Управление образования павлодарской области



жүктеу 6,91 Mb.
Pdf просмотр
бет145/262
Дата27.12.2019
өлшемі6,91 Mb.
#25101
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   262

295 

 

Жалпы алғанда, картографиялық әдіс біріктірілген талдау әдісі аумақ туралы жаңа 



білімдерді  қалыптастырып,  географиялық  көзқарасты  кеңейтіп  және  географиялық 

білімнің ғылыми деңгейін көтереді. Мектеп географиясы үшін бұл әдісті меңгерудің жаңа 

әдістемелік құралды пайдаланудың нұсқаларын талқылау маңызды [4]. 

География  сабақтарында  педагогикалық  технологияларды  пайдалану  сияқты 

қолданбалы  сипаттағы  мәселелері  оқушылардың  жас  ерекшеліктерін  ескеріп  мектеп 

географиясының барлық курстарын оқыту  барысында сабақты жоспарлау, дәстүрлі және 

заманауи белсенді әдістерін қолданудың ұтымды жолдарын ұсыну арқылы айқындалған. 

Оқушылардың  танымдық  белсенділігімен  қызығушылығын  арттыруға,  зерттеу 

дағдыларын қалыптастырып, болашақ мамандықты таңдауда ерекше орын алатын мектеп 

геогарфиясын  оқытудың  қосымша  ұйымдастыру  нышандары  туристік  –  өлкетану 

жұмыстары  барысында  ұйымдастырылатын  табиғи  және  әлеуметтік  –  экономикалық 

нысандарға  ұйымдастырылатын  оқу  экскурсияларын  өткізу  әдістері,  жергілікті  жерде 

жүргізілетін  геологиялық  –  геоморфологиялық,  климаттық  және  гидрологиялық, 

экономикалық – геогарфиялық зерттеулер, географиялық алаңда, ауа райына жүргізілетін 

бақылаулар мен далалық жаттығу жұмыстары жеке тақырып ретінде ұсынылады [4]. 

Картаны оқудың маңызды мақсаттарына оқушылардың картографиялық іскерлік  – 

дағдыларын  қалыптастыру  жатады.  Мектеп  географиясын  оқыту  барысында  төменде 

көрсетілген басты картографиялық іскерлік – дағдылар қалыптастырылуы тиіс. 

Географиялық  ақпарат  алудың  басты жолдарының  бірі  айнала  қоршаған ортадағы 

барлық  географиялық  нысандар  мен  табиат  құбылыстарына  байқау  жасай  білу,  бағыт  – 

бағдар анықтай білу болып табылады. Осы мақсатта жергілікті жерге қарапайым түсірілім 

жасаудың жолдарын, ол жұмыстарды жүргізу үшін қажетті құрал – жабдықтармен жұмыс 

істеудің әдіс – тәсілдерін білу қажет. 

Географиялық  карталармен  жұмыс  істеу  Жер  бетіндегі  елдер  мен  басқада 

аумақтарды тікелей оқып – үйренуін ауыстыра отырып, оларға тән негізгі белгілердің 

бейнесін  қалпына  келтіруге  көмектесіп,  кеңістіктің  бейнесін  көз  алдына  елестету 

арқылы есте сақтауын дамытады. Оқушылардың оқу карталарымен жұмысы құбылыстар 

мен  үрдістерді  оқып  –  үйренудің  картографиялық  әдісін  пайдалануға  дайындайды. 

Картаның  мазмұнын  талдап  оларды  бір  –  бірімен  беттестіру  арқылы  логикалық  ой 

әрекетінің  тәсілдерін  дамытады,  құбылыстардың  арасындағы  әр  түрлі  байланыстарды 

табады,  салыстыруды  жүзеге  асырады,  бірізді  себеп  –  салдарлы  байланыстарды 

анықтайды. 

 

Әдебиеттер: 

1. Тлеубергенова К.А. Географияны оқыту әдістемесі. Алматы, 2007 – б 

2. Тоқпанов Е.А. Картография және топография негіздері.Алматы, 2012 – 464 б 

3. Туржанова Г. Карта – географияның тілі, география және табиғат, №4.2006 – 46 б 

4.  Тусупбекова  Г.М.  Методика  преподования  физической  географии  на  основе 

картографических материалов и приемов, Алматы, 2006 – 136 б 



Географияны оқыту үрдісіндегі өздік жұмыстардың рөлі 

Елемесов А.К., Омаров М.К., Павлодар мемлекеттік педагогикалық 

университетінің оқытушылары, Павлодар қаласы 

Оқушының  оқу  жұмысын  жоғары  деңгейде  ұйымдастыруда  өздік  жұмыстардың 

орны  айтарлықтай.  Қазіргі  мезетте  оқушының  үнемі  білім  алу  үрдістерін  жетілдіруде 

мұғалімдерден оқушылардың ойлау қабілеттерін ары қарай дамыту, дүние танымдық және 

шығармашылық  қабілеттерін  арттыру,  сондай  -  ақ  іскерліктерін  және  дағдыларын 

тәрбиелеуді  талап  етуде.  Бұл  бағытта  өздік  жұмыс  оқушылардың  тек  үй  жұмысын 

орындау кезінде ғана емес, оқыту үрдісінің өн бойында өз орнын табуы қажет. Осылайша 




296 

 

оқушылардың әр түрлі өзіндік нәтижесі мен таным қабілеттерінің белсенділігін арттыру 



мүмкіндігі туады. 

Оқушылардың  таным  белсенділігі  дегеніміз  оқу  үрдісіне  қажетті  білім  мен 

дағдыны  игеру  және  оларды  күнделікті  өмірде,  тәжірибеде  қолдана  білуге,  үйрену  үшін 

оқушының орындайтын саналы әрекеті. 

Оқушының белсенділігі оқыту үрдісінде, негізінен, екі түрлі бағытта болады. Олар: 

сыртқы және ішкі белсенділік. 

Сыртқы  белсенділік  дегеніміз  бұл  оқушылардың  әрекетінің  сыртқы  көріністері, 

мысалы,  белсенді  қимыл  -  қозғалыстары,  тәжірибелік  әрекеттері,  мұғалімге  зейін  қойып 

назар аударуы, мимикасы, т.б. алайда осы мезетте оқушы басқа нәрсені ойлап отыруы да 

мүмкін. 


Оқушының  белсенді  түрде  ойлау  әрекеті  ішкі  белсенділікке  жатады.  Белсенділік 

бұл  әр  оқушыға  тән,  өзекті  бір  қасиет  болып  есептеледі.  Осы  қасиетті  иемденбей 

оқушының қандай да болсын жұмысының оң нәтижелі беруі мүмкін емес. 

Оқушының  белсенділігі  көбінесе  ой  дербестігіне  арқаланады.  Оқыту  үрдісінде 

оқушының белсенділігін дамыту ұстанамын іске асыруды үшін мұғалім сабақтың барлық 

уақытында оқушылардың ой дербестігін арттыруға талпынады. Оқушы белсенділігі үнемі 

тұрақты  болмайды.  Оқушы  белсенділігінің  қарапайым,  мысалы,  еліктеушілікке,  жай 

қайталауға,  біреудің  айтқанын  бұлжытпай  орындауға  бағытталған  белсенділік  және 

күрделі белсенділік - шығармашылық белсенділік түрлері кірді [1]. 

Соңғы түрі оқушылардың жоғары деңгейде саналылығы мен дербестігін талап 

етеді. 

Оқушының жас ерекшелігі мен психикалық даму деңгейіне қарай белсенділіктің 



көптеген түрі қалыптасып, дами алады: қимыл және сөйлеу, ойын және оқу (таным), өзін – 

өзі тәрбиелеу тағыда басқа белсенділіктер. 

Оқушыларға өзіндік жұмыстарды іске асырудың шарттары төмендегідей: 

* оқушыларға нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беру; 

* тапсырманы орындау мен аяқтаудың уақытын хабарлау; 

*  мұғалімнің қадағалауымен оқушының даралығының көлемі, жұмысты өздігінен 

еркімен және қалауымен орындауы; 

* оқушыға ықпал ететін себептер және тағы басқалары. 

Оқушының  өзіндік  жұмыстары  міндетті  түрде  ұстаздың  басшылығын,  сондай  -  ақ 

оқушылардың  дербестігін,  оқушылардың  қызығып  өз  ниетімен  орындайтын  әрекетінде 

талап  етеді.  Бұған  сәйкес  кейбір  педагогтар  (Р.Г.Лембер,  М.Н.Скаткин,  В.А.Занков,  т.б.) 

оқушының өзіндік жұмыстарының ерекшелігі – олардың ықыласы және өз еркімен әрекет 

жасауына тәуелді деп есептейді. 

Өздік  жұмысы  оқушыларды  оқытудың  барлық  әдісін  қамтиды.  География  пәні 

бойынша  кез  келген  оқыту  әдісінің  мақсаты  оқушылардың  дербес  жұмысын  арттыру, 

өздігінен жұмыс істей алуға баулу. 

Оқушының білімін терең, тиянақты беру үшін оқыту әдісін жетілдіру әр мұғалімнің 

негізгі міндеті болып табылады. Осылай болса, қазіргі таңда әрбір ұстаз оқыту үрдісінде 

көптеген әдіс – тәсілдер қолданады. 

Дамыта оқыту оқушыны өздік жұмысқа, шығармашыл болуға баулиды; 

Ұжымдық  оқыту  барысында  өздік  жұмыс  арқылы  топпен  жұмыс  істеуге 

дағдыланады; 

Деңгейлеп оқыту арқылы балаға ой тастау; 

Біреудің  білмегенін  біреу  біліп  оқушылар  алға  қарай  талпынып  ойлау  арқылы 

алдағы  істейтін  жұмыстары  туралы  жоспарлайды.  Жеңілден  ауырға  қадам  жасайды. 

Мысал үшін: 

География сабағында оқушылардың өздік жұмысты ұйымдастыру 

Мақсаты: өткен сабақтарды пайдалана отырып, терең және тиянақты білім беру. 

Міндеттері: 



жүктеу 6,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   262




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау