Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет376/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   372   373   374   375   376   377   378   379   ...   472

 

793 


 

жетілдіреді,  тілдерін  дамытып,  сөздік  қорларын  байытады,  тілдің  грамматикалық 

құрылымын қалыптастырады, есте сақтау, зейін, қиял, ойлау қабілеттерін дамытады.  

Балалардың  сөйлеу  тілін  дамытуға  арналған  логопедиялық  ойындарға  тоқтала 

кетсек:  

1. «Кім? Не?» ойыны.  

Мақсаты: сөйлемдерді әр түрлі модельдер бойынша құруға үйрету. 

Ойын барысы: Берілген сұрақтар бойынша сөйлем құрап айт. 

Мысалы: Кім? Не? Не істеді? (Мысық сүт ішті). 

Кім? Неге? Не? Не істейді? (Қыз гүлге су құяды). 

Кім? Немен? Не? Не істеді? (Анасы инемен көйлек тікті). 



2. «Сөзді тауып айт» ойыны.  

Мақсаты: сын есім сөздерін сөйлемде орынды қолдануға үйрету, заттардың қасиеті 

мен сапасын білдіретін сөздермен сөз қорын толықтыру. 

Ойын  барысы:  Қазір  мен  бір  сөйлем  айтамын.  «Анам  көйлек  тігіп  жатыр».  Сен 

қалай  ойлайсын  көйлек  туралы  не  айтуға  болады,  ол  қандай?  (жазғы,  жеңіл,  әдемә, 

қызыл). Егер де біз берілген сөйлемде осы сөздерді қолдансақ, ол қалайша өзгереді? 

Мысалы: «Анам әдемі көйлек тігіп жатыр, Анам қызыл көйлек тігіп жатыр». 

3. «Сөйлем құрастыр» ойыны.  

Мақсаты: берілген сөздерден сөйлем құрып айтуға үйрету. 

Ойын барысы: 

 №1 тапсырма. Берілген сөздерден сөйлем құрып көр: сүйкімді күшік, биік ағаш, 

үлкен көл, қатты қағаз, суық қыс. 

№2  тапсырма.  Мына  сөздердің  орындары  ауысып  кеткен,  оларды  орындарына 

қойып көрейік. 

1. 


Өседі, бақшада, қарбыз. 

2. 


Аю, жақсы, көреді, балды. 

3. 


Жүрген, ойнап, бала, ойын. 

4. 


Бар, сенде, алма. 

4. «Жоғалған сөздер» ойыны.  

Мақсаты: балалардың есту зейінің дамыту, тілдің грамматикасын сақтап, сөйлемде 

сөздерді үйлестіру біліктіліктерін қалыптастыру.  

Ойын барысы: «Мен қазір саған әңгіме оқимын, оның кейбір сөздері жоғалған. Сен 

оларды ойлап табуға тырыс». 

1. 


Күз. Алтын ---------- келді. Аспанды ---------- қаптап, сіркіреп -------- жауып 

тұр.  ------------  да  жылы  жаққа  ұша  бастады.  Ағаштардың    ------------    сарғайып  түсіп 

жатыр. 

2. 


Қыс. Айналаның бәрін аппақ ---------- қар жапқан. Қыста балалар ----------- 

тепкенді жақсы көреді. Балалар қардан ----------- жасады.  



5. «Мағынасы бойынша топтастыр» ойыны.  

Мақсаты: сөйлеу тілін, ойлау қабілеттерін дамыту. 

Ойын барысы: Педагог сөз айтады, баалалар оған қатысты сөз айтады. 

Мысалы: Педагог: кітап. Балалар: дәптер, қалам, сызғыш, қарандаш. 



6. «Сөздерді топтастыр» ойыны.  

Мақсаты: жалпы жинақтау түсінігін білдіретін сөздерді сөздік қорына енгізу. 




 

794 


 

Ойын барысы: Педагог бір тақырып бойынша үш сөз айтады, жалпылауыш сөзді 

табуды ұсынады. 

 Мысалы: Торғай, қарға, сауысқан – құстар. 

Қоян, түлкі, қасқыр – аңдар. 

Қасық, кесе, ожау – ыдыстар. 



7. «Қайда» ойыны.  

Мақсаты: сөзжасам қабілеттерін дамыту. Жалғауларды дұрыс қолдануға үйрету. 

Ойын  барысы:  Педагог  негізгі  сөзді  айтады,  балалар  ол  сөзді  «қайда?»  сұрағы 

бойынша өзгертіп айтулары керек. 

 Мысалы: үстел – үстелде, дәптер – дәптерде, қоржын – қоржында. 

8. «Сипаттама бойынша затты тап» ойыны.  

Мақсаты:  ойлау  қабілеттерін  дамыту,  берілген  сын  есім  сөздерінен  затты  тауып 

айтуға үйрету. 

Ойын барысы: ойын жургізуші сын есім сөздерді айтады, ал балалар келесі сөзді 

тауып айтулары керек. 

Мысалы: Жеңіл, ұлпа, ақ, суық (қар). 

Биік, көгілдір, бұлтты (аспан). 

Сары, сопақша, қышқыл (лимон).   

Осы аталған логопедиялық ойын түрлерін күнделікті сабақта және сабақтан тыс 

кездерде педагогтар жүйелі түрде қолданып отырса, балалардың сөздік қорлары байып,   

жаңа  сөздерді  меңгеріп,  үйренген  сөздерін  тиянақтап,  анықтап,  әрі  байытып  айтып, 

белсенді  түрде  тілдік  қарым-  қатынас  жасай  білуге  қалыптасады.  Балалардың  сөздік 

қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын - 

баланың  шын  тіршілігі.  Ойын  арқылы  бала  айналасындағы  нәрседен  өзіне 

қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш 

жалықпайды.  Ойын  бала  тілінің  дамуына  ықпалын  тигізіп,  таным  белсенділігінің 

дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі 

тек  ойынмен  байланысты.  Ойын  үстінде  бала  еш  нәрсеге  тәуелсіз.  Ол  өзін  еркін 

ұстайды.  Ал  еркіндік  дегеніміз  барлық  дамудың  баспалдағы,  бәрін  білуге  деген 

талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде 

қалыптасады. 

  Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған, өмірде 

де  озады»  деген  аталы  сөздер  сырына  жүгінсек,  мектепке  дейінгі  жастағы  баланың 

ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп - есейгенде 

де жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті 

әңгімелері  мен  кейіпкерлері  сияқты  өмір  сүреді,  әрекет  жасайды..  Ойын  жаттығулар 

арқылы  баланың  білімділік  дағдыларын  күнделікті  іс-әрекетте  қолдана  білу 

мүмкіндіктері қарастырылады. 

  Ойындардың  негізгі  мақсаты  балалардың  ықылас  зейінін,  сөздік  қорын, 

байқампаздығын,  есте  сақтау,  қабылдауын  дамытуғы,  икемділікті  арттыруға,  өзінің 

жеке  құрбыларының  іс-  әрекетін  бағалай,  құрметтей,  өз  ісінің  дұрыстығын  дәлелдей 

білуін  анықтау,  қалыптастыру.  Ойынға  зер  салып,  ой  жүгіртіп  қарар  болсақ,  сол 

ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   372   373   374   375   376   377   378   379   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау