануы,  оны  тәжірибеде  жүзеге  асыру,  яғни  белгілі  педагогикалық  жүйенің 

тәжірибеде жүзеге асатын жобасы»,- деп қарастырады. Инновациялық (озық) білім беру 

деп  -  тұлғаның  бағдарлы  қөзқарсты,  білімдегі  дәлдікті,  шығармашылық  бастауды, 

сонымен  бірге  жаңа  технологиялық  мағлұматтарды  игеруін  айтады.  Оқыту 

технологиясы  оқу  мазмұнын  өңдеуге,  көлемі  мен  мақсатын  тұжырымдауға  арналған 

әдістер  мен  құралдырдың  жиынтығы  болса,  екінші  жағынан,  оқушының  оқыту 

үрдісінде қажетті ақпараттық, техникалық құралдарды пайдаланып, оқушыға оң әсер 

ету  әдістерін  зерттейді.  Демек,  оқыту  технологиясы  –  педагогикалық  әрекеттерді 

ғылыми-әдістемелік, іс-тәжірибелік негізде нәтижелі болатындай етіп, жоспарлы түрде 

ұйымдастыру қажет. 

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: 

н қарау; 

 

 



 

 

 



Ғылыми-қолданбалы  бағытта  нақты  педагогикалық  идеялар  мен  тұжырымдарға 

негізделген  жаңа  педагогикалық  технологиялар  жобаланады;  мұғалімдерге 

педагогикалық  технологияларды  оқытудың  бірнеше  түрлерін  бөліп  көрсетуге 

мүмкіндік береді. Қазіргі әдістемеде технологиялардың бірнеше түрлері бар. Солардың 

ішінде  орта  оқу  орындарының  оқу  үрдісінде  қолдануға  ұсынылатын  бірқатар 

технологиялар  бар.  Солардың  бірі  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін,  ұшқыр 

қиялын  дамытуға  бағытталған  деңгейлеп  саралап  оқыту  технологиясы.Бұл  мәселені 

алғаш  Қазақстанда  Ж.Караев  зерттеген  екен.Деңгейлеп  саралап  оқыту  нәтижесінде 

оқушылар жеке, жұппен , топпен жұмысты  жақсы жүргізеді. Белсенділіктері артады, 

қызығушылықтары  басым  болады.  Сабақта  өз  ойын  еркін  жеткізе  алады, 

шығармашылық  қабілеттері  дамиды.Инновациялық  технологиялардың  бірі  – 

ақпараттық  технология.  Оқытудың  ақпараттық  технологиясы  -  ақпаратпен  жұмыс 

жасау  үшін  қолданылатын  арнайы  тәсілдер,  педагогикалық  технологиялар, 

бағдарламалық  және  техникалық  құралдар.Ақпараттандыру  технологиясы  арқылы 

заман талабынан сай сабақ берудің тиімділігі өте көп. Күнделікті сабаққа видео, аудио 

қондырғылар мен теледидарды, компьютерді, интерактивтік тақта мен мультимедиалық 

проекторларды  пайдалану  үлкен  нәтижелер  беретініне  әр  мұғалім  өзі  көз  жеткізіп 

отыр.Жаңа  ақпараттық  технолгияның  ерекшелігі  мұғалімдер  мен  оқушылардың 

бірлесіп,  шығармашылықпен  жұмыс  істеуіне  ықпал  етеді.  Мектептердің  оқу-тәрбие 

үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта 

оқыту  жүзеге  асырылып,  сабақ  қарқыны  жеделдетіледі.  Ақпараттық  технологияның 

ерекшелігі: оқушылардың өздері ақпараттар жинап, жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп 

жауабын тауып, өзінің қөзқарасын логикалық түрде дәлелдейді. Әр баланың жеке даму 

процесіне,  оның  тұлғалық  қалыптасуына  кешенді  педагогикалық  бақылау  жүргізетін 

бір  мезгілде  оқытушы  да,  психологта  болуы  тиіс.Ойын  технологиясы  –  оқу-тәрбие 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   406   407   408   409   410   411   412   413   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау