Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет220/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   472

 

465 


 

отырып  педагог  балдырғаннның  бар  істі  шын  пейілмен  әрі  саналы  атқаруына 

қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге 

деген көзқарасын айқындайды. Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан 

он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін 

де  ертегіден  алады.  Тәрбиенің  негізгі  мақсаты-  дені  сау,  ұлттық  сана  сезімі 

оянған,  рухани  ойлау  дәрежесі  биік,  мәдениетті,  парасатты,  ар-ожданы  мол, 

еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің 

рухани  тәрбиелік  мәні  зор.  Ол  балаға  рухани  ляззат  беріп,  қиялға  қанат  бітіретін, 

жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық«, деп 

атап көрсеткен.  Руханилық жеке  тұлғаның негізгі сапалық  көрсеткші. Руханилықтың 

негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік 

сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Рухани-адамгершілік 

тәрбие  —  бұл  дұрыс  дағдылар  мен  өзін-өзі  ұстау  дағдыларының  нормалары, 

ұйымдағы  қарым-қатынас  мәдениетінің  тұрақтылығын  қалыптастырады.  Жеке 

адамның  адамгершілік  санасының  дәрежесі  оның  мінез-құлқы  мен  іс  әрекетін 

анықтайды. Сананың қалыптасуы-ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы 

алғашқы  ұғымдарының  қалыптасыуна,  жақын  адамдардың  өзара  қатынасынан 

басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі 

адаммен  жолдас  болудың  әсері  күшті  екенін  халқымыз  ежелден  бағалай  білген. 

«Жақсымен  жолдас  болсаң-  жетерсің  мұратқа,  жаманмен  жолдас  болсаң-  қаларсың 

ұятқа...» «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» — деген мақалдардан көруге болады. 

Мақал-мәтелдер,  жұмбақ,  айтыс,  өлеңдер  адамгершілік  тәрбиенің  арқауы.  Үлкенді 

сыйлау  адамгершіліктің  бір  негізі.  Адамзаттық  құндылықтар  бала  бойына  іс-әрекет 

барысында,  әр  түрлі  ойындар,  хикаялар,  ертегілер,  қойылымдар  арқылы  беріледі. 

Адамгершілік-адамның  рухани  байлығы,  болашақ  ұрпақты  ізгілік  бесігіне  бөлейтін 

руханиет  дәуіріне  жаңа  қадам  болып  табылады.  Адамгершілік  тәрбиенің  нәтижесі 

адамдық  тәрбие  болып  табылады.  Ол  тұлғаның  қоғамдық  бағалы  қасиеттерімен 

сапалары,  қарым-қатынастарында  қалыптасады.  Адамгершілік  қоғамдық  сананың  ең 

басты  белгілерінің  бірі  болғандықтан,  адамдардың  мінез-құлқы,  іс-әрекеті,  қарым-

қатынасы,  көзқарасымен  сипатталады.  Олар  адамды  құрметтеу,  оған  сену,  әдептілік, 

кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық 

т.  б.  Адамгершілік-ең  жоғары  құндылық  деп  қарайтын  жеке  адамның  қасиеті, 

адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы. Адамгершілік тақырыбы- 

мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді 

сіңіру-  ата-ана  мен  ұстаздардың  басты  міндеті.  Адамгершілік  әр  адамға  тән  асыл 

қасиеттер.  Адамгершіліктің  қайнар  бұлағы-  халқында,  отбасында,  олардың 

өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, 

өзін  қоршаған  табиғаттан  бойына  сіңіреді.  Көрнекті  педагог  В.  Сухомлинский  «Егер 

балаға  қуаныш  пен  бақыт  бере  білсек,  ол  бала  солай  бола  алады»,  —  дейді.  Демек, 

шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін 

үздіксіз  ұялата  білсек,  ертеңгі  азамат  жеке  тұлғаның  өзіндік  көзқарасының 

қалыптасуына,  айналасымен  санасуына  ықпал  етері  сөзсіз.  Қай  заманда  болмасын 

адамзат  алдында  тұратын  ұлы  мұрат-міндеттерінің  ең  бастысы  —  өзінің  ісін,  өмірін 

жалғастыратын  салауатты,  саналы  ұрпақ  тәрбиелеу.  Ұрпақ  тәрбиесі  —  келешек 



 

466 


 

қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, 

мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз. 

Мектепке дейінгі адамгершілік тәрбие — балалардың адамгершілік сана-сезімін, мінез- 

құлқын  қалыптастыруды  қамтиды.  Дәлірек  айтқанда,  адалдық  пен  шыншылдық, 

адамгершілік, кішіпейілдік, қоғамдағы және өмірдегі қарапайымдылық пен сыпайылық, 

үлкенді  сыйлау  мен  ибалық  адамгершілік  тәрбиесінің  жүйелі  сатылап  қамтитын 

мәселелері.  Адамгершілік  тәрбиесінің  әрқайсысының  ерекшеліктерін  жетік  білетін 

ұстаз  халық  педагогикасын  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  салт-дәстүрлерді,  әдет- 

ғұрыпты  жан-жақты  терең  білумен  қатар,  өркениетті  өмірмен  байланыстыра 

отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. Ата-ананың болашақ 

тәрбиесі  үшін  жауапкершілігі  ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасуда.  «Балапан  ұяда  не  көрсе, 

ұшқанда  соны  іледі»дегендей,  ата-ананың  күн  сайын  атқарып  жүрген  жұмысы- 

балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе соны 

істегісі  келетінін  бәріміз  де  білеміз.  Баланың  үйден  көргені,  етене  жақындарынан 

естігені-ол  үшін  адамгершілік  тәрбиесінің  ең  үлкені,  демек  жақсылыққа  ұмтылып, 

жағымды  істермен  айналысатын  адамның  айналасындағыларға  көрсетер  мен  берер 

тәлімі мол болмақ.. Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, 

тәрбиешілерден  насихат  жолымен  емес,  тек  шынайы  көру,  сезім  қатынасында  ғана 

алады. Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы 

бағытта  жүзеге  асады,  сөйтіп  оның  өзі-өзі  тануына,  өзіндік  бағдарын  анықтауына 

мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек. Жақсы адамгершілік қасиеттердің 

түп  негізі  отбасында  қалыптасатыны  белгілі.  Адамгершілік  қасиеттер  ізгілікпен 

ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін 

көрсететін  балаларды  еңбек  сүйгіштікке  тәрбиелеу  басты  міндет  болып  табылады. 

Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен 

мәдениетіне,  салт-дәстүріне  құрметпен  қарайтын  нағыз  мәдениетті  азамат 

қалыптасады.  Қазақ  халқының  әлеуметтік  өмірінде  үлкенді  сыйлау  ұлттық  дәстүрге 

айналған.  Отбасында,  балабақшада  ,  қоғамдық  орындарда  үлкенді  сыйлау 

дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі. Халқымыздың тәлім- 

тәрбиелік 

мұрасына 

үңілсек, 

ол 


адамгершілікті, 

қайрымдылықты,  мейірбандықты  дәріптейді.  Ата-бабаларымыздың  баланы  бесігінен 

жақсы  әдеттерге  баулыған.  «Үлкенді  сыйла»,  «Сәлем  бер,  жолын  кесіп  өтпе»  деген 

секілді  ұлағатты  сөздердің  мәні  өте  зор.  Адамгершілікті,  ар-ұяты  бар  адамның  бет-

бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман 

жүзді  кісі»  деп  құрметтеп  сыйлаған.  Балаларымызды  имандылыққа  тәрбиелеу  үшін 

олардың  ар-ұятын,  намысын  оятып,  мейірімділік,  қайырымдылық,  кішіпейілдік, 

қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы 

үлкенді  сыйлауға,  кішіге  ізет  көрсетуге,  иманды  болуға,  адамгершілікке  баулу 

адамгершілік  тәрбиесінің  жемісі.  Балаларды  адамгершіліке  тәрбиелеуде  ұлттық 

педагогика 

қашанда 


халық 

тәрбиесін 

үлгі 

ұстайды. 



Ал, 

адамгершілік 

тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді 

балаға  жасынан  бойына  сіңіре  білсек,  адамгершілік  қасиеттердің  берік  ірге  тасын 

қалағанымыз.  Рухани-адамгершілік  тәрбиесінде  алдымен  баланы  тек  жақсылыққа-

қайырымдылық,  мейірімділік,  ізгілікке  тәрбиелеп,  соны  мақсат  тұтса,  ұстаздың,  ата-




жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау