235
3. Инклюзивті білім беру саласындағы орыс және шетел зерттеулер / Ed.
В.Рыскина, Е.Самсонова. M: Форум, 2012.
4. Семаго Н.Я. Мүмкіндіктері шектеулі баланың білім беру бағытын анықтау
технологиясы. М .: 2010. (Инклюзивті білім беру).
5. Митчелл Дэвид. Арнайы және инклюзивті білім беру үшін тиімді педагогикалық
технологиялар. М.: Перспектива, 2011.
Инклюзивті оқытудың білім беру үрдісін ұйымдастыру
Нурсеитова А.Н., Набиева А.С., жалпы білім беру пәндерінің оқытушылары
«Павлодар монтаждау колледжі» КМҚК
Әр бала үшін мамандықты таңдау-ең жауапты да қиын кезең. Ал мүмкіндіктері
шектеулі балалар үшін бұл кезең әлдеқайда эмоциялық жағынан да, психологиялық
жағынан да ауыр болады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі
инклюзивті білім беру қағидаларына бет бұрды. Әрбір бала, мүмкіндігінше қажетті
деңгейде білім алуы тиісті.Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың
жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. [1, 147. б ].
Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару,
барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың
ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.
Тәжірбие көрсеткеніндей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып
қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін
қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге
ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе
балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен
білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық
мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз -
барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне
толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына
қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға,
баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни,
жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. [3, 26
.б ]. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін
мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде
балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген
теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар
балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда
жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.
Біздің колледжде қазіргі таңда «Ғимараттар мен құрылымдарды салу» мамандығы
бойынша 4 мүмкіндігі шектеулі балалар білім алуда. Оларға ерекше оқытудың әдістері
қолданылады. Өндірістік оқыту сабақтарында басқа студенттермен бірдей тапсырмаларды
орындауға тырысады. Барлығы қоғамдық іс шаралардан тыс қалмайды.
Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға
мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға
мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы
мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90
жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық
енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек
«Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған
236
мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді. Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім
беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, мына міндеттерді шешу көзделген:
-мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары
жасалады;
- мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту
ережесі әзірленеді;
- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
-мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді.
Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай әрбір оқу орындарында мүгедек
балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар
орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы
компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы
жоспарланған.
Қазіргі жас ұрпақ біздің болашағымыз. Бұл жас ұрпақтың ішінде қарапайым
балалар да, даму мүмкіндігі шектеулі балалар да бар.Ендеше бұл балаларды бөлмей,
бәріне бір көзқараспен қарап,олардың болашағына жол ашуға көмектесейік.Әрине бұны
жеңіл деп айта алаймын.Бір сәт даму мүмкіндігі шектеулі балалардың орнында болып
көрейікші,бізге қандай ауыр болса,оларға бізден де ауыр. Даму мүмкіндігі шектеулі
балалардың толық көлемде өмір сүруі үшін қоғам көзқарасы өзгеруі керек.Қазіргі уақытта
даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасаудағы өзекті мәселе – инклюзивтік білім
беру. Инклюзивтік білім мүгедек балаға өзінің құқықтарын іске асыруға мүмкіндік
береді.Көшеде өзінің жасындағы балалармен ойнап жүрген мектепке дейінгі жастағы
балаға жақын жердегі мектепке емес,ерекше жағдайдағы мектепке баратыны жөнінде
қалай түсіндіруге болады.Инклюзивті білім беру системасының өзі инклюзивтік қоғамның
дамуының тиімді механизмі болып табылады. Инклюзивті білім беру системасын дамыта
отырып,біз инклюзивтік қоғам,яғни әрбір адам үшін қоғамды дамытуға жол ашамыз.
Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балаларды теңдікке, тең құқылыққа
ынталандыру қорына ие. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды ұйымдастыру
мақсатында баланың психофизиологиялық және танымдық мүмкіндіктерінің деңгейін
ескеретін, оқытудың нұсқауларын қарастыратын білім берудің арнайы типтік оқу
бағдарламалары құрастырылып, бекітілген. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі
балаларды кіріктіре (инклюзивті) оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар мен
нұсқаулар дайындалды. [2, 15 .б ].
Республикамызда 2002 жылдан бастап дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға
арналған оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендер жасалып, қазақстандық
басылымдарды шығару жұмысы жүргізілуде. Бірнеше нұсқада оқыту көзқарасы
мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың танымдық даму деңгейіне бағытталған арнайы оқу
бағдарламалары мен оқулықтарды қолдануды көздейді.
Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері
мынадай:
· Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.
· Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға
деген мұқтаждықтары болады.
· Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру
мақсатына орай өзгерту.
Осыған орай, инклюзивті білім берудің негізгі 8 принципі туындайды.Яғни ол
мына принциптер:
1.
Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен
жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.