Управление образования павлодарской области



жүктеу 6,91 Mb.
Pdf просмотр
бет231/262
Дата27.12.2019
өлшемі6,91 Mb.
#25101
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   262

479 

 

міндеттері  қойылып  отыр.Ұрпаққа  қоғам  талабына  сай  тәрбие  мен  білім  беруде 



мұғалімдердің  инновациялық  іс-әрекеттің  ғылыми  –  педагогикалық  негіздерін  меңгеруі 

маңызды  мәселелердің  бірі.  Жаңа  педагогикалық  технологияны  меңгеруге  мұғалімдерді 

даярлау  –  оларды  кәсіби  білімін  көтеруге  дайындау  аспектісінің  бірі  және  тұлғасын 

қалыптастыру  үрдісіндегі  іс  -  әрекеттің  нәтижесі  болып  табылады.  Оқытудың  жаңа 

технологияларының  принциптері  –  оқытудың  ізгілендіру,  өздігінен  дамитын,  дұрыс 

шешім  қабылдай  алатын,  өзін-өзі  жетілдіріп,  өсіруші,  тәрбиелеуші  жеке  тұлға 

қалыптастыру  болып  табылады.  Қазіргі  білім  беру  саласындағы  оқытудың  озық  жаңа 

технологияларын  меңгермейінше  сауатты,  жан-жақты  жетік  маман  болу  мүмкін  емес. 

Жаңа  технологияны  меңгеру  мұғалімнің  өзін-өзі  дамытып,  оқу  –  тәрбие  үрдісін  тиімді 

ұйымдастырылуына көмектеседі. 

Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқытудың жаңа технологиялық 

әдістерін  пайдалану  оқушылардың  білім  деңгейін  заман  талабына  сай  арттырады.  Келер 

ұрпаққа  қоғам  талабына  сай  тәрбие  мен  білім  беруде  мұғалімдердің  инновациялық  іс- 

әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Ғылым 

мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой 

мүмкіндігін  қалыптастырып,  адамның  қабілетін,  талантын  дамыту  білім  беру 

мекемелерінің  басты  міндеті  болып  отыр.  Ол  бүгінгі  білім  беру  кеңістігіндегі    ауадай 

қажет  жаңару  студенттердің  қажымас  ізденімпаздығы  мен  шығармашылық  жемісімен 

келмек. 

АӘД  пәні  арқылы  патриоттық  тәрбие  -  жауынгерлердің  әскери  қызметін  отеуге 

қажетті қасиеттерін қалыптастыру және соғыс қиыншылықтарына төзіп, дұшпанды жеңіп 

шығуға  дайындығын,  қабілеттілігін  арттыру  мақсатында  олардың  рухани  және  тұлға 

жағынан  дамып, жетілуіне  жүйелі  әрі  нысаналы  түрде  ықпал  ету  үрдісі.  ҚР-ның  ҚК-нде 

Әскери  патриоттық  тәрбие  жауынгерлердің  бойына  жоғары  имандылық-жауынгерлік 

қасиеттерді,  әскери  моральдық  рухты  сіңіруге  бағытталған.  Ол  ҚР  Конституциясының 

Президенттің  -  ҚР  ҚК-нің  Бас  қолбасшының  әскери  мәселелер  жөніндегі  шешімдерінің, 

Әскери ант пен Әскери жарғы талаптарының негізінде жүзеге асады. Әскери патриоттық 

тәрбиенің  мән-мазмұны  -  өз  Отанына  адалдық,  сүйіспеншілік  және  өзге  халықтарға 

достық сезімдерін қалыптастыру болып табылады. 

Қазақстан  Республикасы  -  өзінің  тәуелсіз  мемлекет  екендігін  бүкіл  әлемге 

дәлелдеді.  Енді  басты  міндет  –  осы  мемлекеттің  өркендеп  өсуі,  халықтың  әлеуметтік, 

экономикалық  жағдайын  көтеру.  Қазақстанды  –  Отаным  деп  таныған  әрбір  азаматтың 

осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Осы мақсатқа жету жолында біздер мұғалімдер 

қауымы  көп  тер  төгуімізге  тура  келеді.  Ол  дегеніңіз,  болашақ  жастар,  оқушылардың 

бойында  патриоттық  сезімін  ояту.  Отанын,  елін,  жерін,  Ата  Заңын,  Мемлекеттік 

Рәміздерін құрметтеуге үйрету. 

Еліміздің  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев:  "Қазақстанның  отаншылдық  сезімін 

тәрбиелеу  білім  берудің  мектепке  дейінгі  жүйесінен  жоғарғы  оқу  орындарына  дейінгі 

орталықтарда  барлық  ұйымдарда  көкейкесті  болып  табылады.  Балаларды  Отанды,  туған 

жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді 

парызы"-деген еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік 

мүдделері  болады.  Ол  ең  алдымен,  "ұлтжандылық",  отансүйгіштік",  "  патриотизм", 

ұғымдары  сол  заманның  ақиқаты  -  наным  -  сенімінен  туындайды.  Еліміз  егемендік 

алғаннан  бері  жас  ұрпақ  тәрбиесінің  темірқазығы  -  қазақстандық  патриотизм 

болды.Патриотизм  туралы  идеяларды  кезінде  өздерінің  шығармаларында  қазақ  

даласының  ойшылдары  Әбу  -  Насыр  әл  -  Фараби,  Хас  Хажиб  Баласағұн,  Махмұд 

Қашқари,  жыршы  -  жыраулары  Асан  қайғы,  Доспамбет  жырау  Қалқаманұлы,  Махамбет 

Өтемісұлы айтқан болатын. Аталған ғұламалардың еңбектері еліміздің егемендік алуымен 

байланысты педагогикалық тұрғыда зерттеліп, бір жүйеге келтірілді. 

Президентіміз  Н.  Ә.  Назарбаевтың  Қазақстанның  болашағы  -  қоғамның  идеялық 

бірлігінде - дейтін еңбегіндегі мына бір тамаша ойға жүгініс жасаған дұрыс болар: Әрбір 



480 

 

адам  біздің  мемлекетімізге,  соның  бай  да  даңқты  тарихына,  оның  болашағына  өзінің 



қатысты  екенін мақтанышпен сезіне  алатындай  іс - қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. 

Елдің  мәселелері  де,  келешегі  де  барлық  адамға  жақын  әрі  түсінікті  болуы  тиіс.  Әрбір 

адам  бала  кезінен  Қазақстан  –  менің  Отаным, мен  үшін  жауапты  екені  сияқты мен  де ол 

үшін  жауаптымын  деген  қарапайым  ойды  бойына  сіңіріп  өсетіндей  істегені  жөн. 

Қазақстандық  патриотизм"  ұғымы  біздің  тәуелсіздігімізбен  қоса  туған  жаңа  сөз  болып, 

еліміздегі  саяси-әлеуметтік  ахуалдың  ерекшелігін  көрсетеді.  Елімізде  жүзден  аса  ұлттар 

мен  ұлыстардың  өкілі  өмір  сүруде.  Қазақстан  олардың  көпшілігінің  туған  отаны  және 

бұдан  былай  да  мәңгі  тұрақтап  қалар  мекені  болмақ.  Сондықтан  олардың  әрқайсысы 

Қазақстанды  ата-жұртым  деп  танып,  оның  тәуелсіздігін  қорғауға  және  материалдық 

байлығын  арттыруға  еңбек  етуі  тиіс.  Сол  себепті  қазақстандық  патриотизм  ұғымы 

күнделікті  өмірде  жиі  қолданылып,  кеңінен  қалыптасып  келеді.Патриоттық  тәрбие 

мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы 

мақсат  болғандықтан,  мектеп  оқушыларының  бойындағы  Отанға  деген  сүйіспеншілігін, 

яғни 


патриоттық 

санасын 


дарытуда 

халқымыздың 

біртуар 

ұлы, 


ержүрек 

қолбасшы,жазушы,  Қазақстанның  Халық  Қаһарманы  батыр  Бауыржан  Момышұлы 

ағамыздың  кейінгі  ұрпаққа  үлгі  етіп  қалдырып  кеткен  өсиеттерінің  және  ерлікке  толы 

шығармаларының  алатын  орны  ерекше.  Мысалы,  соғыс  жылдарында  Бауыржан 

Момышұлы ағамызАта мекен жер үшін,Қасиетті ел үшін,Әзиз ана, қарт  ата,Ботакөз сұлу 

қарындасКүң, құл бомасын, - деген жыр жолдары арқылы жауынгерлерге рух беріп, ерлік 

істерге  шақырады.Бауыржан  Момышұлы  өз  шығармаларында  патриотизмге,  ерлікке, 

батырлыққа  байланысты  біршама  терминдерге  анықтама  берген.  Енді  соларға  тоқталып 

өткім  келеді:Патриотизм  дегеніміз  –  Отанға  деген  сүйіспеншілік,  жеке  адамның  аман– 

саулығының  қоғамдық  –  мемлекеттік  қауіпсіздікке  тікелей  байланыстығын  сезіну,  ал 

мемлекетті  нығайту  дегеніміз  –  жеке  адамды  күшейту  екенін  мойындау,  қысқасын 

айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі 

күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді. 

Ерлік  дегеніміз  –  табиғат  сыйы  емес,  ең  алдымен,  өзінің  ар-намысын  және 

адамзаттың қасиетті абыройын ұятқа қалу, опасыздық пен масқара болу сезімінен қорғай 

отырып,  адамның  ең  ұлы  сезімін  –  азаматтық  парызын  орындау  үшін,  осындай 

адамгершілік  теңдікті  өзіңмен  сайысқа  түсе  отырып  тұтас  ұжым  өмірінің  игілігіне  ғана 

емес, оның қауіп қатерін де бөлісіп, жауды барынша жою, жанға – жанмен, қанға - қанмен 

аяусыз  кек  алу  жолымен  жеке  басыңды  және  отандастарды  қауіпсіздік  етуге  ұмтылу, 

саналы түрде қауіп-қатерге бас тігу. 

Батылдық – қимыл, әрекет есебін тәуекелдеумен үйлестіре  алушылық.Табандылық 

–  батырлардың  қалқаны.Өжеттілік,  қайсарлық  –  адамның  тіпті  мүмкін  емес  деген 

жағдайдың  өзінде  абыроймен  өлімге  бас  тігуге  тәуекел  етушілік,  игілікті 

құлшыныс.Сондай-ақ  Бауыржан  ағамыз  халықты  ерлікке,  патриоттыққа  тәрбиелеуде 

артына  көптеген  мақал-мәтелдер,  жақсы  сөздерін  қалдырған.Мысалы:•  Намысты  нанға 

сатпа.•  Өз  ұлтын  сыйламау,  оны  мақтаныш  етпеу  -  сатқындық.•  Именіп  жүріп  көрген 

игіліктен - қарсыласып жүріп көрген бейнет артық.• Өтіріктің балын  жалап тірі жүргенше 

- шындықтың  уын  ішін өлген артық.• Ерлік  - елдің қасиеті, жүректілік  -  жігіттің қасиеті.• 

Ешкім  іштен  батыр  болып  тумайды:  батырлық  та,  мінез  секілді  өскен  орта,  көрген 

тәрбиеге  байланысты  қалыптасады.•  Батырлық  тәуекел  мен  ақылдың  есебінен  шығуға 

тиіс.  Тәуекел  кейде  ақылды  да  ақтап  алады.  Ал  ақылсыз  тәуекелді  ештеңе  де  ақтап  ала 

алмайды.•  Ерлік  -  тайсалмас  табандылық  пен  қайыспас  қайсарлықтан  шығады.•  Өршіл 

рухтан  -  өлмес  ерлік  туады.•  Белдескеннің  -  белін  сындыр,  тірескеннің  -  тізесін  бүктір.• 

Ептілік те - ерлік.• Қолбасшы болсаң сондай бол - жосылып жатқан жолдай бол.Осындай 

тағы да басқа батырлық, ерлік, тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы біздерге өсиет сөздер 

қалдырған.Патриоттық  тәрбие,  ұлттық  намыс,  ұлттық  сана-сезім  рухани  байлықтан 

көрініс  табады.  Олай  болса,  рухани  байлыққа,  ең  алдымен,  тілімізді,  дінімізді,  салт  - 

дәстурімізді жатқызсақ,  тіл  -  қазақ  болуымыз  үшін,  дін  - адам  болуымыз үшін,  салт  – 




жүктеу 6,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   262




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау