Управление образования павлодарской области



жүктеу 6,91 Mb.
Pdf просмотр
бет141/262
Дата27.12.2019
өлшемі6,91 Mb.
#25101
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   262

287 

 

Литература: 

1. 

Государственная программа развития образования Республики Казахстан на 



2011 – 2020 годы. 

2. 


Назарбаев  Н.А.  Послание  «Социально  –  экономическая  модернизация  – 

главный вектор развития Казахстана», Страна и мир. Январь, 2017г, 2018г . 

3. 

Информационно – методический журнал «Открытая школа» №5 2012г., 



№№2,4 2016 - 2018гг. 

 

Әдебиеттік оқу сабақтарында сын тұрғысынан ойлау әдістерін қолдану 



түрлері 

К. Э. Тастемирова, Б.Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебі 

 

Бастауыш  білім-үздіксіз  берудің  алғашқы  сатысы.  Осыған  сәйкес  белгілі  бір 



көлемдегі  білім-білік  дағдыларды  меңгерумен  бірге  қоршаған  орта  туралы  түсініктерді 

кеңейту, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. 

Осы  талап  тұрғысынан  алғанда  оқу-тәрбие  үрдісін  ұйымдастырудың  сан  түрлі  әдіс- 

тәсілдерін іздестіру мен жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Сол 

жаңа  технологияның  бірі-  сын  тұрғысынан  ойлауды  оқу  мен  жазу  арқылы  дамыту.  Сын 

тұрғысынан  ойлау-  сынау  емес,  шыңдалған  ойлау.  Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту 

бағдарламасы бізді несімен қызықтырады? 

Кез  келген  ұстазға  сапалы  сабақ  беруге  мүмкіндік  беретіндігімен.  Өмірде  ,оның 

ішінде педагогикалық қызметте мол тәжірибе жинау-ең қиын жұмыстардың бірі.  Атақты 

қытай  ойшылы  Конфуций  «танымның  үш  жолы  бар:  ең  оңайы  еліктеу,  ең  ащысы- 

тәжірибе, ең мәртебелісі- ойлау» деген екен. Бұл бағдарламада жүзге тарта стратегия бар. 

Демек,  сол  әдіс-тәсілдердіжақсылап  игеріп,  ішінен  қажеттілерін  таңдау  арқылы  әр 

сабақтың  мақсат-міндеттерін  тиімді  де  оңтайлы  жолмен  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  мол. 

Шығыс  даналығы  «мәселе  нені  үйретуде  емес,  қалай  үйретуде»  демей  ме?  Сондықтан 

мақсат  пен мазмұн мемлекеттік бағдарламаларда айқын беріліп отырған қазіргі жағдайда 

бұл стратегиялардың маңызы зор. 

Мұндағы  үш  кезеңнің  маңыздылығы.  Бұл  жүйеде  барлық  стратегиялар  үш  кезең 

бойынша қолданылады. 

1. «Іс тапсырмас бұрын ынтасын, үйретпес бұрын үйрену құмарлығын оятып алу» 

керектігі  сияқты  «Сын  тұрғысынан  ойлау»  сабақтарының  алғашқы  бөлігі  міндетті  түрде 

қызығушылықты оятуға арналады. 

2.  «Ойланбай  оқу  шайнамай  жұтқанмен  бірдей»  болып  қалмас  үшін,  «Сын 

тұрғысынан ойлау» сабақтарында екінші-  «мағынаны  тану»  кезеңінде мәтінді жан-жақты 

және әр тұрғыдан талдау жұмысы жүреді. 

3.  Білім  «ой  толғаныс»  арқылы,  тек  жалпыланып-жүйеленіп  барып  қана, 

қабылданатын «Сын тұрғысынан ойлау» сабақтарында әрбір ұстаз шәкірттерін 

ойлауға  тұрақты  түрде  үйретіндіктен,  бала  білім  қоймасына  айналып  қалып 

қоймайды. 

Стратегиялардың психологиялық астары мен ерекшеліктері. 

Мәтінмен  жұмысты  сипатына  қарай  еске  түсіру  және  болжау  деп  бөлу  шартты 

нәрсе. Дегенмен, осы жерде адамның,  зейінді  шоғырландыру және қабылдау барысында, 

екі  түрлі  қалыпта  (настройка)  болатынын  ескеру  керек  сияқты.  Бірі-апостериорлық, 

екіншісі-априорлық деп аталады. Қолданылатын стратегияларды ішіндегі екі тобы осы екі 

қалыпқа  сай  келеді  деуге  болады.  Атап  айтсақ  ,  «Ой  қозғау»,  «Түртіп  алу»,  «ББҮ» 

сияқтылары  өткен  тәжірибеге  сүйенетін  апостериорлық  қалыпқа,  «Болжау»,  «Кең 

ауқымды лекция» сияқтылары түйсік арқылы алдын-ала болжап, жобалайтын априорлық 

қалыпқа  сай  келеді.  Алғашқысы  көбіне  ғылыми-танымдық  мәтіндермен  жұмыс  жасауға, 

соңғысы көркем-әдеби мәтіндермен жұмыс жасауға бағытталған. 




288 

 

Бұл жүйенің ерекшелігі- кез келген ақпаратты жан-жақты ой елегінен өткізіп барып 



қабылданатындығы.  Бұл  жүйенің  екінші  бір  ерекшелігі-  білім  көбіне,  «өзгенің  ақыл- 

ойымен  шыңдалмаған  білім-білім  емес»  деп  француз  ғалымдары  айтқандай,  жеке  емес, 

топтық не ұжымдық талқылаулар түрінде игеріледі. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» 

бағдарламасының негізгі  қағидалары  мен  мақсат-міндеттері  дамытып-тәрбиелей отырып, 

шығармашылық  тұлға  қалыптастыруға  бағытталған.  Бұрын  сәтсіздіктен  қашып,  оқуға 

талаптанбайтын,  ғылымның  маңызын  төмен  санап,  білімнің  қажетін  ескермейтін,  құнды 

ақпараттарды енжар қабылдайтын оқушылар, әсіресе үлгерімі орташа деңгейдегі балалар, 

адам  танымастай  өзгереді.  Ал  үздіктер  мен  оқу  екпінділерінің  көпшілігі  бұрын  не 

жазаланбау  үшін,  не  өзгелерден  жоғарырақ,  жақсырақ  болу  үшін  оқып  келсе,  қазір 

қызықты  ақпараттарды  өз  бетінше  іздеп  тауып,  өзгелермен ой  бөлісуге  асығатын  болды. 

Мұның  бәрі  олардың  табысқа  жиі  жетіп,  өз  күшіне  сенуінің  арқасында  болып  жатқан 

өзгерістер  екені  даусыз.  Оқушылар  жүргізілген  сауалнамаларға  берген  өз  жауаптарында 

жұмысты  жоспарлау,  жағдайға  бейімделу,  нәтижені  нақты  бағалау  сияқты  қабілеттерді, 

табандылық,  сынға  төзімділік  сияқты  қасиеттерді  жиі  көрсете  бастады.  Өзіне  жоғары 

талап  қойып,сәтсіздік  себебін  өзінен  іздейтіндер  саны  артты.  «Сын  тұрғысынан  ойлау» 

сабақтарында  сабаққа  қызығуын  табыстары  демеп,  ал  табысқа  қызығу  итермелеп 

отыратындықтан, балалардың белсенділігі өте жоғары болады. Оның үстіне, тек табыспен 

және  табысқа  сеніммен  жеңуге  болатын,  өзіне  сенуден  пайда  болатын  бойкүйездік  бұл 

сабақтарда  мүлде  болмайды.  Мақсатына  өзіне  сенген  адам  ғана  жете  алады  десек, 

даналықтың  бір  көрінісі  болып  есептелетін,  әр  адамға  сенім  білдіру  бұл  сабақтарда  жиі 

нақты  байқалып  отырады.Осы  бағдарламамен  жұмыс  істеу  арқылы  қандай  жетістіктерге 

жеттім?  Шығаршамылық  іс-әрекеттер  арқылы  бала  болашағына  ықпал  етіп,  оның  өз 

білімін жетілдіре отырып, өзін-өзі 

тәрбиелеп-дамытуына  жағдай  жасауға  болады.  Әр  баланың  танымдық  және 

шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, оқытуды жеке тұлғаға бағыттау арқылы кез 

келген  сабақтың  дамытушылық  және  тәрбиелік  мүмкіндіктерін  тиімді  пайдалану  осы 

жүйені  қолдану  барысында  ойдағыдай  жүзеге  асырыла  бастайды.  «Бір  сабақта  білім 

беремін,  келесі  сабақта  тәрбиелеймін»  немесе  «іс-әрекет  дамытады,  ал  мазмұн 

тәрбиелейді» деген түсініктердің қате екенін осы бағдарлама толық көрсетіп отыр. 

Сын  тұрғысын  оқу-тәрбие  үрдісінде  басқару  мен  ұйымдастырудың  тиімділігі 

оқушылардың өз алдына белсенді дамуына негізделеді. 

Сын  тұрғысында  ойлау  әдісі  мұғалім  қызметінде  ұйымдастыра  оқыту, 

оқушылардың жеке топпен жұмыс жасау негізінде білім алумен ұштасады. Бұл стратегия 

оқушының  жекелеген  мүмкіндіктері  мен  қабілеттерін  ашуға  бағытталады.  Осы  әдістің 

ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады. Яғни, оқушылардың ауызша жазбаша тілін, ойлау, 

есте  сақтау  қабілетін,әрбір  ақпаратқа,  сонымен  бірге  өзінің  және  басқаның 

шығармашылығына сыни қарауына, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталады. 

Сын  тұрғысынан  ойлау  ересек  адамдарға,  жоғары  сынып  оқушыларына  ғана  тән 

деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған 

жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып белгілі  бір жетістіктерге жетері сөзсіз. 

Оған  осы  жобамен  жұмыс  жасау  барысында  көз  жеткіздік.  Бұл  технлогияның  ішкі 

құрылымында  ерекшелік  бар.  Бұл  құрылым-3  деңгейден  тұратын  оқыту  мен  үйретудің 

моделі.  Білімнің  болашақта  пайдаға  асуы  қажетке  жарауын  қалыптастырады.  Көп 

ақпаратты талдай жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. 

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт. 

- Оқушыларға ойлануға рұқсат беру; 

- Оқушылардың әр түрлі идеялары мен пікірлерін тыңдау; 

- Үйренудегі оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау; 

- Сенімділік. 

Осы  технологиямен  жұмыс  барысында  оқушылар  іс-әрекетінен  мына  өзгерістерді 

байқауға болады: 



жүктеу 6,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   262




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау