Управление образования павлодарской области



жүктеу 6,91 Mb.
Pdf просмотр
бет143/262
Дата27.12.2019
өлшемі6,91 Mb.
#25101
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   262

291 

 

оқу  бағдарламасының  белгілі  бір  бөлімін  аяқтау  кезінде,  мысалы,  «Литосфера»  бөлімі; 



немесе тоқсан соңында, тоқсан бойы сабақтарда қарастырылған оқу мақсаттары бойынша 

жүргізіледі. 

Сыртқы  жиынтық  бағалау  –  оқу  деңгейін  аяқтау  кезіндегі  білімдер  мен  оқу 

дағдыларының  қалыптасуы  деңгейін  анықтау  –  бастауыш  мектеп  (5-сынып),  негізгі  

мектеп (10-сынып) және жоғары мектеп (11-12 сынып). Жиынтық бағалау үшін қойылған 

бағалар  оқудың  есептік  кезеңі  бойынша  қорытынды  бағаларды  анықтаудың  негізі  болып 

табылады. 

Модерация  –  бағалаудың  нақтылығын  және  айқындылығын  қамтамасыз  ету  үшін 

бағаларды  стандарттау  мақсатындағы  мұғалімдердің  бір  пән  және  сынып  бойынша 

жиынтық жұмыстарын талқылау процесі. Модерация білім беру процесінің нәтижелілігін 

және сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді. [2, 15 б.] 

Оқушылардың  оқу  жетістіктерінің  жаңа  бағалау  жүйесін  жасау  үшін  «Назарбаев 

Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ  әртүрлі  бағалау  жүйелерінің  халықаралық  тәжірибесі  де, 

Қазақстан  Республикасында  жұмыс  жасайтын  жеке  білім  беру  ұйымдарының:  QSI 

халықаралық мектебінің, Хейлибери мектебі, «Мирас» мектебінің де тәжірибесі зерттелді. 

Ресейдегі  Халықаралық  Бакалавриат  мектептерінің  бағалау  бойынша  жұмыс  жасау 

тәжірибесі де зерттелді. 

UniversityofCambridgeInternationalExaminations  (CIE)  эксперттерімен  әріптестік 

отандық мамандардың формативтік бағалау мен оны оқушылардың прогресін қамтамасыз 

ету  мен  критериалды  бағалау  жүйесінің  1-жылында  апробация  кезінде  суммативті 

бағалауға дайындық үшін түсініктерін кеңейтті. [3] 

Осыдан  кейін,  жаңартылған  білім  беру  бағдарламаларымен  бірге,  жаңа, 

критериалды  бағалау  жүйесі  республиканың  жалпы  білім  беретін  мектептеріне  енгізіліп 

жатыр,  2016-2017  жылында  оған  1-сыныптар  көшті,  ал  2017  жылдың  1-қыркүйегінен 

екінші,  бесінші  және  жетінші  сыныптар  жаңа  оқу  бағдарламасы  және  критериалды 

бағалау жүйесі бойынша білім алуда. 

Жаңа  бағалау  жүйесінің  енгізілуі  оқушылар  және  мұғалімдер  үшін  бірқатар 

қиындықтар туғызуда. Бұл заңды да. Себебі бұдан бұрын қорытынды баға үшін ағымдағы 

бағалар мен тоқсан соңындағы бақылау жұмыстары әсер етсе; көбінесе оқушылардың есте 

сақтау  қабілеттері  бағаланса  (білім  дағдысына  бағытталған  тапсырмалар),  критериалды 

бағалау бойынша бәрі өзгеше. Оның ішінде география пәні бойынша да бағалау жүйесін 

іске асырудың бірқатар ерекшеліктері бар, бұл ерекшеліктерді 7-сынып мысалы бойынша, 

өзімнің педагогикалық тәжірибемнің негізінде қарастырайық. 

Біріншіден,  география  пәні  бойынша  оқушыларға  ұсынылатын  оқу  мақсаттары 

олардың бойында қандай дағдыларды дамыту қажет екендігін көрсетеді, мысалы: «7.1.1.2 

саяхатшылар  мен  зерттеушілердің  география  ғылымының  дамуына  қосқан  үлесін 

сипаттап, баға береді». [4, 8 б.] Бұл оқу мақсатына жету үшін оқушылар бойында қолдану 

(саяхатшылар  мен  зерттеушілердің  географиялық  зерттеулері  бойынша  алған  білімдерін 

пайдалынады)  және  талдау  (саяхатшылар  мен  зерттеушілердің  географияның  дамуына 

қосқан  үлесіне  баға  береді,  яғни  бұл  үлесінің  маңыздылығын  түсініп,  оның  ғылым  үшін 

пайдасын  анықтайды)  дағдыларын  дамыту  қажет.  Бұл  дағдыларға  сәйкес  келетін 

формативтік  бағалау  тапсырмаларын  ұсыну  қажет.  Алдымен  оқушыларға  саяхатшылар 

мен  зерттеушілер  бойынша  мәтін  ұсынуға  болады.  Бұл  мәтін  бойынша  оқушылар 

сұрақтарға жауап береді: географиялық зерттеулер қандай кезеңдерге бөлінеді? География 

ғылымының  дамуына  қомақты  үлес  қосқан  ғалымдарды  атап  шығыңыз.  Ұлы 

географиялық  ашулар  кезеңнін  саяхатшыларды  атап  шығыңыз.Ұлы  географиялық 

ашулардын  болу  себептері  қандай?  XIX  ғасырдағы  географиялық  ашулының  басты 

мақсаты қандай? Қазіргі заманда географиялық зерттеулердің мақсаты қандай? Неліктен? 

Осыдан  кейін  келесі  тапсырма:  Берілген  ресурстарды  қолданып  (карта  мен  мәтін), 

саяхатшылардың  жүрген  жолдарын  анықтап,  картадан  көрсетіңіз  және  олардың  үлесін 

бағалаңыз: Христофор Колумб, Фернан 



292 

 

Магеллан, Джеймс Кук, Ш. Уәлиханов, П. Семенов Тян-Шаньский. Яғни оқушылар 



мәтіндегі  мәліметтер  мен  «Ұлы  географиялық  ашылулар»,  «Орталық  Азиядағы 

географиялық  зерттеулер»  карталарын  пайдаланып,  осы  карталар  арқылы  саяхатшылар 

маршруттарын  анықтап,  олардың  ашқан  жерлерін  тауып,  оқу  мақсатына  жетеді.  Бұл 

тапсырмаға келесідей бағалау критерийлерін ұсынуға болады: 

*  Қолдану  дағдысы:  саяхатшылар  мен  зерттеушілердің  география  ғылымының 

дамуына қосқан үлесін сипаттайды; 

*  Талдау  дағдысы:  саяхатшылар  мен  зерттеушілердің  география  ғылымының 

дамуына қосқан үлесіне баға береді. 

Яғни  оқушылар  жұмыстарын  бағалау  үшін,  біз  осы  екі  бағалау  критерийінің 

орындалуы-орындалмауына қарап жүргіземіз. 

Қалыптастырушы  бағалау  әр  түрлі  формада  өткізілуі  мүмкін.  География  пәні 

бойынша формативтік бағалаудың келесі формаларын өз тәжірибемде қолданамын: 

*  Мәтіндермен  жұмыс.  Жаңартылған  оқу  бағдарламасының  мазмұны  бойынша 

мәтін алдын-ала таңдалынады. Осыдай кейін оқушылар таңдалған мәтін бойынша график, 

кесте,  сызба,  графикалық  органайзер  құрастырады.  Осы  тапсырмалар  арқылы  олар 

мәтіндік ақпаратты жүйелеуді, талдауды үйренеді. 

* Карталармен жұмыс. Карта географиялық әмбебап ақпарат құралы болғандықтан, 

оны  пайдалану  мүмкіндіктері  көп.  Мысалы,  дүниежүзінің  халық  тығыздығы  және  жер 

бедері  (физикалық)  карталарын  пайдалана  отырып,  халықтың  таралу  заңдылығын 

анықтаңыз. Екі картаны оқып, талдау арқылы, оқушылар географиялық себеп салдарлық 

байланыстарды  анықтайды.  Тағы  да  бір  мысал  –  картосхемалар  құрастыру.  Картосхема 

дегеніміз  -  көрнекі,  эстетикалық,  функционалды,  түсінікті  түрде  әр  түрлі  географиялық 

ақпараттарды  көрсететін,  жалпылама  түрде  берілген  бейне.  Яғни  оқушыларға 

дүниежүзілік  ірі  мұнай  өндіруші  елдердегі  мұнайдың  қоры,  жылдық  мұнайды  өндіру 

мөлшері тәрізді ақпараттарды бере отыра, оны диаграмма, график түрінде кескін картаға 

бейнелеуді  ұсынуға  болады.  Тәжірибем  көрсеткендей,  жай  ғана  кескін  картаны  әр  түрлі 

түске бояғанға қарағанда, белгілі бір тақырыптағы картосхема құрастыру оқушылар үшін 

қызықты болып табылады. 

*  Макеттер  жасау.  Белгілі  бір  тақырып  бойынша,  мысалы,  табиғат  экоқалашық. 

Оқушыларға  макетке  қойылатын  талаптар  алдын-ала  айтылады,  мысалы,  макеттегі 

экоқаланың  шындықпен  жаңасуы,  көрнектілігі  деген  сияқты.  Оқушылар  бұл  талаптарға 

сәйкес, үйден әкелінген қалдық заттар арқылы (картон, пластик ыдыстар, қорапшалар т.б.) 

экологиялық  қаланың  моделін  жасайды.  Бұл  тапсырманы  орындамас  бұрын  оқушыларға 

экоқаланың мысалдарын көрсету қажет. 

Қалыптастыру  бағалау  оқушылар  бойында  әр  түрлі  білімдер  мен  дағдыларды 

дамыту  үшін  қажет.  Қазіргі  кездегі  қоғамдағы,  әлемдегі  болып  жатқан  өзгерістер  мен 

география  ғылымының  жаңа  даму  бағыттарына  орай,  оқушылардың  бойында  өмірге 

қажетті  болатын,  практикалық  тұрғыдағы  дағдылар  мен  икемділіктерін  дамыту  –  заман 

талабы  болып  табылады.  Соған  сәйкес,  критериалды  бағалау  жүйесі  оқушыларды  үнемі 

білім мен ғылым жолында жетелеп, өзіндік  іздені, өз білімі үшін жауапкершілікті  сезіну 

деген сияқты қасиеттерді дамытады деп ойлаймын. 

 

 



Әдебиеттер: 

 

1. Концепция внедрения системы критериального оценивания учебных достижений 

учащихся Автономной Организации Образования «Назарбаев Интеллектуальные школы». 

2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей. 3. http://moodle.nis.edu.kz 

4. Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған 

«География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы 




жүктеу 6,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   262




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау