Управление образования павлодарской области



жүктеу 6,91 Mb.
Pdf просмотр
бет142/262
Дата27.12.2019
өлшемі6,91 Mb.
#25101
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   262

289 

 

-  Бірлесіп  жұмыс  істеуге,  шешім  қабылдауға,  өзі  білмегенін  үйренуге,  білгенін 



ортаға  салуға  үйренеді.  Ұжымдық,  жұптық,  топтық  жұмыс  істеу  дағдылары  қалыптаса 

бастайды. 

-  Білімді  өз  бетінше  іздеуге,  салыстыра  болжауға,  ойын  еркін  жеткізе  білуге 

дағдыланады. 

-  Оқушылар  сабақтың  басынан  бастап  білімді  игеруге  белсене  кіріседі, 

қызығушылығы артады. 

- Сабаққа енжар қатысып отырған оқушыларда ерекше белсенділік пайда болады. 

-  Өзін-өзі  бағалай  біледі,  Саралауға  үйренеді.  Ғылыми  жұмыспен  айналысуға 

қызығушылық танытады. 

- Өз пікірін қалыптастырып «мен» деген рөлін көтере алады. 

Сыни  тұрғыдан  ойлаудың  бірінші  кезеңі  «Қызығушылықты  оятудан»  басталады. 

Бұл  үрдіс  бұрынғы  білетіні  мен  жаңа  білімді  ұштастырудан  тұрады.  Оқушы  жаңа 

ұғымдарды , түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте 

түседі.  Сондықтан  да  сабақ  жаңа  тақырып  төңірегінде  оқушы  не  біледі,  не  айта 

алатындығын  анықтаудан  басталады.  Бұл  кезеңнің  екінші  мақсаты  –оқушының 

белсенділігін  арттыру.Өйткені  үйрену-  енжарлықтан  гөрі  белсенділікті  талап  ететін  іс- 

әрекет.  Оқушы  өз  білетінін  еске  түсіреді,  қағазға  жазады,  көршісімен  бөліседі,  тобында 

талқылайды.  Осыдан  соң  оқушы  жаңа  білім  жайында  ақпарат  жинап,  оны  байырғы 

біліммен ұштастырады. 

Бір  әңгіменің  соңына  тез  жету,  оқығанды  еске  сақтау,  мәнін  есте  сақтау-күрделі 

жұмыс,  сондықтан  да  оқушылар  арасында  оқуға  жеңіл-желпі  қарау  салдарынан  түсіне 

алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. 

Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  бағдарламасында  сабақтағы  аса  қажетті  мәнді, 

маңызды  әрекет  –  «Ой  толғаныс»  кезеңі.  Бұл  кезде  оқушы  не  үйренгенін  саралап, 

салмақтап  оны  қандай  жағдайда,  қалай  қолдану  керектігін  ой  елегінен  өткізеді.  Ой 

толғанысты  тиімді  етуге  лайықталған  «5  жолды  өлең»,  «Венн»  диаграммасы,  «Еркін 

жазу», «Семантикалық карта», «Т» кестесі сияқты стратегияларды тапсырмалардың ауыр- 

жеңілдігіне  қарай  лайықтап  қолданып  жүрміз.  Олар  оқушылардың  бір-бірімен  ой 

алмасуын қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады. 

Сын  тұрғысынан  ойлау  бағдарламасының  стратегияларын  әдебиеттік  оқу 

сабағында  кеңінен  қолдануға  болады.  Бұл  тәсілдер  оқушыларды  тыңдаушы,  орындаушы 

ретінде  емес,  ойланып  еңбек  етуші  дәрежесіне  жеткізеді,  ал  мұғалімді  белсенді 

түсіндірушіліктен  арылтып,  алдында  өз  сезімі  мен  көзқарасы,  өзіндік  пікірі  бар  даму 

үстіндегі жеке тұлға отырғанын сезінуге жетелейді. Оқушыларды мұғалімге тәуелділіктен 

арылтып, өзінің білімді игеру қызметін өздері басқара алу 

қабілетін  шыңдайды,  құр  мәлімет  алумен  шектелмей,  еркін  пікір  айтуға 

тәрбиелейді. Таным белсенділігі мен дербестігінің артуына ықпал етеді. 

Әр  сабақта  оқушымен  санаса  отырып,  жүйелі  жүргізуде  сын  тұрғысынан  ойлау 

бағдарламасының  стратегиялық  бағыттары  ұстаздарға  үлкен  қолғабыс  тигізеді.  СТО 

стратегиясын  сабақта  пайдалану-  оқушылардың  ойлау  қабілеті  мен  функционалдық 

сауаттылығын  арттыруға  септігін  тигізеді  және  оқыту  өнімсіз  емес,  сапалы  түрде  өз 

нәтижесін береді. Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары алдымызда отырған оқушыларды 

ойлауға,  ойлануға,  жай  ойлау  емес  салыстыра  ойлауға,  талдай  алуға,  саралай  ойлауға, 

терең ойлауға, дәлелдей ойлауға, жүйелі ойлауға үйретеді. 

 

Әдебиеттер: 

 

1. Бұзаубақова К.Ж. «Жаңа педагогикалық технологиялар» Тараз 2003ж. 

2. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 2012ж. 

3. Көшімбетова. С. Т Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері 

Алматы 2003ж. 



290 

 

4.  Орта  білім  берудің  мазмұны:  Дәстүрлер  мен  өзгерістері  халықаралық  ғылыми- 



тәжірибелік конференция мақалаларының жинағы. Астана 2012ж. 

5.  Педагогикалық технология ұғымының мәні мен әдіснамалық  сипаттамасы. 

//Бастауыш мектеп. 1999. - №8,9. 

6.  Садуова  Ж.Н.  Жаңа  педагогикалық  технологиялар  арқылы  болашақ 

мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру 

 

География пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкес 



критериалды бағалауды өткізу ерекшеліктері 

 

Канатова Ж. К., Қарағанды қаласы ХББ Назарбаев Зиятркерлік мектебінің 

география пәні мұғалімі 

 

Соңғы  жылдары  қазақстандық  білім  беру  жүйесінде  түбегейлі  өзгерістер  жүріп 



жатыр.  Бұл  өзгерістер  тек  қана  оқу  бағдарламалары  жаңартылуымен  ғана  шектелмей, 

бағалау жүйесін де өзгертумен ерекшеленеді. 

Барлық  уақытта  білімдер  мен  дағдыларды  тексерудің  әр  түрлі  әдістері  болды. 

Тарихи  даму  процесінде  бағалардың  түрлері,  әдістері,  әртүрлі  тексеру-өлшеу  іс- 

шараларын  өткізу  жиілігі  мен  олардың  мазмұны,  оқушыларға  әсер  ету  шаралары, 

мотивациялық элементтер және басқа да факторлар өзгеріп отырды. 

Көптеген  онжылдықтар  бойы  бағалау  оқушы  жетістігін  басқа  оқушылармен 

салыстыру  негізінде  жүзеге  асырылды,  бірақ  бұл  тәсілдің  бірқатар  өзіндік  кемшіліктері 

болды: 

*  Оқушылар,  ата-аналар  мен  мұғалімдерге  түсінікті  болатын  нақты  бағалау 



критерийлерінің жоқ болуы; 

*  Педагог  бағаны  әрбір  оқушының  нәтижелерге  жетудің  жалпыға  бірдей 

критерийлеріне емес, сыныптың орташа білім деңгейі негізінде қояды; 

*  Оқушылардың  бағалары  оқу  бағдарламасының  жеке  бөлімдері  бойынша  нақты 

білімдер,  дағдылар  мен  икемділіктерінің  игерілуі  жайында  нақты  ақпарат  бермейді, 

сондықтан әрбір оқушының оқу траекториясын анықтауға мүмкіндік бермейді; 

*  Қорытынды  бағаны  қою  кезінде  ағымдағы  бағалар  есепке  алынады,  ал  бұл 

оқытудың қорытынды нәтижесінің объективті бағалауы болып табылмайды; 

*  Оқыту  барысында  оқушы  мен  мұғалім  арасындағы  кері  байланыс  жүрмейді, 

сондықтан оқушылардың оқуға ынталандырылмайды. 

Аталған  проблемаларды  шешу  үшін  Зияткерлік  мектептерде,  кейін  орта  білім 

беретін  мектептерінде  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалаудың  жаңа,  критериалды 

бағалау жүйесі енгізілген. [1] 

Критериалды  бағалау  –  оқушылардың  оқу-танымдық  құзыреттіліктерін 

қалыптастыруға  мүмкіндік  беретін  білім  берудің  мазмұны  мен мақсаттарына  сәйкес, оқу 

үрдісінің  барлық  қатысушыларына  (оқушыларға,  мектеп  әкімшілігіне,  ата-аналарға  және 

т.б.)  алдын-ала  белгілі,  ұжымдық  талқыдан  өткен,  нақты  анықталған  критерийлермен 

оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс. 

Критерий  –  қойылған  талаптарға  негізделген,  белгілі-бір  көрсеткішті  бағалау 

бойынша  шешім  қабылдаудың  сипаты,  негізі,  ережесі.  Критерийлер  оқу  тапсырмасының 

орындалу  нәтижесі  идеалды  түрде  қандай  болу  қажет  екендігі  туралы  нақты  түсініктер 

берілетін  дескрипторлармен  сипатталады,  ал  дескрипторға  сәйкес  бағалау  –  бұл 

оқушының бұл мақсатқа жақындау деңгейінің көрсеткіші. 

Формативті  (ағымдағы  бағалау)  –  сабақта  және/немесе  үйде  күнделікті  жұмыс 

үрдісінде  білім  мен  дағдыларды  ағымдағы  меңгеру  деңгейін  анықтау,  оқу  үрдісінде 

оқушы мен мұғалім арасындағы қолма-қол кері байланысты іске асыру. 

Ішкі  жиынтық  бағалау  –  оқу  ақпаратының  топтамасын  оқуды  аяқтау  кезіндегі 

білімдер мен оқу дағдыларының қалыптасуы деңгейін анықтау. Жалпы жиынтық бағалау 




жүктеу 6,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   262




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау