Управление образования павлодарской области



жүктеу 6,91 Mb.
Pdf просмотр
бет150/262
Дата27.12.2019
өлшемі6,91 Mb.
#25101
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   262

305 

 

бойларына  сіңіру  үшін  бүгінгі  күннің  қазақ  тілі  пәніің  мұғалімі  адам  ретінде  ұлт  рухын 



асқақтататын,  шын  биікке  шырқататын  нағыз  хас  шебер  болуы  хақ.  Бүгінгі  таңда 

оқытудың 80-нен астам педагогикалық технология қолданылып жүр. 

Бүгінгідей динамика ғасырында, сондай - ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны 

жаңартылып  жатканда,  сабақтарда  ойын  алдыңғы  орында.  Сондықтан  бастауыш 

сыныптарда сабақ барысында «Ойын арқылы оқыту» технологиясын қолдану тиімді. 

Ойын  арқылы  балаларды  өмірге  ең  қажетті  қасиеттерге:  өжеттілікке,  іскерлікке, 

жауапкершілікке,  ептілікке  тәрбиелейді.  Балалар  ойын  үдерісіне  жаңа  білімдер,  пайдалы 

іскерліктер,  әдеттер  мен  дағдылар  үйренеді.  Ойын  түрлерінің  материалдары  сабақтың 

тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес салынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы 

да  арта  түседі.  Оны  тиімді  пайдалану  сабақтың  әсерлігін,  тартымдылығын  күшейтеді, 

оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. 

Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені 

тану  тәсілі.  Ойын  балаларға  өмірде  кездескен  қиыншылықтарды жеңудің  жолын  үйретіп 

қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А.С.Макаренко: «Ойын – 

балалар  өмірінде  өте  маңызы  зор  нәрсе,  үлкендердің  қайраткерлігі,  жұмысы,  қызметі 

қандай  маңызды  болса.  Өскен  кезде  жұмыста  да,  көбінесе  сондай  болады.  Сондықтан 

болашақ  қайраткер,  ең  алдымен,  тәрбиені  ойын  арқылы,»  -  деп  балалар  ойыны  жоғары 

бағалаған. 

«Ойын  –  бала  үшін  өмірлік  тәжірибе»,  -деп  М.Жұмабаев  атап  көрсеткендей,  оқу 

орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі сабағында орынды қолдалынған ойын түрлері 

мұғалімнің  түсіндіріп  отырған  материалын,  оқушылардың  зор  ынтамен  тыңдап,  терең 

меңгеруіне көмектеседі. Өйткені, 

төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойыңға ауыңқырап тұрады. 

Қазақ тіл ойын түрлерінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыласпен орындайды.[2] 

Қазақ  тіліндегі  көзделген  мақсат  -  оқушыларға  дәріс  кезінде  білген  сөздерін  

ауызекі  сөйлеуде,  сөйлем  құрамында  дұрыс  қолдана  үйрету.  Ол  үшін  сабақта  сергіту 

жаттығуларымен қатар жаңа тақырыпты меңгерту, өткенді пысықтау мақсатында білімді 

ойынмен ұштастырып, ойын түрлерінің маңыздылығына көз жеткізуге болады 

«Сөз табу» ойыны 

Басы – қ әріпінен басталып,аяғы – а әріпіне аяқталатын сөздерді жазу керек. Әріп 

саны әр түрліболуы мүмкін. Мысалы: 

Қара құла қала қора құра 

Осы сияқты сөздің бас әріпі мен соңғы әріпін беріп, сөздер жаздыруға болады. Ең 

көп жазған оқушы жеңеді. 

«Жадыңа сақта» ойыны 

Тақтаға немесе плакатқа жазылған 10 -12 сөз оқушылар назарына көрсетіледі. 

2  -3минут  өткеннен  кейін  тақтадағы  сөздер  өшіріледі.  Оқушылар  есінде  қалған 

сөздерді дәптерлеріне жазу керек. Сөздерді дұрыс, нақты (10 сөз) жазған оқушы жеңеді. 

«Вагон құрастыру» ойыны 

Әр  топқа  бірнеше  вагондар  беріледі.  Әр  балаға  –  бір  вагоннан.  Вагонның  ішкі 

жағындағы  тапсырманы  орындаған  оқушы  вагонды  ретімен  тақтаға  келіп    іледі. 

Қайтоптың вагондары алдымен құрастырылса, сол топ жеңіске жетеді. 

« Жұбын тап» ойыны 

(«Мақал- мәтел тақырыбында қолданылады) 

Әр  түрлі  қағаздарда  мақалдар  беріледі.  Мақалдың  сыңарлары  екі  қағазда  болады. 

Ойыншы сол мақалдарды белгілі уақыт ішінде жұптастыру керек немесе аралас сөздерден 

мақалқұрастыру керек. Дәл сол сияқты тұрақты тіркес пен оның мағынасын жұптастыруға 

болады.Дәл,  нақты,  дұрыс  жауап  берген  ойыншы  жеңімпаз  атанады.  «Ыстық  орындық» 

тәсілі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, 

себебі, орындық ыстық. 

Ойыннан алған әсерлерін смайликтер арқылы көрсетеді. 



306 

 

«Қар  кесегі»  ойыны.  Әрбір  окушы  параққа  сұрақ  жазып  лақтырады.  Сұрақтармен 



кезек-кезек алмасып, ауызша жауап береді. Ойынның мақсаты: Сұрақтарға дұрыс, әрі тез 

жауап беруге дағдыландыру. 

Саралау: Ерекше қажеттілігі бар оқушыларғадайын сұраулы сөздер беріледі. 

Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ» Сұрақтар: 1. Сөмкеде не жатыр? 

2. Бір аптада неше күн бар? 3. Асханада кім бар? 

4. Сыныпта неше терезе бар? 5. Қолда неше саусақ бар? 6. Жазда ауа райы қандай? 

Керекті сөздер: қалам, жеті, аспаз, үш, бес, ыстық. 

«Сана саяжолы» ойыны.(Отбасы) 

Бір топ отбасы тақырыбына байланысты сөздерді айтады. 

Екінші топ отбасына қатысты емес сөздерді атайды. 

Әр топтан өздерінің айқанын талқылайды. Топ мүшелері бағалайды. (Екі жұлдыз, 

бір ұсыныс. Қолпаштау) 

«Аукцион» ойыны 

Оқушылар  топ  арасынан  бір  баланы  таңдап  алады.  Сол  оқушы  басқа  топтың 

оқушыларына  «Отбасы  суретін»  жарнамалап,  тақырыпқа  байланысты  сөздерді  атау 

керектігін айтады. Қандай топ көп сатса, сол топ жеңімпаз атанады. 

Оқушылар бағдаршам әдісі арқылы бағалайды. «Сиқырлы ағаш» ойыны. Ойынның 

мақсаты: Оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету. Ойынның шарты: Тақтаға қатты 

қағаздан  жасалған  алма  ағашы  ілінеді.  Алмалардың  сыртында  бір  сұрақтан  жазылады. 

Тақтаға  шыққан оқушы  алманы  алып,  сұраққа  жауап  береді.  Егер оқушы  сұраққа  дұрыс 

жауап  берсе,  алманы  өзіне  қалдырады.  Мұғалім  әр  щқушының  еңбегін  бағалайды.Бұл 

ойынды  «Мектеп»,  «Үй  жануарлары»,  «Асхана»,  «Балықтар»,  және  т.б.тақырыптар 

бойынша өткізуге болады. 

«Кім жылдам!» ойыны 

Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз. Дұрыс әрі тез құраған оқушы жеңімпаз 

атанады. 

Досым /көп/ менің. Жақын/ досым/ ең/ Қанат /менің. Ақылды/ ол. Күшігім /бар/ 

менің. Аты/ оның /Ақтөс.Мысығым/ бар /менің. Аты/ оның /Марғау 

Бағалау критерийі Дескрипторы 

Қазақ  тілі  сабағында  ойын  түрлерін  енгізу  барысында  интерактивті  тақтаны 

қолданудың маңызы зор. Қазақ тілі сабақтарында қолданылған дидактикалық ойындарды 

сабақтың мақсатына қарай мынадай түрлерге бөліп қарастырады: 

1. 

Тақырыптық ойындар; 



2. 

Ізденімдік ойындар; 

3. 

Рөлдік ойындар; 



4. 

Іскерлік ойындар. 

1.  Тақырытық ойындар – оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастырады. 

Мысалы: асық ойыны, «Қоржында не бар?» ойыны, «Дыбыстық ойыны». 

«Қоржында не бар?» ойыны,(қоржында жатқан әріптерден сөз құрастыру керек). 

«Дыбыстық   ойыны».(1   минут  ішінде  1-қатар  «А»   дыбысына,   2-қатар  «Ұ» 

дыбысына, 3-қатар «Ә» дыбысына сөз құрастыру керек) 

2. 


Ізденімдік  ойындар  оқушыларды  өздігіненойлауға  үйретеді.  Мысалы: 

«Баламасын тап» ойыны, «Қандай сөздер жасырынған?» ойыны, «Буынды тез тап ойыны», 

«Бинго» ойыны. 

«Баламасын тап» ойыны (1- қатардағы сөздерге 2- қатардан баламасын табу керек): 

Рахмет Молодец 

Жарайсың Спасибо 

«Қандай сөздер жасырынған?» -ойыны Дыбыстарды тиісінше тіркестіріп, сөз 

жасаңдар. 

1. М, к, т, е, п, е (мектеп) 

2. Р, о, б (бор) 




жүктеу 6,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   262




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау