Управление образования павлодарской области



жүктеу 6,91 Mb.
Pdf просмотр
бет239/262
Дата27.12.2019
өлшемі6,91 Mb.
#25101
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   262

495 

 

цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделіп отыр. Байқап қарасақ, ол бізге 



аса  ауыр  қиындық  тудыра  қоймайды.  Оның  бір  ғана  дәлелі  смартфондар.  Қазіргі  таңда 

әлемдегі  халықтың  50  пайызы  ғаламторға  қосылған.  Ал,  елімізде  18  млн.  Адам  болса, 

соның 53 пайызы қалада тұрады. Қазақстандықтардың қолында 25 миллионға жуық ұялы 

телефон  бар, оның  70  пайыздан  астамы интернетпен  қамтылған.  Міне,  осының  барлығы 

цифрлы заманның нақты дәлелі бола алады. 

Қазіргі  таңда  технология  күн  сайын  емес,  тіпті  минут  сайын  жетіліп  келеді, 

сондықтан  жеке  адам  немесе  ұжым  ғана  емес,  тұтас  халықтың  өзі  бәсекелестік 

қабілеттілігін арттырғанда ғана табысқа жететіндігі ақиқат. Бәсекеге қабілетті болу үшін 

әлемдік  нарықтағы  жетістіктердің  жақсы  жақтарын  игере  отырып,  сапасы  жағынан 

барлығынан артық өнім немесе қызмет түрін ұсынумыз керек. Еліміз енді цифрлы жүйеге 

көшеді.  Осыған  орай,  еңбек  нарығында  да  үлкен  өзгерістер  болады  деп  күтілуде.  Озық 

технологияларды  біліктілік  бастауы  десек,  еліміздің  алға  басуы  ақпараттық  технология 

саласының дамуымен анықталмақ. 

Елбасымыз айтқандай: «Бүгінгідей жаһандану жағдайында мемлекет пен адам 

озық, бәсекеге сай болуы үшін, ең бірінші білім мен ғылым өркендеуі қажет». 

«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын 

болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болмақ». 

 

 



Әдебиеттер: 

 

1. 


Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2017 

жылғы 31 қаңтар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік 

2. 

Гаврина А. «Мемлекеттік тілге құрмет қандай болуы керек» . 



ЕгеменҚазақстан .Жалпыұлттықреспубликалық газет. 2016ж. 20 мамыр. №95 . 4б. 

3. 


Жолдаева Ж.С. «Мәңгілік ел-МәңгілікҚазақстан». 

Мектептегісыныптантысжұмыстар. Республикалықпедагогикалық журнал. 2016ж. №1 . 11 

б. 

4. 


Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру / Егемен Қазақстан, 12 

сәуір 2017 ж. 

5. 

Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің 



жаңа саяси бағыты. Қазақстан халқына Жолдауы / 14 желтоқсан 2012 

ж. 


http://www.akorda.kz/kz/official_documents/strategies_and_programs

 

6. 



Қазақ әліпбиі / https://kk.wikipedia. 

7. 


Қазақстан. Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Б. Аяған. – Алматы. 2004 ж. – 

238 б. 


 

Болашаққа бағдар: «рухани жаңғыру» идеясын математика сабағымен 

байланыстыру 

 

Мабил Кенжегүл, Павлодар облысы, Ақсу қаласы , №1 қазақ орта мектебі 

 

«Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген 



ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық 

басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын.» 

Н.Ә.Назарбаев 

 

Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру» 



бағдарламасы  ел  дамуының  жарқын  үлгісі  мен  нақты  қадамдарын  көрсететін  келелі  ой, 

салиқалы  пікір,  батыл  шешімдерге  құрылған.  Сананы  жаңғырту,  ұлттық  болмыстан, 

ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның 



496 

 

игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда 



ел  Президенті  Қазақстан  үшін  қайта  түлеудің  айырықша  маңызды  екі  үдерісі  –  саяси 

реформа  мен  экономикалық  жаңғыруды  қолға  ала  отырып,  Біртұтас  Ұлт  болу  үшін 

болашаққа  қалай  қадам  басатынын  және  бұқаралық  сананы  қалай  өзгертетіні  жөнінде 

алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі. 

ХХІ-  ғасыр  білімділер  ғасыры  болғандықтан,  бүгінгі  заманға  сай  зерделі 

шығармашыл,  қабілетті  де  білімді  өзгермелі  ортаға  сай  тез  бейімделгіш  жеке  тұлға 

бейнесін  қалыптастыру  маңызды.  Математика  ғылымы-  өте  қызықты  да,  күрделі,  осы 

пәнге  қызықтыру  үшін  мұғалімнен  үлкен  шеберлікті  оған  қоса  ғылым  мен  техника 

жаңалықтарын, яғни, жаңа педагогикалық технологияларды әр сабақта тиімді қолдануды 

талап  етеді.  Елбасының  ұрпақ  болашағы  үшін  айтқан  ой  –  түйіні  ғасыр  мектебіне  жаңа 

заман  талабына  сай  жаңаша  оқыту  технологиясын  игеру  міндетін  жүктеп  отыр.  Білім 

заңының  8  –  бабы  мектепке  «Оқытудың  жаңа  технологиясын  енгізу,  білім  беруді 

ақпараттандыру, 

ғаламдық 

коммуникациялық 

желілерге 

шығу 

қажеттігін 



жүктейді».Сонымен  қатар  патриоттыққа  тәрбиелеу  әр  сабаққа  міндеттелген.Осыған орай 

жаңа ғасырда мектептегі математика сабағына мынадай талаптар, мақсаттар қояды 

Математикалық  сауаттылық-әлемдегі  математиканың  рөлін  айқындау  және  түсіне 

білу.  Қызығушылығы  баройлы  азаматқа  тән  қажеттіліктерді  қанағаттандыра  білу  үшін 

математиканы  қолдана  білу  қабілеттерін  ұштау  керек.  Математика  пәні  ұлттық  және 

жалпыазаттық  құндылықтар  негізінде  тұлғаның  интеллектуалды  дамуының  қажетті 

деңгейіне жетуге бағытталған математиканың базалық негізін сапалы меңгеруді, көрнекі- 

бейнелік, логикалық абстрактылы ойлауды қалыптастыруды, негізгі орта білім деңгейінде 

алгебра мен геометрияны меңгеруге практикалық негіз жасауды қамтамасыз етеді. 

Оқушының білім алудағы жоғары белсенділігін қалыптастыру үшін оқытудың 

әдістеріментәсілдеріндұрысқолдану- 

оқушылардыңтанымдыққабілетіндамытудыңеңбастықұралыболыптабылады. 

Сабақта 

дәстүрлі емес сабақ түрлерін тиімді пайдалана білу оқушы белсенділігін артырады. 

Математика пәнібойынша ойын – сабақ, викториналық – сабақ, сабақ – конкурс, топтық 

сайыс сабақ, білім тексеру сабағын қолданамын.Дайындық барысында мен әрдайым 

оқушының математикадан білімін жетілдірудің негізі – оқушының өз бетінше ізденуін, 

көзден тыс қалдырмаймын, үнемі оқушы кітап көлемімен шектеліп қалмасын деп, 

қосымша ақпарат іздеп,зерттеп келуге арналған тапсырмаларды ұсынамын. 

Ел  басымыз  Н.Ә.Назарбаевтың:  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру» 

мақаласының «Білімнің салтанат құруы» төртінші бөліміндегі, оқушыларды патриоттыққа 

тәриелеу  мақсатындағы  «Мен  өз  елімнің  патриотымын»  тақырыбы  бойынша  өскелең 

ұрпақты патриотизмге тәрбиелеудің қажеттілігіне арналған есептер қолданамын.Нақтырақ 

мысал келтірсем: Мәңгілік елдің жеті берік негізінің бірі «Тәуелсіздік және Астана»бөлімі 

бойынша мен5-сыныпқа математика сабағында 

1)  «Формулалар»  тақырыбында  Астана  қаласындағы«Тәуелсіздік  сарайы»  көлемі 

60 мың м

2

. Ұзындығы 10 мың м



болса, ені қаншаға тең? 

2)  «Проценттер» тақырыбына. Астана қаласындағы Бәйтеректің ұзындығы 97метр, 

оның 50% -н тап. 

3)  «Шеңбер.  Дөңгелек»  Экспо-2017  көрмесіндегі  Сфераның  радиусы  -  40  метр, 

диаметрін 

тап?Тапсырмаларды 

беру 


арқылы 

Астана 


қаласының 

көрікті 


ғимараттарынкіріктіріп отырамын. 

Шығармашылық  арқылы  баланың  таным  мотиві  қалыптасады.Өйткені  таным 

арқылы балаға оқу балаға құлшыныс және тұрақты қызығуға әкеледі. «Зайырлы мемлекет 

және  Жоғары  Руханият»  бөлімі  бойынша  еліміздің  математиктері  туралы  реферат  жазу, 

мәлімет жинау сияқты тапсырмалар беремін. 

«Тарихтың,  мәдениет  пен  тілдің  ортақтығы»  бөлімі  бойынша  «Көнерген 

математикалық өлшемдер» тақырыбында ғылыми жобаға оқушы қатыстырдым. 



жүктеу 6,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   262




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау