626
Ойын құралдарына қойылатын талаптар мақсаты мен формасы арқылы
анықталады. Бұл жағдайда ойынға қатысты әрбір зат мысалы ойыншықтар,
материалдар т.с.с. оқушыларға жақсы таныс болуы керек.
Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру мен жүргізу педагогикалық тұрғыдан
бірқатар шарттарға байланысты;
- Ойынның сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкестілігі.
- Ойынның мазмұны мен формасының әртүрлілігі.
- Ойынға қатысушылардың белсенді шығармашылық позициясы.
- Ойынның балаларға түсінікті және тартысты болуы.
- Ойынның эмоционалды болуы.
Ойын таным процесін дамытудың негізі болғандықтан әрбір тәрбиеші ұстаз оқыту
мен тәрбие берудің мазмұнын үнемі ойын элементтерімен толықтай ойын түрінде
өткізу тәрбиешіден аса біліктілік пен щеберлікті шығармашылықпен ізденісті талап
етеді. Сондықтан олардан оқу мазмұнындағы ойындарға үлкен жауапкершілікпен
және сақтықпен қарау талап етіледі. (3)
Ойын мазмұнын сабақта жоспарлағанда көзделетін мақсат тәрбиеленушінің
жаас және психологиялық ерекшеліктеріне сай құрылып, оларды шығармыщылыққа
қарай жетелей алуы керек.
Тәрбиеші ойынға тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы деп
қарамай, балаға берілетін танымның, білім мен тәрбиенің құнды негіз деп қараса ғана
үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, мақсатына жеткізе алады. Өйткені ойын арқылы
дамығын бала алғаш мектеп табалдырығын аттағанда білімді, қоғамдық тәжірибені
тез меңгеріп, өзінің психологиясын жан – жақты жетілдіріп, мінез – құлық , ерік –
жігерін, қабілеттерін дамытып, дүниетанымын кеңейтіп, оқудың мазмұнына
қызығушылықпен қарайды. Біз сөзбен айтқанда ойын баланың қай қырынан болмасын
ең негізі тиімді құралы.
Балаларды ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек
негізінде қанағаттандыра алмайды. Бұл қажеттілігін балалар ойын үстінде өмірді ғана
емес, сол сияқты әлеуметтік қарым – қатынасты да нақтылап көрсетеді. Баланың
қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі
болып саналатын ролдік ойының пайда болуының негізіне айналады. Ойынның үстінде
сәбиге адамдар арасында болатын обьективті қарым – қатынастар тұңғыш рет ашылып,
ол әрбір іс – әрекетке араласу адамнан белгілі міндеттерді орындауды талап ететін
және бірсыпыра құқықтар беретінін біледі.
Тілдің дамуына ойынның үлкен әсері бар. Ойын жағдайы оған енген әр баладан
белгілі қатынас жасау қабілетін талап етеді. Сонымен қатар ойын ақыл – ой дамуына
әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс – әрекетті жалпылауды, сөздің жалпылама
мағынасын қолдануды үйренеді.
Ойын жағдайына ену баланың ақыл – ой әрекетінің түрлі формаларын дамыту
үшін үлкен маңызы бар. Мәселен, қиял тек ойын жағдайларында және соның әсерімен
ғана дами бастайды.
Сонымен қорыта келгенде ойын туралы мынадай тұжырым жасауға болады.
Ойын – тәрбие құралы, ақыл ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады,
өмірді танытып сезімді кеңейтеді, тәрбиелейді;
627
Ерік және
мінез қасиеттерін, адамгершілік
сапаларды бекітеді;
Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі;
Эстетикалық
тәрбие беру құралына айналады;
Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді;
Дене күшінің жетілуіне
көмектеседі;
Таным қабілеттерінің дамуына ықпал етеді;
Демек ойын баланы жан – жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық –
физиологиялық негіздері болып табылады. (4)
Жалпы ойынның қандай түрлері болмасын, атадан – балаға, ұрпақтан –ұрпаққа
ауысып отырады. Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық
жағынан денсаулық сақтауға, Таным қабілеттерін арттыруға, яғни баланың жан –жақты
дамуына негізделеді. Тапқырда алғыр, епті де шымыр, қайратты да қажырлы бала
өсіруді армандамайтын отбасы жоқ. Олай болса ойынның өзі бала үшін біліктің ,
тәлімнің қайнар көзі болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ембергенова Ж. Ойшылдар шығармаларындағы салауаттылық және
парасаттылық қағидалары.Ұлт тағылымы №3. -2001
2. Қазақстан Республикасында жоғарғы білім беру саласын жетілдіру және
дамыту перспективаларының өзекті мәселелері. – Қараганды: КарГУ, 2004
3. Наурызбаев Ж. «Ұлттық мектептің ұлы мұрағаты» Алматы «Ана тілі», 1995
4. Жарықбаев Е. , Қалиев С. Қазақтың тәлім-тәрбиесі оқу құралы / - Алматы,
Санат; 1995ж.
РАЗВИТИЕ ТОНКОЙ МОТОРИКИ РУК
ПОСРЕДСТВОМ ТЕСТОПЛАСТИКИ
Клепикова И.А
КГКП я/с №53 «Алмагуль»
Лепка - является одним из полезнейших занятий для ребенка. Это одно из средств
эстетического воспитания – помогает формировать художественный вкус, учит видеть
и понимать прекрасное в окружающей нас жизни и в искусстве.
Хотим познакомить вас с замечательным и добрым материалом - соленым тестом,
это экологический чистый продукт, ему легко придать любую форму. С помощью
красителей можно получить тесто разного цвета. Техника работы с солёным тестом
несложная. Она не требует значительных денежных затрат, не занимает много времени.
Поделки из теста древняя традиция, но и сегодня соленое тесто весьма популярный
материал для лепки. Этому виду творчества придумали современное название –
«Тестопластика».
Почему полезно заниматься тестопластикой с детьми дошкольного возраста? По
данным исследования ученых доказано, что развитие рук находится в тесной связи с
развитием речи и мышления ребенка. Работа с тестом своего рода упражнения,